Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені дәлелденгендіктен



Дата03.05.2016
өлшемі23.48 Kb.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені дәлелденгендіктен

үкім өзгеріссіз қалдырылды

( үзінді)

Үкім бойынша сотталған Ж. мас күйінде У-дың басынан бірнеше рет ұрып, пышақпен, арақтың шынысымен ұрып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырғаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Апелляциялық шағымында сотталушы Ж. өзінің ауруға шалдығуын жазаны жеңілдететін негіз ретінде атап, сот оны ерекше мән-жайға жататындығын ескермей, ҚК 55-бабын қолдану мәселесін қарастырмай, үкім бойынша бұрын өтелмей қалған жазаның 1 жылын қосқанын дұрыс емес деп көрсеткен. Ол Жоғарғы Соттың "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі нормативтік қаулысына қайшы, сондықтан сотталған Ж., жәбірленуші У-ға ауыр дене жарақатын салған кезде қажетті қорғаныс шегінен шықпағанын айтып қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Алқа апелляциялық шағымның уәждері мен істегі деректерді тексеріп бірінші сатыдағы сот сотталған Ж. жәбірленуші У-дың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені, осы әрекеттері абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырғаны туралы тұжырымы басты сот талқылауындағы зерттелген дәлелдемелерге дұрыс негізделген деп тап-қан.

Апелляциялық шағымда көрсетілгендей сотталушы Ж, жәбірленуші У-дың әрекеттерінен өзін-өзі қорғап, қажетті қорғаныс шегінен шықпаған деген уәжі, жәбірленушінің өкілі А-ның, куәлар К., С., Е. сот-дәрігерлік сарапшысы Р-ның соттағы жауаптарымен теріске шығарылғаны туралы соттың қорытындысы дұрыс.

Атап айтқанда 2006 жылғы 18-20 қаңтарда Ж. жәбірленуші У-дың үйінде болған.

Арақ ішу барысында У. бірге отырған К-ны, Ж-дан қызғанып онымен төбелескен. Нәтижесінде Ж. дастархан үстіндегі пышақпен оның тамағының астын кесіп жіберіп, сол пышақпен денесінің әр жеріне бірнеше рет ұрған.

Сот Ж-ның қылмыстық әрекетін ҚК 103-бабының 3-бөлігімен дұрыс дәрежелеп осы баппен оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыбын жартылай мойындағанын, өкпе ауруына шалдығуына байланысты денсаулығының нашарлығын, ал қылмысты мас күйінде жасаған әрекетін ауырлататын мән-жай деп танып, жасаған қылмысының сипатына және жеке басына заңды жаза тағайындаған.

Осымен бірге сотталушы Ж. бұрын-ғы үкіммен тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын ауруға шалдығуына байланысты босатылғандықтан, сотпен осы өтелмеген жазаны соңғы ҚК 103-бабының 3-бөлігімен жасаған қылмысы үшін қосуы дұрыс сараланбаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" қаулысының 18-тармағына сәйкес бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін ҚК 60-бабының ережесі қолданылмайды.



Сондықтан үкімнің осы бөлігі өзгертілуге, ал апелляциялық шағым ішінара қанағаттандырылуға жатады.

Жоғарыда көрсеткендердің негізінде, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚІЖК 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, Ақтөбе облыстық сотының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Ж. жөніндегі үкімін өзгертуге, бұрынғы 2000 жылғы 18 қыркүйектегі үкім бойынша өтелмеген жазаның бір жылын осы үкіммен тағайындалған жазаға қосқан үкімнің бөлігін бұзып ҚК 60-бабының ережесін қолданбауға, үкімнің басқа бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы шығарды.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 22e0f3fb00367ffa462572fb00214a97 -> $FILE
$FILE -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> !с қылмстың алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарауға жіберілді


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет