Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі



жүктеу 0.74 Mb.
бет3/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

8. Еңбекті нормалау әдістері
Еңбекті нормалау әдісі деп еңбек нормаларын белгілеу тәсілдерінің жиынтығын түсінеміз, ол еңбек процессін талдауды; еңбекті оңтайлы ұйымдастыруды жобалауды; нормаларды есептеуді қамтиды.

Еңбекті нормалау үшін тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) және талдау әдістері пайдаланылады.

Тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) әдіс кезінде еңбек нормалары еңбек процессін элементтерге бөлмей белгіленеді. Тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) әдістің түрлері: нормалаушының жеке тәжірибесін пайдалануға негізделген тәжірибелік әдіс; ұқсас жұмыстарды орындағаны туралы статистикалық деректердің негізіндегі статистикалық әдіс.

Талдау әдісі нақты еңбек процессін талдауды, оны элементтерге бөлуді, жұмысты орындаудың оңтайлы тәсілдері мен ұйымдық-техникалық жағдайларын жобалауды, еңбек процессінің элементтері бойынша қажетті уақыт шығындарын есептеуді еңбек нормаларын белгілеуді болжайды. Талдау әдісі ғылыми негізделген нормалар мен еңбек шығындары нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Еңбек нормаларын белгілеудің талдау әдісінің екі түрі бар: талдау-есептеу және талдау-зерттеу.

Талдау-есептеу әдісі жабдық жұмысы режимінің бар нормативтерінің, еңбек процессі элементтерінің техникалық сипаты мен уақыт нормативтерінің негізінде нақты еңбек нормаларын белгілеуді көздейді. Еңбек процесстерінің саралану деңгейіне байланысты нормаларды есептеу микроэлементті, сараланған немесе ірілендірілген нормативтер бойынша жүргізіледі.

Талдау-зерттеу әдісі кезінде еңбек нормалары еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне бөлген кезде жұмысшылардың еңбек шығындарын тікелей зерттеу нәтижесі және жабдықты пайдалану уақыты бойынша белгіленеді.

Еңбек нормаларын талдау-есептеу және талдау-зерттеу әдістерін белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың жүйелілігі мен түрлері 1-кестеде көрсетілген.



1-кесте
Еңбек нормаларын талдау-есептеу және талдау-зерттеу әдістерін белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың жүйелілігі мен түрлері



Р/с№


Еңбек нормаларын белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың түрлері

Әдістер

Талдау-есептеу

Талдау-зерттеу

1

2

3

4

1.

Техникалық құжаттаманы, нормативтік, техникалық және арнайы әдебиеттерді зерделеу


+


+

2.


Еңбек процессін элементтерге бөлу, еңбек шығындарының көлеміне ықпал ететін факторларды белгілеу және еңбек процессін алдын-ала жобалау


+



+


3.



Жұмыс орындарында жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайлары мен орындау әдістерін алдын-ала зерделеу


+



+


4.


Зерттелетін еңбек процессіне қажетті жақсартуларды енгізу

-


+


5.


Нормативтік бақылаулардың түрлері мен көлемін айқындау


-

+

6.



Бақылау үшін осы жұмысты орындаушыға қойылатын талаптарға сәйкес жұмысшыларды таңдау


-



+


7.

Бақылауларды жүргізу және нормативтік бақылаулардың нәтижелерін алғашқы өңдеу


-


+

8.

Ақпарат алу көздерін айқындау және оларды еңбек процессінің элементтері бойынша еңбек (уақыт) шығындарын белгілеу үшін жинақтау


+


-

9.

Еңбек шығындары көлеміне ықпал ететін факторлардың тізбесін нақтылау


+


+

10.

Еңбек процессінің элементтері бойынша еңбек шығындарының нормативтік көлемін жобалау


-


+

11.

Еңбек шығындарының жобаланған нормативтік көлемінің және қолда бар нормативтердің негізінде еңбек нормаларын белгілеу


+


+

12.

Еңбек процессін орындаушылардың сандық және кәсіптік-біліктілік құрамын айқындау

+

+

13.

Өндірістік жағдайлардағы еңбек нормасының жобасын тексеру және оларды алған ескертпелер бойынша түзету

+

+

14.

Еңбек номаларын белгілеу бойынша материалдар мен есептерді түсіндірме жазба түрінде ресімдеу

+

+

Еңбек процессін саралау дәрежесі бойынша талдау әдістері сараланған және ірілендірілген болып бөлінеді.

Сараланған әдістер еңбек процессінің элементтерге (еңбек қимылдары мен әрекеттеріне дейін) бөлінуін, әрбір элементтің ұзақтығына әсер ететін факторларды зерттеуді, құрамды жобалауды, еңбек процессінің элементін орындау бірізділігі мен ұзақтығын көздейді.

Ірілендірілген әдістер еңбек процессінің тәсілдер мен операциялар кешеніне бөлінуін көздейді. Қажетті уақыт шығындары, әдетте, ірілендірілген нормативтердің немесе белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайда орындалатын операциялар немесе жұмыс түрлеріне жұмсалатын жұмыс уақытын білдіретін алдын ала әзірленген ірілендірілген есептік өлшемдердің негізінде белгіленеді.

Талдау әдісі еңбек нормаларының шамасына әсер ететін факторларға байланыстылығы сипаты бойынша тура және жанама болып бөлінеді.

Тура әдістерді пайдаланған кезде еңбек нормалары нормалар шамасының тиісті жұмыстардың күрделілігіне тікелей байланысты белгілеудің негізінде есептеледі. Жанама әдістерді пайдалану нормаларды олардың шамасының тиісті жұмыстардың күрделілігіне жанама әсер ететін факторларға статистикалық байланыстылығы негізінде белгілеуді болжайды.жанама әдістер мазмұны жағынан талдау және жиынтық әдістердің арасындағы «аралық» әдістер болып табылады.




9. Еңбек нормалары және еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Еңбек нормалары нақты жұмысты орындау үшін қажетті еңбек шығындарының ауқымы мен құрылысын белгілейді және онымен нақты еңбек шығындары салыстырылатын эталон болып табылады. Ұйымдарда қолданылатын еңбек нормаларының объективтілігі айтарлықтай деңгейде еңбек шығындары нормаларын есептеу үшін база болып табылатын еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.

Еңбекті нормалауға арналған нормативті материалдар жұмыс орнында жұмыстарды орындаудың нақты ұйымдық-техникалық жағдайларында жұмыстарды орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының орташаланған немесе үлгіленген әр түрлі нұсқаларына қолданылып әзірленеді.


9.1. Еңбек нормаларының түрлері
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.

Уақыт нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.

Өндіру нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).

Қызметкерлер санының нормасы – белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.

Қызмет көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.

Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.

Басқарушылық нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).

Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді. Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.

Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.

Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.

Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік материалдар болмаған кезде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.

Еңбектің біржолғы нормалары біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық) жекелеген жұмыстарға белгіленеді.

Еңбек нормаларының қандай да бір түрін қолдану өндіріс жағдайына, еңбек сипатына және басқа да факторларға байланысты. Еңбек нормаларының негізгі ең көп қолданылатын түрі уақыт нормасы болып табылады, себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ өлшеуіші болып табылады. Жұмыс уақытының шығыны өндіру, қызмет көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне салынған.
9.2. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар (бұдан әрі – нормативтік материалдар) – жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.

Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:

жабдық жұмысы режимінің нормативтері;

уақыт нормативтері;

регламенттелген үзілістердің нормативтері;

қызметкерлердің саны нормативтері;

қызмет көрсету уақытының нормативтері;

еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.



Жабдық жұмысы режимінің нормативтері – жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.

Нормативтер өндіріс типін, жабдықтың, өңделетін материалдардың түрін, өңдеу, қолданылатын құралдардың сипаты мен жасалатын өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.



Уақыт нормативтері – еңбек процессінің жекелеген элементтеріне жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.

Уақыт нормативтері еңбек процессінің мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды уақыты, толық емес жеке уақыт.



Қызмет көрсету уақытының нормативтері – жабдық бірлігіне, жұмыс орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.

Қызметкерлердің саны нормативтері – жұмыс көлемі бірлігін немесе оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың регламенттелген саны.

Еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне және жұмыс уақытын жұмсау түрлеріне бөлуге сәйкес уақыт нормативтері сараланған және ірілендірілген деп бөлінеді.

Сараланған уақыт нормативтеріне жекелеген еңбек тәсілдерін, әрекеттерді және қимылдарды орындау нормативтері жатады. Еңбек қимылдары мен әрекеттерін орындау үшін әзірленген сараланған уақыт нормативтері микроэлементті нормативтер деп аталады.

Ірілендірілген нормативтер уақыт нормаларының бірнеше құрамдас бөлігі бойынша жекелеген тәсілдерге немесе еңбек процессінің едәуір ірі элементтері – тәсілдер кешені, операцияға белгіленеді.

Қолданылу саласы бойынша еңбек жөніндегі нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.

Салааралық нормативтік материалдар еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша әзірленеді және экономиканың әр түрлі салаларындағы ұйымдарда бірдей технология бойынша ұқсас өндірістік жағдайда жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін пайдаланылады.

Салалық нормативтік материалдар мемлекеттік басқарудың салалық органдарының шешімі бойынша әзірленеді және осы саласына тән жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін немесе жұмыстардың қандай да бір түрлеріне салааралық нормативтік материалдар болмаған кезде пайдаланылады.

Жергілікті нормативтік материалдар жұмыстардың жекелеген түрлеріне ұйымда тиісті салааралық немесе салалық нормативтік материалдар болмаған жағдайда, сондай-ақ ұйымда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеген кезде ескерілгенмен салыстырғанда едәуір прогрессивті ұйымдық-техникалық жағдай жасаған кезде әзірленеді.


10. Еңбек нормаларының құрамы
Өнім бірлігін жасауға немесе жұмыс бірлігін ()орындауға арналған уақыт нормасы жұмыс уақыты шығындарының мынадай санаттарынан тұрады:

= + + +пт + пз ,

мұндағы tоп - негізгі (tо) және қосымша уақытты қамтитын жедел уақыт;

tобс - жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, ол жұмыс орнына техникалық (tтех) және ұйымдық қызмет көрсету уақытын (tорг) қамтиды;

tотл - демалуға және жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт;

t пт - технология және еңбек процессін ұйымдастыруға байланысты амалсыз үзілістер уақыты;

tпз - дайындау-қорыту уақыты.

Өнім бірлігін жасауға немесе жұмыс бірлігін орындауға арналған уақыт нормасы дайындау-қорыту уақытынсыз белгіленген жағдайда ол дара уақыт нормасы деп аталады.

Өнім бірлігін жасауға немесе жұмыс бірлігін орындауға арналған уақыт нормасы дайындау-қорыту уақытын ескере отырып белгіленген жағдайда ол дара-калькуляциялық уақыт нормасы деп аталады және мынадай формула арқылы есептеледі:



= ,

мұндағы - бір партиядағы (сериядағы) өнім бірлігінің саны.

Еңбек процессіне дара уақыт нормаларын белгілеу шығындардың әрбір санатына талдау әдісімен кейіннен оларды жинақтай отырып уақытты белгілеу жолымен жүргізіледі. Егер еңбек процессін бірнеше жұмысшы орындаса, онда әрбір санатқа барлық жұмысшылардың (адам-мин.) жұмсаған уақыты жинақталады. Бұл ретте, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, технология және еңбек процессін ұйымдастыруға байланысты амалсыз үзілістер уақыты, демалуға және жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт сияқты шығындар санаты жедел уақытқа пайыздық күйде айқындалады. Уақыт нормасының барлық құрамдас бөліктері өлшемнің бірдей бірліктерімен айқындалады.

Бұл жағдайда дара уақыт нормасы мына формула бойынша есептеледі:

Нвш = tоп х (1 ,

мұндағы gобс - жұмыс орнына қызмет көрсетудің жедел уақытқа пайыздық күйдегі уақыты, ол жұмыс орнына техникалық (gтех) және ұйымдық (gорг) қызмет көрсетуді қамтиды;


g пт - жедел уақытқа пайыздық күйде технология және еңбек процессін ұйымдастыруға байланысты амалсыз үзілістер уақыты;

gотл - жедел уақытқа пайыздық күйде демалуға және жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт.

Жұмыс орнына техникалық қызмет көрсету негізгі уақытқа пайыздық күйде берілген жағдайда, дара уақыт нормалары мынадай формула арқылы есептеледі:

=

gотл айқындаған кезде жұмысшылардың демалуы үшін технология және еңбек процессін ұйымдастыруға байланысты үзілістер уақытын пайдалану мүмкіндігі ескеріледі. Бұл үзілістер, сондай-ақ машиналық және аппараттық кезеңдегі пассивті бақылау кезі демалу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда демалуға белгіленген уақыт осы үзілістердің шамасына қысқарады.

Кейде дайындау-қорыту уақыты қажет болмайтын жағдайлар болады, осындай кезде ол да жедел уақытқа пайыздық күйде белгіленеді және еңбек процессіне жұмсалатын уақыт нормасы (Нв ) мына формула арқылы есептеледі:

=

мұндағы gпз - жедел уақытқа қатысты пайыздық күйдегі дайындау-қорыту уақыты.

Уақыт нормасы мен өндіру уақытының арасында () кері байланыс бар, яғни:

= 1 : Нв,

Ауысымды өндіруді есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:



=,

мұндағы - ауысымның жұмыс уақыты; - бір ауысымда жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты; - бір ауысымда демалуға және жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт; - бір ауысымда технология және еңбек процессін ұйымдастыруға байланысты амалсыз үзілістер уақыты; - ауысымға қатысты дайындау-қорыту уақыты.

Жабдықтың (машиналардың, агрегаттардың, аппараттардың) өндіру нормасы - мына формула бойынша айқындалады:

= ,

мұндағы - жабдықтың үздіксіз машиналық немесе топтамалы жұмыс кезеңінде оның сағаттық есептік өндірушілігі (жабдық жұмысының белгіленген оңтайлы режимдеріне сәйкес паспорттық деректердің негізінде және оның конструктивті ерекшеліктеріне ескеріп белгіленеді);



- жабдықтың пайдалы жұмыс уақытының коэффициенті;

- жұмысшылар мен өндіріске байланысты емес техникалық себептер бойынша жабдықты толық пайдаланбауды ескеретін коэффициент (экскаватор шөмішін толтыру коэффициенті, сүзбе ірімшіктерді орау жөніндегі механизмді толтыру коэффициенті және т.б.).

топтамалық қызмет етпейтін жабдық жұмысының пайдалы уақыт коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



= ,

мұндағы - бір ауысымдағы машиналық уақыт.



айқындаған кезде ауысымның ұзақтығынан:

ауысымды тапсырып-қабылдауға, тексеруге, жабдықты реттеу және техникалық қызмет көрсетуге байланысты туындайтын ауысымның басы мен соңында жабдық жұмысындағы қажетті үзілістер уақыт; орны толтырылмайтын қосымша уақыт ( жабдықты қосу, тоқтату және басқа да уақыт шығындары); демалуға және жеке қажеттіліктеріне жұмсалатын орны толтырылмайтын уақыт; белгіленген технология мен өндірісті ұйымдастырудан туындаған үзілістер алынып тасталады.

Еңбек процессі элементтерінің уақыт нормативтерін пайдалана отырып, тиісті формулалар бойынша үздіксіз және топтамалы қызмет ететін жабдық жұмысының Кпв есептеле алады.

Егер машинаға (агрегатқа) жұмысшылар бригадасы қызмет көрсететін болса, онда машинаның өндіру нормасын тең өндірушілік нормасын есептеуден басқа, бригада саны айқындалады ():



= ,

мұндағы - белсенді бақылау уақытын қосқанда жұмысшылардың машинаға қызмет көрсетумен айналысу уақыты (адам-мин).



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет