Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (5-шығарылым)



жүктеу 428.11 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі428.11 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы 9 сәуірдегі

№ 124-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы (5-шығарылым)




  1. Жалпы ережелер

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (5-шығарылым) «Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімінен тұрады.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: қауіпсіздік жөніндегі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды, ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың түлерін, өндірістік дабылдатуды, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Осы бөлімге бұрғылап ату жұмыстарын және иондаушы көздермен байланысты жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау ережесін, сондай-ақ қоршаған ортаны және жер қойнауларын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін білуді көздейтін геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық ұйымдарға тән жұмысшы кәсіптері қосылды. Кәсібі автомобильді, тракторды және басқа да көлікті басқаруды көздейтін жұмысшылардың тиісті құжаттары болуға тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында, әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (5-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға 1-қосымшаға сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.



2. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар

Топографиялық карталардың түпнұсқасын өрнектеуші


1. Топографиялық карталардың түпнұсқасын өрнектеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру. Географиялық атауларды, сандарды, шартты белгілерді, жапсыру және гранкалардан. Гидрографияның өрнектелген элементтерін өңдеу. Позитивті көшірмелерді өңдеу. Түзетілген ескертулерді жөндеу.Өңделген аспаптармен құралдарды қайрау және егеу.

Білуге тиіс: топографиялық карталарды (жоспар) белгілеуді, топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын әзірлеудің негізгі технологиясын, топографиялық карталарды (жоспарды) басылымға дайындау технологиясын, топографиялық карталардың (жоспарды) мазмұнын және нақты әзірленуін, 1-3 санаттағы ауыр құрастыру және басылымды анықтау жұмыстарының эталондарын, шартты белгілерді, түзету ережелерін, қайрайтын және оюшы құралдар мен аспаптарды қолдануды, топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын басылымға әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулық және ережелер

2. Топографиялық карталардың түпнұсқасын өрнектеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20-дан 100 ге дейін 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 30-дан 100-ге дейін 1 шаршы дм. мөлшерлі ауыл типті елді мекендер, өзендер, тарамдар, қалың ормандар мен ескі арналы бұталар, жайылма алқапты көлдер, жемісті бақтар мен бау-бақшалар, техникалық мәдени плантациялары бар таулы аймақтар, үлкен сазды массивтер мен жазық орманды аймақпен сипатталатын топографиялық карталардың штрихті элементтері мен гидрографияны сызу мен өрнектеу.

Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды), 4-6 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.

3. Топографиялық карталардың түпнұсқасын өрнектеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 100 ден жоғары 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 1001 шаршы дм. мөлшерлі, таулы аймақтағы елді мекендер, тас жолдар мен темір жолдары желісінің қатты дамыған өнеркәсіп аудандары, ауыл тектес үлкен елді мекендер, таулы аймақтармен сипатталатын топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу.

Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды), 7-10 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.

Топографиялық-геодезиялық және

маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші


4. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысу. Бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау. Геодезиялық белгі орталығын немесе реперді ашу және жабу. Кебіске, балдаққа, реперге, қадаға және тағы басқа таңдалған жерлердің нүктелерінде рейкаларды орнату. Нысана үшін трассаны тазалау. Сызықты лентамен, троспен, баумен, рулеткамен өлшеу. Желілерді ілу. Визирлық белгілерді және қадаларды дайындау және орнату. Пикеттерді тегістеуде белгі қою. Реперлермен пикеттерді бекіту. Әр түрлі жүйедегі блокты аспаптарды, лот- аппаратты штативтерді және тұтастай штативтерді орнату. Сымдарды штативтермен созу, кірлерді (гирь) көтеру және түсіру, сымдарды барабандарға айналдыру және барабандарды жәшіктерге орналастыру. Өлшемдерді бекіту және түсіру. Жер асты коммуникацияларды өлшеуді түсіруге қатысу. Құрал-жабдықтарды және аспаптарды тиеу, жүк түсіру және далалық саймандарды тасымалдау (тасымал). Далалық лагерді абаттандыру.

Білуге тиіс: топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар туралы жалпы түсінік, бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау ережесін, өлшеу құралдарын қолдану ережесін, станоктарды құру, абақтарды, базисті таяныштарды тұтастай орналастыру тәртібін, тұтастай базистік штативтерді қою тәртібін тағайындау, тасымалдауды қолдану ережесін, топографиялық - геодезиялық және маркшейдерлік құралдарды, саймандар мен қондырғыны сақтау және орауды, нысанаға арналған трассаны тазалау тәртібін, қада және тақтайшаларды орнатуды, уақытша реперлер мен пикеттерді бекіту ережесін.

5. Топографиялық геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу. Бақылау орындарында (пунктте) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыруға және тексеруге қатысу. Рейканың тегістігін аспаптық тексеру. Жерді алдын ала тексеріп алуға қатысу,белгінің ұзындығын өлшеу және тұспал бөлімдерге қосу. Бастапқы орындарды алдын ала іздеу. Өтпелі нүктелерді таңдау. Визерлеуге арналған жолды тазалауда басшылық ету. Пунктке триангуляцияны немесе полигонометриялық гелиотроптарды, шамдарды, метеорогиялық өлшеулерге арналған аспаптарды, жоғары деңгейлі оптикалық аспаптарды жеткізу.Арнаулы аспаптардың көмегімен триангуляция немесе полигонометрия пунктінен бақылайтын пункттің бағдарына қарай светтік сигнал немесе светтік шағылысу сигналын беру. Шағылысу орналасқан пункте метеорологиялық өлшеулерді жүргізу. Қарапайым санауларды жүргізу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу.

Білуге тиіс: маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды тағайындауды, егіншілік журналын жүргізу тәртібін, бақылау орындарында (пунктерде) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыру және тексеру ережесін, рейканың өлшемін тегістеу тәртібін және ережесін, бастапқы пункттердің орналасу ережесін және өтпелі нүктелерді таңдауды, маркшейдерлік және геодезиялық белгілердің құрылымын, сигналдардың тұрақтылығы мен қаттылығын анықтаудың әдістерін, бағдар пункттерді және орталықтарды салу дұрыстылығын, кескінге және көріну шарттарына ұсынылатын,қондырғыны және гелиотроппен қолдану ережесін, шаммен және сәулелену талаптарын, светтік сигнал беру жүйесін, сәулеленуді,аккумуляторлар және қоректену элементтерін сақтау және күту ережесін, сәулелендіру орналасқан пункттерде метеорологиялық өлшулерді жүргізу ережесін, оптикалық аспаптарды тексеру әдістерін.

6. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ішкі сулар мен теңіздерде, шельфті түсіру үшін өлшеуде топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді жүргізу. Жоғары деңгейлі оптикалық құралдарды және сәулелендіруді және олардың қоректену көзін қосуды орнату. Аралас пункттердегі сигнализацияны және байланысты қамтамасыз ету. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен аспаптардың көрсеткішін алу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу, бақылауды орындау және өлшенген өлшемдердің орташа мөлшерін анықтау үшін есептеу. Сызбаларды, графиктерді, профильдерді, сонымен қатар өлшеу материалдарын безендіруге, құрастыруға және сызуға қатысу. Геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді құрылыс-монтаждық өндіріс ішіндегі жұмыстарда орындау. Бір орыннан құрылыс-монтажды аймақтан екінші (қабаттан қабатқа) орынға жоғары белгілерді дәл өлшеу және шлангті жойғыштарды шығару. Көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау. Таулы өндірісті крептер, мұнаралар, маркалар мен реперлерді балкаға белгілерді қалау.

Білуге тиіс: теңіздер мен ішкі су қоймасы, шельфтерді жинау үшін өлшеуді жүргізуде өлшеудің ерекшеліктері, номография бойынша есептен алып тастау, дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін, дала бақылауларының нәтижесін жөндеу және техникалық құжаттамаларын жүргізу ережелерін, маркшейдерлік пен геодезиялық жоспарлардың, құрылыс-монтажды сызбалардың, генпландар мен құрылысгенпландардың шартты белгілерін, сығылған ауа аймағында жұмыс істеуде, жерасты және биіктіктегі құрылысында дабылдамалар ережесін, абсолютті және шартты горизонттарды орнықтыру және шығару, түзу және көлбеу орналасқан құрылымдарын бақылау тексерудің реті мен ережелерін, құрылымдарды және оның элементтерін монтаждау жобасында жіберілетін геометриялық ауытқулар.

7. Топографиялық - геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу. Аспаптарды орнату және номограмма бойынша есептеуден шығару. Блоктарды, бағаналарды, ригельдерді және тағы басқа құрылыстық конструкциялардың геометриялық параметрлерін өлшеу және тексеру. Бағана қатарларын және діңгектерді жоспарлық және биіктікте түсіру. Кранасты жолдарын түзету және құрылғыларды орналастыру үрдісін жобаға келтіруді құралдармен қамтамасыз ету. Геодезисттің немесе маркшейдердің басшылығымен монтаждық көкжиекті шығару. Түйіндердің, технологиялық блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау, дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін, құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу ережелерін, түйіндердің, блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және безендіру ережелерін.

Каротажшы
8. Каротажшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Скважиналарды каротаждау бойынша жұмыстар атқару. Монтаж, демонтаж және каротаждық бұрғылау құрал-жабдықтарын жөндеуді жүргізуге қатысу. Каротаждық құрал-жабдықтың түзетілуін тексеру. Каротаждық кабельдерде және өткізгіштерді оқшаулауда ақауларды жою. Скважинаның аузында аппараттар мен аспаптарды орнатуға қатысу. Каротаждық құралдар мен аспаптарға техникалық қызмет көрсетуге қатысу. Аппаратуралармен құрал-саймандарды ажырату, скважинадан көтеру, тиеу, түсіру және тасымалдау.

Білуге тиіс: Скважиналарда геодезиялық зерттеулерді жүргізу тізбектілігін, каротаждау-префораторлау құрылғылары мен жабдықтар қызметінің, сызбаларының негіздері мен оларды пайдалану ережелерін, скважиналарды геодезиялық зерттеулерде қолданылатын қоректену көздерінің түрлері және оларды қолдану ережелері, каротаждық кабельдерді оқшауландыруды және оны жөндеу тәртібін тексеру ережесін, дәнекерлеу, балқыту жұмыстарын жүргізу амалдарын, жарылғыш материалдар туралы жалпы түсінік және оларды қолдану ережелерін, каротаждық құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібін, каротаждық кабельдердің қосылып кетуін және зондтарды жасау амалдарын.

9. Каротажшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тау жыныстарында геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін бұрғылау скважиналарын 1000 метрге дейінгі тереңдікте префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу, каротаж бойынша жұмыстар атқару. Скважиналарда блок-баланс және зертханаларды, көтергіш құрылғыларды орнату. Торпедалар мен атқыш аппараттарын, скважиналық құралдарды біріктіру және скважиналарға түсіру. Скважина жанындағы және скважина аралық зерттеулер үшін және ұңғыманы қопару скважиналарын перфорациялау, пневможөндеу, каротаж үшін жабдықтар мен жұмысшы сызбаларын, аппараттың жарамдылығын тексеру, монтаждау және қайта монтаждау. Жерге тұйықтау. Кабельді және бірінші белгінің бағасын өлшеу, ескерту белгілерінің болуын тексеру. Қолданылатын құралдың, жабдықтың жарамсыздығын алдын алу. Өрілген және бронирленген кабельдердің оқшауланған зақымдарының алдын алу. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды түсіру және тиеу, скважинадан көтеру, ажырату.

Білуге тиіс: бұрғылау скважиналары туралы жалпы түсінік, олардың конструкциясы скважиналарда әртүрлі геодезиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, түрлерін, орналасу және пайдалану ережесін, жабдықты монтаждау мен демонтаждауды, каротаждауда қолданылатын торпедтер мен аппаратураларды, тесуді, скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және қопаруды, электротехниканың негізін, сымдар мен кабельдердің маркасын, электр қуатының негізгі көздерін және оларды қолдану ережесін, жерге қосу амалдарын, жарылғыш материалдардың және радиоактивті заттардың түрлерін, электр монтаждық жұмыстарды жүргізу тәртібін және негізгі ережелерін, құралдарды, аппаратуралармен арнайы заттарды сақтау және тасымалдау ережесін, жабдықтарға жөндеу жүргізу тәртібін және ережесін.

1000 метрден 4000 метрге дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған скважина тереңдіктерінің 1500 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 6-разряд.

4000 метрден 5000 метрге дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған скважина тереңдіктерінің 1500 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 7- разряд.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Скважинадағы тереңдігі 1500 метрден жоғары ауырлатылған бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы 1,6 г/текше см, көлбеу скважиналарда 5000 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу- 8 - разряд.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Ескерту. Теңізде бұрғылау скважиналарын каротаждау, перфорациялау, ұңғыманы қопару бойынша жұмыс жүргізуде 4-7 санатты каротаждаушылардың біліктілік тарификациясы бір разрядқа жоғары жүргізіледі.


Каротаж станциясының машинисі


10. Каротаж станциясының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Скважиналардың тереңдігі 1000 метрге дейін атқыш-жарылғыш жұмыстар және геофизикалық зерттеулер жүргізуде каротажды көтергіштерді, газды каротажды, өзі жүретін каротажды және перфораторлы станцияларды басқару. Станциялар мен көтергіштерді тасымалдау мен жұмысқа дайындау. Көтергіштер мен генераторлы топтардың, зертхана орнату алаңын дайындау және таңдау. Жабдықты монтаждау және қайта монтаждау. Станцияларды жарықтандыратын және қуатты желілерге қосу. Аппаратураларды (құралдарды) скважинаға түсіру және оларды көтеру. Генераторлар мен бензоқозғалтқыштарды, көтергіштерді, лебедкаларды, зертханаларды, станцияларды ағымды жөндеу және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуде қатысу. Аккумуляторларды қуаттау және электродтарды ауыстыру. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды тиеу, түсіру және тасымалдау.

Білуге тиіс: скважиналардың конструкциясын, скважиналарда геодезиялық зерттеулер жүргізу тәртібін, түсу және аппараттарды көтеру ережесін, каротажды-перфораттық жабдықтарды және аппаратураларды тасымалдау ережесін, олардың орналасуын және эксплуатациялау ережесін, каротаждыгазды жабдықтардың, перфораторлық және каротажды станциялардың ай сайынғы және жоспарлық техникалық қызмет көрсетілуін және тексерілу ережесін, жабдықтардың, аппаратуралардың, генераторлар мен станциялардың техникалық анықтамалығы және түрлері, сымдардың және кабельдердің маркасын, электротехниканың негізін, жарылғыш жұмыстарды жүргізу ережесі және тәртібі, аккумуляторларды зарядтау уақыты және ережесін, құрылғыны жерге қосу және желінің ақауларын іздеу амалдарын, бензоқозғалғыштардың ақауларының белгілерін, генераторлармен қосымша механизм станцияларының амалдарын және олардың алдын алу жолдарын.

1000 ден 4000 м жоғары тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын, сонымен қатар тура - бағытталған скважиналарда 1500 м тереңдікте жүргізуде - 5-разряд.

4000 нан 5000 м жоғары тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын, сонымен қатар тура - бағытталған скважиналарда 1500 м тереңдікте жүргізуде - 6-разряд.

5000 м жоғары тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын, көлбеу скважиналарда, скважиналарда қиын бұрғылау ерітіндімен түгелдей1,6 г/куб. см жоғары - 7-разряд.

Сейсмикалық сигналдарды өршітуді орнату машинисі


11.Сейсмикалық сигналдарды өршітуді орнату машинисі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сейсмикалық сигналдарды өршітуді импульстік немесе вибрациялық әрекеттерді орнатуды басқару. Механикалық, гидравликалық және электрлік торапты орнатуды реттеу және тексеру. Сейсмикалық сигналдардың өршіту көздерін оларды жұмысқа сынауға дайындау. Жұмыс параметрлерінің өлшемдерін орнату. Импульстік сейсмикалық сигналдарды өршіту. Сейсмостанциялармен байланысты болу. Газ, электрлік, механикалық және тағы басқа орнату жүйелерінің жұмыстарын қадағалау. Орнату жұмыстарының ақауларын табу және жою. Құрылғылар жүйесін ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау.

Білуге тиіс: газдық құрылғыларды, механикалық жүйелерді, электрлік және радиоэлектронды желілерді орнатуда сейсмикалық дабылдамаларды өршіту, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мен оны пайдалану ережелерін, жөндеу мен реттеуін, профильде сейсмо-барлаушы жұмыстарын жүргізу жүйелілігін және тәртібін, сейсмикалық сигналдардың көзі ретінде, оларды орнатуға қойылатын талаптар.

Шурфөткізгіш құрылғының машинисі
12. Шурфөткізгіш құрылғының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шурф өткізу кезінде шурфөткізгіш құрылғыны (агрегат, кран) басқару. Шурфөткізгіш құрылғыны орналастыру үшін алаңды жоспарлауға қатысу. Шурфөткізгіш құрылғының жұмысына дайындау және тасымалдауға, қайта монтаждауға және монтаждауға қатысу. Шурфтарды өткізу кезінде операция орындауға қатысу. Құрал мен жабдықтарды дұрыс пайдалану және қалпын бақылау. Шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау. Тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қатысу.

Білуге тиіс: шурфтардың жүру амалдарын және технологиясын, электрожабдықтары мен шурфөткізгіш құрылғыны пайдалану ережелерін және құрылымын, шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету тәртібі мен ережелерін, белгіленген сигналдарды.

Геодезиялық белгілерді монтаждаушы
13. Геодезиялық белгілерді монтаждаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж және ағаштан жасалған геодезиялық белгілерді, орталықтарға және триангуляция және полигонометриялық бөлімдер үшін темірбетон және монолитті бетондарды жөндеу. Ниверлеу бөлімдеріне негізгі және фунттық реперлерді және ниверлеу маркаларын дайындау. Геодезиялық белгілерге арналған орындарды тазалау. Діңгектерді және тағы басқа да түсіру-көтеру операцияларына арналған қақпаларды жабдықтау. Элементтерді даярлау, торапты және ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді және жердегі белгілердің арнайы детальдарын жинау. Геодезиялық белгілерді жинаулы түрінде көтеру немесе белгілердің жеке түрлерінің бекітілуін. Орталықтарды отырғыза бастау және бағдар бөлімдерін жабдықтау. Нұсқаларды жасау, Реперлер мен бетон монолиттерді, темірбетон пилондарының құймалары үшін формаларды орнату және алып тастау, жинау және дайындау. Шұңқырларға белгі қою және қазу. Арматураларды тоқу. Бетон массасын отырғыза бастау және дайындау. Реперлер мен олардың сыртқы безендірулерін орнату, тазарту. Полигонометрия немесе трангуляция пунктерінің және орталықтары, реперлері, геодезиялық белгілерді жөндеу мен қорғауда ұсталық, бетон және жер жұмыстарын орындау. Құралдар мен материалдарды, жабдықтарды тиеу, түсіру және тасымалдау. Геодезиялық белгілерді және реперлерді сақтауға құжаттарды дайындау.

Білуге тиіс: Білуге тиіс: ағаш геодезиялық белгілердің, триангуляция және полигонометрия орталықтары және пункттардың, фундаментальді және топырақты реперлердің, тасты маркалар мен реперлердің қызметі мен құрылымы, геодезиялық белгілерді монтаждау және демонтаждау тәртібі және олардың жасалу сапасына қойылатын талаптар, бөлшектер мен құрылым бірікпелерінің негізгі түрлері, ағаш геодезиялық белгілерін жинақталған түрінде және олардың жекелеген бөлшектерін көтеру тәсілдері, ағаш геодезиялық белгілерді, блоктарды, тростарды, арқандарды бекіту тәсілдері мен қағидалары, құрылыс-монтаждау, ағаш шеберлігі, жер және бетон жұмыстарының орындалу технологиясы, ағаш геодезиялық белгілер, реперлер, триангуляция немесе полигонометрия орталықтары мен пункттерін жасауда қолданылатын құрылыс материалдарының негізгі түрлері мен қасиеттері, арматуралық каркастарды монтаждау тәртібі, бетон жасау технологиясы, ағаш шеберлігі, слесарлық және бақылау-өлшеу құралдарының түрлері мен қызметі, орталықтарды және геодезиялық белгілерді сыртқы безендіру құрылымы.

14. Геодезиялық белгілерді монтаждаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж, биіктігі 20 метрге дейінгі металлдық геодезиялық белгілерді және биіктігі 20 дан 40 метрге дейінгі ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді жөндеу. Жерге жеке детальдарды орнықтыру мен дайындау. Көтеру жабдықтары мен механизмдерін монтаждау және демонтаждау. Биіктікте металл белгілерін жөндеу мен қорғауда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Дәнекерлеу және балқытып бітіру жұмыстарын жасау. Геодезиялық белгілерді сақтауға құжаттарды дайындау.

Білуге тиіс: геодезиялық металл белгілердің құрылымы мен бөлшектерінің элементтерінің белгілемелерін, геодезиялық металл белгілерін жөндеу және қайта монтаждау, монтаждау тәртібі мен әдістерін, оның дайындалу сапасына қойылатын талаптарды, арқан, трос, бөлшектер, геодезиялық белгілерді және оның детальдарын бекітудің ережелері мен тәсілдерін, монтажды-құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарын атқаратын технологияны, геодезиялық металл белгілердің бөгеттерін қолданудағы материалдардың қасиеттері мен негізгі түрлерін, ұсталық-балташылық құралдары мен дәнекерлеу жабдықтарының белгілері мен түрлерін.

40 метрден жоғары биіктіктегі ағаш геодезиялық белгілер және 20 дан 40 метрге дейінгі биіктіктегі металл геодезиялық белгілерді монтаждауда және қайта монтаждауда - 5- разряд.

40 метрден жоғары биіктіктегі металл геодезиялық белгілерді монтаждау және қайта монтаждауда - 6- разряд.

Электр барлау станциясының моторисі
15. Электр барлау станциясының моторисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электробарлау станциясының генератор тобының қызмет көрсетуі. Өлшеулерді жүргізу уақытында қозғалтқыш жұмысын қажет тәртіппен қамтамасыз ету, генератор топтарын орнату және алаңды дайындау. Тоқ арналары мен сөйлесу құрылғылары үшін өткізгіштерді қосу және жазу. Генератор топтарының релесі мен контакторларды, негізгі желілерді реттеу. Радиобайланыс үшін антеннаны орнату, генератор тобының жерге тұйықтау және құю, майлау, қарау. Аккумуляторларды қуаттау және электролитті ауыстыру. Қолданылатын жабдықтар мен аппаратураларды тасымалдауда тиеу және түсіру. Генератор топтарының ағымдағы жөндеуге қатысу және техникалық қызмет көрсетуді ауысым сайын орындау.

Білуге тиіс: генераторлық топтың қондырғыларын, генераторларға қызмет көрсету және техникалық пайдалану ережелерін, трансмиссия, генератор, қозғалтқыштардың жарамсыздығын алдын алу және табу әдістерін, электробарлау станцияларына қолданатын тәжірибелік процестің сызбаларын, электро және радиотехника туралы негізгі мағлұматтарды, сымдар маркаларын.

Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші
16. Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Жұмыс өндірісі орындарында немесе ұйымның далалық базаларында геофизикалық жабдықтарға, аппаратураларға, аспаптар мен жекелеген тораптарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жоспардан тыс жөнделерді орындау. Құрастыру, демонтаждау, баптау. Ұсақ геофизикалық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды реттеу және сынау, жекелеген тораптарды (бөлшектерді) ауыстыру және оларды стационарлық жағдайда жөндеуге жіберу қажеттілігін айқындау.

Білуге тиіс: электр және радиотехника негіздерін, қағидалы электр және радиосхемаларды, геофизикалық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды жинау және қайта монтаждау типтерін, құрылғыларын, тәртібін, әдістерін, техникалық қызмет көрсету, жөндеу технологиясы мен ережелерін, геофизикалық және жекелеген тораптарды баптау және реттеу, дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәсілдерін.

17. Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Құралдар мен аппаратуралар, басқа да геофизикалық құралдар және сейсмоқабылдағыштар, потенциометрлер, аэромагнитометрлер, гравитациялық вариометрлер, гравиметрлер, газдыкаротажды, каротажды, электробарлаушы, баламалы сейсмикалық және басқа да геофизикалық станцияларды жөндеу. Құралдар мен аппаратуралар, ұсақ геофизикалық жабдықтарды жинау, қайта монтаждау, баптау, реттеу, сынау және эталондау.

Білуге тиіс: электр және радиотехника негіздерін, электр және радиотехника негіздерін, қағидалы электр және радиосхемаларды, геофизикалық станцияларды, аспаптар мен аппаратураларды және басқа да құрылғыларды жинау және қайта монтаждау типтерін, құрылғыларын, тәртібін, әдістерін, геофизикалық аппараттарды, құралдар мен бөлек желілерді баптау, реттеу, эталондау, жөндеу технологиясы мен ережелерін, электр және радио монтаждау жұмыстарының технологиясы, өлшеу құралдарының құрылғысын, пайдалану және жөндеу ережелерін, жөндеу жұмыстары кезінде материалдар мен техникалық құралдарды пайдалану және сақтау ережелерін, радиоактивті көздермен жұмыс істеу ережелерін.

Радиоактивті көздер мен электронды-сандық кешендермен байланысты жұмысты орындауда -7-разряд.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Минералдар мен шлихтарды байытушы
18. Минералдар мен шлихтарды байытушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты байыту үшін сорттау және жуу. Арнайы балғалар мен кескіштердің көмегімен басқа араластырғыш және кондициялық емес аймақтарды, темір, жарылған, ақаулы сұғу әдісмен кварцтың және кристалл кесектері бар кварцты байыту. Байытылған шикізатты сорт бойынша бөлу. Шикізатты сақтау орнына жеткізу. Қалдықты жою.

Білуге тиіс: сұрыпталған шикізаттың сыртқы белгілерін, таужыныстары мен материалдардың негізгі физикалық-механикалық қасиеттерін, нормативті -техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар, шикізаттың түрлілігі мен сұрыптарын классификациялауда қолданылатын терминдер мен анықтамаларды.

19. Минералдар мен шлихтарды байытушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен жасау әдісімен зергерлік тастарды шикізатқа балқыту және тау хрусталін байыту. Кесу станогында сортсыз аймақтарды егеу. Шикізат ақауларын (газдысұйықтық және минералды қосылулар), үстеласты лампалары мен шам үстелдерінде көрсетілетін электрлі жарықтың ақауларын шығару және көру. Байытылған шикізатты сорт бойынша бөлу және оны сақтауға өткізуге дайындау.

Білуге тиіс: сұрыпталған шикізаттың (түрлі түсті тастар мен кварц) негізгі физикалық-механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін, шикізатты түрлілігі мен сұрыптарын классификациялауда қолданылатын нормативті-техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар, қызметтегі құралды пайдалану ережелері мен құрылғыларын.

20. Минералдар мен шлихтарды байытушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пьезоптикалық кварцтың 1, 2 сұрыптарын, кристалл шикізаттан жасалған исланд шпатын және қолдан жасалған зергерлік тастарды шикізатқа байыту. Шикізатты егеу, электрлі жарықта көрінетін шикізат ақауларын көру және шығару. Кемшілігі + - 1 мм аспайтын штангециркульмен пьезоптикалық шикізаттың моноаймақтарын өлшеу. Жабдықтарды тоқтау және оның жұмысын бақылау, жіберу, шлихтарды үрлеуге дайындау, қолда немесе жабдықта шлихтарды үрлеу жолымен байыту. Пайдалы қазбалардың жабдыққа шығуын реттеу және минералдарды тура анықтау. Жабдықтың қызметіндегі жарамсыздықтың алдын алу және шығару. Байытылған шикізатты сақтауға өткізу үшін дайындау және сұрыптау.

Білуге тиіс: шикізаттың (кварц, түрлі түсті тастар мен исланд шпаты) негізгі физикалық-механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін, шикізаттың табиғи кемістіктерінің мүмкіндігі, нормативті-техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар, шикізаттың әрбір түрінің қасиеттері және олардың байыту кезінде пайда болуы, шикізатты классификациялауда қолданылатын терминдер анықтамаларды, түрлі түсті тастарды классификациялау, қызмет көрсететін жабдықтарды пен құрылғыларды, бақылау өлшеуіш және алмас жабдықтарды қолдану ережелерін, сынамаларды жөндеу және таңдап алу ережелерін, шлихтардың үрлеуін қабылдау, шлихтарда кездесетін тау жыныстары мен минералдарды, пайдалы қазбаларды.

21. Минералдар мен шлихтарды байытушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен жасау әдісімен кварц-оптикалық және бағалы тастарды, пьезакварцтың «Экстра» сұрыптарын шикізатқа байыту. Иммерционды сұйықтықтың көмегімен және визуалды, электрлі жарықтандырғышта берілген шикізаттың ақауын шығару және егеу, қарау. Пьезооптикалық шикізаттың ионаймағын өлшеу. Химиялық улау ерітінді компоненттері жыныстарының көмегімен жыныстағы дақтар мен кристаллдарды алып тастау. Бағалы шикізаттардың қалдықтарын санау. Байытылған шикізатты сақтауға өткізу үшін дайындау және сұрыптау.

Білуге тиіс: шикізаттардың (оптикалық кварц, бағалы тастар) физикалық -механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін, тастардың әр түріне тән шикізаттың табиғи мүмкін болатын дефектілерін, шикізаттың нормативті-техникалық құжаттарына қойылатын талаптарды, шикізаттың әр түрінің ерекше түрлерін және оларды байытуда көрінісін, шикізатты сорттауда және түрлерге бөлуде қолданылатын терминдер мен анықтамаларды, бағалы тастарды классификациялауды, бақылау өлшеуіш және алмас құралдарды қолдану ережелерін, құрылғыларын.

Геологиялық сынамаларды іріктеуші
22. Геологиялық сынамаларды іріктеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жер қойнауларындағы қорларды есептеу, пайдалы қазбалардың саны мен сапасын анықтау үшін таулы өндірістегі бороздалық, задирлі, шрурлі және басқа да сынамаларды іріктеу. Қолдан жасалған, пневматикалық, электрлі сынама іріктемелерді шой балғаның көмегімен қатал және дәлділігі жоғары рұқсаттамалармен тау жыныстарын сұғу және контурлеу. Қажет жағдайда сынама массалары мен көлемін, задирка алаңдарын, борозданы өлшеуді кесу, бороздарды егеу, шпурларды бұрғылау. Сынамаларды таңбалау және орау. Сөрелерді орнату және қатайту. Ауа өткізгіш және электрлі желілерге қосу, перфораторлар мен шой балғаларды, сынама іріктемелерді жұмысқа дайындау. 1500 метр тереңдікке дейінгі теңіздер мен басқа да су қоймаларында донна сынамаларды іріктеу. Қолданылатын жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, олардың жұмысында қарапайым жарамсыздықтардың алдын алу және шығару. Техникалық құжаттама жүргізу. Сынамаларды сақтау және есептеу.

Білуге тиіс: кендердің құрылымын, текстураларын, микротектоника негіздерін, бөлу сызықтарының бағыттарын және тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, шпурлардың орналасу сызбалары мен олардың тереңдігін, электрлі және пневматикалық құралдарды пайдалану ережелерін, қолданылатын құралдардың түрлерін, қолдан жасалған және механикаландырылған әдістермен жыныстарды өңдеу және геологиялық сынамаларды іріктеу стандарттары мен техникалық шарттарын, орнатылған дабылдамаларды пайдалану ережелерін, донналы сынама іріктемелері технологиясын және техникалық құралдар құрылғыларын.

1500 метр тереңдікке дейінгі теңіздер мен басқа да су қоймаларында донна сынамаларды іріктеу - 5 - разряд.

Геологиялық сынамаларды шаюшы


23. Геологиялық сынамаларды шаюшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті геологиялық сынамаларды шаюшының басқаруымен шлихты сынамаларды шаю. Құмдарды лоткаларға, ковшаларды шаю құралдары мен құрылғыларына тиеуде, оларды сүртуде, қиыршық материалдарды шаюда, ауыр отырғызу фракцияларына қатысу. Шлихтерді тиеу, кептіру және орау.

Білуге тиіс: геологиялық сынамаларда концентрацияларды орнату және шаюдың негізгі ережелерін, шлихтарда жиі кездесетін минералдар құрамын, бос және құрамында металлы бар жыныстардың сыртқы белгілерін.

24. Геологиялық сынамаларды шаюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лоткаларды, ковшаларды, құралдарды немесе 70 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 1 мм және одан да көп мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю. Құмдарды тиеу, оларды себу, қиыршық материалдарды шаю, балшықты заттардан босату, ауыр фракцияларды концентрациялау, «сұр» шлих сынамасына дейін шаю. Сынама нөмірін көрсетілуімен шайылған металдың сынамасын орау. Сынамаларды шаю есебін жүргізу.

Білуге тиіс: шлихті сынамаларды шаюды қабылдауды және ережелерін, белгілемелерін, құралдар мен жабдықтардың құрамында құмдардың болуына байланысты аяқтап және шаю жұмыстарының технологиялық тәртіптерін, шайылған сынамаларды есептеу, орау және таңбалау ережелерін.

25. Геологиялық сынамаларды шаюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лотоктарды, шөміштерді, құралдарды немесе 90 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 0,5 мм-ден 1 мм және одан да көп мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю.

Білуге тиіс: борпылдақ таулы жыныстарды шайылуы бойынша классификациялау және оларды суда балшықтан тазарту әдістерін, пайдалы және ілеспелі минералдардың түрлерін, су қозғалысы жылдамдығының құмды шлихтардың шығуына әсер етуі, шлихты сынамаларды өңдеу ережелерін.


26. Геологиялық сынамаларды шаюшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Лотоктарды, шөміштерді шаюшы концентратты құралдарда немесе қондырғыларда бақылау шлих сынамаларын аяқтау және шаю. Лотоктарды, шөміштерді құралдарды немесе 95 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 0,5 мм-ден көп емес мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю.

Білуге тиіс: қондырғылар немесе жабдықтардың концентрациялық және шаюды реттеу ережелері мен құрылғыларын, шлихтарда пайдалы және ілеспелі минералдардың макро белгілері мен сипаттамаларын, бақылау сынамаларын есептеу, таңбалау және өңдеу ережелерін.

Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші
27. Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Геологиялық ұйымның жұмысшыларын жазықтық даламен ең ыңғайлы және қауіпсіз бағыт бойынша белгіленген пункт және лагерь тұрағына жеткізу. Итпен, бұғымен, есекпен, түйемен, жылқымен адамдар мен жүктерді тасу. Жүктерді тиеу, жинау, түсіру, орау және бекіту. Жануарлар жабдықтарын және шаналар, арбалар, жегулерді жөндеу. Жануарларды тамақтандыру, жануарларға қарау, қажеттіліктерге азықтарын даярлау.

Білуге тиіс: аймақ жұмысының рельефтерінің негізгі элементтерінің жергілікті атаулары мен орналасуын, қыстаулардың, жайлаулардың, елді мекендердің, құдықтардың орналасқан жерлерін, жолдар, жалғыз аяқ жолдарды, аяқ өткелдерді жыл бойына өтуі мен орналасуын, тұрақтауға қауіпсіз жерлерді, жүктерді тиеу, жинау, түсіру, орау және бекітуді, жануарлар жабдықтарын және шаналар, арбалар, жегулерді жөндеуді, жануарларды тамақтандыру, жануарларға қарау, қажеттіліктерге азықтарын даярлауды, жануарларға жарақаттану жағдайында алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережелерін.

Геологиялық ұйымның жұмысшыларын биік тауларға, шөлдерге, тайга және саз аймақтарға алып жүру - 3- разряд.

Геологиялық ұйымның жұмысшыларын таулы, тайга, қатты саздалған және шөлді аймақтарға алып жүру, сонымен қатар адамдар мен жүктерді су транспортымен тасымалдау - 4- разряд.

Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы
28. Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрын өткен, жаңадан өтетін және ұсақ тау үсті қазбаларын тарату және тазалау (канавалар, копуштар мен шурфтар). Геолог маманды бағытта алып жүру. Сынама дубликаттарын сұрыптау және сынамаландыру үшін дайындау. Су деңгейін өлшеуді жүргізу және су көздерін пайдалану тәртібін сақтау. Гидрометикалық жұмыстарда жармаларды тазалау. Борпылдақ жыныстардың литогеохимиялық сынамаларын себу және ұсақтау, кептіру. Сынамаларды таңдау үшін қаптарды және флягаларды жуу, пакеттерді даярлау. Құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды, далалық жарақтарды тиеу, түсіру және орау. Жүктерді (транспорт құралдарынан тыс жерлерде) тасымалдау немесе көшіру. Құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды, далалық жарақтарды қызмет көрсету жағдайында және жұмыс қалпында сақтау. Тұрақтау лагерінің орнын таңдауға, палатканы құру және шешуге қатысу. Тұрақ аймағында жүктерді қорғау, санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету және тазалау. Өндірістік және тұрғын орындарын тазалау және мерзімді дезинфекциялау. Дала жұмыстарын жүргізу. Отын -суды дайындау, тамақ дайындау, дала жұмыстарын тарату және ұйымдастыруға қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі сынамаларды және геологиялық партиялардың көшуі кезінде лагерь алаңында орналасқан аспаптарды, құралдарды, жабдықтарды сақтау, тасымалдау және орау ережелерін, материалдарды, жабдықтарды құралдарды қолдану ережелерін, азық-түліктердің пайдалану мерзімін оларды қабылдау, сақтау ережелерін, аспазшы және кулинар ісінің негіздерін.

29. Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шөлді және таулы-тайгалы аудандарда бағыт жүргізуді меңгеру. Бороздалық және шлихті сынамаларды, газ және су сынамаларын, гобтаникалық сынамаларды, жеке штуфты, литгеохимиялық сынамаларды, табиғи жыныстардың үлгілерін, этикеттеу, орау және таңдау, борпылдақ жыныстардан монолиттер таңдау. Шлих сынамаларын жуу үшін орын жабдықтау. Лоток немесе шөміштің белгіленген үлес салмағын немесе түсінің шлихты сынамаларын шаю. Шлихты сынамаларды кептіру. Алтыннан, касситериттен, вольфрамиттен және басқа да металл компоненттерінен және түрлі минералдарды үрлеу жолымен шлихтерді өңдеу. Дала құралдарының көрсеткіштерін журналға жазу және алып тастау. Су көзерінің жер асты және жер үсті параметрлерін өлшеу. Гидрометриялық жұмыстарда жармаларды тазалау. Таяз тауларды қолдан өндіруді жүргізу және тарату. Борпылдақ сынамаларды елеу, беохимиялық сынамалардың күлге айналуы, керна скважиналарын, тау үсті өндірісінің сынамалар дубликатын сынамаландыру, дайындау және табиғи кебу, таңдалған сынамаларды көшіру. Арақашықтықты өлшеу. Топографиялық-геодезиялық түсірілімге торфобарлау бағыттарын салу, аймақты барлауға қатысу. Реперлерді қазандықтарға орналастыру және олардың сыртқы безендірілуі. Су қабылдағыштар мен өзендерде өлшеу жұмыстары. Сапропелді және торфты кендерді байқап білу. Зертханалық зерттеулер үшін донналық және минералды қабаттамаларды, сапропельді, торфты сынамаларды этикеттеу, орау және таңдау. Электропрофильдеу және электрозондылауда сынамалық ленталарды қалау, орман такцасионды жұмыстарда, торфты анықтауда қатысу. Дала жұмыстарын жүргізу, ұсақ скважиналарды қолмен және мотобұрғымен бұрғылау. Жол нысанасын тазалау. Құралдарды, жабдықтарды, дала жарақтарын тасымалдау (көшіру), тиеу, түсіру.

Білуге тиіс: таулы-тайгалы және шөл аудандарда маршруттарды жүргізу дағдысы, геологиялық түсіру және іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы негізгі мағлұматтарды, сынамалар мен жыныстардың үлгілерін тасымалдау, этикеттеу, орау және таңдау ережелерін, шлих сынамаларын шаю және таңдау қабылдауын және ережелерін, шлихтерді үрлеу ережелерін, шлихтарда кездесетін, металлдар мен шлихты минералдардың көп концентрациясының орнын, дала аспаптарының қызмет көрсетуін және пайдалану ережелерін, тау жыныстарының физикалық-механикалық қарапайым қасиеттері туралы мағлұматтар және олардың орын жағдайларын, топографиялық-геодезиялық зондылау және сынама таңдау құралдарын қолдану ережелерін, сақтау және тасымалдауды, геодезиялық белгілердің тағайындалуын, қазандықтарды қазу ережелерін, жолдар мен нысаналарды тазалауды, ормантаксациялау жұмысы туралы негізгі түсініктерді, қолмен және мотобұрғымен бұрғылау технологиясын, мотобұрғылау және бұрғылау құралдарын қолдану ережелерін.


Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы


30. Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сейсмоқабылдағыштарды орнатуға, элктродтарды аймақтарда және оларды сейсмикалық және электробарлау желілеріне қосуға қатысу. Жұмыс үрдісінде электродтар мен байланыстырғыш желілерді, сейсмоқабылдағыштарды көшіру. Сейсмикалық, электробарлаушы және қосалқы желілердің сымдарын тарқату (жаю). Бандаждар мен изоляцияларды қалпына келтіру, байланыстағы ақаулардың алдын алу. Сейсмикалық костарды дайындауға және қуаттану желілерін дайындауға қатысу. Блок-балансты және каротажды жабдықтарды, гравиметрлерді орнатуға қатысу және алаңды дайындау, түсіру-көтеру операцияларына қатысу. Кернаны радиометриялық зерттеуде дайындау. Аппаратуралар мен жабдықтарды орнатуда түсіру-тиеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін, құрылғыларын, монтажды құралдармен жұмыс істеу негіздерін.

31. Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сейсмикалық станцияларда геофизикалық жұмыстарды орындауды, сейсмикалық костарды қосу (өшіру), жерге қосу және қоршауға қатысу. Электро қуаттарын (бензоагрегаттар, қуаттану құрылғылары, аккумуляторлық батареялар) жүйелеріне қызмет көрсету. Электробарлау станцияларында, жарылғыш пункт станцияларында геофизикалық жұмыстарды орындауға қатысу. Атылғыш заттарды көшіру және тиеу (түсіру), пассивті зарядтары бар қопарғышты дайындау. Қопарғыш скважиналарын шаблондау және қалпын тексеру. Қопарғышпен бірге зарядтарды шруфтарға жатқызу, оларды скважинаға түсіру, детонациялаушы жіптерді желіге жатқызу. Бұрғылау –қопарғыш жұмыстарының салдарын ликвидациялауға қатысу. Электробарлау станцияларында байланыстың ақауларын табу және жөндеу. Жерге қону құрылғылары және олардың сапасын тексеру. Электроқуаттаушы жүйелерге қызмет көрстеу (көшіру бензоагрегеттары, аккумулятор батареялары және т.б). Бақылау пунктерінде құралдар мен жабдықтарды орнату.

Білуге тиіс: электробарлау және электросейсмикалық желілердің құрылғыларын, олардың байланыстыру жүйесін станцияларға қосу, бақылау- өлшеуіш құралдарымен жұмыс істеу әдістерін, электр және радиотехника негіздерін, қағидалы электр және радиосхема түрлерін, қондырғыларын, реттерін, геофизикалық жабдықтарды жинау және қайта монтаждау әдістерін, құрылғылар мен құралдарын, техникалық қызмет көрсету технологиясы мен ережелерін, геофизикалық аппараттарды, құралдар мен бөлек желілерді реттеу және жөндеу, дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәсілдерін, өлшеуіш құралдарды жөндеу және қолдану ережелерін, жөндеу жұмыстары кезінде материалдар мен техникалық құралдарды сақтау және қолдану ережелерін, радиоактивті көздермен жұмыс істеу ережелерін.

32. Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сейсмикалық, электробарлаушы және қосалқы желілерді дайындау. Сейсмоқабылдағыштар мен электробарлаушы қондырғыларды (өткізуші, жайылу және тағы басқа) қосу және белгілеу, олардың жұмысының жарамсыздығын алдын алу және табу. Сейсмикалық костардың секцияларын, электробарлау желілерін дайындауға қатысу, сейсмоқабылдағыштар таптарын монтаждау. Жерге қосу және қоршаудың түрлі құрылғылары. Бақылау жүйесі дайындалған нүктелердің аймақтарын іздеу. Гравиметрлерді көлбеу орнату және көшіру. Радиометриялық құралдардың көмегімен жұмыс бақылауларын орындау және жұмысқа дайындау, тексеру. Гравитерлер мен радиметрлердің көрсеткіштерін дала журналдарына тіркеу. Тану белгілерін құрылымы. Радиометрлердің эталондалуын және сезімталдығын тексеру. Геодезиялық жабдықты ағымдық жөндеу жүргізуге қатысу және профилактикалық қызмет көрсету, қалпын бақылау.

Білуге тиіс: геофизикалық жұмыстардың түрлеріне сай әдістері мен тапсырмалары туралы негізгі мағлұматтарды, геофизикалық дала жұмыстарын өндірістік процесте орындау технологиясы мен ұйымдастыруды, геофизикалық құралдарды орнату және белгілеу жүйесінің аймақтағы нүктесін бақылау, геофизикалық құралдар мен жабдықтарды сақтау және тасымалдау, қызмет көрсету, пайдалану ережелерін, бақылау-өлшеуіш құралдарымен және монтаждау аспаптармен жұмыс істеу тәртібін, электр тізбектерінің негізгі белгілерін, әдіске сай ( жарылғыш жұмыстарын, жоғары қуатты тоқтармен жұмыс жасау, ионды сәуле шығару) жұмыс жүргізу құрылымын.

Ескерту. Теңізде геофизикалық зерттеу жүргізуде жұмысшылардың біліктілік тарификациясы бір разрядқа жоғарылайды.

Тау жыныстарын тегістеуші


33. Тау жыныстарын тегістеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Физика - механика зерттеулері үшін шлифтер мен аншлифтерді сылу, қайта өңдеу. Нұсқаларын және олардың жаруын өлшеу.

Білуге тиіс: тау жыныстары мен оларды өңдеудің негізгі физикалық- механикалық негіздерін, абразивті материалдарды қолдану.


34. Тау жыныстарын тегістеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Магматикалық және метоморфты тау жыныстарынан, құрамында 50 % дейін кварц қоспасы бар жыныстардан аншлифтер мен қарапайым шлифтерді дайындау. Тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін оқып білу үшін цилиндрлерді, призмаларды, пластиналарды, кубиктерді тегістеу. Үлгілерді бинттеу және оларды тексеру. Әйнектің үстіңгі қабатын жабыстыру. Шлифтерді жуу. Шлифтерді микроскоппен тексеру. Жабыстыру құрамдарын жабыстыру. Қолданылатын құралдарды ағымдағы жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету. Жасалған шлифтер есептері мен этикеттеу.

Білуге тиіс: тау жыныстарының физика- механикалық қасиеттерін және оларды өңдеу ерекшеліктерін, шлифтерді өңдеу кезінде қолданылатын (үлгілер) жабдықтар және құралдарды, құрылғыларды пайдалану ережелерін, тегістеуші (абразивті) материалдардың белгілері мен түрлері, жабыстырғыш құралдарды дайындау технологиясын және түрлерін, тау жыныстары өндірісі технологиясын және олардан шлифтерді дайындауды, шлифтерді (үлгі) есептеу және этикеттеу ережелерін, шлифтердің сапасына қойылатын талаптар, шлифтерді дайындау кезінде тау жыныстарын өндіру тазалығы және дәлділік әдістерін.

Қиын және стандартқа сай емес (көлемі 4 шаршы см көп) шлифтерді дайындау кезінде (үлгілер) шөгінді, аз цементтелген және жарылған жыныстардың, сонымен қатар құрамында 50 % көп кварц бар - 4-разряд.

Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы (2002 жылғы басылым) БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (5-шығарылым) 2-қосымшасында келтірілген.



Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығына (5-шығарылым) 1- қосымша

Жұмысшы кәсіптерінің көрсеткіші




Р/с



Мамандықтардың атауы

Дәреже диапазоны

Беті

1.

Топографиялық карталардың түпнұсқасын өрнектеуші

4-6

2

2.

Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші



2-5

4

3.

Каротажшы

4-8

6

4.

Каротаждау станциясының машинисі

4-7

8

5.

Сейсмикалық сигналдарды өршітуді орнату машинисі

6

9

6.

Шурфөткізгіш қондырғының машинисі

4

9

7.

Геодезиялық белгілерді монтаждаушы

3-6

10

8.

Электр барлау станцияларының моторисі

4

11

9

Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші

5-7

11

10.

Минералдар мен шлихтарды байытушы

2-5

12

11.

Геологиялық сынамаларды іріктеуші

4-5

14

12.

Геологиялық сынамаларды шаюшы

2-5

15

13.

Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші

2-4

16

14.

Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы

2-3

17

15.

Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы

2-5

18

16.

Тау жыныстарын тегістеуші

2-4

20


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығына (5-шығарылым) 2- қосымша

Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы (2002 жылғы басылым) БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі





Р/с




Осы бөлімге орналастырылған кәсіптерінің атауы



Раз

ряд


тар диа па

зоны


БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы бойынша атаулар (2002 ж. басылым)

Раз

ряд


тар диа

па

зоны



БТ

БА шығарылым



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Топографиялық карталарының түпнұсқасын өрнектеуші

4-6

Топографиялық карталарының түпнұсқасын өрнектеуші

4-6

5

Геологиялық барлау

2.

Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші

2-5

Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік

жұмыстарда өлшеуші



2-5

5

Геологиялық барлау

3.

Каротажшы


4-8

Каротажшы

4-8

5

Геологиялық барлау

4.

Каротаждау станциясының машинисі

4-7

Каротаждау станциясының машинисі

4-7




Геологиялық барлау

5.

Сейсмикалық сигналдарды өршітуді орнату машинисі

6

Қозғалмалы сейсмикалық қондырғының операторы

6

5

Геологиялық барлау

6.

Шурфөткізгіш қондырғының машинисі

4

Шурфөткізгіш агрегаттың машинисі

4

5

Геологиялық барлау

7.

Геодезиялық белгілердің монтаждаушысы

3-6

Геодезиялық белгілердің монтаждаушысы

3-4



5

Геологиялық барлау

Реперші

3

8.

Электр барлау

станцияларының моторисі



4

Электр барлау

станцияларының моторисі



4

5

Геологиялық барлау

9.

Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші

5-7

Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші

5-7

5

Геологиялық барлау

10

Минералдар мен шлихтарды байытушы

2-5

Шлихтарды байытушы

2-5

5

Геологиялық барлау

11

Геологиялық сынамаларды іріктеуші

4-5

Геологиялық сынамаларды іріктеуші

4-5

5

Геологиялық барлау

12

Геологиялық сынамаларды

шаюшы


2-5

Геологиялық сынамаларды шаюшы

2-5

5

Геологиялық барлау

13

Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші

2-4

Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші

2-4

5

Геологиялық барлау

14

Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы

2-3

Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы

2-3

5

Геологиялық барлау

15

Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы

2-5

Геофизикалық жұмыстардағы жұмысшы

2-4


5


Геологиялық барлау

16

Тау жыныстарын тегістеуші

2-4

Тау жыныстарын тегістеуші

2-4

5

Геологиялық барлау






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет