Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында Сот үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде сотпен анықталған қылмыстық әрекет көрсетілмегендіктен үкім бұзылды



Дата02.05.2016
өлшемі32.47 Kb.
Жоғарғы Соттың

қадағалау алқасында
Сот үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде сотпен анықталған қылмыстық әрекет көрсетілмегендіктен үкім бұзылды

( үзінді)

У-ға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімімен ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен, 257-бабының 3-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабының 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтарымен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім бойынша У. атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және алып жүргені, бұзақылық жасағаны, бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру мақсатында көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен қылмыс жасауға оқталғаны үшін айыпты деп танылған.

Сотталған У. өзінің апелляциялық шағымында сот үкімімен келіспей, үкімнің негізсіз және біржақты, тек айыптау қорытындысының нәтижесінде шығарылғанын, алдын ала тергеуде оны ұрып-соғып қысым жасағандықтан, болған оқиғаны сол полиция қызметкерлерінің айтуымен жазғандығын, жауап алу кезінде ата-анасының қатыс-тырылмағандығын, сонымен қатар қорғаушыны тек прокуратураға санкция алуға барар алдында ғана көргендігін, оған өз құқықтарын ешкімнің де түсіндірмегенін, алдын ала тергеу кезін-де қылмыстық іс жүргізу заңының талаптары өрескел бұзылғандығын көрсетіп үкімді бұзып, қажетті қорғану шегінде жасаған әрекетіне қарай әділ шешім шығаруды сұраған.

Сотталғанның заңды өкілі О. соттал-ған У-дың уәждерін келтіріп, тағайындалған қорғаушы, оның ұлының заңды құқығы мен мүддесін адал қорғамағандығын, У-дың әрекетінде қажетті қор-ғану шегінде болған қылмыстың құрамы бар екендігін, себебі 20 шақты бала әдейі автокөлікпен келіп, оның ұлына жарылғыш заттар лақтырып, ұрып-соққандығын көрсетіп, баласын ҚК-нің 109-бабымен айыпты деп тауып, шартты түрде соттауды сұраған.

Қорғаушы Б-ның және сотталғанның заңды өкілі О-ның апелляциялық шағымдарын қолдап сөйлеген сөздерін, Бас прокурордың көмекшісінің үкімді өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс материалдарын тексеріп және шағымды талқылап, алқа мынадай тұжырым жасады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот үкімін өзгертіп өзінің қаулысында мыналарды көрсетті.

Сотталған У. жасаған қылмыстарына сәйкес тағылған айыптарын мойындаған. Оның қылмысы алдын ала тергеудегі жауаптарымен қатар сот мәжілісінде сұралған жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, қыл-мыстық іс бойынша жүргізілген сот сараптамаларының қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау, айғақ заттарды алу хаттамаларымен, сонымен бірге сот отырысында тексеріліп, зерт-телген басқа да объективті дәлелдемелер жиынтығымен расталған.

Мысалы, сотталған У. шолақ мылтықты және оқ-дәрілерді Р. деген кісіден 3 200 теңгеге сатып алып, өз ауласындағы қоймада сақтағандығын, дорбасына салып, өзімен бірге алып жүргендігін және осы шолақ мылтықпен бір топ балаларға қарай екі рет оқ атқандығын көрсеткен.

Сотталған У-дың жәбірленушілер Б. мен О-ға келтірген жарақаттарының сипаты: атап айтқанда, атыс қаруы оғының бытырасы жәбірленуші Б-ның басына, мойнына, кеудесіне, бетіне және оң көзіне жарақат келтірген, соның салдарынан жәбірленушінің осы көзі көрмей қалған, сонымен қатар ол 1-дәрежелі ми жарақатын алған, сезімталдығы жойылған, ал жәбірленуші О-ның сол аяғының балтыры атыс қаруынан жарақаттанып, бұлшық ет арасындағы тамырларына зиян келтірілген.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысынан У-дың ақыл-есі дұрыс екендігі көрінеді, яғни ол қылмыс жасаған кезде өз әрекеттеріне есеп беріп, өзін-өзі ұстай алатындай жағдайда болған.

Осы айтылған жағдайларды ескеріп Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы У-дың қылмыстық әрекеттері заңға сәйкес дұрыс сараланған деп есептейді.

Алайда У-ды ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен, яғни атыс қаруын қолданып бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп таныған сот тұжырымы негізсіз. Себебі, сот үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде осы қылмыстық әрекеттің мәнісін атап көрсетпеген.



Жоғарғы Сот алқасы бұл жағдайда осы көрініс нақты зерттелмеген және оған заңды баға берілмеген, сондықтан үкімнің У-ды ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпты деп таныған бөлігінің күшін жойып, іс осы қылмыстың құрамы болмағандықтан қысқартуға жатады деп есептейді.

ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін, 422, 423-баптарын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының У. жөніндегі үкімін өзгертіп, оны ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпты деп таныған бөлігінің күшін жойып, істі осы қылмыстың құрамы болмағандықтан қысқартты және ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен және 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабының 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтарымен ҚК-нің 55-бабын қолдану арқылы, қылмыстар жиынтығы бойынша У-ға түпкілікті 7 (жеті) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет