Жоба «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына



жүктеу 61.97 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі61.97 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Жоба

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 164-құжат):

1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) келісімшарттың есептік нөмірі – валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған, уәкілетті банктің экспортты (импортты) көздейтін валюталық шартқа беретін тіркеу нөмірі;»;

2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің валюталық операцияларының барлық түрлерін шектеусіз жүзеге асырады.»;

3) 6-баптың 3-тармағында «3)-9)» деген цифрлар «4)-9)» деген цифрлармен ауыстырылсын;

4) 8-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Тіркеу режимі»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Егер резидент талапты иеліктен шығару немесе борышты аудару нәтижесінде тіркеу режимі қолданылатын валюталық шарттың тарабы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде тіркелу үшін өтініш жасауға міндетті.»;



5) 9-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Хабарлау режимі»;

2-тармақта:

бірінші бөлікте:

бірінші сөйлемде «беру» деген сөз «нысанында хабарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші сөйлемде «жеті жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер резидент талапты иеліктен шығару немесе борышты аудару нәтижесінде хабарлау режимі қолданылатын валюталық шарттың тарабы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлауға міндетті.»;

6) 12-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«3-1) көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде туындаған және шет мемлекеттердің аумағындағы әуенавигациялық, әуежай, айлақ және басқа міндетті алымдармен байланысты, сондай-ақ осындай көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі әуе, өзен, теңіз кемелері мен басқа да көлік құралдарына және олардың жолаушыларына қызмет көрсетумен байланысты шығыстарды төлеу мақсаттарында осындай резидент көлік ұйымдарының шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық немесе шетел валютасы нақты есептелген;»;

4-тармақта:

«мәміле паспорттарын ресімдеудің» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алудың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 13-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілуімен байланысты шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ қызметтік іссапарға байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»;

8) 16-бапта:

1-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілуімен байланысты шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ қызметтік іссапарға байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлардағы және айлақтардағы шетелдік мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсету үшін резидент еместер мен резидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында әуенавигациялық, әуежай және айлақ алымдарын төлеуі;»;

2-тармақта «мәміле паспортын тіркеу, хабарлау және ресімдеу» деген сөздер «тіркеу, хабарлау немесе келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 2) тармақшасында «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген құжаттандырылған бағалы қағаздарды, төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

1. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген құжаттандырылған бағалы қағаздарды, төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер және резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.

2. Жеке тұлға жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін декларацияламай Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.

3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағының кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.

Кеден органында декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағының кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.

5. Жеке тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын қымбат металдардан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

10) 20-баптың 3-2-тармағында «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 22-баптың 1-тармағында «жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды» деген сөздер «ақшаны және ұйымға (оның ішінде жарғылық капиталына) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында немесе оның мүлкіне жарна ретінде өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 29-баптың 6-тармағында:

7) тармақша «валюталық шарт» деген сөздерден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісімен» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша алынып тасталсын;

13) 34-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Заңның 10-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы 2011 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет