Жоба Ақтөбе облыстық мәслихатының шешім І ақтөбе қаласы №2014 жылғы желтоксан



Дата02.05.2016
өлшемі28.6 Kb.


Жоба

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 2014 жылғы «__» желтоксан
«Ақтөбе облысының қалалары мен

елді мекендерінің аумақтарын

абаттандыру Қағидасы туралы»

облыстық мәслихаттың 2012 жылғы

21 қарашадағы №71 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 505-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы №71 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3462 тіркелген, 2012 жылы 21 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің №162-163 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің кіріспесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 387-бабына» сөздері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 505-бабына» сөздерімен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидада:

2-тармақтың 12) тармақшасында «қоқыс шығаратын мердігерлік ұйым» сөздері «орындаушы» сөзімен ауыстырылсын;

6-тармақта «мердігер-кәсіпорындар» сөздері «заңды және (немесе) жеке тұлғалар» сөздерімен ауыстырылсын;

8, 9, 10, 28, 29, 34, 45, 74, 86 және 89-тармақтарда «кәсіпорындар», «кәсіпорындармен», «кәсіпорынның» сөздерін «заңды және (немесе) жеке тұлғалармен» сөздерімен ауыстырылсын;

12, 15-тармақтарда «кәсіпорындар» сөзі «заңды және (немесе) жеке тұлғалар» сөздерімен ауыстырылсын;

19-тармақта «мердігер кәсіпорындар» сөздері «заңды және (немесе) жеке тұлғалар» сөздерімен ауыстырылсын;

40-тармақта «қоқысты тазартатын кәсіпорындармен жасалған шарт бойынша» сөздері алынып тасталсын;

43-тармақта «қоқыс жинайтын кәсіпорынмен» сөздері «заңды және (немесе) жеке тұлғалармен» сөздерімен ауыстырылсын;

73-1-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

«73-1. Ғимараттардың және құрылыстардың қасбетіне инженерлік жабдықтардың элементтерін (деректерді қабылдау антенналарын, ауаны қалыпқа келтіру жүйелерін) орналастыру нысанның жалпы сәулет келбетіне жағымсыз әсер келтірмеу керек»;

82-тармақта «кәсіпорын» сөзі «тұлға» сөзімен ауыстырылсын;

93-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«93. Қоқыс шығаруды жүзеге асыратын заңды және (немесе) жеке тұлғалармен шарт жасамай, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге тұрғын үй аудандарында орналасқан қоқыс қораптарын пайдалануға рұқсат етілмейді.»;

97-тармақта «қалдықтарды шығару жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындармен» сөздері «заңды және (немесе) жеке тұлғалармен» сөздерімен ауыстырылсын;

104-тармақта «мердігер кәсіпорынмен» сөздері «заңды және (немесе) жеке тұлғалармен» сөздерімен ауыстырылсын;

105-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«105. Жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қоқыс қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын заңды және (немесе) жеке тұлғалар, ал сауда нысандарында орнатылған қоқыс қораптарды меншік иелері тазартады және залалсыздандырады.»;

121-тармақта «2001 жылғы 30 қаңтардағы» сөздері алынып тасталсын.



2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық

сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
М. ИТЕҒҰЛОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет