Жоспар Кіріспе І зерттеу бөлімі «Қазақстанның ғарыштық көкжиегі» «Әр жүрек отан деп соғуы керек» Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевтың өмір жолы. «Қазақ ғарыш»



Дата25.04.2016
өлшемі73.46 Kb.

Жоспар


Кіріспе

І Зерттеу бөлімі



    1. «Қазақстанның ғарыштық көкжиегі»

    2. «Әр жүрек отан деп соғуы керек»

    3. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевтың өмір жолы.

    4. «Қазақ ғарыш» мектеп ашылды.

    5. Көктегінің бізге керегі бар ма?

ІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе


Премьер –министр Даниял Ахметовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Білім мен ғылым министрі Бірғаным Әйтімова бағдарламаның үстіміздегі жылдың 1-ші жарты жылдығында орындалу қорытындысымен хабардар етті. Оның сөзіне қарағанда бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты мәселерді нормативтік құқықтық реттеу тұрғысында едәуір жұмыстар атқарылған. Оны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары, Үкіметте әзірленіп бекітілді. Үкімет шешімімен «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорын «Қазғарыш» ұлттық компаниясы құрылды. Сондай – ақ Үкіметтің Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы қаулысының жобасы әзірленді. Бүгінгі күні бірқатар жобалар белсенді жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі – «Байқоңыр» ғарыш аймағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру.

Бұдан басқа тағы бір ғарыштық жобаны – «Қаз Сат» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін әзірлеу мен іске қосуға арналған жобаны дайындау жұмыстарында да едәуір ілгерілеушілік байқалады.

Ұлттық ғарыштық бағдарлама аясында жүзеге асырылу үстіндегі тағы бір жоба – «Есіл» авияциялық зымыран – ғарыш кешені. Оны жүзеге асыру төменгі жер маңайы орбитасына азаматтық мақсаттағы шағын спутниктер шығаруға мүмкіндік береді.

Израилдің Israel aircraft industry және Rafal секілді компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастыққа ықылас танытуда. Мұның сыртында ғарыштық аппаттарды басқарудың жердегі кешені мен байланыс мониторингі жүйесінің жолсерік құралдарын құрастыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Ресей Федерациясында әзірліктен өткен Қазақстандық екі ғарышкер Ю А Гагарин атындағы ғарышкерлер әзірлеу орталығында арнаулы бағдарлама бойынша оқуларын жалғастыруда.


1.1 «Әр жүрек Отан деп соғуы керек»

Адам баласының ойына да кіріп – шақпаған аспан әлеміне ле есік айқара ашылды. Адамнан амал артылған ба… Ғарышқа жасалған ең алғашқы сапар жер шарын дүрліктіріп жіберген болатын. Жылдар өткен сайын жаңа технология да дами түсуде. Аспан әлемінің қыр-сыры ашылып. Оған таң қалмайтын дәрежеге де жеттік. Бүгінде адам аспанға ұшты дегеннен гөрі, ұша алмай қалды, дегенде қызыға қарайтын ұрпақ қалыптасты. Алайда ғарышқа жол салу оңай дүние болмағаны белгілі сондықтан айға ұшып қазақтың атын алғаш ғаламға танытқан ғарышкерлердің бүгінгі заман мен қоғам жайлы ойларын білгіміз келген. Бүкіл дүние жүзілік авиация және космонавтика күні тұңғыш ғарышкеріміз, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровты іздеп, әңгімеге шақырдық.

Отанымыздың ұшқыштар дайындау ісі және Қазақстан космонавтикасының бүгінгі жай – күйіне байланысты не айтар едіңіз? Білім мен ғылымға қатысты ойларыңызды да білсек деп едік.

- Бүгінгі, ұшқыштар дайындау ісі менің ойымша біраз өзгеруі тиіс. Мысалы, Ақтөбеде ұшқыштар даярлайтын мектеп бар. Қазіргі таңда осы ұшқыш боламын, космонавтика маманы боламын деп ниет білдіріп жатқан балалардың ішінде емтиханды жақсы тапсыратындары негізінен қаладан келгендері.

Неге десеңіз, қазір барлық мұғалімдер, оның ішінде де мықты мамандар қалада қалып қояды.

Ғарышқа ұшу мәселесіне келер болсақ, құдайға шүкір, бүгінгі таңда екі жігітіміз ұшуға даярланып жатыр.

- Елдегі саяси партиялар туралы көзқарасыңыз? Соңғы саяси оқиғаларға қатысты айтарыңыз бар ма?

- Менің ойымша партиялар көбейіп жатса артық болмайды. Әр қайсысының өз көзқарасы болады. Бірақ қазіргі партиялардың бағдарламасын алып қарасам барлығы бірдей «Отан» партиясының бағдарламасынан жазып алғандай болып тұр. Солардың ішінде «Ақ жол» партиясы ғана елге бет бұрған сияқты.

«Отан» дегеніміз – Отан. Әрбір адамның жүрегі Отаным деп соғып, Отан үшін қызмет етуі керек.
1.2. Байқоңыр – Қазақстан – Ғарыш!

Қазақ ғарышкерлері.

2-10 қазан. 1991 жылы – тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта 8 тәулік болды.

1994 жылы 1 шілдеден бастап екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта 176 тәулік болды.

29 қаңтар 1998 жылы Талғат Мұсабаев ғарыш кемесінің командирі ретінде ұшып ғарышта 207 тәулік 12 сағат 19 минут болды.

Борт инженер Н. М. Бударин мен бірге 1 ай ішінде ашық кеңістікке 5 рет шығып жалпы уақыты 30 сағат 14 минут жұмыс атқарады. Бұл жетістік Гиннесс рекордтар кітабына жазылды.

28 сәуір 2001 жылы «Союз ТМ-32» ғарыш кемесімен Талғат Мұсабаев көрші Батурин және американдық саяхатгы Денис Тито келесі сапарға аттанды.

Ғарышта игеру жалғасуда.
1.3. «Қазақ ғарыш» мектеп – лицейі ашылды

Отанымызда ғарышты игеру жөнінде тың қадамдардың жасалып жатқаны белгілі. Таяу уақытта еліміздің өз жер серігі ұшырылады. Осындай өмірлік мәні бар ауқымды істі болашақта жалғастыратын жас ұрпақ болары сөзсіз. Оларды осы кезден бастап ғарыш әлеміне баулып, терең білім беру мәселесі елімізде қолға алына бастады. Соның бір дәлеліндей кеше Астана қаласындағы №50 қазақ орта мектебінде "Қазақ ғарыш" мектеп-лицейінің ашылу рәсімі өтті.

Бұл білім ордасы өткен жылы ғана пайдалануға берілген болатын. Қазір мұнда 1100-ге таяу оқушы білім алып жатса, оларға 100 мұғалім тәрбие беруде. Мектеп заман талабына сай физика, химия, биология, математика пәндерін тереңдетіп оқытып келеді. Бір жылдың ішінде мектеп оқушылары республикалық білім сайыстарында өздерін танытып та үлгерді.

"Қазақ ғарыш" мектеп-лицейінің ашылу салтанатына қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Парламент Мәжілісінің депутаты, халқының ардақты азаматы Тоқтар Әубәкіров қатысып, арман жетегінде үміттерін үкілеген, үл мен қызға, жиылған жүртқа ғарыш әлемі туралы әңгімелеп, Абай аталарының "Болмасаң да ұқсап бақ. Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз" деген аталы сөзін алға тартты. Ол бүдан кейін Отанымыздың болашағы саналатын жастарға сәт-сапар тілеп, елдің даңқын ер шығаратынын, өзі бүгінгі жасты сол биіктен көргісі келетінін жеткізді.

Ал қалалық білім департаментінің директоры Әмірхан Рақымжанов бүл білім ордасында ғарыш бағдарламасына сай физика, математика, астрономия пәндерінің тереңдетіліп оқытылатынын, соған сай білікті мамандардың шақырылғанын, олар алдағы уақытта теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып отыратынын айтты. Сол секілді талабымен көзге түскен оқушылар сан-салалы ғарыш туралы мол мәлімет алып отыратынын, ғарышкерлермен жүздесуге де мүмкіндік жасалатынын тілге тиек етті.

Сөйтіп, елімізде алғаш рет ғарыш әлемі жайлы қосымша білім беретін түңғыш мектеп-лицей бой көтерді.


1.4.Қорытынды

Көктегінің бізге керегі бар ма?

Адамзаттың алғашқы өкілінің ғарышқа сапар шегіп, дін аман оралуы, сөз жоқ, сол адам ақылының жемісі. Алайда, өзге жұрт өркениеттің ошағы деп танитын «кәрі құрлық» пен мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елді қапы қалдырып, ғарыш кемесін көкке бірінші болып көтерген қызыл империяның қазақ даласын старт алаңына айналдыруы неліктен? «Бұл кездейсоқтық па, әлде алысты көздеген сұрқия саясат па?» деген сауалдарға бізге дейін де талайлар бас қатырған болар. Мұның жұмбағын бізден кейінгі толқын да шешуге талпынарына күмән жоқ.

Әдетте «тақтайдай тегіс» деп дәріптелетін дала осы кең байтақ қазақ Даласындай-ақ болар. Ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын сайын дала төсі өз тарихында талай жорықтарды бастан кешірсе, XX ғасырдың 6О-жылдарынан бері Жер мен Көктің арасы на жол салған зымырандардың мекеніне айналған. Атамыз қазақ қиырға көзін сүзіп, көз ұшындағы көкжиекте тұрғанды тап басып таныған деседі. Қазір жүз шақырымдың жердегіні көруге болады делініп жүрген даламыздың тегістігі де кезінде көкке ұшуды көптеген ғалымдардың назарынан аударған болса ғажап емес. Қалай болғанда да, бұл тағдырды қазақ езі қалап алған жоқ. Саяси бюро өзі шешті, өзі қойды. Аты бар да, картада ізі жоқ Байқоңыр деген жер атауын өзге жұрт Ю.А. Гагарин Айға ұшқанда бір-ақ білді.

«Тәуелсіз ел болдық, енді төсімізде тайраңдағандарға тыйым салайық, ғарыш айлағын жабайық» дегенді кешегі жылдары көп естідік. Әлі де солай дейтіндер табылар. Ғарыш кемесі көкке көтерілгенде бөркін аспанға атып қуанатын қазақ, сол зымырандардың қалдықтары төбеден құлай бастағанда шекесін қасып, ойланғаны рас: «Бізге осы Байқоңырдан не пайда?»

Одақ ыдыраған тұста қазақ жеріндегі әскерін артынып-тартынып көшіріп әкеткен Ресей ғарыш айлағынан іргесін аулақ салған жоқ. Әйтпесе, өзіндегі Плесецкте мұндай мүмкіндік бар. Бірақ бұл ғарыш айлағы тасты жерде салынғандықтан зымыран ұшқанда орнында қалатын отынды бойына сіңіре алмай, сәлден соң қайта сыртқа шығаратын көрінеді. Мұның экологияға қаншалықты зиян екені бесенеден белгілі. Ал Байқоңыр топырағы қақалып-шашалып бәрін жұта береді. Көзге көрінбеген соң, көңілде де көп күдік жоқ. Ресейліктер мұны ескермеуі мүмкін емес. Оның үстіне Одақ кезінде барлық күш осы Байқоңырға жұмылдырылып, мұнда қуатты база қалыптасты. Яғни, не қажеттің бәрі дайын: кемеңді әкел де үша бер.

Іргесі босай бастаған Одақ тұсында-ақ қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров танылса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл тізімді Талғат Мұсабаев толықтырды. Тағы екі қандасымыз ұшуға дай-ындық көруде. Соған қарап қазір қазақ ғарышкерлері отряды қалыптасып қалды десе болғандай. Мұны Қазақстан ғарыштық державаға айналып келеді деп те түсінген абзал. Әлемнің небір азулы елдері үшін бүл үлкен арман. Қуатты дейтін Қытайдың өзі ғарышты бағындыруға енді ғана тәуекелі жетіп отыр. Ал бізде осының бәрі бар. Жұрт дәріптейтін жаңа технологияның көзге түсер бір саласы да осы ғарышты игеру.

Аспанға қол созғанша, жердегі шаш етектен келетін шаруаны реттеп алайық дейтіндер, әрине, көз алдындағыдан өзгені көрмейтіндер. Байқоңыр - қоғамның желкесіндегі жүк емес, керісінше қосымша табыс көзі. Мұндай алып кешеннің қазақ жерінде орналасуы жаңа да жоғары технологияға серпін береді. Ал кемел келешекте соңғы сөзді жаңа технология айтады. АҚШ пен Ресей әрі асып қызыл ғалам шарды зерттеуі мүмкін, біз оған таласпай-ақ ғарыштан өз жерімізді терең тани түсудің зерттеулерін жүргізсек те әзірге аз олжа емес. Халың шаруашылығының әр саласын қамтыған бұл бағыттағы арнайы бағдарламалар әлдеқашан қолға алынғаны мәлім.

« - Сіз жердің тартылыс заңын ойлап таптыңыз, ал содан не ұлтыңыз?» - И.Ньютоннан сұрапты деседі. Сонда ғалым:«- Жаңа туған сәби-ден не пайда болушы еді, бүл да солай...» - деп жауап берген көрінеді. Кейін бүкіл ғылым атаулы сол заңға сүйеніп дамығанын ұмытпайық. Космонавтика, оның ішінде қазақтың ғарышты игеруі де сол «сәбиді» еске салғандай. Ең бастысы, сәби туылды. Енді оның аман болғанын, өсіп-өркендегенін, халықтың игілігіне қызмет еткенін көретін күнге жазсын деп тілейік.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстанның ғарыштық көкжиегі.

Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасы.


  1. “Әр жүрек отан деп соғуы керек!” Тоқтар Әубәкіров. Дала мен қала. 16 сәуір 2004 жыл.




  1. “Қазақ ғарыш” мектеп лицейі ашылды. Сүлеймен Мәмет. “Егемен Қазақстан ”.




  1. Көктегінің бізге керегі бар ма? Дала мен қала. 16 сәуір 2004 жыл.







Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет