Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының



жүктеу 436.88 Kb.
бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі436.88 Kb.
  1   2   3
: upload -> files -> docs
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
docs -> Форма обращения
docs -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
docs -> Наименование муниципального образования Пышминский городской округ
docs -> Для сведения абонентов
docs -> Клавцен Эдуард Эдуардович




№ исх: 16-02-185 от: 17.11.2014

Жоба
«Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы жобасының

тұжырымдамасы


  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

«Жасыл экономика» терминін жанама экономикалық тиімділікті, кедейлікті төмендетуді және халықтың таза энергияға, суға және орнықты жер ресурстарына кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, экономикалық тиімді және ұзақ мерзімді негізде қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын жақсартатын экономика салалары мен институционалдық тетіктер деп түсіну қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің дамудың «жасыл» жолына көшуі бойынша стратегиялық міндет айқындалды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.

Өз кезегінде, Тұжырымдама мынадай бағыттар бойынша «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тәсілдерді айқындайды:

- су ресурстарын орнықты пайдалану;

- орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту;

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;

- электр энергетикасын дамыту;

- қалдықтарды басқару жүйесі;

- ауаның ластануын азайту;

- экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы


18 қыркүйектегі № 01-38.117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 қыркүйекте V шақырылған Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында берген «жасыл экономикаға» көшу үшін жағдайлар жасау жөніндегі заңнамалық базаны жетілдіру, энергия мен су үнемдеуді ынталандыру, «жасыл технологияларды» пайдалану және экологиялық туризмді дамыту туралы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10-тармағына сәйкес, қолданыстағы заңнаманы Тұжырымдамаға сәйкес келтіру мақсатында бастамашылық жасалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі V сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті заң жобасын Парламенттің қарауына енгізуді жеделдетуді тапсырды. Тұжырымдаманы іске асыру энергияны пайдалану тиімділігіне мүлдем жаңа тәсілдерді талап ететіні атап өтілді. Алға қойылған міндетті орындау үшін 2020 жылға дейін энергияның үнемделуін жыл сайын 2,5 %-дан, ал 2020 жылдан кейін – 3,5 %-дан қамтамасыз еткен жөн. Осыдан кейін ғана Қазақстан отандық кәсіпорындардың энергия тиімділігінің қажетті деңгейіне қол жеткізіп, «жасыл экономиканы» құру шеңберіндегі міндеттерді қатар орындайды.



Сонымен бірге, Президент Заң жобасының қабылдануы тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп таңдалған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астана қаласында алдағы өткізілуіне байланысты аса маңызды екендігін атап өтті.

Өз кезегінде, «жасыл экономика» елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Алайда жүргізілген талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы «жасыл экономикаға» көшу үшін жағдайларды толық қамтамасыз етпейтінін анықтады.



  1. Су ресурстарын орнықты пайдалану.

Орнықты даму суды пайдалануды орнықты басқарусыз мүмкін емес. Сондықтан Тұжырымдамада су ресурстарын басқару жүйесін ұлттық деңгейде және бассейндер деңгейінде жақсарту көзделген. Сол сияқты Тұжырымдамада тұтастай алғанда бассейндер бойынша тапшылықты барынша жылдам жабу көзделген.

Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару бөлігінде

Су ресурстарын басқару ұсынысты басқарудан ғана емес, суға сұраныстан тұратындығын атап өткен жөн. Бұл ретте Тұжырымдамада «жасыл экономикаға» көшу негізделетін негізгі қағидаттар айқындалған. Атап айтқанда, ресурстарды пайдаланғаны үшін жауаптылықтымемлекеттік биліктің, бизнес пен халықтың барлық деңгейлерінде арттыруда.

Осыған байланысты су ресурстарына ықтимал тапшылықты барынша жылдам жабу мақсатында су пайдаланудың барлық процесін (су алудан бастап түпкілікті тұтынушыға дейін) су пайдаланудың жоспарланатын параметрлеріне қол жеткізуге бағдарлау қажет. Бұл үшін су заңнамасында мыналарды реттейтін нормаларды көздеу қажет:

су алудың ұзақ мерзімді лимиттерін көздейтін су пайдаланудың перспективалы деңгейін жоспарлау;

бастапқы су пайдаланушылардың есептеріне негізделген су ресурстарын пайдаланудың мониторингі, мұнда су көзінен бастап түпкілікті су пайдаланушыға дейінгі барлық су шаруашылығының теңгерімі ұсынылатын болады.

Тұжырымдамада су ресурстарының тапшылығынан басқа Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан да, сол сияқты ағынды суларды жеткілікті тазаламау салдарынан да ластану проблемасына тап болып отырғандығы айтылған.

Бірінші қадам шығарындылардың еуропалық стандарттарына сәйкес келетін экологиялық нормалар мен заңдарды қабылдау бола алады. Еуропалық Одақ осы саладағы реттеудің ұзақ тарихына ие және заңнаманы құру, бақылау шаралары мен нақты технологияларды енгізу үшін мысал бола алады.

Осыған байланысты судың жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту бөлігінде оларды су пайдалануды экологиялық реттеу жүйесінде одан әрі пайдалану үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілергеөзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Тұжырымдамада су ресурстарының тапшылығын қысқарту жөніндегі шаралар деп ауыл шаруашылығында суды үнемдеу және өнеркәсіпте су пайдаланудың тиімділігін арттыру айқындалған.

Су ресурстарын үнемдеу деңгейін регламенттейтін негізгі тетік су тұтынуды және су бұруды нормалау болып табылады.

Сонымен бірге Су кодексінде тиісті нормалар шашыраңқы күйде және тек жалпы талаптарды белгілейді және тиісті процестерді жеткіліксіз айқын регламенттейді.

Осыған байланысты су тарту және пайдалану көлемін қысқарту жөніндегі талаптарды көздейтін нормаларды пысықтау, сондай-ақ уәкілетті органға экономиканың әртүрлі салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын әзірлеу жөніндегі құзыретті беру қажет, олардың негізінде су тұтынудың үлестік нормаларын әзірлеу жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ шаруашылық қызметтің шектеулі және арнайы режимдерін есептеместен, жағалау сызығын салу проблемасы бар, бұл су жинау алаңының тозуына, су объектілерінің сарқылуына және ластануына және көктемгі су тасқындары кезінде су басып қалу аймақтарын ескермей құрылыстар салуға әкеледі, бұл төтенше жағдайлардың туындауына әкеледі.

Көрсетілген фактілерді болдырмау, сондай-ақ бақылаушы органдардың тарапынан су және экологиялық заңнаманы бұзу бөлігінде наразылықтарды болдырмау мақсатында жағалау сызығында жер учаскелерін беру жөніндегі кедергілерді су қорғау аймақтарын, жолақтарын және олардағы шаруашылық қызмет режимін орнатқан сәтке дейін көздеу қажет.



Су ресурстарын бассейндер деңгейінде басқару бөлігінде

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес су ресурстарын басқару бассейндік қағидат бойынша жүзеге асырылады. Су шаруашылығы бассейні шегіндегі мемлекеттік басқару бассейндік су шаруашылығы басқармасына (олардың қызметі екі және одан да көп облыстың аумағында жүзеге асырылады және олардың өкілеттіктері қолданылады) жүктелген.

Су ресурстарын бассейндер деңгейінде басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бассейндік су шаруашылығы басқармаларының әлеуетін ұйымдастыру құрылымын жетілдіру бөлігінде, су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді ескере отырып арттыру қажет.

Су ресурстарының жартысынан астамы республика аумағына шектес елдерден келетіндігін ескере отырып, сол сияқты бассейндік су шаруашылығы басқармаларының құзыретін оларға шектес елдердің аумағында орналасқан негізгі реттеуші құрылыстардың жұмыс режиміне мониторингті және трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысуды жүктеп заңнамалық деңгейде күшейту өте маңызды.


2) Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығымен бекітілген Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның, «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 457 қаулысының және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 117-НК,Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 159-Ө және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 6 сәуірдегі № 6-1/212 бірлескен бұйрығының қабылдануына байланыстысуармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг пен бағалау саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін кеңейту және тереңдету қажет.

Ауылшаруашылық дақылдардың егіндерін әртараптандыру,суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізу, ирригация мен дренажды, екінші фазаны (ИДЖЖ-2) жетілдіру және олардың мелиоративтік жай-күйін бағалау бойынша жобаны іске асыру жөніндегі бағдарламаларға енгізілген осы мекемелердің суармалы учаскелерге жедел зерттеулер жүргізуі мақсатында осы мекемелердің өз қызметі саласында қызмет көрсетуін реттеу тетігін жетілдіруді көздеу қажет.

Суармалы жерлердің экологиялық және агромелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту аграрлық секторды дамытудың «жасыл технологиясына» көшуге мүмкіндік береді.


3) Энергия үнемдеу, энергияның тиімділігін арттыру эәне электр энергетикасын дамыту.

«Жасыл экономиканы» дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай электр энергиясының жалпы көлемінде ЖЭК үлесін 3%-ға жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды, бұл үшін шамамен 2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялар тарту қажет.

ЖЭК объектілерін салу жөніндегі жобаларды іске асырудың құқықтық негізі жаңартылатын энергия көздерін қолдау саласындағы заңнама болып табылады. «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес осы секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бүгінде Германиядан, АҚШ-тан, Кореядан, Словакияданжәне басқа елдерден шетелдік компаниялар Қазақстанда ЖЭК объектілерін салуға ниет білдіруде. Сонымен бірге ауқымды енгізуге көшу Қазақстан Республикасының заңнамасын кешенді жетілдіруді талап етеді.

1) ЖЭК-ны қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамада ЖЭК өндірушілердің инвесторлары мен кредиторлары алдындағы ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығының (ЕҚО) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету кепілдіктері жоқ. Бұл мәселені реттеу мыналарға ықпал ететін болады:

ЕҚО заңды мәртебесінің мәселесін пысықтау;

ЖЭК өндірушілерге электр энергиясы үшін төлемдердің кепілдік берілген түсуін қамтамасыз ету тетігін, атап айтқанда ЕҚО-ның болжамды көлемге сәйкес электр энергиясының ең аз көлемін сатып алуына кепілдік беру тетігін енгізу;

ЕҚО-да шартты тұтынушылардан түсетін қосымша түсімдердің есебінен резервтік қор қалыптастыру;

ЕҚО-ның тараптар арасындағы қатерлерді бөлу бөлігінде ЖЭК өндірушілер алдындағы міндеттемелерді және тиісті өтемақылар мен айыппұлдар төлей отырып, тараптардың бірінің кінәсінен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу шарттарын айқындау;

ЕҚО-ның шартты тұтынушылармен ұзақ мерзімді келісімшартының модельді нысанын енгізу

2) 2014 жылғы 12 маусымнан бастап ЖЭК түрінің әрбір объектісі үшін жыл сайын индекстеу мүмкіндігімен 15 жыл мерзімге тіркелген тарифтер бекітілді. Қабылданған тарифтер инвестициялық жобаны іске асыруға салынған шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге шетедік валютада тартылған кредиттерді қоса алғанда, қарыз қаражатының қайтарылу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ЖЭК жобалары бойынша тарифтік реттеу тетігін жетілдіру талап етіледі;

3) қуаты шағын ЖЭК пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдардың қызметін ынталандыру үшін, сондай-ақ ЖЭК дамыту үшін қолайлылығы аз табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлардағы жергілікті жерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін тіркелген тарифті түзетудің кезеңділігін қайта қарау және ЖЭК белгіленген қуатына және (немесе) ЖЭК ресурстарының сапасына қарай тарифті саралаудың және (немесе) түзетудің мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады;

4) осы кезде электр беру желілерінің қазіргі өткізу қабілеті ЖЭК объектілерін желілерге қосу үшін жеткіліксіз, бұл электр желілерін кеңейтужәне жаңаларын салу қажеттігіне әкеледі. ЖЭК-ныпайдалануға енгізуге байланысты желілік компаниялардың шығындарын уақтылы қаржыландырудың көздері мен әдістерін, сондай-ақ желілік компаниялардың ЖЭК саласындағы мемлекеттік стратегияны өздерінің желілік даму жоспарларында ескеру міндеттемелерін неғұрлым айқын анықтау қажет.Энергия беретін ұйымдардың ЖЭК объектілерін қосу үшін қазіргі электр және жылу желілерін кеңейтуді және реконструкциялауды орындауы мақсатында ЖЭК жобаларын дамытуды жопарлаған кәсіпкерлік субъектілерінің электр немесе жылу желілеріне қосу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық немесе өзге де кепілдіктерді беруі туралы талапты заңнамалық тұрғыдан көздеу қажет.

Бұдан әрі заңға тәуелді актілердің деңгейінде ЖЭК объектілерін Қазақстанның электржелілік жүйесіне және электр энергетикалық нарығына интеграциялауды, ЖЭК объектілерін олардың технологиялық ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде электр энергиясын жеке мұқтаждарға сатып алуға байланысты диспетчерлеуді қамтамасыз ететін ережелерді көздеу қажет.

ЖЭК-ны Қазақстанның электр энергиясының нарығына интеграциялау бөлігінде шартты тұтынушылардың ЖЭК-ны қолдауға арналған шығындарын 2016 жылдан бастап электр энергиясына шекті тарифтерді және қуатты белгілеген кезде есепке алу тетігін айқындау қажет;

5) электр энергетикасы туралы қолданыстағы заңнама ЖЭК саласында жұмыс істейтін субъектілердің заңнамалық түрде белгіленген міндеттемелерді сақтауын бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін көздемейді. Бұл олқылықты толтыру, сондай-ақ осы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылықтың тиімді тетіктерін әзірлеу қажет;

6) жақын уақыттағы 15 жыл ішінде ЖЭК қуаттарын мақсатқа бағытталған өсіру және көрсеткіштерді орындау үшін (2020 ж. 3%, 2030 ж. 10%) ЖЭК-ның әрбір түрі бойынша ЖЭК-ны дамыту көрсеткіштерін белгілеуді ескере отырып, ЖЭК объектілерін орналастыру жөніндегі


іс-шаралардың болжамды жоспарларын әзірлеу арқылы секторды жоспарлы түрде дамыту үшін ЖЭК объектілерін орналастыруды мемлекеттік реттеу тетігін көздеу;

7) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»


ҚР Заңына сәйкес мемлекеттің қазақстандық өндірушілерде 5 кВт-ға дейін ЖЭК қондырғыларын сатып алу мақсаттарына арналған желілерге қосылмаған жеке пайдаланушы шығындарының 50 %-ының орнын толтыруы жөніндегі норма іске асырылады.Осы бағдарламаға халықты кеңінен тарту үшін,атап айтқанда ЖЭК қондырғыларының белгіленген қуатын және атаулы көмек беру мөлшерлерін ұлғайту, сондай-ақ ЖЭК қондырғыларын жеткізуге және монтаждауға арналған шығыстарды қосу арқылы қолдаудың қазіргі нормаларын қайта қарау орынды.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау шеңберінде


(24/02/14 жылғы № 17-5/07-273 жиналыстың хаттамасы) Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму министрліктерімен және «КЕGOC» АҚ-мен бірлесіп, қуаты шағын ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қызығушылық білдірген ауылшаруашылық секторының субъектілері үшін мемлекеттік субсидиялардың мөлшері бойынша ұсыныстар енгізілді.

Осыған байланысты ауылшаруашылық секторының субъектілеріне атаулы көмек беруді реттейтін ережені заңнамалық деңгейде көздеу қажет. Бұл ұсыныстарды, сондай-ақ «Жасыл экономика» бағыты бойынша сараптама тобының селекторлық отырысы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы 20 маусымда талқылап, қолдады.



Көлік секторында ауа ластануын төмендету тәсілдері

Көлік құралдарын отынның экологиялық түрлеріне ауыстыру бойынша, сондай-ақ жеңіл мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы тапшылығын азайту, автокөлік құралдарына дәстүрлі отын түрлеріне баламаны ұсыну мақсатында, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарына импортқа тәуелділікті азайту және газомоторлы нарықты дамыту үшін ҚР нормативтік құқықтық актілерін:

газ құю инфрақұрылымы объектілеріне;

құрамдастарды (газбен жүретін авто үшін), газ баллонды жабдықты, мотор отыны ретінде газды пайдаланатын техника мен көлік құралдарын құруға, әкелуге, пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге, сақтауға қойылатын талаптар бөлігінде өзекті етуді қарау ұсынылады.

Газ моторлы отынға сұранысты ұлғайту мақсатында газ моторлы автокөлікті дамытуға әкелінетін жабдық пен құрауыштарды фискалдық реттеудің тиімді тетігін құру жөніндегі, ҚР СНжЕ-де ішкі және сыртқы құрылыстарға дейінгі нормативтік қашықтықтарды азайту жөніндегі (СНжЕ қатаң нормалары, оларға сәйкес Алматы қаласындағы барлық АГЖС қоса алғанда, қалалардың орталығындағы тиімді АГЖС алып тасталды); муниципальды көлікті,кәсіпорындармен автопарктердің көлігін газға кезең-кезеңмен ауыстыру мүмкіндіктері бойынша, отандық өндірушілерден газбен жүретін автокөліктерді сатып алуын ынталаландыру бойынша мәселелерді қарау талап етіледі.
4) Қалдықтарды басқару жүйесі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары қалдықтарды басқару саласын толық шамада реттемейді. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жалпы ережелерді ғана белгілейді.



Қазақстанға іс жүзінде қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін құру қажет, себебі шын мәнінде ұйымдастыру және құқықтық шектер жоқ. Қолданыстағы нормалар қалдықтарды ұтымды басқару үшін жеткіліксіз, оның ішінде кешенді жүйені құру және оның жұмыс істеуі үшін жауаптылық бөлінбеген. Инфрақұрылымды дамыту және оның жұмысын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.

Тұжырымдамаға, сондай-ақ «Қатты тұрмыстық қалдықтар жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысына сәйкес қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін қалыптастыру мынадай тәсілдерді пайданып, іске асырылуға тиіс:



а) қызметтер көрсетудің толық спектрін ұсына және ландшафтарды жан-жақты қорғай отырып, қалдықтарды кәдеге жаратудың келісілген жүйесін құру;

б) қайта өңдеуді және қайталама пайдалануды кеңінен қолдануға көше отырып, полигондардың санын қысқарту, сондай-ақ пайдалы заттар мен материалдарды табу, қалдықтарды кәдеге жарату есебінен отын алу;

в) құнды құру шеңберінде, сол сияқты тізбегінен тыс өнімді көп айналымды пайдалана отырып, тұйық цикл экономикасын дамыту;

г) экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту.

Өнеркәсіптік қалдықтардың көлемін азайту үшін әртүрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы саясатын әзірлеу жөніндегі өзара іс-қимыл жасаудың дәл тетігін орнату және өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың қалдықтармен, атап айтқанда,техногендік минералды түзілімдермен, радиоактивті қалдықтармен, комуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өкілеттіктерінің аражігін дәл ажырату қажет.

Сондай-ақ құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою жөніндегі техноологияларды қоса алғанда, экологиялық қауіпсіз технологиялар мен процестерді және басқа да қауіпті қалдықтарды енгізуді қамтамасыз ету,химиялық заттарды реттеудің заңнамалық тетіктерін жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Заңның талаптарымен үйлестіру, химиялық заттарды жіктеудің және таңбалаудың халықаралық жүйесін енгізу мақсатында қауіпті химиялық заттарды өндіру мен пайдалануға қатысты экологиялық талаптарды (Экологиялық кодекстің 40-тарауы) кеңейтуқажет.

ҚТҚ-мен проблемаларды шешу үшін мынадай іс-шараларды іске асыру қажет:

1) тұтынушыда тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізуді ынталандыру;

2) қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвестицияларды тартуды ынталандыруға бағытталған шараларды пысықтау;

3) пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары мен олардың қалдықтарын (аккумуляторларды, шиналарды және басқаларын) жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында өндірушінің кеңейтілген жауаптылығы қағидатын енгізу;

4) қалдықтарды басқару иерархиясын орнату: қалдықтардың түзілуінің алдын алу, бағалы құрауыштарды бөлек жинау, полигондарда кәдеге жарату (қалдықтарды қайталама ресурстар ретінде пайдалану), қайта өңдеу, көму;

5) қайта өңдеуді және қайталама пайдалануды кеңінен қолдануға көшу, сондай-ақ пайдалы заттар мен материалдарды алу, қалдықтарды кәдеге жарату есебінен отын алу;

6) «экологиялық таза өнімнің» өсуін ынталандыру үшін «жасыл сатып алуларды» енгізу, онда сатып алу кезінде кейіннен қайта өңделген шикізатты пайдалана отырып өндірілген өнім мен тауарлар және/немесекейіннен пайдаланылған шикізатты пайдалана отырып өндірілген тауарлардыңбелгілі бір пайызынмемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру міндеттілігі басымдыққа ие.

Бұл іс-шаралар қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін қалыптастыру бойыншажоғарыда белгіленген тәсілдерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды ынталандыру жөніндегі функцияларды бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер енгізу қажет.

Бұдан басқа,заңнаманыңқалдықтар жөніндегі заңнаманың ережелерінорындау мақсатындамемлекеттік бақылауға жәнежеке тұлғалар (халық) мен заңды тұлғалардың жауаптылығынақатысты заңнаманың нормаларын жетілдіру қажет.
5) Ауаның ластануын азайту

Тұжырымдамадақоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тарапынан парниктік газдардың шығарындыларынаүздіксіз мониторинг пен бақылау арқылы жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ)көміртегі сыйымдылығын төмендету айқындалған.

Экономиканы көміртегін азайтып дамыту – жалпы ішкі өніммен арақатынастапарниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтуды,энергетикада көмірсутекті отын-энергетика ресурстарын жағуданжаңартылатын энергия көздеріне (күн энергетикасы, жел энергетикасы, шағын гидроэлектр станциялары) көшуді, энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуды және сол арқылыөндіріс пентұрғын үй-коммуналдық салада (энергия үнемдеу)парниктік газдар шығарындыларының көлемдерін қысқартуды көздейді. ҚазақстанныңКлиматтың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясына және Киота хаттамасына қатысуы, парниктік газдар шығарындыларын реттеу үшін заңнамалық негіздерді, оларды квоталау, мониторинг жүргізу, есептілік және квоталар мен басқа да көміртегі бірліктерін саудалау арқылы ұлттық деңгейде дамыту осы стратегиялық міндеттерді іске асырудың маңызды құралыболып табылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағыҚазақстан Республикасы Заңының нормалары арқылы2013 жылғы


1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау жүйесі енгізілді. Сол арқылыЭкологиялық кодекстің ережелері негізінде (94-1, 94-9, 94-11, 158-1 – 158-4-баптары) Қазақстанда ірі қондырғылар бойыншапарниктік газдар шығарындыларын квоталау,мониторинг жүргізу, есептілігі, верификациялау жөніндегі талаптар жүйесі жәнеелдіңкөміртегітөмен экономикаға өтуі жөніндегі шараларды іске асыру үшін заңнамалық негіз құрылды.

Өткен уақыт ішінде парниктік газдар шығарындыларын квоталау жәнеквоталарды саудалаужүйесі шеңберінде парниктік газдар шығарындыларыннеғұрлым тиімді реттеу үшін негізгі мүмкіндіктер зерделенді. Осы мақсатта2012 жылы қабылданған жәнепарниктік газдар шығарындыларын реттеуге бағытталған жиынтық он бес нормативтік құқықтық актініңқұқық қолдану практикасынақұқықтықмониторинг жүргізілді.

Қазақстан Республикасы ЭК глоссарийінезаңға тәуелді актілер деңгейінде және практикада белсенді қолданылатын, бірақзаң шеңберінде анықтама берілмеген бірқатар негізгі терминдергеанықтама енгізу талап етіледі.Бұл «парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі», «парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі», «мониторинг жоспары», «квоталарды өтеу», «парниктік газдар шығарындыларынаквоталарды бөлудіңұлттық жоспарын қондырғыныңсақтауы туралы есеп», «қондырғы», «қондырғы операторы», «верификация»деген ұғымдар. Оларды енгізуоларды айқындау тәсілдеріндеорын алып отырған екіұдай түсінікті жоюға, сондай-ақшығарындылар жөніндегі бұрыннан бар талаптарды қатаңдатуға жәнереттелетін субъектілер мен объектілерге қатысты парниктік газдарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін мыналарды:



  • қондырғылардың операторларынемесе парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегіжобаларды іске асыратын тұлғалар әзірлеген парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін келісуді;

  • квоталанатын субъектілер үшінпарниктік газдар шығарындыларынтүгендеу туралы есептерді бекітуді;

  • мониторинг жоспарының нысандарын,олар бойыншаверификациялық қорытынды нысандарын бекітудіқосу арқылы кеңейту ұсынылады (Қазақстан Республикасы ЭК 17-бабы).

Қолданыстағы заңнамаға мониторинг олардың санынан ауыл шаруашылығы мен көлікті алып тастап, экономиканың парниктік газдар шығарындылары бойынша реттелетінсалаларын нақтылау (ҚР ЭК-ның 94-2-бабы), сондай-ақ экономиканың басқа да салаларындағы реттелетін объектілерді нақтылау қажеттігін көрсетті.

ҚР ЭК-нің94-4-бабының 1-тармағында қондырғылардыңсипатында немесе жұмыс істеуіндежоспарланған өзгерістер болған немесе Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің94-5-бабының 4-тармағына сәйкесквоталар көлемінің резервіжаңа көздер (қондырғылар) үшін ғана қарастырылған кездепарниктік газдардың жаңа көздеріненгізген жағдайларда,парниктік газдар шығарындыларынабұрын берілген квоталардың көлемін қайта қарау көзделгендігін атап өткен жөн. Тиісінше,заңда көзделген,соның есебінен бұрын берілген квоталар көлеміқондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуіндежоспарланған өзгерістер болған жағдайдаұлғайтылуы мүмкінболатын қосымша квоталар көзі жоқ. Осыны ескере отырып,кеңейтілетін қондырғылар үшінквоталарды ұлғайтуға деген қажеттілікті қамтамасыз ету жәнежаңа қондырғылар үшін ғана емес,кеңейтілетін қондырғылар үшін де, сондай-ақшығарындыларыбелгіленген базалық деңгейден бастапПарниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудіңұлттық жоспарының аяғына дейінгі кезеңде20 мың тонна СО2 баламасынан асып түскенәкімшілендіру субъектілері үшін квоталар резервін айқындау мақсатындаҚР Экологиялық кодексінің94-5-бабына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Бұлретте,ҚР Экологиялықкодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес квоталар көлемінің резерві ғанаміндетті сатуға жатады, бұлквоталардыжаңа қондырғылар операторларының ғанасатып алуға тиіс болуына әкеледі. Сонымен қатар, халықаралық практикаға сәйкес,парниктік газдар шығарындыларынаквоталардың белгілі бір үлесін сатып алу жөніндегі міндеттемелерескі қондырғыларға да, жаңа қондырғыларға дақолданылуы тиіс. Осыны ескере отырып,Қазақстан Республикасы ЭК-ның 94-5-бабынатиісті түзетулер енгізу ұсынылады. Оған сәйкес, жаңа және кеңейтілетін қондырғылардың операторларынамұндай қосымша квоталардытегін негізде де, түскен қаражаттыжасыл инвестициялар схемасы бойыншапарниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шараларды нысаналы қаржыландыру үшін пайдалана отырып, тауар биржасы арқылы сату жолымен деберуге мүмкін болады.

Соның негізінде жүзеге асырылуы тиіс болатын,талаптарға қатысты верификациялау және валидациялау жөніндегі қызметке қатысты ережелерді нақтылау ұсынылады. Атап айтқанда, верификациялауұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарымен ғана емес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен де регламенттеледі. Мұнда Қазақстан Республикасы ЭК 158-4-бабынатиісті түзетулер енгізуқажет. Оған сәйкес,верификациялау мен валидациялауда техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік стандарттардың міндетті түрде қолданылуыкөзделуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің2010 жылғы26 қаңтарда берген № 747көмір қат-қабаттарынан метан өндірудіұйымдастыру мәселесі жөніндегі тапсырмасына сәйкес,шахтерлар еңбегінің қауіпсіздігін одан әрі күшейту қажет. Метанды өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастырукөмірді өндіру жұмысыныңқауіпсіздігін едәуір арттыруға жәнеметанның атмосфераға шығарындыларын біраз төмендетуге мүмкіндік береді.Қазақстан шахталары мен карьерлерінен көмір өндіру кезіндежыл сайын600-700 млн.м3 метан шығады, олатмосфераға түсіп парниктік әсердің дамуына ықпал етеді.

Шахта кеңістігінен метанның атмосфераға шығарындыларын тоқтату арқылы парниктік әсерді қысқарту,жарылыс қаупін азайту және оған жол бермеу және шахтерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатындаҚарағанды көмір бассейнінде газсыздандыруды кеңінен қолданудыжүзеге асыру қажет. Жаңа технологиялар мен газсыздандыру әдістерін пайдалана отырып,тау-кен қазбаларынан жанатын жарылыс қауіпті газдар мен өзге де зиянды газдардың қауіпті концентрацияларын жою үшін инвестицияларды тарту жер қойнауын пайдалану саласындагазсыздандырумен айналысатын инвестор үшін осындай мүмкіндік бөлігінде «Инвестициялық преференцияларды беру шарттары» деген15-баптың2-тармағына қатысты «Инвестициялар туралы»2003 жылғы8 қаңтардағы№ 373-ІІ Заңға және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»


2012 жылғы 9 қаңтардағыЗаңғаөзгеріс енгізуді талап етеді.

Мемлекет мемлекеттік меншіктегітехногендік минералдық түзілімдер бөлігіндеконкурстық шарттардажер қойнауын пайдалану құқығынҚазақстан аумағындағышетелдік инвестордыңжаңа технологияларына беруді жандандырады, бұл ландшафтты жайландырып, экологиялық жағдайды жақсартады.

Әріптестік шарттарындамұнай операцияларынжүргізген кездеалауларда жанатын,жер қойнауын пайдаланушының қолында бар ілеспе газдан сұйытылған газды өндіруді ынталандыруға бағытталған нормаларды енгізу ұсынылады. Әріптестік шеңберінде алынған сұйытылған газ мемлекет бақылайтын баға бойыншабарлық облыс орталықтарының, Алматы, Жезқазған және Астана қалаларының автобус парктерін газға ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады, бұлқалалық автокөліктегіжол жүру құнын ұзақ кезеңге «бір орында сақтауға» мүмкіндік береді, ал бірқатар жағдайларда жол жүрісі құнын елеулі түрде төмендетіп,жеңілдікті жол жүруге құқығы бар адамдар тобын, мысалы мектеп оқушылары мен студенттерді кеңейтуге жағдай жасайды.

Шетелдік өндірушіден қажетті жабдықты сатып алуға арналған пилоттық жобаны жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп қаржыландыру есебіненмүдделер теңгерімін сақтауға деген жаңа тәсілдер есебінен мұнай саласындаәріптестік шарттарында көмірсутегі газына қатысты «на-на» технологияларды пайдалану. Бұл ретте ілеспе газды кәдеге жаратудың орнына оның тауар өніміне қайта өндірілуін өз бетімен жолға қоя алмаған жер қойнауын пайдаланушыілеспе газдың белгілі бір көлемін мемлекеттің меншігіне береді.Мемлекет, егер жер қойнауын пайдаланушы тарапынан әріптестік шеңберінде тиісті жабдықты және ілеспе газдың келісілген көлемдерін мемлекет меншігіне сатып алуды және беруді қаржыландыру қамтамасыз етілсе, екі-үш жыл кезеңіне қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыруға жер қойнауын пайдаланушыны тартпау туралы уағдаластықтардың шарттарын бекітеді және бақылайды.

Бұл қоршаған ортаға зиынды әсерді төмендетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ эмиссияларға арналған квоталарды босатады да, экономика салаларында кеңінен қажет жаңа өнім жасайды және жаңа жұмыс орындарын ашады, «жасыл экономикаға» жұмыс істейтін объектілердің мемлекеттік меншікке түсуіне әкеледі.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет