ЖОҒары оқу орындарын ақпараттандыру – заман талабы түменбаев Қ. К



Дата17.04.2016
өлшемі69.73 Kb.
УДК 517.51

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Түменбаев Қ.К.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші – Андасова Баққайша Заманбековна, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, п.ғ.к., «Теориялық информатика» кафедрасының доценті
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев
Жедел дамыған ғылыми-техникалық iлгерiлеу қоғам өмiрiнiң барлық салаларының ақпараттандыру ғаламдық үрдісінiң негiзі болды. Ақпараттық - технологиялық даму және оның қарқынынан мемлекеттің дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы орны, адамның өмiр деңгейi, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгі, экономика дамуы, жалпы қоғамдағы барлық саланың дамуы тәуелді болады.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның үздік магистранттарымен кездесуде болашақ ғылымда және ақпараттандыруда екенін баса айты. Сондықтан бiз осы бағытты ұстануымыз керек. Қазақстан республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада еліміздің барлық жоғары оқу орындарын ақпараттандыруды заман талабына сай етіп 2015 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Қазақстандық ЖОО-дар бұл бағытта жақсы екпiнмен еңбеке етіп келеді және жоспарланған шара өз уақытында жүзеге асады деп күтеміз. Қазақстан республикасы білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов еліміздің ТМД кеңістігіндегі жоғары білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі екенін және оның дәлелі ретінде еуропалық талаптарға сай жұмыс жүргізетін Қазақстандық білім жүйесіне Еуразия экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭС) жиынында ТМД елдерінің білім министрлерінің жоғары бағасы болып табылады.

Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогрестің тез даму қарқынымен сипатталады. Қазіргі егемен елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.

Ал білімді ақпараттандыру жүйесінің негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) қазіргі заманға сай жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында білімнің сапасын арттыратын, болашақ кәсіби шеберлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын, мәдениаралық және тілдік коммуникацияның негізін жасауға бағытталған, бірыңғай танымдық орта жасау.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Жалпы білім беруді ақпараттандыру мәселесін дұрыс түсіну үшін, осы үрдістің негізгі ұғымдарын қарастырайық.

Ақпарат – нақты мәліметтер және олардың өзара тәуелділігі туралы білім жиынтығын сақтау, өңдеу және тапсыру нысаны болып табылатын бір нәрсе туралы хабар, мағлұмат; адамдар ауызша, жазбаша немесе басқа тәсілмен берілетін мағлұмат, мәліметтер жиынтығы;

Оқытуды ақпараттандыру – 1) есептеуіш техника және оған байланысты ақпараттық технологияларды қолдану барысында білім алушылардың танымдық қызметін басқару және ұстаз бен оқушыға, білім мазмұнын толықтыратын, қажетті мәтіндік және көрнекі ақпаратты ұсыну; 2) білім беру саласын оқыту мен тәрбие жұмысында психология – педагогикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қазіргі ақпараттық технологияларды жасақтау мен пайдалануды теорияда және тәжірибесімен қамтамасыз ету процесі.

Білім беруді ақпараттандыру – білім алушылардың интеллектуалды қабілетін күшейту және танымдық қызметін қайта құруына жағдай жасау мақсатында, микропроцессорлы  техника және ақпарат тарату құралы базасында ақпараттарды жинау, өңдеу, беру және ақпаратты сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық тәжірибеге жаппай енгізу

Бұл процестің бастамашылдығы:

1) комуникативті торап, ақпарат – әдістемелік материалдар, ғылыми – педагогикалық ақпарат мәліметтерінің автоматтандырылған банкін пайдалану негізінде білім беру жүйесін басқару жетілдіру;

2) қоғамның қазіргі ақпараттану жағдайында оқушының жеке тұлға болып даму мақсатына лайық оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру түрі мен әдістері, әдіснамасы мен стратегиясын сұраптау мазмұнын толық жетілдіру;

3) білім алушылардың ақпаратты өңдеуге байланысты өздік жұмысының әр түрлері, тәжірибелік –ізденушілік қызметі, ақпарат оқу қызметін атқару, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру, білім алушының  интеллектуалды әлеуетін дамытуға бағытталған оқыту әдістеме жүйесін құру;

4) білім алушының білім деңгейін компьютерлі тестілейтін диагностикалық бақылау мен бағалау әдістемелерін құру және қолдану.

Білім беруді ақпараттандыру құралдары – оқыту мен тәрбие жұмысында психология- педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және білім беру саласында ақпаратпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйесі және компьютерлер базасында істейтін программалық- аппараттық құрал.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімділік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Білім беруді ақпараттандыру білім салаласының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық – техникалық  ғылыми- әдістемелік  және ақпараттық  жағынан қамтамасыздандыру педагог мамандарады даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Білім беруді қайта құру оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта оқытушы білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі  заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері- жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында түрған ең басты міндет.

Жаңа мыңжылдық-бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол-өткені таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмысауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан,біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен  ұлттар  ұйымының шешімімен «ХХІ  ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне  енді. Қоғамды ақпараттандыру-экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының  негізгі шарттарының бірі. Осы  мәселені шешудегі басты рөл білім беру саласына жүктеледі.

Бiлiм беру саласы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн кеңінен қолданып, ақпараттандыру үрдісін жетілдірудегі шешушi фактор. Осы орайда, қоғамның, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының ақпараттандыру деңгейін бағалау және сараптау нәтижесі бойынша сапасын арттыру мәселесі өзекті және әлемдік деңгейге сай ұйымдастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

3. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2020 жылға дейінгі стратегиясы;



4. Энциклопедия информациологии. /Под ред. Прохорева А.М. – М.: 2000. – 21 б.;

5. Педагогические технологии информатизации образования. /Под ред. Беркимбаевой Ш.К. – А.: 2002 ж.;
Каталог: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет