Жобамның тақырыбы: «Музыкалық аспаптар әлемінде!». Оның ішінде Даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптар. Олар бірнеше топқа бөлінеді: Сілкімелі, Ұрмалы, Үрмелі



жүктеу 23.35 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі23.35 Kb.
:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен әріптестер!Осы оқу жыл басын жаңа жобамен бастап, міне осы уақытқа дейін жұмыс жасаудамын.

Жобамды данышпан, ғалым Әл Фарабидің сөзімен бастағым келіп тұр.



Табиғат дүниесіндегі

сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында,

ал жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй аспаптар сазында депті.

Жобамның тақырыбы: «Музыкалық аспаптар әлемінде!». Оның ішінде Даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптар. Олар бірнеше топқа бөлінеді: Сілкімелі, Ұрмалы, Үрмелі боп.

Сілку арқылы үн шығаратын музыкалық аспаптар: Сылдырмақтар, Шартылдауық, Қоңырау, Асатаяқ және т.б.

Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзінше ерекшелігі болған. Бұл асаптардың сыр-сипаты мен ерекшелігі олардың тембрлік және динамикалық дыбыстануына қарай айқындалады. Оларға: Барабан, Дауылпаз, Ксилафон, Метолофондар жатады.

Келесі, Үрлеп тартылатындар- үрмелі  аспаптар: Дудка, сыбызғы, саз сырнай, үшпелек, үскірік, тастауық, ұрандар жатады.

Жобамның мақсаты: Мектепке дейінгі орта жастағы балаларға, музыкалық аспаптардың түрлері мен олардың топтары жайлы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Жобаның міндеттері:

1. Баланың эмоционалды ортасын дамыту.

2. Балалардың қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.

3. Музыкалық мәдениетке баулу.

4. Музыка ойнауындағы қажеттілікті қалыптастыру.

5. Балалардың музыкалық қабылдауын байыту және музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал жасау.

6. Шығармашылық пен таным дағдысын дамыту.

7. Ойлау қызметінің, естудің, қиялдың дамуына ықпал жасау.

8. Сөздік қорын толықтыру.

9. Тәжірибе жинақтаудың түрлі формаларын меңгеру.

10. Ата аналармен қатынасты жақсарту үшін жағдай жасау және ата аналармен сенімді және серіктестік қатынас орнату.

Іске асыру мерзімі: 1 жыл. Негізі бұл жоба ұзақ мерзімді жоба. Оның бір жылғы тақырыбы «Даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптар».

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ САТЫЛАРЫ:

Бірінші сатысыұйымдастырушылық.

Әр түрлі музыкалық аспаптар жайлы ақпараттар жинақтау, кітаптардан, телебағдарламалардан, интернеттен.



Екінші сатысытәжірибелік.

Зерттеу қызметі.Балалардың аспаптарын жасау үшін материалдар

дайындауда ата аналарды қосу. Ата аналармен бірге балаларға аспаптар жасау.
Жобаның сипаттамасы:

Жоба қалыптасуы, тәрбиенің рухани – адамгершілігіне ықпал етеді, біріңғай тәрбие кеңістігін мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасы бірігіп, жалпы гуманитарлық бағыта балаларды мәдениетке тәрбиелеу. Жобаның қамтамасыз ету табыстары, өзара іс-қимыл мен әр түрлі субъектілерге қоғам құру, олардың арасындағы әріптестік қатынастары мен сабақтарының іс-шаралары.



Жобамен жұмыс аптасына бір рет өтеді. Балалармен дауыс жаттықтырып, музыкалық аспаптарда ойнап үйренеміз, сергіту сәттері өтеді.

Отбасымен қатынас орнату саласында «Баланың дамуындағы музыканың әсері» атты тақырыбына ата аналармен әңгіме жүргізілді. Қолда бар материалдардан ата аналар мен балалар бірігіп музыкалық аспаптар жасалынды. Және «Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкалық тәрбиесі» атты тақырыптағы ата аналар жиналысы алдағы уақытқа жоспарланып отыр.

Ендігі сол жобадағы осы уақытқа дейін меңгерген балалардың білімдерін көрсетіп жіберейін.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет