Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында



жүктеу 20.63 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі20.63 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 23c2b4ddf7b7a31e4625732a0020222a -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу
Жоғарғы Соттың

қылмыстық істер жөніндегі

алқасында
Қылмыстық әрекеттер дұрыс дәрежеленіп, жаза мөлшері жасаған қылмысына сәйкес тағайындалған

( үзінді)

Сот үкімі бойынша А., 2006 жылғы 6 қарашада арақ ішкен күйінде Н-ның үйінен жеке мүлкін ұрлап, біраз уақыт өткеннен кейін Н-ның үйіне қайтадан барып ұрлық жасаймын дегенде үй иесі келіп қалған. А. қылмысын жасыру мақсатында оны пышақпен ұрып, ауыр дене жарақатын салған, Н. алған жарақаттан қайтыс болған.

Апелляциялық шағымында сотталған А. үкім заңсыз, жаза тым қатал деп көрсетіп, қосымша арызында әрекетін ҚК 99-бабына қайта дәрежелеуді сұраған.

Прокурордың, үкім өзгеріссіз қалдырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, шағымның дәлелдемелерін талқылап, алқа келесі мән-жайларды анықтады:

Үкім сотта зерттелген деректерге сай дұрыс және заңды шығарылған.

Басты сот талқылауында сотталған А., тағылған айыптарды негізінен мойындап, сол күні бір өзі арақ ішіп отыр-ғанда есіне танысы Н., түсіп бірге арақ ішу үшін оның үйіне барғанын, есіктегі құлыпты көріп ұрлық жасауға ойы кетіп, терезе әйнегін сындырып ішке кіріп ақша, заттар ұрлап үйіне келгенін, біраздан соң тағы да ұрлық жасауға барып үй ішін аралап жүргенде Н., келіп қалғанын, соңғысы оған күш қолданғасын сол жерден алған пышақпен ішінен бір рет ұрып қашып кеткенін, жәбірленушіні өлтіруге ойы болмағанын көрсеткен.

Сотта жәбірленушінің өкілі қаза бол-ған Н-нің туған ағасы екенін, 2006 жыл-ғы 6 қарашада ауыл тұрғындарынан ағасы жарақатталғанын естіп-біліп шұғыл үйіне барғанын, ағасы көше бойында қансырап жатқанын, сол жерде өз аузынан А., деген жігіт үйінде ұрлық жасап жатқан жерінен үстінен шыққанын, оны көрген А., пышақпен ішінен ұрып қашып кеткенін айтқасын жедел жәрдем шақырғанын көрсеткен.

Жәбірленушіге пышақты салған А. екенін, Н-ның өлер алдында өз аузынан естігенін куә Б., сотта айтып берген.

Сотталған А-ның мойындау жауаптары сот-дәрігерлік сараптама қорытындыларына, оқиға болған жерді қарау, айғақты заттарды алу, оларды тану хаттамаларына қайшы келмейтіндігінен көрінеді.

Сотталған А., апелляциялық шағымында болған оқиғаны теріске шығармай өзінің әрекетін ҚК 99-бабына қайта дәрежелеуді сұраған.

Бірақ істің шынайы мән-жайына тоқталсақ сотталған А., арақ ішкен күйінде үйге заңсыз кіру жолымен ұрлық жасап, бұл ұрлықты қайталап жасаймын дегенде үстінен үй иесі шығып қалып, сол жерде ол қылмыстың ізін жасыру мақсатында жәбірленушінің жанды жері ішінен пышақпен ұрып қасақана өлтірген.

Сондықтан оның әрекеттері қылмыс заңдарымен дұрыс дәрежеленіп жаза мөлшері жасаған қылмысына, оның зардабына сәйкес тағайындалған.



Айтылғандардың негізінде және ҚІЖК-нің 411-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы:

Алматы облыстық сотының 2007 жылғы 28 мамырдағы сотталған А., жөніндегі үкімін өзгеріссіз, ал оның апелляциалық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға қаулы шығарды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет