Жолдасбекова С. А., Толыбаева Э. Т., Кебекбаева Р. Н



Дата03.05.2016
өлшемі86.28 Kb.
ӘОЖ 331.361

Жолдасбекова С.А., Толыбаева Э.Т., Кебекбаева Р.Н.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальді оқытуды ендіру мәселесі қаралады. Қазіргі қоғамның дамуында білім беру жүйесі маңызды орын алады, соның ішінде орта кәсіптік білім беру. Заманауи маман бәсекеге қабілетті және білім беру мекемесінде алған білімдерін қолдана білуі, өндірістің үздіксіз жаңарып отырған жағдайда жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіби ұтқыр болуы тиіс.
Кілттік сөздер: техникалық және кәсіптік білім беру, дуальдық, дуальды оқыту жүйесі.

 

 Білім – тек ғылымның іргетасы емес, шетелдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орыналуы, оның білім жүйесінің дегейіне, даму бағытына байланысты. Білікті мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ. Халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірибелі, білімді, үлкен сыннан өткен кадрлардың қолында екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден – бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселесі екенін көрсеткен [1].



      Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Германияда кез келген кәсіпкер өзінің жұмысын өрістетіп отырған жұмысшыларының кәсіби біліктілігі биік болғанын қалайды. Білікті жұмыс күші бизнестің кез келген қоғамдық ортада бәсекеге төтеп беруіне жол ашатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның дамып, ел экономикасының өрістеуіне әсер етеді. Мұндай табысқа қол жеткізудің басында дуальді жүйе тұрғанын айтуға тиіспіз. Германияда бұл жүйе іске асқалы немістің компаниялары дүнижүзін таңқалдырып келеді. Неміс ғажайыбының басты сыры білікті жұмыс күшінде. Қазіргі таңда дуальді жүйені Франция да өздерінің іс-тәжірибесіне енгізіп жатыр. Жалпы бұл жүйені қандайда бір шенеунік немесе мемлекеттік мекеме ойлап тапқан жоқ. Дуальді жүйе кәсіпкерлер мен оқу орындардың арасындағы қарым-қатынастың арқасында пайда болған тәсіл. Сондықтан бұл жүйе қазір өзінің құндылығымен Германияны былай қойып, көптеген елдердің назарын өзіне аударып отыр. Осы ретте дуальді жүйені Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет - Қазақстанның бірінші болып қолға алуын өте орынды [2].

Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3 пайызды құрап отыр. Ал тұтас елде бұл көрсеткіш 7,8 пайыздың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7 пайыз болса, бұл көрсеткіш Грекияда — 45, Испанияда — 43, Францияда — 30, Италияда 28 пайызды құрайды. Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздар мәселесін шешуде қаншалықты тиімді екенін байқауға болады.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз  теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнындадағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орыналуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.

Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігіт уындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлаудыталапетеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз етумәселесінде жұмылдыру.

Дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысын, өзараәсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.



Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызмет саласы мен құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:

-оқу мекемесінің нормативтік – құқықтық, кадрлық, материалдық – техникалық базасына талдау жасау;

- әлеуметтік тапсырысты меңгеру және оқу мекемесінің қызметін еңбек нарығының сұраныстарына қайта бағдарлау;

- маркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша дуалды білім беру жүйесінің даму перспективаларын игеру;

- мамандар дайындауда жұмыс беруші – кәсіпорындармен құқықтық, қаржылық, оқу – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттемелерін жасау;

- басқару механизмдерін бейімдеу және оқу – практикалық сабақтар мен өндірістік практиканы жүзеге асыру бойынша бірігіп жоспарлау.

- еңбек нарығы жағдайларына оқу мекемесінің оқу – тәрбие, оқу – өндірістік қызметін үйлестіру және бейімдеу.

Мысалы, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі дуалды жүйе бойынша экспериментальды база болып тағайындалғаннан кейін, екі мамандық бойынша, бірнеше жылдан бері бірлесе жұмыс жасап жүрген әлеуметтік серіктестік «АлматыЭнергоСервис» ЖШС ұжымымен жұмыс, оқу бағдарламалары бекітіп, жоспар жасап дуалды оқыту ендірілген.

Мұнда оқу жылы 2 топ – 50 оқушы аталған жүйе бойынша оқуларын жүргізеді. ІІ семестрден бастап аптасына бір күн өндіріске барып, тәжірибелік жұмыстарын бастаған оқушылардың мамандыққа деген түсінігі артып, оқуларында жаңа бір серпіліс пайда болғандай әсер қалдыруда.
Оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша І курстың ІІ семестрінде оқушылар өндірісте тәжірибе сағаттарын өтеді. Семестр бойынша бұл тәжірибе 120 сағатқа жетеді. ІІ курста аптасына 2 күннен, жалпы 396 сағат өндірісте болады. Сонымен қатар, ІІ курста 4 апталық оқу тәжірибесі де өндірісте өткізіліп, ал 2 апталық оқу тәжірибесін колледж базасында өткізу жоспарланып отыр. ІІІ курста аптасына 3 күн – 504 сағат және жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 360 сағат (10 апта) өндірісте өтеді. Ал, ІV курста 198 сағат теориялық сабақтары колледжде өтіліп, қалған уақытта оқушылар толығымен өндірісте болады деп жоспарланып отыр.Жыл сайын бір техникалық мамандық бойынша әлеуметтік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп, келісімшарт негізінде дуалды оқыту жүйесін колледж ұжымы одан әрі дамытуда.

Студенттер колледж тарапынан көлікпен және өндірістегі жетекшімен қамтамасыз етілсе, серіктестер тарапынан арнайы киіммен, түскі аспен қамтамасыз етіледі. Колледж оқушылары жайлы әлеуметтік серіктесіміз де жоғары бағасын беруде. Жоғары білімді, өндірістегі тәжірибелері мол білікті мамандар энергетика мен машина жасау салаларының даму бағыттары жөнінде дәріс беріп, таңдаған мамандықтарының қыр-сырын үйретіп, оқушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруда.

Сонымен, оқу үрдісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтелетін нәтижелер:

- Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;

- Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешемін табады;

- Оқу орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;

- Жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальді оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;

- Дуальды оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Президент тапсырмасына сәйкес, оқытудың дуалды жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру мен мемлекет экономикасының инновациясына білікті кадр¬лар даярлаудың маңыздылығына байланысты қолға алынған оқытудың дуалды жүйесін енгізу бойынша қанат қақты жобаның нәтижелі жүзеге асырылуына ықпал етіп, өнеркәсіп пен оқу орындарының арасындағы байланысты нығайта түсуге қосымша серпін береді.



Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.

  2. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы.Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 7 маусым N 389.

  3. Жолдасбекова С.А., Нуржанбаева Ж.О. Дуальді оқыту жүйесін ендіру арқылы колледж студенттерінің еңбек құндылығын қалыптастырудың мәні. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70-жылдық мерейтойына орай «Сапалы білім беру мен ғылымды дамыту – заман талабы» атты Халықаралық форум материалдары. 306-308б. Алматы қаласы, 15 қыркүйек 2014ж.

  4. Zholdasbekova S., Nurzhanbaeva Zh. The importance of introduction of a dual system of education in formation of future specialists the work values. International conference of industrial technologies and engineering. Octover 30-31.2014.ICITE. M.Auezov South Kazakhstan State University Shimkent. Kazakhstan. 503-505

Резюме

В статье рассматривается проблемы внедрение дуального обучение в систему Технического и профессионального обучения в Республике Казахстан. Важное место в развитии общества отводится системе образования, в том числе и среднему профессиональному образованию. Современный специалист должен быть конкурентоспособным и широко и сознательно использовать знания, приобретенные в учебном заведении, обладать профессиональной мобильностью, позволяющей быстро адаптироваться в условиях непрерывного обновления производства.
Summary

The article discusses the problems of the introduction of the dual system of education in technical and vocational education in the Republic of Kazakhstan. An important role in the development of society is given the education system, including vocational training. Modern person must be competitive and widely and consciously use the knowledge acquired in school, to enjoy professional mobility, which allows to adapt quickly in a continuous renewal of production.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет