Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасында Сот заңнамалар мен халықаралық шарттар арасындағы басымдық мәселесіне байланысты коллизия жоқ екенін көрсетті



жүктеу 66.46 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі66.46 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 2a4c22618e8d1f7046257375002e2afd -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Комитетпен заңға сәйкес, оның өкілеттігі шегінде шығарылған даулы нұсқамалар арыз берушінің құқығын, бостандығын және заңмен қорғалатын мүддесін бұзбаған
$FILE -> Даулы үй жайдың құқықтық режимі өзгермейді және осы мүлікке мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын тоқтатуға негіз болып табылмайды
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасында
Сот заңнамалар мен халықаралық шарттар арасындағы басымдық мәселесіне байланысты коллизия жоқ екенін көрсетті

( үзінді)

2006 жылғы 5 маусымнан бастап АҚ "Қ." (2005 жылғы 1 сәуірге дейін ЖАҚ "Қ.") кәсіпорны болып табылатын ЖШС "Қ." Қаржы министрінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетіне (бұдан әрі-Комитет) қатысты 2006 жылғы 7 сәуірдегі №106 "Бақылау тағайындау туралы", мемлекеттік сатып алу туралы заңдарға сәйкес 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 208 "Өздеріндегі ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті субъектілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы" бұйрықтардың күшін жойып, ЖШС "Қ." осы тізілімнен алып тастау міндеті Комитетке жүктелгені, ЖШС "Қ."-ның мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды сақтауын тексерудің 2006 жылғы 15 мамырдағы актісін және Комитеттің 2006 жылғы 19-20 маусымдағы Даулы мәселелер бойынша комиссия отырысының хаттамасын жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді.

2007 жылғы 2 ақпандағы Астана қалалық сотының шешімімен өтініш ішінара қанағаттандырылды, жекелеген бөлікте 2006 жылғы 15 мамырдағы ЖШС "Қ." мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды сақтауын тексеру актісі жарамсыз деп танылды.

Қалған бөлігіндегі қойылған талаптар қанағаттандырусыз қалдырылды.

ЖШС "Қ."-ның апелляциялық шағымында шешімнің күшін жоюды және істі қайта қарауға жіберуді, Комитеттің апелляциялық шағымында қойылған талаптарды қанағаттандыру бөлігіндегі шешімді өзгертуді және оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы осы бөлігінде жаңа шешім шығаруды сұрайды.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердің, сондай-ақ акцияларының (үлестерінiң) 50% және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билігіндегі ақшаға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы-мемлекеттiк сатып алу болып табылады.

Осы заңның 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес тапсырыс берушінің аффилиирленген тұлғалары акцияларының 50% және одан да көп пайызы осы тапсырыс берушіге тиесілі заңды тұлға болып танылады. Алайда, АҚ "Қ." акцияларының 50% АҚ "Қ." ҰК"-ға тиесілі. Осындай мән-жайларда АҚ "Қ." өзінің АҚ "Қ." ҰК"-ға аффилиирленгендіктен сот оны мемлекеттік сатып алу субъектілеріне дұрыс жатқызған.

Бұдан басқа, АҚ "Қ." еншілес компания түрінде, АҚ "Қ." ҰК"-ға бағынышты болғандықтан, АК 95-бабының 1-тармағына сәйкес оған тәуелді акцио-нерлік қоғам болып табылады.

Арыз берушінің осы келтірілген нормаға акция пакеттерінің 50% және бір акциясы қосылатынын, ал соған байланысты АҚ басымдық бастамадағы құрылтайшысы АҚ "Қ." ҰК" және АҚ "Қ." болып табылатыны, қатысушылардың бірде біреуіне акция пакеттерінің 50% және одан да көп пайызы тиесілі еместігі, бұдан басқа, Қоғамның директорлар Кеңесінің төрағасы болып Жар-ғының 21-тармағына сәйкес шешуші дауысы бар ААҚ "Г." өкілдері ғана сайланғаны, сондықтан АҚ "Қ." ҰК" шешімді айқындауға немесе оны қабылдауға әсер етуге мүмкіндігі жоқ екендігі туралы дәлелдемелерін сот заңды дұрыс түсіндірмегені ретінде негіздеп теріске шығарды.

Бұл ретте, Жарғы бойынша АҚ төрағасы болып кез келген тараптың өкілдері сайлана алатыны, ал басым шешімді қабылдауға тараптардың тең әсер етуі керектігі жөніндегі жауапкердің сілтемесіне сот негізді қолдау көрсетті.

АҚ "Қ." ҰК" акциялар пакетінің 100 % АҚ "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингке акцияны беруіне байланысты арыз беруші АҚ "Қ." ҰК"-ның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды, сондықтан мемлекеттік сатып алудың субъектісі бола алмайды, 2006 жылғы наурызға дейін туындаған құқықтық қатынас дау туғызғандықтан арыз берушінің дәлелдемелерін сот негізді теріске шығарды.

АҚ "Қ." бірнеше жыл бойы өзінің мемлекеттік сатып алу субъектісі болып табылатындығына дау айтқан емес және тиісті заңдарды ұстанып отырды, атап айтқанда, өкілетті органға, 2007 жылды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алулардың бекітілген жылдық жоспарын жіберіп отырды, оларға мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсіліне келісім беруді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды түсіндіруді өтінген, Мемлекеттік сатып алу бюллетеньдерінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және т.б. мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың дайындалып және өткізіліп жатқаны туралы өз жарнамаларын жариялады.

Яғни, 2002 жылғы маусымнан бастап арыз беруші өзін мемлекеттік сатып алу субъектісі деп таныды. "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға 2004 жылғы 5 шілдеде енгізілген 6-1-баптағы толықтыруға сәйкес мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнің) 50% және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өз билiгiндегi ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекет-тiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырып субъектiлердiң мемлекеттік тiзілімiне енгiзiлуі тиiс. 2004 жыл-ғы 5 мамырға дейін осындай тізілім жүргізілмеген. Арыз беруші 2005 жыл-ғы маусымда және қайтадан осы жыл-ғы тамызда Мемлекеттік тізілімге қосу үшін комитетке өтініш берген және 2006 жылғы 6 қыркүйектегі № 208 бұйрықпен осы тізілімге енгізілген.

Арыз беруші, АҚ "Қ." ҰК"-нің бағынышты еншілес компаниясы болғандықтан құрылтайшылардың нұсқауы бойынша арыз беруге мәжбүр болғанын, соның салдарынан шешім қабылдаған кезде өзінің құрылтайшыға тәуелді екендігін растайтынын көрсетті.

Сонымен бірге, сот тізілімге енгізілгені туралы өтініш берушіге тиісті түрде дер кезінде хабарланбағаны туралы, 2006 жылғы 6 қыркүйектегі № 208 бұйрық туралы сотта ғана хабардар болғанын дұрыс анықтады, сондықтан оған жазылған негіздер бойынша оған дау айту туралы талапқа мәні бойынша қолдау көрсетпегенімен, шағым беру мерзімін өткізіп алмаған.

Сот 2006 жылғы 7 сәуірдегі №106 "Бақылау тағайындау туралы" бұйрықты заңды деп таныды, өйткені Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі агенттіктің хаты негізінде және ол туралы ереженің 10-тармағында айқындалған Комитет өкілеттігіне сәйкес шығарылған. Бұдан басқа, арыз беруші АІЖК 280-бабымен белгіленген оған шағым жасау мерзімін өткізіп алған, қойылған талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан кезде сот оны дұрыс негіздеген.



арыз берушінің өкілі Ш. бұйрықпен 2006 жылғы 4 сәуірде танысқаны, оған шағым жасауға арналған мерзім 2006 жылғы 11 шілдеде аяқталғаны, ал сот-қа оны қалпына келтіру туралы шағым келіп түспегені анықталған.

Сот арыз берушінің халықаралық келісім-шартқа сілтемесін негізделген түрде теріске шығарған, өйткені тауарларды, жұмыстарды не көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге ережесі немесе тәртібі белгіленбеген, яғни мемлекеттік сатып алу туралы ұлттық заңнамалар мен халықаралық келісім-шарт арасында басымдық туралы мәселені шешуге арналған коллизия жоқ.



арыз берушінің "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына жасаған сілтемесін сот теріске шығарды, өйткені қоғамды құрған және АҚ "Г." инвестицияларын жүзеге асырған кездегі 2002 жылғы маусымда "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң күшіне енген болатын.

арыз берушінің газды үздіксіз жеткізіп тұру процесінің күшінде мемлекеттік сатып алу ресімдерін сақтауы мүмкін болмағандығы туралы дәлелдемелерін сот теріске шығарды, өйткені Заңның 9-бабының 6-тармағына сәйкес сатып алу тәсілін тапсырыс беруші таңдайды, сондықтан арыз берушіге ең тиімдісі сатып алуды бір көзден алуға келісім алу, ал оның өтінішіне Комитет ең төменгі мерзімге келісім білдірді, ол арыз берушінің ағымдағы қызметіне кедергі келтірмейтін еді.

Заңның 27-1-бабы 1-тармағының 29) тармақшасымен ұйымдардың Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметінің негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетін қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тізбе бойынша сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтыны белгіленген.

Осы тізбе Үкіметтің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" № 948 қаулысымен бекітілген, бірақ арыз беруші 2006 жылғы 29 желтоқсанға дейін оған кірмеген.

Осы қаулыға Үкіметтің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1320 қаулысымен толықтырулар енгізілді және қызметiнiң негiзгi мәнi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм шеңберiнде табиғи газды сатып алу оның маркетингi, тасымалдау және қайта өңдеу болып табылатын жшс "Қ." бiрлескен кәсiпорны - Келiсiмге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесіне енгізілді.

Арыз беруші тексеру актісіне және даулы мәселелер жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына дау айтты.

Алайда, осындай актілер сотта даулануға жатпайды, өйткені АІЖК 279-бабында көзделген шешімдерге қатысы жоқ, нәтижесінде азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған, азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған, азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiктер) жатады.

Осыған байланысты, соттың осы актілерді даулауға қатысты қорытындылары шешімнің қарар бөлігінен алынып тасталуға жатады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және АІЖК-нің 357-360-баптарын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың апелляциялық алқасы:

2007 жылғы 2 ақпандағы Астана қалалық соты шешімінің қарар бөлігін өзгертті: “шешімнің дәлелдеу бөлігінде баяндалған 2006 жылғы 15 мамырдағы АҚ “Қ”-ның мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру актісінің күші жойылсын...” деген сөйлем алынып тасталды;

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз, ЖШС “Қ”-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды;



комитеттің апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет