Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


18-шығарылым

«Синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар өндірісі, олардан және

табиғи алмаздардан жасалатын бұйымдар өндірісі» бөлімі

Астана 2009

Кіріспе



Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданыста болған БТБА 18-шығарылымының «Синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар өндірісі, олардан және табиғи алмаздардан жасалатын бұйымдар өндірісі» бөлімі негізінде әзірленді.


Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

"Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

"Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралларын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, бііктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі рапзряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттама сегіз разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
«СИНТЕТИКАЛЫҚ АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРІСІ, ОЛАРДАН ЖӘНЕ ТАБИҒИ АЛМАЗДАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІ» БӨЛІМІ
§ 1. АЛМАЗДЫ КОНЦЕНТРАТТЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жармаланбаған алмаз концентратын химиялық реактивтерді қолдана отырып химиялық тәсілмен тазарту процесін жүргізу. Алмаз концентраты мен химиялық реактивтерді арнаулы ыдыстарға тиеу. Реакция барысын бақылау. Пайдаланылған химиялық реактивтерді ағызып алу. Өңделген өнімді жуу, кептіру, өлшеу. Химиялық реактивтерді дайындау.

Білуге тиіс: алмаз концентратын тазартудың технологиялық процесін; химиялық реактивтерді қолдану мен сақтау ережесін; таразыны және арнаулы құрылғыларды қолдану ережесін; технологиялық операциялардың химиялық реакцияларын; химиялық реактивтердің құрамы мен қасиеттерін, оларды анықтау әдістерін; синтетикалық алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін (орындалатын жұмыс шегінде).


§ 2. АЛМАЗДЫ КОНЦЕНТРАТТЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроұнтақтар алу үшін жармаланған алмаз концентратын химиялық реактивтерді қолдана отырып химиялық тәсілмен тазарту процесін жүргізу. Ағызылған суларды жинау, тұндырғышты тиеу, микроұнтақтарды центрифугада тұндыру. Өңделген шикізатты жуу, кептіру, өлшеу. Химиялық реактивтерді дайындау, берілген когнцентрациядағы хлорлы қышқылды әзірлеу. Алмаз шикізаты мен ұнтақтарды арнаулы қондырғыларда сопақтау. Шикізкат пен ұнтақтарды срақтаудан кейін қышқылмен өңдеу. Алмаз шикізатын химиялық жылтырату. Қызмет көрсетілетін қондырғыларды реттемелеу.

Білуге тиіс: микроұнтақтар алу үшін алмаз концентратын тазартудың, сопақшалау мен химиялық жылтыратудың технологиялық процесін; қызмет көрсететін жабдықтың, қолданылатын аспаптардың құрылымын, оларды пайдалану мен реттемелеу ережесін; берілген концентрациядағы қышқыл ерітінділерін әзірлеу және олармен жұмыс істеу ережесін; шығарылатын алмаз ұнтақтары мен түйіршіктерінің ассортиментін; тазарту процесін жүргізуге қажетті химиялық реактивтер санының есебін; алмаз шикізатына қойылатын талаптарды; алмаз шикізатының физикалық және химиялық қасиеттерін (орындалатын жұмыс шегінде); қышқылдаушы және сілті қоспаларының қасиеттерін.


§ 3. АЛМАЗДЫ КОНЦЕНТРАТТЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Прецизионды жарылыс әдісімен синтезделген, микроұнтақтар мен субмикроұнтақтары бар ұсақ дисперсті алмазграфит қоспаларын тазарту процесін химиялық реактивтерді қолдана отырып химиялық тәсілмен жүргізу. Статикалық әдіспен алынған және жарылыс әдісімен майдаланған алмаз шикізатын тазарту. Алмазды микроұнтақтар мен субмикроұнтақтарда қоспалардың болуын аналитикалық әдістермен бақылау. Өңделген өнімнің тазалығын микроскоппен бақылау.

Білуге тиіс: микроұнтақтар алу үшін алмаз концентратын жармалаудың технологиялық процесін; қышқыл қоспалары бар күрделі химиялық ерітінділерді дайындау ережесін; ерітінділердегі метал қоспаларын анықтаудың аналитикалық әдістерін; микроскопты реттеу және онымен жұмыс істеу ережесін; микроұнтаққа микроскоппен бақылау жүргізуге арналған препаратты әзірлеу әдістерін.


§ 4. АЛМАЗДЫ КОНЦЕНТРАТТЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Синтез өнімін тұз балқымасы мен химиялық реакторда тазарту процесін жүргізу. Алмаздың синтез өнімін тұз балқымасында өңдеуге дайындау. Тұз қоспасын әзірлеу. Синтез өнімін электр пешінде тұздармен балқыту. Электр пешіндегі температура режимін реттеу. Тұз балқымасын арнаулы ваннада жумалау. Майдаланған өнімді ваннадан түсіру. Синтез өнімін химиялық реакторда тазарту. Айдаушы заттарды әзірлеу. Реттеу және күкірт қышқылын, хромды ангидри ереітіндісін, қышқылдаушы қоспаны жинамаға айдау. Химиялық реакторға берілетін химиялық реактивтердің шығысын бақылау. Химиялық реактордың жұмыс режимін, сынақ іске қосылуын іріктеу, жұмыс режимін реттеу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауды анықтау. Өңделген материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: синтез өнімін химиялық реакторда химиялық өңдеудің технологиялық процесін; шихтаны тұз бақымасында өңдеу үшін дайындаудың технологиялық процесін; шихта компоненттерінің физикалық-химиялық қасиеттерін; синтез өнімінің химиялықь құрамын; алмазды концентратты өңдеу кезіндегі физикалық-химиялық процесстерді; арнаулы ванналардың құрылымын және оларды пайдалану ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және олардың жұмыс принципін; қызмет көрсететін жабдықты реттеу ережесін; алмаз шикізаты мен химиялық реактивтерге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


§ 5. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ТЕҢГЕРМЕЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған диаметрі 200 мм дейінгі жылтырату шарықтасын теңгермелеу. Алмазды кесінді диаметрі 200 мм дейінгі шарықтасты жалпы және арнаулы нысандағы теңгеру станоктарында теңгермелеу. Мемлекеттік стандарт пен техникалық шарт талаптарына сәйкес сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу және шығару. Абразивтік қабаатты ашу. Алмазды кесінді диаметрі 400 мм дейінгі сегменттік шарықтасты алмазды қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу, шығару және түзету.

Білуге тиіс: теңгермелеу станоктарының, айлабұйымдарының құрылымын, реттеу ережесін; шарықтастың теңгерімсіздігі шамасын шарықтасты теңгермелеу әдістемесі бойынша айқындау тәртібін; алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған жылтырату шарықтасының сыртқы және радиальдік соғуы мен теңгермеленуін шығарудың технологиялық процесін; кесінді сегменттік шарықтасты түзету ережесін; мемлекеттік стандарт пен техникалық шартта шарықтас дәлдігіне қойылатын техникалық талаптарды; алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған шарықтас номенклатурасын; алмаз ұнтақтарының, аса қатты материалдар мен байламдардың негізгі қасиеттерін; күрделілігі орташа бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды қолдану ережесін.


§ 6. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ТЕҢГЕРМЕЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған диаметрі 200 мм асатын және 400 мм дейінгі жылтырату шарықтасын теңгермелеу. Алмазды кесінді диаметрі 200 мм асатын және 400 мм дейінгі шарықтасты жалпы және арнаулы нысандағы теңгермелеу станоктарында теңгермелеу. Абразивтік қабатты ашу. Сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу және шығару. Алмазды кесінді диаметрі 400 мм асатын және 800 мм дейінгі сегменттік шарықтасты алмазды қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу, шығару және түзету.

Білуге тиіс: теңгермелеу станоктарының және шарықтастың сыртқы және радиальдік соғуды шығару станоктарының құрылымы мен кинематикалық сызбаларын; шарықтасты теңгермелеуге арналған айлабұйымдардың консруктивтік құрылымы мен қолдану ережесін; шарықтасты теңгермелеу тәсілдерін; күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылымын.


§ 7. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ТЕҢГЕРМЕЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған шарықтасты және диаметрі 400 мм асатын және 630 мм дейінгі алмазды кесінді шарықтасын жалпы және арнаулы нысандағы теңгермелеу станоктарында теңгермелеу. Абразивтік қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу және шығару. Алмазды кесінді диаметрі 800 мм асатын және 1200 мм дейінгі сегменттік шарықтасты алмазды қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу, шығару және түзету.

Білуге тиіс: теңгермелеу станоктарының конструктивтік ерекшеліктері мен оның дәлдігін тексеру тәсілдерін; шарықтастың сыртқы және радиальдік соғуын шығару ережесін; шарықтасаты түзету тәсілдерін; күрделі бақылау-өлшеу құралын реттеу ережесін.


§ 8. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ТЕҢГЕРМЕЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздан және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған шарықтасты және диаметрі 630 мм асатын алмазды кесінді шарықтасын арнаулы нысандағы теңгермелеу станоктарында теңгермелеу. Алмазды қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу және шығару. Алмазды кесінді диаметрі 1200 мм асатын сегменттік шарықтасты алмазды қабатты аша отырып, сыртқы және радиальдік соғуды өлшеу, шығару және түзету. Ұзындығы 3 м асатын штрипс араларын түзету.

Білуге тиіс: арнаулы теңгеру станоктарының конструктивтік ерекшеліктерін; шарықтастар мен штрипс араларын теңгеру және түзету әдістерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын реттеу ережесін және тәсілдерін.


§ 9. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАРМАЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табиғи және синтетикалық алмаздарды, эльбор и басқа да аса қатты материалдарды механикалық, қол ұсақтағыш пен белгілі бір түйіршіктегі ұнтақтарды шығарудың белгіленген бір тапсырмасы бойынша ұсақ өнім алуға реттелген диірмендерде жармалау. Литографиялық тас, графитті электрод, металды хром, магний мен басқа да компоненттер байламын ұсақтау, ұнтақтау және елеу машиналарында ұсақтау, ұнтақтау және елеу.

Білуге тиіс: жармалау, ұнтақтау және елеу машиналарында ережесі мен әрекет ету принципін; алмаз бен аса қатты материалдарды жармалау, ұнтақтау және елеу технологиялық процесін; алмаз бен аса қатты материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін (орындаплатын жұмыс шегінде); ұсынылатын ұсақтау сызбаларын; ұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен нормаларды; бақылау електерінің құрылымы мен өлшемділігін.


§ 10. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАРМАЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табиғи және синтетикалық алмаздарды, эльбор и басқа да аса қатты материалдарды механикалық , қол ұсақтағыш пен ұсақтау сызбасы мен ұсақтағыш жұмысының режимі іріктелетін, берілген бір түйіршік ұнтақтардың барынша көбірек шығуын қамтамасыз ететін диірмендерде жармалау. Табиғи және синтетикалық алмаздарды, эльбор и басқа да аса қатты материалдарды ультрадыбыстық қондырғыларда жармалау.. Материалдар мен суды ваннаға тиеу. Ультрадыбыстық генератор мен салқындату жүйелерінің қажетті жұмыс режимін белгілеу және реттеу. Аспап көрсеткіштерін қадағалау. Суды ағызу, ваннаны босатужәне ұнтақтарды кептіруге тапсыру. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: ультрадыбыстық генератор мен ультрадыбыстық қондырғылардың, механикалық ұсақтағыштың құрылымы мен электр сызбаларын; ұнтақтың әрбір түйіршік фракциясы бойынша түйіршік құрамын; жармалау сызбасын іріктеу ережесін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; електерге қойылатын талаптарды; виброелекті пайдалану ережесін.


§ 11. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ СЫНАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралдардың механикалық беріктігін сынау. Сынақ стенді шпинделінің айналым санын тахометрдің көмегімен өлшеу және реттеу. Құралды сынауға дейін және одан кейін қарау. Сыналатын құралға мемлекеттік стандарттарда, техникалық шарттар мен нормаларда қойылатын техникалық талаптардан ауытқулар мен ақауларды анықтау. Сынақ нәтижесі құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: сынақ стенділерінің құрылымы мен пайдалану ережесін; сынау режимдерін; сыналатын құралдың сипаттамасы мен пайдалану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралдарды дайындауға арналған техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттар мен нормалилерді; алмаздар мен аса қатты материалдар арналған техникалық шарттарды; сынақ нәтижесі құжаттамасын ресімдеу ережесін.

§ 12. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ СЫНАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралдарды, олардың жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын алмаздар мен аса қатты материалдардың меншікті шығысы бойынша, құралдың пішініне қарай, сынақ станоктарында сынау. Алмаздар мен аса қатты материалдардың меншікті шығысын түрлі әдістермен анықтау.

Білуге тиіс: сынақ станоктарының құрылымы мен кинематикалық сызбаларын; универсальді және арнаулы айлабұйымдардың конструктивтік ерекшеліктері мен пайдалану ережесін; күрделі бақылау-өлшеу құралы мен аспаптардың құрылымын; салқындатушы сұйықтардың құрамы мен қасиеттерін; реттеу ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардың меншікті шығысын өлшеу және есептеу әдістерін.


§ 13. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ СЫНАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралдарды универсальді және арнаулы станоктарда өңделген бұйым пішінінің дәлдігіне, барлық өңдеу аумағы бойынша үстіңгі қабат сипаттамаларының тұрақтылығына (қаттылығын, бұдырлығын, микроақауын, қақталмасын, шет шықпасын) сынау. Өңдеу аумағындағы кесу күші мен температурасын өлшеу. Жылтырауды құралдың жұмыс қабылеттілігін сипаттайтын тиімділігін, қуаттылығын айқындай отырып сынау. Өңделген қабат сипаттамасын бақылау. Сынақ журналында жазба жүргізу. Сынау актілерін жасау.

Білуге тиіс: универсальді және арнаулы станоктардың құрылымы мен олардың дәлдігін тексеру ережесін; станоктарды реттеумен байланысты есептерді; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралдарды түрлі сапалық көрсеткіштерге сынау әдістерін; сыналатын құралдың, алмаздар мен материалдың физикалық-химиялық қасиеттерін; өңделген қабат сипаттамасын бақылау әдістерін; қолданылатын күрделі бақылау-өлшеу құралы мен аспаптардың реттеу, таралау ережесін; өңдеу аумағындағы кесу күші мен температурасын сыналатын құралмен өлшеу ережесін.


§ 14. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚТАРДЫ СЫНЫПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жармаланған табиғи және синтетикалық алмаздарды елеу әдісімен үш кешенді фракцияға: шлифұнтақтарға + 630 мкм, - 630 + 40 мкм, микроұнтақтарға - 40 + 0 мкм; аса қаттты матреиалдардан жасалған шлифұнтақтарды: - 2500 + 630 мкм, - 630 + 50 мкм, - 50 + 40 мкм. сыныптау. Әр фракциядан 40 мкм ұсақ түйіршіктерді шеттету. Микроұнтақтар кешенін центрофугалау әдісімен - 40 мкм үш кешенді фракцияға: - 60 + 40 мкм, - 40 + 10 мкм, - 10 + 0 мкм. сыныптау. Әр фракцияны сыныптық сұйықтан жуу және кептіру.

Білуге тиіс: центрофугаларды, виброелектерді пайдалану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтар мен микроұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; елеу әдісімен сыныптау тәртібін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған суспензиялардың, шлифұнтақтар мен микроұнтақтардың физикалық-химиялық қасиеттерін (орындайтын жұмыс шегінде); сыныпталатын шлифұнтақтар мен микроұнтақтардың түйіршік құрамын анықтау әдісін; аналитикалық таразыны, микроскоп пен секундомерды қолдану ережесін.


§ 15. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚТАРДЫ СЫНЫПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табиғи және синтетикалық алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтарды елеу әдісімен мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкес 40 мкм және одан ұсақ түйіршіктігі бойынша сыныптау. Қызмет көрсетілетін аспап пен қолданылатын жабдықтарды реттеу.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкес қойылатын талаптарды; шлифұнтақтарды елеу әдісімен сыныптау тәртібін; әр түйіршіктіктегі шлифұнтақтардың салмақтық шығымын анықтау тәсілдерін; шлифұнтақтардың қолданылу салаларын; виброелектерге қойылатын талаптарды және оларды, кептіру шкафтарын пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықты реттемелеу ережесін.


§ 16. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚТАРДЫ СЫНЫПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табиғи және синтетикалық алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған микроұнтақтарды статикалық әдіспен мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкес 40 мкм және одан ұсақ түйіршіктігі бойынша сыныптау. Қызмет көрсетілетін аспап пен қолданылатын жабдықтарды реттеу.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған микроұнтақтарды статикалық әдіспен сыныптау тәртібін және мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкес оған қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және оны реттеу ережесін.


§ 17. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚТАРДЫ СЫНЫПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табиғи, синтетикалық алмаздардан және аса қатты материалдардан жасалған микрондық және субмикрондық ұнтақтарды, сыныпталатын шикізаттарды қышқылдармен алдын ала тазарта отырып, ценрофугаларда сыныптау. Шикізатты кешенді фракцияларға: + 2 мкм; -2-1 мкм; -1 + 0,5 мкм; - 0,5+0 мкм бөлу. Микроұнтақтарды мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес мөлшері 2/1 мкм; 1/0,5 мкм түйіршіктерге сыныптау.

Білуге тиіс: центрофугаларды пайдалану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған микрондық және субмикрондық ұнтақтарды сыныптау тәртібін, және мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес оларға қойылатын талаптарды; бастапқы шикізатқа қойылатын талаптарды; шикізатты тазартудың технологиялық процесін; қышқылдармен жұмыс істеу ережесін; микроскоппен жұмыс істеу ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және оны реттеу ережесін.

§ 18. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған қарапайым құралдың негізгі геометриялық параметрлері мен сыртқы түрін бақылау. Шарықтастардың отырғызу саңылауларының дәлдігін, бақыланатын құралдың жұмыс бетінде микроақаулардың болуын бақылау. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған ұнтақтарды визуальдік бақылау, оларды өлшеу. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтар мен 630 мкм ірі қайта куперленген ұнтақтарда мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес негізгі фракциялар мен қоспалардың болуын бақылау. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтардың ылғалдылығын анықтау.

Білуге тиіс: бақыланатын жабдықтың нысанын; бақыланатын жабдықтың параметрлерін тексерудің ережесі мен техникалық шарттарын; қарапайым бақылау-өлшеу құралын қолдану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; микроскопты, аналитикалық таразыны, бөлек есептеуішті пайдалану ережесін; бақылау нәтижесі құжаттамасын ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

Тік профильді шарықтас - геометриялық параметрлерін, декоративтік түрін, жұмыс бетінде жарықтар мен сынықтардың болуын бақылау.


§ 19. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған күрделілігі орташа құралдың негізгі геометриялық параметрлері мен сыртқы түрін бақылау. Қарапайым және күрделілігі орташа бір кристалды құралды бақылау. Сынаптау процесінде шлифұнтақтардың түйіршіктілігін операцияаралық бақылау. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтар мен 630 мкм және одан ұсақ қайта куперленген ұнтақтарда мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес негізгі фракциялар мен қоспалардың болуын бақылау. Шлифұнатақтарды түйіршіктілігі бойынша сыныптаудан кейін түпкілікті бақылау. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтардың, шлифұнтақтар сеппе массасы түйіршіктерінің пішіні мен беріктігін анықтау. Шихтаны, жабдықтау элементтерін, алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған контейнерлердің толуы мен нығыздалуын операцияаралық бақылау.

Білуге тиіс: бақыланатын жабдықтың нысанын; оған арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; күрделілігі орташа бақылау-өлшеу құралын қолдану ережесін; шлифұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақ түйіршіктерінің физикалық-механикалық және геометриялық параметрлерін анықтауға арналған аспаптарды қолдану ережесін; шлифұнтақтар сеппе массасын анықтауға арналған аспаптарды қолдану ережесі мен оны есептеу әдістемесін.

Жұмыс үлгілері.

1. Долота, ұңғы қаптамалары, ұлғайтқыштар мен сақина бұрғылары - геометриялық параметрлерін, жұмыс бетінде жарықтар мен сынықтардың болуын бақылау.

2. Алмаз қарындаштардың барлық түрлері - геометриялық параметрлерін, алмаздардың салыну дұрыстығын.

3. Тәрелке және шәшке пішінді шарықтастар - геометриялық параметрлерін, жұмыс бетінде жарықтар мен сынықтардың болуын бақылау.

4. Шыныкескіштер - геометриялық параметрлерін және кесу сапасын бақылау.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет