Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



жүктеу 11.55 Mb.
бет1/70
Дата17.04.2016
өлшемі11.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы 1 наурыздағы

№ 66-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)




1. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі- БТБА) (2-шығарылым) «Құю жұмыстары», «Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу», «Металмен қаптау және бояу», «Эмальдеу», «Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары» бөлімдерінен тұрады.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы «Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» деген бөлімдерден тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді.

«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

«Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды, ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін, өндірістік сигнализацияны, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

«Жұмыс үлгілері» бөлімінде осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында «Жұмыс үлгілері» бөлімі келтірілмейді.

Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (2-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға 1-қосымшаға сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.

2. Құю жұмыстары
Қысыммен құю автоклавшысы
1. Қысыммен құю автоклавшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті автоклавтарға қызмет көрсету. Металл құю үшін қалыптарды автоклавқа салу. Қысылған ауа қысымын қосу және оның ағыны жылдамдығын реттеу. Автоклавта құйманы ұстау уақытын бақылау. Құйылған қалыптарды автоклавтан түсіру және көтеріп тасымалдау құралдарының көмегімен қағымдау алаңына тасымалдау. Автоклавтарды тазалау.

Білуге тиіс: автоклавтардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, құрылысы және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша көрсеткіштерін есептеу тәсілдері, қысылған ауа қысымын реттеу ережесі, автоклавта құйманы ұстау уақытының ұзақтығы, қалыптарды ілмектеу, көтеру және орнынан қозғалту тәсілдері.

Шойын пешші

2. Шойын пешші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 2 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Қалыптарды тазалау. Шойын пешті балқытуға дайындау. Балқыту барысына байланысты шикіқұрам мен жанар-жағар майды құюды реттеу. Шойын пештерді жағу. Өнімділігі 2 бастап 5 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен жүргізу. Шойын пештерді жөндеуге қатысу. Қожды жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің жұмыс қағидаты және балқыту барысын реттеу тәсілдері, шойын пеште балқытуға арналған шойынның сорттары және олардың қасиеттері, шикіқұрам материалдарының, флюстер мен шлактардың номенклатурасы, олардың негізгі қасиеттері және шойын сапасына тигізетін әсері, сұйық шойынның температурасын айқындау тәсілдері, шойынды балқыту және шығару температурасы, жанар-жағар май мен отқа берік материалдарға қойылатын талаптар, құю шөміштерінің құрылысы.

3. Шойын пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 2 бастап 5 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 5 бастап 8 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен жүргізу. Шойын пешті балқытуға және шойын шығаруға дайындау. Жабдықты жұмысқа жарамды жағдайын бақылау. Үрлеуді реттеу және қалыптардың жай-күйін бақылау. Шойын пешті іске қосу және оған оттегінің өтуін реттеу. Сынаманың сынығы бойынша балқытылатын шойынның сапасын айқындау. Балқыту барысына байланысты шикіқұрам материалдарын құюды реттеу. Шойынды шебердің басшылығымен түрлендіру және қоспалау. Шойын пештер мен әртүрлі шөміштердің жай-күйін бақылау. Ауа үрлеу кезінде баллондарды ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің құрылысы, шойын пештерді толтыру тәртібі, шикіқұрам мен жанар-жағар майға қойылатын техникалық шарттар, жанар-жағар май және металл қабаттардың көлемі, оттегінің балқыту барысына тигізетін әсері, оттегінің жіберуді іске қосу ережесі, орындалатын жұмыс ауқымында балқыту кезінде болатын физикалық және химиялық процестердің негіздері, сұйық металдың дайын екенін айқындау тәсілдері, шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері, шойын пештердің түбін толтыру ережесі, орындалатын жұмыс шегінде металл технологиясының негіздері, шойын пештердің шойынды балқыту кезінде анықталған ақаулықтардың себептері және оларды жою әдістері.

4. Шойын пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 5 бастап 8 т/ч дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 5 бастап 8 т/ч дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен және өнімділігі 8 т/ч дейінгі шойын пештерде түрлендіру және қоспалау арқылы жүргізу. Сынақ балқымаларын лаборатория жағдайында жүргізу. Металл шығару. Сыртқы белгілері бойынша шикіқұрамдар мен басқа да материалдардың сапасы мен жарамдылығын айқындау. Құю шөміштерінің даярлығы мен майлануын бақылау. Шойын пештерге қажетті жөндеу көлемін анықтау және жөндеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: шикіқұрам материалдарының мақсаты, балқытылатын шойынның қасиеттері, отын және металл қабаттардың мөлшері немесе салмағы, әртүрлі қоспалардың шойынның сапасын тигізетін әсері, басқа химиялық құрамды балқытуға көшкен кезде шойынды шығару уақытын анықтау тәсілі, шойынды балқыту және құю температурасы, металды балқыту кезінде оттегіні қолдану тәсілі, шойын пештерді жөндеуге керекті отқа берік материалдар және оларға қойылатын талаптар.

5. Шойын пешші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі мақсаттағы шойынның белгіленген химиялық құрамы бойынша өнімділігі 8 бастап 12 т/с дейінгі шойын пештерде және өнімділігі 10 т/с дейінгі автоматтандырылған шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 12 т/с жоғары шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен және өнімділігі 8 т/с жоғары шойын пештерде түрлендіру және қоспалау арқылы жүргізу. Шойын пештерді балқытуға дайындау. Балқытуды және металл шығаруды жүргізу. Шикіқұрамды опыруды балқыту барысына байланысты басқару. Балқыту барысын реттеу. Шойынның сапасын айқындау үшін технологиялық сынамаларды құю. Сынамалардың сынығы арқылы шойын маркасын айқындау. Фурмдердің, шөміштердің, құралдардың футерлерінің жұмысқа жарамдылығын және желдеткіштердің жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: қолданылатын түрлендіргіштер және шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері, балқытылатын шойынның қасиеттері мен маркалары, шойын пештерде оттегі үрлегішін пайдаланудың әртүрлі тәсілдері, отынның химиялық құрамының балқытуды жүргізу тәсілдеріне және алынатын шойынның сапасына тигізетін әсері.

6. Шойын пешші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі мақсаттағы шойынның белгіленген химиялық құрамы бойынша өнімділігі 12 т/с жоғары шойын пештерде үздіксіз балқыту процесі жағдайында, өнімділігі 10 т/с жоғары автоматтандырылған шойын пештерде балқытуды жүргізу, металл шығару. Үздіксіз балқыту процессі жағдайында шойын пештерді дайындау, балқытуды жүргізу және металл шығару. Шикіқұрамды опыруды балқыту барысына байланысты бақылау.

Білуге тиіс: үздіксіз балқыту процесі кезінде балқытуды жүргізу тәсілдері, балқытылатын шойынның физикалық және химиялық қасиеттері, әртүрлі маркалы шойындардың типтері және олардың химиялық құрамы.

Құймаларды қағымдаушы
7. Құймаларды қағымдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалың қабатты болат, шойын құймаларды немесе құймаларды түрлі-түсті металдардан, қорамжәшіктерден, кокильдер мен жартылай кокильдерден қолмен немесе қағымдау механизмдерінде жасау, құймаларды жасағаннан кейін қалыптардың ойықтарын тазалау. Құймаларды маркалары бойынша штабельдерге, арбалар мен вагонеткаларға салу. Қағымдалған құймаларды ілмекті конвейерлерге ілу немесе кейінгі операциялар үшін тікелей қаққылағаннан кейін ыстық күйінде транспортерге салу. Құю ыдыстарын, тағандарды, құйғыштар мен шығарғыштарды шыңдау және белгіленген орындарға орналастыру. Қорамжәшіктерді қаққылағаннан кейін жұптау және штабельдерге, рольгангаларға, арбаларға, конвейерлерге немесе бөлінген орынға орналастыру. Толтырғыш қоспаны қағымдаудан кейін себу, қайта қазу және ылғалдандыру. Ірі құймаларды қағымдау, топырақта қалыптау. Өзектерінің саны 4 көп орташа құймаларды кранның көмегімен қағымдау механизмдерінде немесе қолмен қағымдау. Топырақта қалыпталған ірі немесе күрделі құймаларды қағымдау. Лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін қарапайым ұсақ құймаларды қағымдау. Құймаларды рольгангаларға, транспортерлерге, арбаларға немесе платформаларға тией отырып, қағымдаудан кейін кейінгі операцияларға жіберу. Лекті-жаппай өндіріс жағдайында өзектерді құймалардан діріл машиналарында қағымдау.

Білуге тиіс: бір типті қағымдау механизмдерінің құрылысы, құйғыштар мен шығарғыштарды құймаларды бүлдіріп алмай бөлу тәсілдері, құймаларды салқындату ережесі, өзектердің, қаңқалар мен тоңазытқыштардың қалыпта орналасу орны, құймалар мен қорамжәшіктерді жинақтау және салу ережесі, қолданылатын құралдар, лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін құймаларды қағымдау тәсілдері мен ережесі, құймалардың қалыптарда суу режимі, көтергіш көлік құралдарының құрылысы, құймаларды ілмектеу тәсілдері, көтеру және орнын ауыстыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Құймаларды қағымдау:

1) Поршеньді және рет-тығын сақиналардың барабандары;

2) Ішпектер мен мойынтіректердің қақпақтары;

3) Газ плиталарға арналған ішпектер;

4) Тығындар;

5) Ұсақ бөлшектер;

6) Дөңгелектер, шкивтер;

7) Тежегіш кебістердің қалыптары;

8) Үлкен фрезер станоктардың консольдері;

9) Ауа үрлегіштердің, редукторлардың, су сорғылардың, май сүзгілердің корпустары;

10) Рамааралық бекіткіштер;

11) Рессор кронштейндері;

12) Кеме зәкірлерінің табаны;

13) Станоктардың патрондары;

14) Жалғасу басқышы;

15) Плиталар;

16) Тіс тегістегіш станоктардың сырғыма тиектері;

17) Компрессорлардың поршеньдері;

18) Қазандық секциялары;

19) Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары;

20) Токарлық-бұранда кескіш станоктардың тұғырлары;

21) Ортасының биіктігі 200 мм жоғары токарьлық-бұранда кескіш станоктардың алжапқыштары;

22) Фланецтер;

23) Фитингілер;

24) Желдеткіштердің шкивтері;

25) Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.

8. Құймаларды қағымдаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі, бірегей, ірі құймаларды, жоғары қоспаланған балқымалардан және қыш қалыптарға құйылған арнайы балқымалардан жасалған құймаларды қағымдау механизмдерінде пневматикалық балғамен және кран немесе тельфердің көмегімен қағымдау. Жұқа қабатты құймаларды қағымдау. Лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін орташа және ірі құймаларды қағымдау. Құймаларды уақтылы қағымдауды қамтамасыз ету және қағымдау механизмдерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылау. Қағымдау торын және басқа да қызмет көрсетілетін механизмдер мен құрылғыларды баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті қағымдау механизмдерінің құрылысы, қағымдау алдында құймаларды қалыптау ұстау ұзақтығы, қаққыланатын құймалар температурасының олардың сапасына тигізетін әсері, шойыннан, болаттан және жоғары қоспаланған құймалардан жасалған құймалардың механикалық қасиеттері, қағымдалатын құймалардың номенклатурасы.

Жұмыс үлгілері

Құймаларды қағымдау:

1) Металл кескіш станоктардың алдыңғы және артқы тұғырлары;

2) Вагондардың шүберін арқалықтары;

3) Тежегіш барабандар;

4) Білікті гидропульттерге арналған бөшкелер;

5) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

6) Құйма арбалардың жақтаулары;

7) Локомотивтер мен вагондардың букстері;

8) Көп сатылы күрделі біліктер;

9) Конвертерлердің мойындары;

10) Автотіркемелі құрылыс бөлшектері;

11) Ауыл шаруашылық машиналарының корпустық бөлшектері;

12) Металл қалыптар, түптер, болатты құюға арналған қосылма жалғамалар мен орталықтағыштар;

13) Редукторлардың, артқы мосттар мен тіркемелердің картерлері;

14) Қож таситын шөміштер;

15) Домна пештеріне арналған конустар мен ыдыстар;

16) Турбиналардың корпустары;

17) Бу қыздырғыш қораптар;

18) Опыру және құю машиналарының мульділері;

19) Дизельдердің негізгі рамалары;

20) Рольгангалардың рамалары;

21) Вагон арбалардың рамалары;

22) Айқастырмалардың өзектері;

23) Іштен тегістеу станоктарының, ірі көлденең фрезерлеу станоктарының және илемдеу станоктарының тұғырлары;

24) Тіс тегістегіш станоктардың тұғыры;

25) Компрессорлардың тұғырлары мен картерлері;

26) Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары;

27) Дөңгелектердің күпшектері;

28) Агломерация фабрикасының қоректендіргіш табақтары;

29) Компрессорлардың цилиндрлері;

30) Диаметрі 400 мм астам мойынтіректердің қалқандары.

Гидроқұм бүркуші
9. Гидроқұм бүркуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа құймалар мен шыңдауыштар мен қалыпталған бөлшектерді құм гидравликалық құрылғыда күюден, қабыршықтардан, коррозиядан және коррозиядан қорғайтын қабат қалдығынан тазалау. Тазаланбайтын жерлерді оқшаулау. Өлшемдеріне қатысты қатаң шектері бар ұсақ бөлшектерді тазалау. Шыңдауыштар мен бөлшектерді камераларға тиеу, орналастыру және түсіру. Компоненттерді құм гидравликалық құрылғыларға салу. Біртекті құймаларды іріктеу және оларды үстелдер мен арбаларға салу. Құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін тазалау процесінде қисайту. Қаңқаларды, рамаларды, ілмектер мен тоңазытқыштарды құймаларды тазалағаннан кейін алып тастау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құм гидравликалық құрылғылар мен қолданылатын көтеріп-тасымалдау құралдарының жұмыс қағидаты, тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, тазалағыш материалды салу ережесі, құймаларға, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектеріне тазалаудан кейін қойылатын техникалық талаптар, тазалау үшін қажетті су қысымының көлемі, құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін салу тәсілдері.

10. Гидроқұм бүркуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін гидравликалық камераларда немесе әртүрлі жүйелі құм гидравликалық құрылғыларда күюден, қабыршықтардан, коррозиядан және коррозиядан қорғайтын қабат қалдығынан тазалау. Кемелердің корпусын тотықтан, қабыршақтар мен ескі лак-сыр қабаттан көшпелі гидроқұм бүріккіш аппаратпен тазалау. Гидромониторды, құмгидромониторды, көшпелі гидроқұм бүріккіш аппаратты баптау және реттеу және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қажетті тазалау материалдарын іріктеу және тазалау режимін орнату.

Білуге тиіс: гидромониторлар мен әртүрлі жүйелі құмгидромониторлардың құрылысы және баптау ережесі, көшпелі гидроқұм бүріккіш аппараттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, тазаланатын беттің сипатына байланысты тазалағыш материалдар түйіршіктерінің мөлшері.

Гидротазалаушы
11. Гидротазалаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа құймалардың қабырғаларын, іші мен өзектерін топырақтан, күйіктен және т.б. гидромониторлар мен брандспойттардың көмегімен 12 МПа (120 атм) қысыммен тазалау. Құймаларды гидрокамералардан түсіру. Қаңқаларды, рамаларды, ілмектер мен тоңазытқыштарды құймаларды тазалағаннан кейін алып тастау.

Білуге тиіс: гидрокамералардың жұмыс қағидаты, ағын қысымын айқындау ережесі, сопло құрылғылары мен тегеурін шлангілерінің құрылысы, құймалар мен өзектердің қабырғалары мен ішінен ескі қоспаны алып тастау әдіс-тәсілдері.

12. Гидротазалаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймалардың қабырғаларын, іші мен өзегін ескі қоспалардан гидромониторлар мен брандспойттардың көмегімен 12 МПа (120 атм) астам қысыммен тазалау.

Білуге тиіс: қысымы жоғары гидрокамералар мен сорғылардың құрылысы, орындалатын жұмыс көлеміндегі гидромеханика негіздері, әртүрлі құймаларды гидротазалауға қойылатын техникалық шарттар.

13.Гидротазалаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзектерді қағымдаушы электр гидроқұрылғыны басқару және құйманы қалыптау қоспасының қалдығынан тазалау. Жұмыс режимін таңдау, электродты бакқа түсіру және импульсті тоқ генераторын іске қосу. Құйманы тазалау барысын бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс режимін автоматты реттеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Құрылғыны сөндіру, электродты көтеру және құймасы бар контейнерді (металл қалыпты) электр гидроқұрылғыдан тыс жіберу.

Білуге тиіс: электр гидроқұрылғының, іске қосқыш және реттегіш құрылғылардың кинематикалық және электр схемалары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының құрылысы, импульсті тоқ генераторына түсетін жүктеменің шегі, электр жабдықтары жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.

Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші
14. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары үюшінің басшылығымен шикіқұрам материалдарын шойын пештер мен балқыту пештеріне, қолмен немесе кранның көмегімен үю. Пештік тиеу терезелерінің қалқалағыштарын реттеу. Шикіқұрам материалдарының жарамдылығы мен сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау.

Білуге тиіс: шойын пештер мен балқыту пештерінің жұмыс қағидаты, пештер мен балқыту пештерін толтыру режимі, шикіқұрамдық, толтырушы, тұндырушы және тотықтандырушы материалды, шикіқұрам материалдарының шекті көлемі мен салмағы, пештерге шикіқұрам материалдарын үю тәсілдері, шойын пештегі бос қабаттың көлемі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

15. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т дейінгі шойын пештерге, балқыту пештеріне ірі көлемді металмен толтырған кезде шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және қолмен үю. Үздіксіз металл балқыту процесінде шикіқұрамды шойын пештерге үю және металл шығару. Шикіқұрамның уақтылы жіберілуін және оның пешке біркелкі түсуін бақылау. Шикіқұрам материалдарын үйген кезде бағаналар мен арықтардың сақталуын бақылау. Үю материалдарының жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою. Үю машиналарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті шойын пештері мен балқыту пештерінің, қызмет көрсетілетін үю машиналарының және оны басқару аспаптарының құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, барлық шикіқұрамдық және толтырушы материалдардың атауы және оларды сыртқы түрі бойынша ажырату, шикіқұрам материалдарын толтыру кезегі, жүктерді кранмен тасымалдау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері, үю машиналарының механизмдерін майлау кезеңділігі.

16. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т астам балқыту пештеріне шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және үю машиналарының көмегімен үю. Үю машинасы механизмдерінің және оның электр жабдықтарының жұмысын бақылау, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: үю машиналарының құрылысы және кинематикалық схемасы, олардағы аспаптардың орналасуы, жұмыс қағидаты, артылған мульділердің шекті көлемі, балқытылатын металдың тиісті маркасына арналған шикіқұрамның құрамы, шикіқұрамның жекелеген элементтерінің металл мен құйманың қасиеттеріне тигізетін әсері.

Құймаларды пісіруші
17. Құймаларды пісіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқытып қаптау, қабыршықтарын, жарықтарын эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу және механикалық өңделмейтін құймаларды пісіру арқылы ақаулықты жою. Құйманың жетіспейтін бөліктерін пісіруге арналған қалыптарды жасау. Құймаларды қыздыруға болмайтын жерлері мен бөліктерін оқшаулай отырып, қыздыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары құймаларды пісірушінің басшылығымен механикалық шабуға болатын құймаларды балқыту және пісіру. Құймалар мен пісірілген жерлерді салқындатуды реттеу.

Білуге тиіс: шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың түрлері мен қасиеттері, сұйық металл мен балқытуға арналған шайырдың температурасы, пісірілетін жерге қойылатын талаптар, құймаларды сұйық шойынмен балқыту және пісірудің негізгі тәсілдері, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, құймаларды ілмектеу, көтеру және орнын қауыстыру тәсілдері, құйғыштар мен құйғыш науалардың құрылысы.

18. Құймаларды пісіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т дейінгі, механикалық өңделетін және қалыңдықтары әртүрлі шығыңқы бөліктері бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Құймалар мен балқытылған жерлерді қыздыру және салқындату.

Білуге тиіс: құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың қасиеттері, қыздыру және балқыту кезінде құймаларда пайда болатын ішкі кернеу, оны жою шаралары, құйманың қыздыруға болмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері, пісірілген күрделі құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру әдістері мен режимі.

19. Құймаларды пісіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т астам, механикалық өңделетін және жұқа шығыңқы бөліктері мен қалыңдығы әртүрлі қабырғалары бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Металл қабылдағыштарды, сұйық металды құюға арналған құйғыштар мен құю науаларын жасау. Құймаларды толық және балқытылған жерлерді жеке қыздыруды және салқындатуды реттеу.

Білуге тиіс: аса күрделі балқытылған құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру режимдері, құймалардың балқытуға даярлығын және сұйық металл мен шайырдың жарамдылығын анықтау тәсілдері.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет