Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет3/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4
§ 44. АЛМАЗДАРДЫ КЕСУШІ

4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленбеген алмаздарды құрал дайындамаларына кесу. Алмаз кристалдарын белгілеу. Кесуші дискілердің сипаттамаларын алмаз кристалдарын кесуге арналған алмазды ұнтақтың түйіршіктігі бойынша іріктеу.

Білуге тиіс: бір кристалды алмазды құралға арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды; алмаз кристалдарын. Олардың физикалық қасиеттеріне қарай оңтайлы пішуді таңдау; алмаз кесуге арналған станоктарды реттеумелеу тәсілдерін.
§ 45. АЛМАЗДАРДЫ РЕКУПЕРАТОРШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмазды құрал қалдықтарын, олардан алмаздарды алуға дайындау. Алмазды қалдықтарды, олардың байламы бойынша сұрыптау. Қалдықтарды өлшеу. Құрал қалдығынан пульвербакелитті күйдіру. Дайын өнімді жуу, шыңдау, кептіру, өлшеу және тапсыру.

Білуге тиіс: алмазов рекуперациялау тәсілдерін; алмазды құра байламдарының түрлерін; алмазды құрал қалдықтарын бензинмен, ацетонмен майсыздандыру процесінің технологиясын және бұл ерітінділерді қолдану ережесін; муфельді пештердің құрылымын және жұмыс принципін; алмазды қалдықтардағы пульвербакелитті күйдірудің технологиялық процесін; аналитикалық таразыларды қолдану ережесін; алмаз ұнтақтары мен алмаздарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


§ 46. АЛМАЗДАРДЫ РЕКУПЕРАТОРШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бракқа шығарылған және пайдаланылған алмазды шарықтастар мен бір кристалды құралды рекуперациялау. Конгломератты (шламды) қышқылдармен өңдеу. Алмазды конгломератты (шламды) орталандыру. Дайын өнімді жуу, шыңдау, кептіру, өлшеу. Рекуперлендірілген алмаздарды жинау. Алмаз түйіршіктерін күйдіру. Рекуперлендірілген алмаз ұнтақтарын өңдеуге арналған майсыздандыратын және ерітетін қоспаларды дайындау.

Білуге тиіс:алмаз ұнтақтарын рекуперлендіру кезінде пайдаланылатын майсыздандыратын және ерітетін қоспаларды дайындау тәсілдерін; қышқылдардың, бензиннің, ацетонның хлороформның және басқа еріткіштердің қасиеттерін және оларды сақтау ережесін; оргнаикалық, метал және керамикалық байламдардағы құралдардан алмаздарды рекуперациялаудың технологиялық процесін; алмаздардың физикалық-химиялық қасиеттерін; байлам құрамына енетін материалдар мен металдардың қасиеттерін; алмаздарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; алмаздар мен алмаз ұнтақтарын ыныптаудың технологиялық процесі негіздерін; рекуперация процесінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін. ценрофуганың құрылымы мен пайдалану ережесін;


§ 47. АЛМАЗДАРДЫ РЕКУПЕРАТОРШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бракқа шығарылған және пайдаланылған алмаз таспаларынан, ұңғы қаптамалары мен басқа да бір кристалды алмазды құралдардан алмаздарды электролизді қондырғылар мен сутегі пештерінде рекуперациялау.

Білуге тиіс: электролизді қондырғылар мен сутегі пештерінің, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын құрылымы мен пайдалану ережесін. жұмыс принципін; электролиттерді дайындау тәсілдерін; электролиз процесін басқару ережесін.


§ 48. АЛМАЗДАРДЫ РЕКУПЕРАТОРШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бракқа шығарылған және пайдаланылған алмаз ұңғы қаптамаларынан, таспаларынан, шарықтастарда, штрипстерден, қарындаштар мен басқа да бір кристалды алмазды құралдардан алмаздарды электролизді қондырғыларда сілті мен тұз балқымасында рекуперациялау. Электролизді қондырғының берілген температуралық режимін реттеу және қолдау. Сілті мен тұз балқымасын арнаулы ваннада жуу. Айдаушы заттарды реттеу және дайындау, азот және күкірт қышқылдарын, хромды ангидрид, қышқылдандырушы қоспаны тоспаға айдау. Вольфрамды ерітіндіні реакторға, кейін тоспаға айдау және ерітіндіні булау. Реактор шығыстарын бапқылау. Реактордың берілген жұмыс режимін реттеу және қолдау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауды анықтау. Өңделген материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: алмазды шикізатты сілті мен тұз балқымасында рекуперациялаудың технологиялық процесін; электролиз кезінде болатын физикалық-химиялық процестердің мәнін; арнаулы ванналардың құрылымы мен жұмыс принципін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын құрылымы мен пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықты реттеу ережесін; алмазды шикізат пен химиялық реактивтерге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


§ 49. АЛМАЗДЫ ҚҰРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмазды қарындаштарды бос салынатын алмазды бөлікпен құрастыру. Прес-қалыптарды дайындау. Шихтаны өлшеу және прес-қалыпқа салу. Шихта мен алмаз қоспасын дайындау, қоспаны престерге салу. Алмазды брикеттерді, сегменттерді, элементтерді престеу. Тік профильді жеткеру таспаларын құрастыру. Алмазды бұрғылар мен фрездердің кесуші бөлігіне механикалық айналдыру. Алмаз кристалдарын дайындау. Алмазды шихтаны диаметрі 500 мм дейінгі оптикалық шыныны кесу үшін тұтас дискілердің кесуші бөлігіне механикалық айналдыру. Алмаздар мен аса қатты материалдарды тартпаның, қарындаштың, алмазды-метал тарақтардың, шыны кескіштің және басқа да қарапайым және күрделілігі орташа құралдың ұстағышына түрлі әдіспен бекіту, бекіту беріктігін тексеру. Тартпа жиегін, өңдеу, алмазды ашу және бекітуден кейін тартпаның кіріс және шығыс ашпаларын өңдеу.

Білуге тиіс: алмазды қарындаштарды, жеткеру таспаларының салмаларын құрастырудың технологиялық процесін; алмазды, алмазды шихтаны бұрғылардың, фрездердің, дискілі аралардың кесуші бөлігіне механикалық айналдыру технологисын; алмаздар мен аса қатты материалдарды тартпаның, қарындаштың, шыны кескіштің ұстағышына түрлі әдіспен бекітудің әдістері мен тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану ережесін; алмаздардың, аса қатты материалдар мен шихтаның физикалық-механикалық қасиеттерін; бастапқы шикізатқа және дайын құралға арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды; аналитикалық таразыларды, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; бекітілген алмаздардың салмағын маркировкалау ережесін.

§ 50. АЛМАЗДЫ ҚҰРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тік профильді түзеу таспаларының жәнежеткеру таспаларының радиустық және бұрыштық құрастыру. Алмазды қарындаштарды алмаз қабаттары мен тізбегінің, алмазды бір қабатты пластиналардың, сегменттердің, тарақтар мен шарықтастарды түзеуге арналған арнаулы құралдың орналасуымен құрастыру. Прес-қалыптарды дайындау және құрастыру. Шихтаны тотыру. Алмазды берілген сызба бойынша орналастыру. Алмазды брикеттерді престеу және прес-қалыптарды бөлшектеу. Алмазды шихтаны диаметрі 500 мм жоғары оптикалық шыныны кесу үшін тұтас дискілердің кесуші бөлігіне механикалық айналдыру. Алмаздар мен аса қатты материалдарды алмазды иненің, тегістегіштердің, кескіштердің, бұрғылар мен басқа да құралдың ұстағышына түрлі әдіспен бекіту. Алмаздарды қаттылығы векторы бойынша бағдарлау және жылтырату қабатын анықтау. Кристалды технологиялық ұстауыштан шығару, кристал мен ұстауышты дәнекерден тазарту. Кристалды ашу және кристал мен ұстауышты түпкілікті өңдеу.

Білуге тиіс: алмазды қарындаштарды, таспаларды, пластиналарды, сегменттерді, тарақтар мен шарықтасты түзеуге арналған арнаулы құралды құрастырудың технологиялық процесін; алмазды орналастыру сызбасын; алмазды шихтаны алмазды дискілердің кесуші бөлігіне механикалық айналдыру әдісін; жиналатын құралға арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды; алмаздар мен аса қатты материалдарды бекіту әдіс тері мен тәсілдерін; крисмталдарды қаттылық векторы бойынша бағдарлау әдістерін; алмаздар мен аса қатты материалдарды өңдеу ережесі мен технологиялық процесін; шихта мен байламдарды дайындауға арналған бастапқы шикізаттың құрамы мен қасиеттерін; дәнекер дайындау ережесін және олардың физикалық-химиялық негізі қасиеттерін.


§ 51. АЛМАЗДЫ ҚҰРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмазды ұңғыма қаптамалары мен долоттарды, ұлғайтқыштар мен зенкерлерді, фрездерді құрастыру. Прес-қалыптарды дайындау. Шихтаны толтыру. Алмазды күрделі сызба бойынша орналастыру. Көп жолды радиустық, бұрыштықтарды үш және одан көп түрлі тегістіктермен, фланецті-тыстықтарды сәуле белгісімен, басқа да фасонды таспаларды құрастыру. Алмаздарды желімнің көмегімен графитті ұңғыға кристалдарды бағдарлай отырып бекіту.

Білуге тиіс: алмазды букты қаптамалар мен долоттарды, ұлғайтқыштар мен зенкерлерді, фрездерді, күрделі бейінді фасонды таспаларды құрастырудың технологиялық процесін; алмазды құралды құрастыру кезінде алмаздарды орналастырудың күрделі сызбаларын; алмаз кристаллдарын бағдарлау әдістерін; алмазды бекітуге арналған желім құрамын; алмазды букты қаптамалар мен долоттарды, ұлғайтқыштар мен фасонды таспаларға арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды.


§ 52. АЛМАЗДЫ ҚҰРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көп қабатты алмаз пластиналарын, тарақ кристалдарын қаттылық векторы бойынша бағдарлай отырып құрастыру. Арнаулы кесу элементтерін көп бейінді сауытқорамдарға салу. Алмаздарды сауытқорам қабаттарының жабық жерлеріне айнаны және арнаулы жарықты пайдалана отырып, екінші тәртіптегі қисықтардан жасалған сауытқорам бетіне, арнаулы белгілеусіз орналастыру.

Білуге тиіс: алмазды таспаларды, тарақтарды, пластиналарды құрастырудың технологиялық процесін; алмазды және алмазды кесуші элементтерді салудың және орналастырудың күрделі сызбаларын; кристалографияны және алмаз кристалдары мен кесуші құралдарды бағдарлау ережесін; алмазды таспаларға, тарақтарға, пластиналар мен алмаз шикізатына арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды.


§ 53. АЛМАЗДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. XIV, XV и XVI топтарындағы табиғи алмаздар мен АС 15 - АС 160 маркалы синтетикалық алмаздарды алмаз шикізатына арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарт талаптарына сәйкес визуальді сұрыптау.

Білуге тиіс: алмаздарды сұрыптауға арналған аспаптар мен құрылғылардың жұмыс принципін; микроскопты пайдалану ережесін; алмаз шикізатына арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарды және алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған құралға арналған техникалық шарттарды; кристалография негіздерін және алмаздардың физикалық-механикалық қасиеттерін (орындалатын жұмыс шегінде

Жұмыс үлгілері.

Алмаздар - ұңғы қаптамалары мен алмаз қарындаштар үшін сұрыптау.

§ 54. АЛМАЗДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. V, VІ, VІІ, VІІІ, X, XІІ, XІІІ топтарындағы табиғи алмаздар мен синтетикалық алмаздарды алмаз шикізатына арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкес және алмазды құралға арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарт талаптарына сәйкес визуальді және микроскоппен сұрыптау.

Білуге тиіс: алмаз шикізатына және алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралға арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарды; алмаз кристалдарын кесу сызбаларын; алмаздардың физикалық-механикалық қасиеттерін (орындалатын жұмыс шегінде.

Жұмыс үлгілері.

1. Табиғи алмаздар - тартпаларды, шыныкескіштер мен кескіштерді сұрыптау.

2. Табиғи алмаздар - кейіннен жару және кесу үшін сұрыптау.

3. Синтетикалық алмаздар - тартпалар дайындау үшін сұрыптау.


§ 55. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ҚАҚТАП ЖАПСЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалатын, балқымасы қиын ұшты құралды балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңіру процесіне дайындау. Сіңіру материалын дайындау. Берілген салмақтағы пластиналарды кесу. Қақтап-жапсыру және сіңіру процесін жүргізу үшін графитті және басқа да қалыптарды дайындау және кептіру, қалыптарды пештен түсіру, қақтап жапсыру және сіңіру процесін жүргізгеннен кейін оларды бөлшектеу және тазарту.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалған құралды балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңірудің технологиялық процесін; вакуумды пештер мен сутегі орталы электр пештерді пайдалану ережесін; қақтап жапсыру процесіне арналған қалыптар жасалған материалдар мен құралды балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңіру үшін қолданылатын материалдар туралы негізгі деректерді; сіңіру материалдарын дайындау үшін пайдаланылатын жабдлықты пайдалану ережесін.


§ 56. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ҚАҚТАП ЖАПСЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалатын, балқымасы қиын ұшты қарапайым және күрделілі орташа құралды вакуумды пештер мен сутегі орталы электр пештерде балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңіру процесін жүргізу. Құралды қақтап жапсыру және сіңіру үшін қалыпқа және қайықшаға орнату. Қызмет көрсететін пештер мен қайықшаларды тиеу. Қызмет көрсететін пештердің жұмыс режимін қадағалау.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалған қарапайым және күрделілі орташа құралды балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңірудің технологиялық процесін; вакуумды пештер мен сутегі орталы электр пештерді пайдалану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс принципін; сіңіру материалдарды мен қақтап жапсыру процесіне арналған қалыптар жасалған материалдарға қойылатын талаптарды; қақтап жапсыру және сіңіру режимдерінің есебін жүргізу ережесін; ұнтақты металлургия негіздерін.

Жұмыс үлгілері.

Алмазды брустар, алмазды қарындаштар, тік профильді таспалар – алмазды бөлігін мыспен қақтап жапсыру және сіңіру.


§ 57. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ҚАҚТАП ЖАПСЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалатын, балқымасы қиын ұшты күрделі құралды вакуумды пештер мен сутегі орталы электр пештерде балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңіру процесін жүргізу. Қызмет көрсететін пештерді жұмысқа дайындау. Қызмет көрсететін пештердің жұмыс режимін дайындалатын құралдың түріне қарай реттеу.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалған күрделі құралды балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңірудің технологиялық процесін; пештер мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылымын, оның жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1. Зенкерлер, фрездер мен арнаулы құралдар - қақтап жапсыру және сіңіру.

2. Ұңғы қаптамалары, сақиналы алмаз бұрғылар - алмазды бөлігін мыспен қақтап жапсыру және сіңіру.
§ 58. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ҚАҚТАП ЖАПСЫРУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалатын, балқымасы қиын ұшты ерекше күрделі құралды вакуумды пештер мен сутегі орталы электр пештерде балқытылған металмен қақтап жапсыру және сіңіру процесін жүргізу. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралды ыстық жеткере престеумен сіңіру немесе қақтап жапсыру. Құралды ыстық престеу процесін жүргізу, құралды суыту және оны прес-қалыптан алу. Қызмет көрсететін пештерді реттеу және реттемелеу.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан ұнтақты металлургия әдісімен жасалған ерекше күрделі құралды қақтап жапсыру және сіңірудің технологиялық процесін; қақтап жапсыру және сіңіру процесінің температуралық режимін реттеу ережесін; қызмет көрсететін пештер мен басқа да жабдықтардың құрылымын, оның жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері.

1. Ұңғы қаптамалары, сақиналы алмаз бұрғылар – ыстық, жеткере престеумен сіңіру, ыстық престеу.

2. Алмазды сынақ және фасонды профильді таспалар – қақтап жапсыру-сіңіру, ыстық престеу.
§ 59. АЛМАЗ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШИХТАЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құрал корпусын престеуге арналған шихтаны дайындау. Шихта компоненттерін өлшеу және оларды араластыру қондырғыларында араластыру. Алмазды ұнтақтардан жасалатын алмазды құрал құрамы байламына енетін алмазсыз шихта мен одан жасалған ілмелерді дайындау. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезінде қолданылатын шихта компонентері мен контейнердерді дайындау. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған контейнерлерді сұрыптау автоматында сұрыптау. Сұрыптау автоматының бункеріне контейнерлер тиеу. Сұрыпталған контейнерлерді түсіру және оларды тараға салу. Сұрыптау автоматын реттемелеу.

Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған құралды және алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған шихтаны дайындау процесін; аналитикалық және техникалық таразылардың құрылымы мен оларды қолдану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан құрал жасау кезінде қолданылатын байламдардың құрамын; алмаздар мен аса қатты материалдардан құрал жасауға арналған шихтаның құрамынга енетін материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін; дозалаушы құрылғылар мен арнаулы ыдысты пайдалану ережесін; виброелекті, араластыру құрылғыларын, ұнтақтау қондырғыларын, сұрыптау автоматын пайдалану мен реттеу ережесін; контейнерлерді сұрыптау кезінде, олардың сапасына қойылатын талапптарды.


§ 60. АЛМАЗ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШИХТАЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан шарықтас жасау үшін балқымасы қиын металдар мен олардың балқымаларынан алмазсыз шихта әзірлеу. Алмазсыз шизтаны алмазды ұнтақпен араластыру, шихтаны кептіру, шихтаны технологиялық тараға буып-түю. Алмазды пастаны дайындау және оны тараға бөліп салу. Қарындаштарға, қаптамаға, ұлғайтқыштарға, бұрғыларға, сегменттер мен брустарға, алмаз бен аса қатты материалдар синтезіне арналған шихтаны берілген масса бойынша дайындау және бөліп өлшеу. Алмазды микро-шлифұнтақтарды түрлі металдармен және метал еместермен жабуға арналған алмазды қоспаларды дайындау. алмаз бен аса қатты материалдар синтезіне арналған контейнерді жабдықтау элементтерімен және шихтамен қолмен толтыру және нығыздау, престелген брикеттерді контейнерлерге қою. Толтырылған контейнерлерді кассетаға салу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды реттемелеу.

Білуге тиіс: балқымасы қиын металдар мен алмазды қоспалардан шихта жасаудың технологиялық процесін; алмаздар мен аса қатты материалдардың, байламдар мен шихтаның физикалық-механикалық қасиеттерін (орындайтын жұмыс шегінде); байламдарды жасау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құрылығыларын қолдану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған шихта компоненттерінің түрлері мен құрамын; контейнерді толтыру және нығыздау ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған шихтаның сапасын сыртқы белгілері бойынша анықтау әдістерін; диірмендерді, механикалық електерді пайдалану ережесін және оларды реттемелеу тәсілдерін.


§ 61. АЛМАЗ ӨНДІРІСІНДЕГІ ШИХТАЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаз түйіршіктері мен ұнтақтарын түрлі материалдармен түйіршіктеуге арналған шихтаны әзірлеу. Алмазды қарындашты, таспалар мен ұңғы қаптамаларын дайындауға арналған алмазды, алмазды ұнтақтарды шыны жабынымен арнаулы түйіршіктеуші қондырғыларда түйіршіктеу процесін жүргізу. Контейнерлерді престе алмаз бен аса қатты материалдар синтезіне арналған жабдық элементтерімен және шихтамен толтыру және нығыздау. Толтыру және нығыздаудың тығыздығын, престеу тегістігі мен шихтаның контейнерлердегі салмағын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты реттемелеу.

Білуге тиіс: грануляторлардың, дозалаушы құрылғылар мен престердің құрылымы мен жұмыс принципін; алмаз түйіршіктері мен ұнтақтарын түйіршіктеудің технологиялық процесін; алмаздар мен алмазды ұнтақтарды грануляциялау кезінде қолданылатын материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін (орындайтын жұмыс шегінде); синтезделетін алмаз бен аса қатты материалдардың маркалары бойынша шихта құрамдарын; қызмет көрсететін жабдықты реттемелеудің және контейнерлердің сапасын анықтау тәсілдерін.


§ 62. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЖАРЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды алдын ала ажарлау. Алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды оларды ажарлау (қырлау) процесінде технологиялық ұстауыштарға бекіту. Алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды ажарлауға дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау. Алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды өңдеу үшін ажарлау құралын дайындау. Сепараторларды дыбыстүсіргіш иенелеріне арналған алмаз дайындамалары –кристалдармен толтыру, өңделген дайындамаларды сепаратордан түсіру.

Білуге тиіс: алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды алдын ала ажарлау процессі технологиясын; шойын дискілерді алмазды ұнтақпен шарждау тәсілдерін; кристалдарды, алмаздар мен аса қатты материалдарды ажарлау үшін қолданылатын ажарлау дискілері мен алмаз ұнтақтарының сипаттамасын; алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін; алмаздарды өңдеу үшін қолданылатын қышқылдардың қасиеттерін; алмаздың сыртын түсіру үшін қолданылатын, метал байламындағы алмазды шарықтастардаың сипаттамасын; алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды технологиялық ұстауыштарға бекіту тәсілдерін; қолданылатын дәнекерлердің құрамы мен түрлерін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жаслаған бір кристалды құралға арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарды; қызмет көрсететін жабдықтар мен айлабұйымдардың жұмыс принципін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдары пайдалану ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1. " Роквелл" үлгісіндегі аспапқа алмазды ұштар – конусты алдын ала ажарлау.

2. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған кескіштер мен тегістегіштер - алмаз кристалын алдын ала ажарлау.

§ 63. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЖАРЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алмаз кристалдарының, алмаз және аса қатты материалдардан жасалған алмазды тартпаларға арналған дайындамалардың тегіс қабаттарын алмаз кристалын алдын ала бағдарлаумен және белгі салумен, және соларсыз ажарлау (қырлау). Шыныкесіктер пирамидасының ұшын мұқалту. Алмаз кристалындағы конус бетін ажарлау. Дайындау дәлдігі мен бетінің тазалығына жоғары талаптар қойылмайтын құралдың алмаз және аса қатты материалдар кристалдарын ажарлау. Дыбыс түгіргіштерге алмаз ине жасау кезінде конустың жұмыс бөлігін ажарлау, кристалдың радиусы мен сырт бетін айналмалау. Қызмет көрсететін жабдықты реттемелеу.

Білуге тиіс: алмаз кристалдары мен аса қатты материалдарды ажарлаудың технологиялық процесін; пайдаланылатын алмаздардың физикалық-механикалық және кристаллографиялық қасиеттеріне қарай, алмазды түйіршіктердің өңделуін; қырлау станоктарын мен қырлауға арналған айлабұйымдардың құрылымы мен оларды реттемелдеу тәсілдерін; шойын дискілерді шарждауға арналған алмазды ұнтақтың түйіршіктілігін іріктеуді; алмаз шикізатына арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарды.

Жұмыс үлгілері.

1. " Роквелл" үлгісіндегі аспапқа, аса қатты материалдардан жасалған тегістегіштер мен салмалар – алмаз конусының бетін ажарлау.

2. Контактілік алмазды ұштар - алмаз кристалын ажарлау.

3. Кескіштер мен тегістегіштер - тегіс беттерді ажарлау.

4. Алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған шыны кескіштер –қырларды ажарлау және ұштарын мұқалту.

§ 64. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЖАРЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алмаз кристалдарының фасонды беттерін, алдын ала бағдарлаумен және белгі салумен, және соларсыз ажарлау (қырлау). Алмаздар мен қатты материалдардың тік бұрышты беттерін ажарлау-жылтырату. Дыбыс түсіргіш инелеріне қажетті мөлшердегі цилиндрлік бағандарды алуға арналған алмаз кристалдарын, бір жіпті сызбалы жылтыратушы абразивтік шарықтасты түзеуге арналған алмаз ине жасау кезінде алмаз қырларын ажарлау.

Білуге тиіс: беттің тазалығы мен өңдеу дәлдігін айқындауға арналған жоғары дәлдіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін; сызбада берілген параметрлер бойынша құрал дайындау технологиясын.

Жұмыс үлгілері.

1. " Роквелл" үлгісіндегі аспаптың алмазды ұштары – ажарлау, ралиусын айналмалау. алмаз конусының бетін ажарлау.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет