Жоба қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар



жүктеу 123.59 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі123.59 Kb.
: assets -> files -> postanovlenie -> kaz
kaz -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
kaz -> Шарттық негізде үй – жайлар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
kaz -> Қармақшы ауданы әкімдігінің 12 шілде 2013 жылғы №8
kaz -> Жоба «Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы»
ЖОБА

«Қармақшы аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар

және азаматтық хал актілерін

тіркеу бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы


23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 
8) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А. Қаржаубаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      
Қармақшы ауданы әкімінің

міндетін атқарушы Ә. Қошалақов

      


Қармақшы ауданы әкімдігінің

2015 жылғы « ___ » _________

№ ____ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже



  1. Жалпы ережелер

1. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлеуметтік саясатты және жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қармақшы ауданының әкімдігі болып табылады.

3. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

6. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120500, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, №1 үй.

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін үзіліс).

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

3) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

4) берілген құзырет шеңберінде жұмыспен қамту заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

5) уәкілетті орган және жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

6) халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

7) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;

8) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

9) қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдармен, еңбек және соғыс ардагерлері кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс жасау.

10) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру.

11) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.

16. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) заңнамалық және нормативтік құжаттарды іске асыру, еңбек жағдайларын нормалау, еңбек ақы төлеу бойынша белгіленген мемлекеттік нормативтерді пайдалану тәртібін түсіндіру;

2) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

3) мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру;

4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

5) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғызбасты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

7) халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;

8) еңбек рыногындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;

9) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған азаматтарды даярлау және қайта даярлаудың жүйесін қалыптастыру;

10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

11) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

12) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

13) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

14) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу және жаңа жұмыс орындарын іздестіруде компьютерлендірілген бағдарламаларды енгізу;

15) аудан еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

16) аудан құрлысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

17) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

18) халыққа протезді-ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

19) өз құзыры аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

20) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;

21) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

22) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

23) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;

24) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

25) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

26) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

27) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

28) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру.

29) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.

17. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен қайта дайындау жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;

3) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыру;

4) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

5) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материялдар шығаруға, жарнама тақталар жасақтауға;

6) заңнамамен оған жүктелген басқа да құқықтарға ие болуға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қармақшы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда білдіреді;

3) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік сачсатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

9) шарттар жасасады;

10) сенімхаттар береді;

11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мен мәселелері бойынша регламент қабылдайды;

12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

27. Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуына және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.

28. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Қармақшы ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
29. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет