Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында Меншік құқығын танитын фактілердің анықталмауынан сот шешімі бұзылды



жүктеу 23.13 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі23.13 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Жоғарғы Соттың

қадағалау алқасында

Меншік құқығын танитын фактілердің анықталмауынан сот шешімі бұзылды

( үзінді)

Қызылорда облыстық соты қадағалау алқасының 29.06.2006 жылғы қаулысына Б-ның келтірген қадағалау шағымын Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы алдын ала қарап, іс бойынша келесі мән-жайларды анықтады.

Б. өзі еңбек еткен Кеңшар басшыларының келісімі бойынша Кеңшардағы үлесі есебінен бес бөлмелі асхана ғимаратын жеке меншікке алғанын, ол туралы құжаттар Кеңшарда сақтал-ғанын, мұрағаттың өртеніп кетуіне байланысты құжаттарды ала алмағанын көрсетіп, асхана ғимаратына меншік құқығын тануды сұрап сотқа арыз берген.

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының 17.04.2006 жылғы шешімімен Б-ның арызы қанағаттандырылып, бес бөлмелі асхана ғимараты мен ғимарат орналасқан жер учаскесіне Б-ның меншік құқығы танылған.

Іс апелляциялық сатыда қаралмаған.

Қызылорда облыстық соты қадағалау алқасының 29.06.2006 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберілген.

Б. қадағалау шағымында бірінші сатыдағы сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелерді жан-жақты зерттеп, оларға заңдылық тұрғысынан дұрыс баға беріп, негізді шешім қабылдаған, осы сот шешімінің күшін заңсыз жойған деген уәжбен облыстық соттың қадағалау алқасы қаулысының күшін жоюды сұрайды.

Алқа қадағалау шағымының уәждерін зерделеп, төмендегі мән-жайлар-ға байланысты қадағалау іс жүргізуін қозғауға негіз жоқ деген қорытындыға келді.

АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешім-дерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады, алайда, іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілмеген.

АІЖК-нің 291-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес, мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды бас-қару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілеріне сәйкес арызданушының қолында мүліктің арызданушыға тиесілі екендігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған жағдайда және ол фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықтау мүмкін болмаса ғана сот ар-қылы анықталады. Демек, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екендігін растайтын құжаттардың арызданушының өзінде болуы фактісін анықтайды.

Талапкер Б-ның сотқа берген арызына қарағанда оның өзінде даулы асхана ғимаратына құқығын білдіретін құжат жоқ.

Сонымен қатар, Кеңшардағы мүліктік үлестердің таратылуы жөніндегі құжаттармен Б. өз үлесін қаржылай алғаны, ал даулы ғимараттың сол кезде мүліктік үлеске түспегені, сондай-ақ ғимараттың Кеңшар таратыл-ған соң ауылдық кеңестің балансына өткені бекітілген.



Істі мұндай тұрғыдан қарағанда, облыстық соттың қадағалау алқасының Б-ның даулы ғимаратқа меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімінің күшін жойып, істі қайта қарауға жолдауы негізді.

АІЖК-нің 394-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау алқа-сы Қызылорда облыстық соты қадағалау алқасының 29.06.2006 жылғы қаулысын қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тартты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет