Жоба сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы № қаулысымен бекітілген



жүктеу 159.73 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі159.73 Kb.
: upload -> userfiles -> files
files -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
files -> Личная информация
files -> Тақта (билборд) орналасатын орындар
files -> Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері
files -> Личная информация
files -> Название курса: Экология және тұрақты даму
files -> 1-тарау. Жалпы ережелер
files -> Название курса: Архитектура компьютерных систем
files -> Размер стипендии
ЖОБА
Сырдария ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

№_____қаулысымен бекітілген
«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі


  1. Жалпы ережелер




  1. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аппарат) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

    1. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Асқар Тоқмағанбетов ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

    2. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балауса» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

  1. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  3. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  4. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  5. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен



  1. және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  2. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылы, Абай көшесі №1 үйде орналасқан. Индекс: 120610

«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Ресми тілде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима сельского округа Аскар Токмаганбетова Сырдарьинского района».

10. Осы Ереже «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады және экономикалық және қаржылық негiзiн:

      1) жергiлiктi бюджет;

       2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

12. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

13. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында көзделген кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:

      1) ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      ауылдық округі аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

ауылдық округі аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      4) ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 және 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

Басқа қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және А.Тоқмағанбетов ауылдық округі аумағының мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.



  1. Міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 38-бап 1 тармағына сәйкес, әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдерін орындауды ұйымдастырады.

3. Іс-жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмысын реттейтін басқа құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді.

4. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдарда кадр саясаты мәселелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдіктерінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, істердің жағдайын жүйелі
талдауды өткізеді, кадр құрамындағы өзгерістер мен үрдістерді бақылап кадрлардың оқуы мен қайта даярлауын үйлестіріп отырады.

5. Ауылдық округтің және ауылдың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне жәрдемдесу, облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытады.

6. Ауылдық округі әкімінің іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз етеді.

2. Функциялары:

«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары:
       1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
      4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;


      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін

тіркеуді ұйымдастырады;


      10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің

әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;


11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;


     12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
     12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
     12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
     12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
     12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
     12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
     12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
     13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
     14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
     15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
     16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
     17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
     18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
     19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
     20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

     21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;


     22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.


1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.

1-2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
      2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
      6) басқаруына берілген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
      7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
8) кіріс көздерін қалыптастырады;
      9) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
11) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
12) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.
      13) Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді

шешу жатқызылуы мүмкін.


      14) Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi

өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.




4. Құқықтары мен міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 204 және  505-баптарында көзделген, ауылдық округтің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға.

2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес:

3. Стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына;

4. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы.

5. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес:

6. Тиісті әкімшілік-аумақта орналасқан барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан ауылдық округі әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар немесе материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға.

7. Ауылдық округі әкімінің құзырына жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тиісті мамандарды шақырып қатыстыруға.

8. Тиісті әкімшілік-аумақта орналасқан коммуналдық заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару органы бола алады.

9. Ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
5. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
15. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

16. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан

Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

17. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi.

2) Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады.

3) Ауылдық округі аумағында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және шаруашылық субъектілерімен үнемі өзара қатынаста болуды қамтамасыз етеді, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізеді.

4) Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды, аппарат қызметкерлерінің орындалуына міндетті аппарат бойынша өкімдер шығарады және тапсырмалар мен нұсқаулар береді, олардың орындалуын қадағалайды.

5) Заңнамамен бекіткен тәртіпке сәйкес аппарат қызметкерлерін марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.

6) Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

7) Аппараттың қаржы құжаттарына және басқа да құжаттарға қол қояды.

8) Аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді, оның орындалуына бақылау жасайды.

9) Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңнама талаптарының іске асырылуын қамтамасыз етеді.

10) Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін мемлекеттік органның басшысы дербес жауапкершілікте болады.

11) Гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

12) Қазақстан Республикасының Заңдарына және ҚР Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13) «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

18. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


6. Аппараттың жұмыс режимі
19. Аппараттың жұмыс режимі бес күндік жұмыс апталығында, күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатты құрайды.
7. Мемлекеттік органның мүлкі
20. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Аппарат басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруі мүмкін.


8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
      1) «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Асқар Тоқмағанбетов ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      2) «Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балауса» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет