«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге тараптар деп аталатын «Жолушылар тасымалы»



жүктеу 1.97 Mb.
бет1/10
Дата03.05.2016
өлшемі1.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы

мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған

ұжымдық шарт

Бірге тараптар деп аталатын «Жолушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (Президенті) (бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы атынан және Кәсіподақ төрағасы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстандық салалық теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ) атынан осы ұжымдық шартты төмендегілер туралы жасасты.


І бөлім. Жалпы ережелер
1. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт (бұдан әрі – шарт) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жасалды.

2. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады, ол Тараптардың тең құқықтары мен мүдделерін құрметтеу принципіне негізделіп жасалды және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

3. Шарт 2015-2017 жылдарға арналып жасалды және ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

4. Шарттың күші жұмыс берушіге және Қоғамның аттарынан осы ұжымдық шарт жасалған қызметкерлері мен осы ұжымдық шартқа жазбаша өтініштері негізінде қосылған қызметкерлерге, босатылған, сайланбалы және штаттық кәсіподақ қызметкерлеріне қатысты қолданылады. Шартқа қосылу тәртібі шарттың 12-қосымшасында көзделген.

Осы шартта зейнеткерлерге, оның ішінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға жеке жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген.

5. Осы шарттың еңбекақы төлеуге, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларға қатысты ережелері Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлеріне және Қоғамның шет елдегі өкілдіктері қызметкерлеріне қатысты болмайды.

6. Тараптар шарттың ережелерін басшылыққа алуға және орындауға міндетті болып табылады. Тараптардың ешқайсысының да шарттың кез келген бір тармағын бір жақты тәртіпте өзгертуге немесе оның күшін тоқтатуға құқығы жоқ.

Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың ортақ келісімі бойынша енгізіледі. Тараптардың біреуінің келіссөздерді жүргізе бастау туралы талабы екінші тарап үшін міндетті болып табылады. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінің арасынан құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістерді қарайды және бұл өзгерістер мен толықтырулар бірдей заңдық күшке ие, шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және тараптардың қолдары қойылатын қосымша келісіммен ресімделеді.

Шарттың ережелеріне түсініктер тараптардың өзара келісімі бойынша беріледі.

7. Қоғамды таратып, қайта құру кезінде шарт жаңасы жасалғанға дейін өз күшін сақтайды.



ІІ бөлім. Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,

еңбекақы және жұмыс уақыты
8. Жұмыс беруші:

1) Қоғам қызметкерлеріне төленетін еңбекақыға берілетін ең аз кепілдік ретінде – еңбекақы төлеу жөніндегі тарифтік тордың негізінде белгіленген тарифтік ставкалар мен жалақыларды, не болмаса лауазымдық жалақылар мен Қоғамда белгіленген ең аз еңбекақы төлеу мөлшерінің схемаларын қолдануға;

Желілік деңгейдегі бөлімшелер қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережесі Кәсіподақпен келісілуі тиіс.

Еңбекақының негізгі үлесін (еңбекақының тұрақты түрде төленетін бөлігіне қатысты) бір жолғы ынталандыру төлемақыларынсыз Қоғам қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысының 75 пайызынан кем болмайтын мөлшерде қамтамасыз етуге;

2) жұмысшыларды тарифтеу және оларға біліктілік разрядтары мен санаттарын беру кезінде оны жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің қолданыстағы тарифтік-біліктілік анықтамалығы бойынша Кәсіподақпен келісуге;

Қызметшілерге еңбек ақы төлеу разрядтарын тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптарға және лауазымдық жалақылардың белгіленген схемаларына сәйкес белгілеуге;

3) мамандығы мен жұмыс стажы жоқ қызметкерге кәсіпті игеру кезеңінде жұмысқа қабылданып отырған кәсіп бойынша егер бұл кәсіп үшін арнайы оқу талап етілмесе, ең төменгі разряд белгілеуге;

4) ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, зиянды жұмыстармен және еңбек жағдайы ерекше зиянды ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің тарифтік ставкаларына (жалақыларына) жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша сараланған қосымша ақы белгілеуге (1-қосымша);

5) қызметкерлерге атқаратын жұмысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-п бұйрығымен бекітілген жұмыс уақытын қысқартуға, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқық беретін, нақты жұмыс істеген уақыты үшін өндіріс, цех, кәсіптер мен лауазымдар тізімінің, ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар тізбесінің (2-қосымша) негізінде қосымша ақы төлеу арқылы еңбек ақының жоғары мөлшері белгіленетін ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және еңбек жағдайлары аса зиянды аса ауыр жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың кәсібі тізбесіне сәйкес қосымша демалыстар беруге;

6) еңбек нормаларын (өнімділік, уақыт, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды қол жеткізілген техника, технология, еңбек өндірісін ұйымдастыру деңгейін ескере отырып жүргізуге. Еңбек нормаларын өзгертуге қатысы бар қызметкерлерге өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабарлауға. Тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша қолданылатын актілер тізбесін, сондай-ақ оны енгізу, әзірлеу және қайта қарау мерзімдерін белгілеуге;

7) желілік деңгейдегі филиалдардың жұмысшыларына төленетін еңбекақыны Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен белгілеген инфляция деңгейі шегінде индекстеу мүмкіндігін Қоғамның қаржы жағдайына байланысты Тараптардың келісімі бойынша белгілеуге;

8) Қоғам қызметкерлеріне еңбекақының есептік айдан кейінгі айдың 10-ына дейін төленуін қамтамасыз етуге;

Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда оған тиесілі барлық сомаларды шарт бұзылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;

9) міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылуын қамтамасыз етуге;

10) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің тарифтік ставкаларына (жалақыларына) мыналар үшін:

кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін;

қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе жұмыс көлемінің ұлғайғаны үшін;

уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін негізгі жұмысынан қол үзбей орындағаны үшін;

бригаданы басқарғаны үшін (негізгі жұмыстан босатылмаған, жұмысшылар ішінен тағайындалатын бригадирлерге) қосымша ақылар төлеуге міндетті.

Аталған қосымша ақыларды, еңбек ақы төлеу қоры мен жұмыс көлеміне байланысты жыл сайын қайта қарап отыруға, басшылардың штаттық орынбасарларына уақытша жоқ басшылардың міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы төлемеуге міндетті.

Жұмыс берушінің актісіне сәйкес ай сайын Қоғамның «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерлеріне тарифтік ставканың (жалақының) 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде үстемеақы төлеуге;

11) Жұмыс берушінің кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін қолдануға;

12) еңбек ақы төлеуге бөлінген қаражат шегінде Қоғам қызметкерлерінің барлық санатына күнтізбелік кезең ішінде мынадай сыйлықақы түрлерін қарастыруға міндетті:

- тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша;

- жылдық (еңбекақы төлеуге бөлінген қаржыны үнемдеу есебінен);

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ кәсіби мереке – «Қазақстан Республикасының көлік қызметкерлері күніне» орай төленетін бір жолғы сыйлықақы бекітілген мөлшерден – 10 (он) ЕАЕМ-нен (туралы Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет заңымен белгіленген еңбекақының ең төменгі мөлшері) аспауы тиіс. Сыйлықақы төлеу туралы бұйрық шыққан күні:

а) жүктілігіне және босануына, сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алуына байланысты демалыста жүргендерден;

б) баласы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ақысыз қосымша демалыста жүргендерден;

в) қызметкердің өтініші негізінде еңбек шартында тұрған тараптардың келісімі бойынша 30 күнтізбелік күннен артық уақытқа созылатын ақысыз ұзақ демалыста жүргендерден басқа Қоғам филиалдарының штатындағы қызметкерлерге сыйлықақы төленеді.

13) сыйақыны есептеу үшін (жұмыс күндері) кезекті еңбек демалысында болған уақыты, қызмет бабымен іссапарда (оның ішінде біліктілікті арттыру курстарында) болған кезеңі нақты жұмыс істеген уақытына қосылады.

14) қызметкерлердің еңбекақысын есептеген кезде экологиялық апатты аудандарда тұрғаны үшін қосымша ақыны қолдануға (3-қосымша).

Арал өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін төленетін қосымша ақыларды есептеуді қызметкердің сағаттық тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып жүргізуге;

15) белгіленген регламентке сәйкес арнайы үзілістер беріп, жұмысты аса қиын метеорологиялық жағдайлар (аяз, бұрқасын, қар басу, аптап) кезінде үнемі ашық ауада орындап, мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға, электромеханиктерге, бас электромеханиктерге, жол шеберлеріне, бас жол шеберлеріне тарифтік ставкаларды (жалақыларды) 15 пайызға көтеруге, кесімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жұмыста белгіленген өндірім нормаларын:

ауаның температурасы минус 25 градус (Цельсий бойынша) және төмен болған кезде;

ауаның температурасы плюс 35 градустан (Цельсий бойынша) жоғары болған кезде;

ауаның температурасы 10 градустан (Цельсий бойынша) төмен болып, бұрқасын мен қар жауған кезде;

Жоғарыда аталған еңбекке ақы төлеу және нормалау шарттарын қолдануды тиісті актілермен ресімделген метеорологиялық мәліметтер деректерінің негізінде, ұзақтығы жұмыс ауысымының 2/3-інен асатын жұмыстарды ашық ауада орындаудың нақты күндері үшін жүргізуге;

16) тегін жол жүру билеттерінің және жеңілдікпен отын алумен қамтамасыз етудің жойылуына байланысты мыналарда жұмыс істейтін қызметкерлерге:

5-класс станцияларында, разъездер мен басып озу пункттерінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4-класс станцияларында – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3-класс станцияларында – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын үстеме ақы белгілеуге.

Құнына тасымалдау шығындары енгізілуі тиіс отынды (тұрмыстық көмір) Жұмыс беруші жұмсалған сомаларды кейіннен қызметкерлерге, сондай-ақ 3, 4, 5-класты станцияларда тұратын зейнеткерлерге өтеттіру есебімен сатып алады.

17) қызметкерлерге артық істелген жұмыс уақытына, оның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде шыққан артық сағаттарға кем дегенде бір жарым мөлшерде ақы төлеуге.

Артық сағаттарды есептеу үшін жұмыс уақытының нормасын жұмыста болмаған (уақытша жұмысқа қабілетсіздігі, еңбек демалысы, еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезіндегі) сағаттарын есептей отырып түзетуге.

Еңбек жағдайлары аса қауіпті және аса зиянды жұмыстарды орындаған кезде артық жұмыс сағаттарына жол бермеуге;

18) Қызметкердің кінәсінен тыс бос тұру уақытына орташа айлық еңбекақының 50 пайызынан төмен болмайтын есеппен төлем жүргізуге, қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде (мұндай жағдайды Қоғамның арнайы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметтері, ал даулы жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясы растаған жағдайда) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз тұрған уақытқа төлем жасалмайды).

Пассив кезекшілік үшін жұмыс берушінің Кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес төлем жүргізуге;

19) жол жүру барысында ауысуға немесе жұмыстарды орындауға байланысты қызмет көрсететін учаскелер шегінде тұрақты орындалатын жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қызметкерлерге еңбек шартымен белгіленген үстеме ақы төлеуге (4-қосымша);

20) негізгі жұмысынан босатылмаған, өздерінің келісімі бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұйрығына сәйкес басқа қызметкерлер мен студенттерді үйретуге (айлап) тартылған білікті қызметкерлерге «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамындағы тәлімгерлік ету ережесіне сәйкес ақы төлеуге;

21) қызметкер жұмыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес берілген грант шеңберінде күндізгі оқу нысанындағы магистратура, аспирантура және докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша оқуға жіберілген кезде қызметкерге ақысыз демалыс, сондай-ақ жұмыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарымен көзделген басқа да кепілдіктерді беруге;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының мерзімін қамтамасыз етуге (нақты жұмыс режимдері кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша ішкі еңбек тәртібі ережесінде белгіленеді);

23) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін кем дегенде жарты сағаттық бір үзіліс беруге;

24) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқартылған жұмыс күнін және жыл сайын он бес күннен кем болмайтын ақысы төленетін қосымша демалыс белгілеуге;

25) өндіріс шарттары бойынша белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуы мүмкін емес, үздіксіз тәулік бойы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін қызметкермен (қызметкерлердің өкілімен) келісім бойынша айлық, тоқсандық есептік кезеңімен жұмыс уақытыныңжиынтықты есепке алуын енгізуге. Есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының нормасы алты күндік жұмыс аптасы жағдайындағы жұмыс уақытының теңгеріміне байланысты белгіленеді.

Жұмыс уақытын және демалыс уақытын реттеуді барлық есептік кезеңге белгіленген ауысымдық график негізінде жүргізуге, бұл ретте, қабылданған есептік кезеңде демалыс күндерінің саны осы есептік кезеңінің демалыс күндеріне сәйкес келуі тиіс;

26) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысты орындау үшін қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен және Жұмыс берушінің актісінің негізінде жұмысқа тартуға;

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа екі еселенген мөлшерде төлем жасауға немесе қызметкердің қалауы бойынша оған дараланған мөлшерде төлем жасап, қосымша демалыс күнін беруге;

27) үздіксіз тәулік бойы ауысымдық жұмыстағы қызметкерлер үшін мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православное Рождество жалпы демалыс күндері болып саналсын.

Аталған күндердегі жұмыс үшін ақы төлеу Шарттың 8-тармағының 26) тармақшасына сәйкес жүргізілсін.

28) қызметкерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтау арқылы төмендегі ұзақтығы белгіленген жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын:

жұмысшыларға – 24 күнтізбелік күн;

басшыларға, мамандарға, қызметшілерге 24, 28, 30 күнтізбелік күн беруге (5-қосымша).

Демалыстарды беру кезектілігін өндірістік процесті ескере отырып, кәсіподақ органдарымен келісіп, бекітілген график бойынша белгілеуге. Қызметкерді еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, соның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосуға не болмаса өтемақы төлеуге. Шақырту еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыс күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізілсін. Жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу оның басталуынан бұрын үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілсін.

29) қызметкерге жыл сайынға ақысы төленетін демалыс берген кезде жылына бір рет бір айлық тарифтік ставкадан (лауазымдық жалақыдан) артық болмайтын мөлшерде материалдық көмек төлеуге. Қайтадан қабылданған немесе баланың (балаларының) туғанына, жаңадан туған баланы (балаларды) асырап алумен байланысты демалыстан шыққан қызметкерге берілетін материалдық көмек жұмысқа қабылданған/шыққан күннен бастап кем дегенде 6 ай өткеннен кейін төленеді. Жыл сайынғы ақы төленетін демалыс бөліп берілген жағдайда қызметкерге материалдық көмек бір жолы, есептелген демалыстық сомамен бірге толық көлемде төленеді.

30) қызметкерлерге тиісті құжаттарын берген жағдайда мына жағдайларда:

тізімге сәйкес зиянды жұмыста істегені үшін;

экологиялық апатты аймақтарда тұрғаны үшін;

темір жол көлігі мекемелерінде үш жылдан астам жұмыс стажы бар қызметкерлерге – әр жыл сайын 2 күннен, бірақ 6 (алты) күнтізбелік күннен аспайтын:

орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде өндірістен қол үзбей оқитындарға сессия, диплом жобаларын дайындау және қорғау кезінде, оқу бітіруге байланысты емтихандар тапсырған кезде ақылы қосымша демалыстар беруге міндетті болады.

Ақы төлеуді оқу орнының тиісті құжатымен расталған оқу жоспарын орындау шартымен, жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақыны есептеу тәртібімен, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, орташа айлық еңбекақы сомасы есебінен жүргізуі тиіс;

қызметкердің ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңілілерінің, қарындасының қайтыс болуына байланысты – 3 жұмыс күні;

некеге тұруына байланысты – 3 жұмыс күні;

бала тууына немесе баланы асырап алуына байланысты – 1 жұмыс күні беріледі.

Қосымша демалыстар ақылы кезекті демалысқа кірмейді, олар бойынша есептеу және ақы төлеу жыл сайынғы демалысқа төлемақыны есептеу тәртібімен жүргізіледі;

31) мына жағдайларда материалдық көмек көрсетуге:

а) қызметкердің қайтыс болуына байланысты – 100 (жүз) АЕК, қызметкердің ата-анасы, жұбайы/зайыбы, баласы қайтыс болғанда – 50 (елу) АЕК;

Әлде біреуінің қайтыс болуына байланысты материалдық көмек көрсету жөніндегі өтінішке қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі қоса берлуі тиіс.

б) бала тууына, асырап алуға байланысты – ең төменгі еңбекақының екі еселенген мөлшерінде, ал қызметкерде екі немесе одан көп бала туылса, немесе асырап алса – әр балаға ең төменгі еңбекақының үш еселенген мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады.

Бала тууға, асырап алуға байланысты материалдық көмек көрсетуге арналған өтінішке растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс;

в) неке қиюға байланысты 20 (жиырма) АЕК мөлшерде.

Неке қиюға байланысты материалдық көмек көрсету жөніндегі өтінішке неке қию туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуі тиіс;

32) қызметкерге жазбаша өтініші негізінде Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес ақысыз демалыс беруге;

33) толық емес жұмыс күні режимін енгізген кезде демалысқа төлем жасау үшін (пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеу үшін) орташа күндік (орташа сағаттық) еңбекақыны есептеуді нақты жұмыс істелген уақыт есебінен жүргізуге;

34) зейнеткерлік жасқа жетуіне 3 жыл және одан да кем уақыт қалған қызметкерлерге толық жұмыс күні (толық жұмыс аптасы) режимін сақтауға;

35) мектеп жасындағы баласы бар қызметкер қажетті құжаттарды (қызметкердің мектеп жасындағы балаларының санын растайтын анықтамаларды, мектептің орналасқан жерін және балалардың осы мектепте оқитынын растайтын мектеп анықтамаларын) тапсырған кезде қалалар мен ірі тораптық станцияларда орналасқан мектептердегі, мектеп-интернаттардағы оқу орнына барып келу үшін бір оқушыға арналған бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Қоғам филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен) оқу жылы кезеңінде ай сайын қосымша ақы төлеуге;

36) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыны заңнамаға сәйкес есептелген орташа еңбекақы есебінен төлеуге. Бұл ретте уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі айлық жәрдемақының мөлшері теміржол саласындағы жұмыс стажына байланысты төмендегі мөлшерден артық болмауы тиіс:

15 жылға дейін – 15 АЕК;

15 жылдан артық – 20 АЕК.

Жұмыста жарақаттануы немесе кәсіби ауруы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы орташа еңбекақының 100% мөлшерінде;

37) уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыны:

1) заңды күшіне енген соттың үкімімен оңың кінәлілігі айқындалған жағдайда, уақытша еңбекке жарамсыздығы ол қылмыс жасаған кезде жарақат алуының салдарынан болған қызметкерге;

2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлі емдеу уақытында (психикалық аурулардан басқа);

3) заңды күшіне енген соттың үкімімен немесе сот қаулысымен оның кінәлілігі айқындалған жағдайда қызметкердің қамауда болған уақытында және соттық-медициналық сараптама уақытында;

4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және токсикологиялық заттарды қолдану салдарынан ауырып қалған немесе жарақат алған қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкер жұмысынан (лауазымынан) алшақтатылған кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздық туындаған кезде;

6) кезекті немесе қосымша демалыста, ол уақытша еңбекке жарамсыз отбасы мүшесіне күтім жасауды жүзеге асырған кезде еңбекақысын сақтаусыз демалыста болған қызметкерлерге;

7) жыл сайынғы еңбек ақысы төленетін демалыс кезінде еңбекке жарамсыз болған күндері үшін төленбейді.



ІІІ бөлім. Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау,

босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау
9) Жұмыс беруші:

1) жұмысқа қабылдауды қызметкерді еңбек жағдайларымен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарының олардың кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда, оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;

лауазымдары осы Шартқа 7-қосымшада көзделген қызметкерлермен үлгі шарт негізінде толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың жасалуын қарастыруға (6-қосымша);

2) қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде еңбек шарттарын:

а) белгісіз мерзімге;

б) кем дегенде бір жылдық белгілі бір мерзімге жасасуға.

Еңбек шартының мерзімі ұзартылған жағдайда, ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Қызметкермен бұрын жасалған бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты оның атқаратын қызметіне байланысты қайталанып жасалғанда, ол да белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Егер еңбек шартының қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы да бір тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалған қызметкерлерге көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында белгіленген мерзімге еңбек шартын жасауға тыйым салынады:

в) уақытша жоқ қызметкердің орнына жұмыс істеу уақытына;

г) белгілі бір жұмысты орындау уақытына;

д) маусымдық жұмыстарды орындауға;

3) қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасқан кезде:

а) еңбек жағдайларының сипатын, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлардың тізбесін;

б) сол жұмысты орындау үшін қажетті арнай киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу заттарымен қамтамасыз ету нормаларын;

в) демалыстарды беру немесе пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу тәртібін;

г) материалдық және моральдық ынталандыру туралы ережені;

д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары, мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін келесі жұмыс режимдерін: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы шегіндегі кезекшілікті, жұмыстың икемді графигін, толық емес жұмыс күнін қолдануға;

4) қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан кезде жұмыста қалдырудың артықшылық құқығын:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;

б) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылардың ата-аналарына;

в) темір жол көлігінде жұмыс істеген қызметкерлерге: ерлерге - кем дегенде 25 жыл, әйелдерге - кем дегенде 20 жыл;

г) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға;

д) жылына кем дегенде бес рационализаторлық ұсыныс енгізген жағдайда көп жыл бойы белсенді рационализаторлық қызмет жасаған рационализаторларға беруге;

Кәсіпорынның қызметі тоқтатылған жағдайды қоспағанда, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде бір отбасынан екі қызметкердің (ері, әйелі) жұмыстан босатылуына жол бермеуге;

5) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:

а) қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алда тұрған қызметкерлерді жұмыстан босату туралы жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға оларға тиюі мүмкін деген, лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігін көрсету арқылы қызметкерлердің саны мен санаттары және жұмыстан босатылатын қызметкерлердің еңбекақы мөлшері мен босату басталғанға дейін кем дегенде екі ай бұрын олардың жұмыстан босатылатын мерзімдері туралы ақпарат беруге;

б) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеуі үшін аптасына бір күн немесе әр жұмыс күні ішінде екі сағат беруге;

в) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерге орташа айлық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы және екі орташа айлық еңбекақы мөлшерінде қосымша өтемақы төлеуге. Бұл ретте екі орташа айлық еңбекақы мөлшеріндегі (жұмыс іздеу кезеңінде сақталатын) қосымша өтемақыны теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде бес жыл болатын адамдарға, өкілетті мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелу (есепке тұру) туралы анықтаманы ұсыну шартымен әр ай өткен соң, бір орташа айлық еңбекақы мөлшерінде төлеуге (бірінші және екінші айлар үшін);

Станцияларда, разъездерде аталған уәкілетті органдар жоқ болған жағдайда, құрылымдық бөлімше басшысына Қоғам басшылығының алдында елді мекенде бос жұмыс орнының болмауына байланысты қосымша өтемақылар төлеу туралы өтініш жасау құқығын беруге.

6) жеке еңбек шарттары Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3), 6) – 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерден басқа темір жол көлігі ұйымдарында кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген, жасының келуіне байланысты зейнеткерлік демалысқа шығу құқығына ие болуына үш жыл қалған қызметкерлерге Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен жұмыс тауып беруге кепілдік беруге;

Жасы 55-ке толған қызметкерлермен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қажеттілік бойынша құрылған комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарттарын бұзуға рұқсат етілмейді.

Комиссия жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең (бірдей) санынан тұрады және ол жұмыс берушінің актісімен құрылады, шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

7) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда, жұмыс істеушілердің санын бірінші кезекте:

кадрлардың жұмыстан өз еріктерімен кетуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;

кадрларды қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды өз қаржылары есебінен;

кадрлардың бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауысуы;

қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;

жұмыстан босатуға балама, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану;

мекеменің құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру, тұрғын үй беру немесе оны жеңілдікпен сатып алуға жағдай жасау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жол ақысын төлеу және Тараптардың келісімі бойынша басқа да жеңілдіктер беру арқылы жаңа жұмыс орнына көшу;

қызметкердің келісімі бойынша ауысу сәтінен бастап үш ай ішінде бұрынғы жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы басқа да тұрақты, еңбекақысы төмен жұмысқа ауыстыру есебінен реттеуге;

8) қызметкерлердің штаты ұлғайтылғанда, соңғы алты айдың ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге қолда бар вакансиялар туралы оларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін 10 күн ішінде Жұмыс берушіге жүгінбесе, ол жұмысқа орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);

9) босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз етуге. Қызметкерлердің қайта мамандануын (басқа кәсіптерге оқыту), оқу кезінде олардың орташа табысының 75 пайызын төлеу арқылы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

10) Кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын Еңбек Кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша бұзуға, сондай-ақ еңбек шартын Еңбек Кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тоқтатуды осы шартқа 8-қосымшада көзделген тәртіппен кәсіптік одақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізуге;

11) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату ниеті туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге, бұл ретте Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге (54, 56, 59-баптың негізінде).

12) қызметкерге әскери қызметке шақырылған және мерзімдік әскери қызмет мерзіміне жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;

13) Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің лауазымына сәйкес келмеуі немесе орындалатын жұмысқа біліктілігінің жеткіліксіз болуы салдарынан еңбек шарты бұзылған кезде, құрамында қызметкердің өкілі болуы тиіс аттестациялық комиссияның шешімін негізге алуға. Қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібі, шарты және оны жүргізудің кезеңділігі Аттестаттауды жүргізу ережелерінде белгіленеді (9-қосымша);

14) мына жағдайларда:

медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызметкерге қолайсыз жұмысты орындауға арналған еңбек шартын жасасқан жағдайларда еңбек шарты тоқтатылған кезде үш айлық орташа жалақы мөлшерінде;

15) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда Жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеуші жалғыз аналармен, балалардың аталған санатын анасыз тәрбиелеп жатқан өзге тұлғалармен еңбек шартының бұзылуына жол бермеуге міндетті болады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет