Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Сот іске тіркелген айғақтар мен деректерді толық зерттемей, оларға заң тұрғысынан баға бермей, істі асығыс қайта тергеуге жолдаған



Дата25.04.2016
өлшемі23.2 Kb.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында

Сот іске тіркелген айғақтар мен деректерді толық зерттемей, оларға заң тұрғысынан баға бермей, істі асығыс қайта тергеуге жолдаған

( үзінді)

А. мен Р. бірігіп арақ ішу үстінде Ж-мен ерегесіп, екеулеп жәбірленушіні ұрып, теуіп, ақыры буындырып, пышақ салып қасақана өлтірген. Осы оқиғаның үстіне келген С. қылмыс жайында полицияға хабарлаймын дегенде, А. оны да өлтіруге оқталып буындырған, бірақ, басқа адамдар келіп қалып, жәбірленуші аман қалған.

Сот, айғақты зат ретінде алынған пышақ хаттамаға сәйкес келмейтіндігін, хаттамада көрсетілген куәлардың тұратын жері белгісіз, сот тарапынан оларды табу мүмкін еместігін, Ж-ны буындырған ақ мата іске тіркелмегендігін, жәбірленуші С. қандай нәрсемен қылқындырылғаны белгісіз екендігін көрсетіп, А-ның істі қайта тергеуге жолдауды сұраған талабын қарап, осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, істі қайта тергеуге жіберу қажет деп сотталушының талабын қанағаттандырып, ҚК-нің 275-бабының негізінде істі қосымша тер-геуге жолдаған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істі прокурордың бірінші сатыдағы сот қаулысында көрсетілген талаптар орынсыз деген жеке наразылығымен қарап, қаулының күшін жойып, істі сотқа жаңадан қарауға жіберіп, төмендегі жағдайларды көрсетті.

Жоғарғы Сот алқасы прокурордың жеке наразылықты қолдаған пікірін тыңдап, наразылықтың дәлелдемелерін талқылап, соттың қаулысы төмендегі негіздерге байланысты бұзылуға жатады деген тұжырымға келді.

Соттың айғақ зат ретінде іске тіркелген пышақтың оқиғаға қатысы барлығына күмән келтіріп, жәбірленушіге жарақат салған нақты пышақты табу керек деген уәжі негізсіз.

Себебі, қылмыс болғаннан бері ұзақ уақыт өткен, сотталушылар бұрынғы жауаптарынан бас тартып, суық қару қолданғандарын мойындамаған.

Ал жүргізілген сот-дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша жәбірленуші Ж-ның мойнында кесілген жарақат барлығы айқын бекітілген. Сондықтан бұл дерек сот талқылауы барысында арнайы маманды сұрау арқылы тексеріліп шешілуі қажет.

Соттың, істі сотталушы С-ның талабы бойынша қайта тергеуге қайтара отырып, оларға (Р. екеуіне) қосымша айып тағып, ҚК-нің 275-бабын қолдану арқылы жазаларын ауырлату қажет деуі (ҚІЖК-нің 303-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына), олардың қорғану құқығына қайшы.

Сондай-ақ, айғақ зат ретінде іске тіркелген ақ матадан тігілген қалта, жәбірленуші Ж-ның мәйітімен бірге сот-дәрігерлік сараптамаға жіберілген. Бірақ, сот бұл қалтаның тағдырын әрі қарай өзі зерттемей, қаулыда оның сотқа нақты қажеттілігін ашып көрсетпей, істі қайта тергеу кезінде осы қалтаны табуды тапсырған.

Атап айтқанда, сот істе бар деректерді толық және жан-жақты зерттемей, оған заң жүзінде баға беруге әрекеттер жасамай, қылмыстық істі асығыс қайта тергеуге жолдаған.

Прокурордың бұл жөніндегі келтірген дәлелдері орынды.



Айтылғандардың негізінде және ҚІЖК-нің 411-бабының 4-бөлігін басшылыққа алып, Жоғарғы Сот алқасы Жамбыл облыстық сотының сотталушылар С., Р. жөніндегі 2005 жылғы15 желтоқсандағы қаулысын бұзып, істі сол сот-қа қайта қарауға жіберді.

Прокурордың жеке наразылығын қанағаттандырды.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> c1b623fa223bff214625720e00265880 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
$FILE -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №4 нормативтік қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет