Жоба 2015 жылғы желтоқсан № XLIV кезекті сессия



жүктеу 63.22 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі63.22 Kb.
: fil decis2015
fil decis2015 -> Жоба бесінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының шешім № Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
fil decis2015 -> Кодексінің 387-бабының 1 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
fil decis2015 -> 2015 жылғы 16 наурыз 36/9 -V xxxvi кезекті сессия


ЖОБА


2015 жылғы ____ желтоқсан №
XLIV кезекті сессия


«Өскемен қалалық мәслихатының

аппараты» ММ мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы

бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының 3 тармағының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10130 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:



  1. Қоса беріліп отырған «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.

  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы М. Кикина
Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов
ЖОБА
Өскемен қалалық мәслихатының

2015 жылғы ___ желтоқсандағы

№ 44/13-V шешімімен бекітілген

«Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесі


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

  2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі –бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін өткізіледі.

  3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

  4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1) «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ басшысының бағалауынан;

2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы) тұрады.

5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, қызметшілерді ілгерілету және тағылымдамадан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.

9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы болып аппарат басшысы табылады.




  1. Бағалау жүргізуге дайындық

11. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

 Кадр қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы тікелей басшысының бағалау парағын кадр қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметіне қайтарады.

Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамдардың (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.

14. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалар айналмалы бағалау парағын толтырады.

15. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадр қызметіне жіберіледі.

16. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.

17. Осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.


5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
а = b + с
а – қызметшінің қорытынды бағасы,

b – тікелей басшының бағасы,

с – осы Әдістеменің 13 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

33 баллдан жоғары – «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кадр қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда кадр қызметі қате жіберсе.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

23. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.



26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет