Жоспар. Кіріспе Негізгі бөлім



жүктеу 474.67 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі474.67 Kb.
  1   2   3


Жоспар.

Кіріспе.......................................................................................3

Негізгі бөлім:


  1. Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі...............................................................9

  2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері.............16

  3. Түркиядағы қазақтардың қазіргі жағдайы мен орналасуы........................................................................21

  4. Түркиядағы қазақ диаспорасының мұқтаждықтары...30

Қорытынды..................................................................................................39

Сілтемелер тізімі................................................................40-42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................43-44

Қосымша кестелер мен суреттер....................................45-50


Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі:

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.

Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан қазақ диаспорасы мәселесін зерттеу барысында халықаралық деңгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді де ескерту қажеттілігі болды. Ал бұрынғы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстандағы көптеген саяси, мәдени процестер оңды бағытта өрбуде. Осы үрдісті әрі қарай дамыту үшін этносаралық қатынастардың үйлесімді өрби түсуі қажеттілігі бар. Оны қазақ диаспорасын жан-жақты жүйелі зерттеусіз жеткілікті түрде жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл мәселе қазақ халқы тарихында шындықты, әлеуметтік әділеттілікті қоғамда орнатудың бір тетігі болып табылады.

Міне, сондықтан осындай қоғамдық маңызы бар мәселені тарихи- теориялық, методологиялық, социолгиялық, демографиялық тұрғысынан зерттеу өте маңызды нәрсе.

Қазіргі тарихи кезеңде Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттелігін барынша нығайту үстінде. Өтпелі кезеңдегі көптеген қиыншылықтар әрбір қазақстандықтың өмірінде елеулі із қалдырғанмен, болашаққа деген үміт, жақсылыққа деген сенім көп ұлтты мемлекетіміздің рухани негізі бола білді.
Қазақ диаспорасының кешенді мәселелері зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының әртүрлі деңгейдегі көріністерін, оның тарихи қалыптасуына, дамуына және болашақ ұрпаққа сабақтастықпен жалғасып отыруына себепкер болатын көптеген факторлар жүйесін қарастыру. «Қазақ диаспорасы» тақырыбы соңғы уақытта қоғамды ғылымдардың зерттеу объектісіне айналуда.

Қазақ халқының үлкен бір бөлігінің басқа этникалық кеңістікте әртүрлі себептермен ауысып кетуі негізінен қазақ диаспорасы мәселесін туындатқаны белгілі.

Алыс және таяу шет елдердегі қазақ диаспорасы өздерінің ұлттық мәдениетін, ұлттық дәстүрін, өмір салтын рухани байлығын, құндылықтарын сақтап қалуға қазіргі кезеңге дейін барынша тырысып келеді. Осындай негізде өмір сүріп жатқан қазақтардың бір шоғыры Түркиядағы қазақ диаспорасы.

Қазіргі күнде саны 30-40 мың аралығында деп көрсетілген Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы тек тарихшыларды ғана емес, көзі ашық көкірегі ояу кез – келген Қазақстан Республикасының азаматын ойландырса керек. Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті.

Қазақтардың өзге мемлекетке қоныс аударуына не түрткі болды, қалай қоныс аударды, бүгінгі таңда олардың саяси,әлеуметтік,экономикалық жағдайы қандай деген заңды сұрақтар туындайды. Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу барысында ғылыми жұмыс тақырыбын «Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы» етіп таңдадым.

«Тар жол, тайғақ кешудің» талайынан теперіш тартқан қандастарымыз бүгінде төрткүл дүниенің төрт бұрышында тарыдай шашылып жатыр. Сол қандастарымыз мына жаһандану дәуірінде өзге елде жұтылып бара жатқан жоқ па, я болмаса оларды елге қайтару процесі қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтар ғылыми жұмыстың негізгі актуалды мәселелері болып табылады.

Бұл жұмыста Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне жеке сипаттама берілген. Өйткені ғалымдар мен тарихшыларының көптеген еңбектері өте маңызды әрі тың деректерге толы. Тақырыптың негізгі өзектілігі- Түркиядағы қазақ диаспорасының өткені мен бүгіні және болашақ тағдыры.

Қортыта айтқанда, Қазақ халқы Жұбан ақын жырлағандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Ендігі жерде қазақ халқының алдында егемендік алған елінде үлкен сын тосып тұр. Қазіргі күнде шетелдегі қазақтардың саны 5 млн. Соның ішінде ең көп диаспора өкілдері Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінде. Ал біз қарастырып отырған Түркия республикасында соның 30-40 мыңдайы өмір сүріп жатыр. Түркияда тұратын қазақтар түрiктенiп кетпей ме?

Сырттағы қазақ диаспорасы күштi болу үшiн Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт — қазақ мықты болуы керек. Қазақтың тiлi, дiнi, тұғыры мықты болуы керек. Елiмiзде қазақ тiлiне толыққанды көңiл бөлiнбесе, Қытай мен Ресейдегi, Түркия мен Моңғолиядағы миллиондаған қазақтар да iшкi ассимиляцияның оңай құрбанына айналады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы: «Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр». Мемлекетімізде қазіргі кезде 8 миллионға жетер –жетпес қазақ бар десек, жалпы қандастарымыздың 30 пайызына жуығы шетелде екен. Сол ағайындарымыз болашақта өздерінің ұлттық дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтап, өсіп-өркендей ала ма, әлде өздері мекендеген елдің халқына мүлдем сіңісіп, жоғалып кете ме? – міне осы сұрақтарға нақты жауап беру, тиісті шаралар қолдану, оны іске асыру бүгінгі таңда бізді қатты ойландыруға тиіс деп есептеймін.


Жұмыстың зерттелу деңгейі:

Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын көптеген ғалымдар мен тарихшылар зерттеген. Соның ішінде ең алғашқылардың бірі болып, Түркиялық қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі – Халифа Алтай. Ол кісінің 1977 жылы «Қазақ шежіресі», 1980 жылы «Есте­лік­терім» деген кітаптары түрік тілінде жарыққа шық­ты. Халифа Алтайдың «Ата­жұрттан Анадолыға дейін» деген еңбегі алғаш 1981 жылы басылды. Бұл еңбектер Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады. Алғашқы еңбегі «Қазақ шежіресінде » Түркиядағы қазақтардың шежіресі жазылған. /1/ Екінші еңбегі «Естеліктерімде» өзі көш барысында куәгер болған оқиғаларды латын әліппесіне негізделген қазақ тілінде өлең түрінде дастан етіп жырлайды./2/ Бұл Түркияда қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек болып табылады. Автордың үшінші және кең тараған еңбегі «Атажұрттан Анадолыға дейін» атты кітабы 1981 жылы Анкарада жарық көрді. Түркия Мәдениет Министрлігінің басылымдары арасында шыққан кітапта қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі әңгімеленеді. Бұл кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995 ж. Алматыда жарық көрді/3/.


Түр­кия қазақтары туралы зерт­теуді Түркиялық ғалым, Анкара университетінің ғылыми қызметкері, профессор Сағдат Шағатай жасаған. Сағдат ханым 1952 жылы Түр­кия­ға көшіп келген қазақтардың ауыз әде­биетіне көбірек үңіледі. Бұл зерттеу 1961 жылы «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен кітап болып жарияланды. Сағдат ханымның қазақтарға көңіл бөлуі тектен тек емес еді. Ол Мұстафа Шоқайдың жақын досы Тахир Шаға­тайдың зайыбы болатын./4/

Одан кейін ағылшын журналисті Лияс Годфрей қазақтардың босқын­дыққа ұшырау тарихын зерделей келе «Қазақ қырғыны» кітабын жазып, ол 1956 жылы Лондонда жарық көрді. Бұл кітап тек 1977 жылы ғана «Көш» деген атпен түрік тіліне аударылып басылды. /5/Осы бағыттағы зерттеулерге Түркия қазақтарының өз ішінен алғаш Хасен Оралтайдың да араласқанын айта кеткен жөн. Ол – «Азаттық жо­лындағы Шығыс Түркістан қазақтары» (1961), «Қазақ түріктері» (1976) кітап­тары­ның авторы./6/ Ал 1977 жылы Хы­зырбек Ғайретолланың «Алтайдағы қанды күндер» деген кітабы жарық көрді./7/


Түркиядағы қазақтардың тағдыры өзіндік ерекшеліктерге толы.Бұл елге негізінен қазақтар ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістанна қоныс аударған. Бұл туралы Еуропа зерттеушілері де бірнеше еңбектер жазып,әлемге бұл тарихты паш етті./8/ Айта кетер болсақ, Швециялық ғалым Ингвар Сванберг –Түр­кия қазақтарының тарихын зерт­теп, алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым. Оның еңбегі 1989 жы­лы «Түркиядағы қазақ босқындары» деген атпен кітап болып жарияланды. Одан кейін неміс ғалымы Марк Кирш­нер де өз докторлық диссертациясын Түркия қазақтарының әдебиетіне арнады. Оның екі томдық еңбегі 1992 жы­лы «Стамбұлдағы қазақ босқын­дарынан жазып алынған әңгімелер туралы зерттеулер» деген атпен жарық көрді./10/ Түркия қазақтарына қатысты ең­бек­тердің соңғысы өткен жылы ба­сылып шықты. «Бостандық жолы» деп аталатын Гүлчин Чандарлыоғлының осы кітабында Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихының хронологиялық шекарасы толық көрсетілген және де оған Оспан батыр жайында айтқан Нұрғожай батырдың естелік­тері арқау болады. /11/
Қорыта айтқанда Қазақстанға қатысты жазылған зерттеулер мен еңбектерді мазмұн, маңызына қарай ғылыми зерттеулер, танымдық зерттеулер, жалпы мәлімет беретін дерек көздері және саяси әдебиет деп төртке бөліп қарастыруға болады. Өзге елдермен салыстырғанда, Түркиядағы қазақ диаспорасы тақырыбы толық болмаса да, біршама игерілгені байқалады. Осының бәрі қазақ халқының мәдениетін зерттеп, кешегі тарихын екшеп, бүгінгі беталысын байыптауға септігін тигізе алады. Ал көптеген елдерде ел мәдениетін таныту – сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің сыртқы саясатта осы бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жұмыстың мақсаты:

Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы және олардың қазіргі таңдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайына тарихи тұрғыда талдау жасау.


Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:

-Түркиядағы қазақтардың бүгінгі таңдағы тарихта алатын орнын ашып

көрсету;

- Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне

талдау жасау;

-Қазақтардың Түркияға қоныс аудару себептерін анықтау;

-Түркиядағы қазақтардың қазіргі саяси, әлеуметтік, экономикалық

жағдайына баға беру;

-Қазақстан мен Түркия қазақтары арасындағы байланыстардың

маңыздылығын түсіндіру;

-Түркиядағы қазақтармен байланыс жасау мәселелеріне өз ұсыныстарын

жасау;


-Зерттеуші ғалымдар мен тарихшылардың ой-пікірлерін салыстыру.

-Дерек көздері мен құжаттарды талдау;



1.Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі.

Түркияға барған қазақтар өзге елдерге барған қазақтардан гөрі молырақ зерттеуді қажет етеді. Өйткені, 1991 жылдың аяғына дейін Түркия әлемдегі түркі тектес барлық халықтардың бірден-бір тәуелсіз елі болып келді. Сондықтан да жат жұрттық отаршылдық қанаудан қашқан барлық түркі тектестер өздері барып паналайтын бірден-бір ел ретінде Түркияны қалады./12/

Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады. Түркияға қазақ көшін Елісхан Тәйжі Әліпұлы, Құсман Тәйжі Зайыпұлы,Сұлтан Шәріп Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі Төлеубайұлы,Қалибек Райымбекұлы, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтай қатарлы жетекшілер бастап барды. Міне, сол уақыттан бері қарай өткен жарты ғасырлық мезгілде олар туралы бір сыпыра зерттеулер жасалды. Олардың өз ішінен шыққан қаламгерлер қазақтардың тарихын және салт – дәстүрін таныстырып кітаптар жазды. Осындай еңбектерді 4 кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

1. 1953 – 1960 жж. Түркияға қонстанған қазақтарды шетелдерге таныстыру кезеңі;

2. 1960 – 1980 жж. Түркиядағы қазақтардың өзін түрік жұртшылығына және өзінің жас ұрпағына таныстыру кезеңі;

3. 1980 – 1990 жж. Қазақтардың Түркиядағы өмірін зерттеу кезеңі;

4. 1990 жылдан бері қарай Түркия қазақтарының Атамекен, яғни Қазақстанмен қарым қатынас жасау кезеңі.

Осы жолда көптеген тарихшылардың еңбектері жарияланған. Айта кетер болсақ, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қараның «Түркиядағы қазақтар туралы жасалған зерттеулерінде» қазақтардың Түркияға Пәкістан және Кәшмірден барғандығын жазады. Олардың негізгі атамекені Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан болатын.

1930 жылдары Шығыс Түркістанның қытайлық губернаторының езгісіне шыдай алмай Гималай мен Тибет арқылы Үндістан және Пәкістанға ауа көшіп, алды 1940 жылы, арты 1950 жылы келген қазақтардың алғашқы легінің тобы 1952 жылдың қыркүйек айында Түркияға келді/ 13/

1950 жылдары Түркия және Батыс Еуропа елдері жұртшылығы қазақ халқын білмейтін, тіпті оның атынан өзін естімегендері де көп еді.Көбінесе қазақ халқы орыс казактарымен шатастырылатын. Міне, осы кезеңде кей ғалымдар, әсіресе қазақты бұрыннан білетін немесе білетіндердің кеңесі бойынша, «Қазақ» деген халық кім және де ол сонау Азияның кіндгінен қалай келіп отыр деген сұрақтарды қанағаттандырып, қазақтарды әлем жұртшылығына таныстыруға тырысты.

Осы мақсатпен Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын көптеген ғалымдар мен тарихшылар зерттей бастады. Соның ішінде ең алғашқылардың бірі болып, Түркиялық қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі – Халифа Алтай. Ол кісінің екеуі түрік, біреуі қазақ тілінде жарық көрген үш еңбегі бар. Оның бірінші еңбегі 1977 жылы түрік тілінде жарық көрген «Қазақ шежіресі» деп аталады. Бұл шағын кітапшада Түркиядағы қазақтардың шежіресі жазылған. Екінші еңбегі 1980 жылы «Есте­лік­терім» деген атпен Стамбұлда қазақ тілінде жарыққа шық­ты. Халифа Алтай өзі көш барысында куә болған оқиғаларды өлең түрінде дастан етіп жырлайды. Кітапта автор қазақтардың көші туралы және де ондағы оқиғаларды баяндайды, әсіресе, Үндістан мен Пәкістанда өткізген өмірлеріне қатысты құнды мәліметтер береді. Бұл Түркияда қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек болып табылады./14/

Автордың үшінші әрі кең тараған еңбегі «Ата­жұрттан Анадолыға дейін» деген еңбегі болып табылады. Ол 1981 жылы Түркия мәдениет министрлігінің басылымдары арасында Анкарада түрік тілінде жарыққа шықты. Онда қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі әңгімеленеді. Бұл кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995 жылы Алматы қаласында жарық көрді./15/ Бұл еңбектер Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады.


Түр­кия қазақтары туралы зерт­теуді Түркиялық ғалым Сағдат Шағатай жасаған. Ол 1952 жылы қазан айында Кәшмірден бір топ қазақтың Түркияға қоныс аударғанын естіп, 1953 жылы ақпан айында Анкарадан Стамбұлға келеді. Қазақтар жатқан Стамбұл Сиркеджидегі босқын лагеріне барады. Сонда қазақтардың Кәшмірден Түркияға Құсайын Тәйжі жетекшілігінде қоныс аударған тобымен кездеседі. Сағдат Чағатай қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жіті білетіндердің алдыңғы қатарларының бірі еді. Сағдат ханымның қазақтарға көңіл бөлуі тектен тек емес еді. Ол Мұстафа Шоқайдың жақын досы Тахир Шаға­тайдың зайыбы болатын. Ол 1952 жылы Түр­кия­ға көшіп келген қазақтардың ауыз әде­биетіне көбірек үңіледі. Қазақтардан мақал-мәтел, айтыс, беташар, жар-жар, Қожанасыр әңгімелері сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін жинады. Бұл зерттеу нәтижесінде 1961 жылы Анкара қаласында «Қазақша мәтіндер» деген кітап жарияланды. Кітаптың кіріспе сөзінде автор, Құсайын Тәйжіден көш туралы алған мәліметтерін келтіреді. Мұның да тарихи деректік маңызы зор. Өйткені, 1964 жылы Стамбұлда қайтыс болған Құсайын Тәйжінің тікелей өзінен алынған мәліметтер қазіргі күнде тапшы болып отыр./16/

Одан кейін ағылшын журналисі Лияс Годфрей қазақтардың босқын­дыққа ұшырау тарихын зерделей келе «Қазақ қырғыны» атты кітап жазады. Ол кітап 1956 жылы Лондон қаласында жарық көрді. Бұл кітапта Годфрей Қалибек Әкім жетекшілігінде Түркияға көшіп барған қазақтар туралы, сонымен қатар Шығыс Түркістан қазақтары туралы және Бөке батыр мен Оспан батырлардың қытайлықтармен болған қарулы көтерілістеріне жан – жақты сипаттама берген. /17/

1960-1980 жылдар аралығында Түркиядағы қазақтар біршама ес жинап, түрік халқымен етене араласа бастайды.Өсіп келе жатқан ұрпақтарға өзінің кім екенін, қайдан келіп шыққандарын ұмыттырмау үшін кітаптар жазу керек еді. Өйткені, уақыт өте келе жастардың қазақ екендіетерін білмей қалулары ғажап емес еді. Сонымен қатар, сол кезеңде НАТО елдерімен Варшава елдері арасындағы «Қырғи-қабақ» соғыс салдарынан, НАТО-ға мүше Түркиядағы қазақтар мен Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан және Қытай қол астындағы Шығыс Түркістандағы қазақтар арасында ешқандай бір байланыс орнату мүмкін емес еді. Сондықтан келешек ұрпақтардың салт-дәстүр мен тілін ұмытуы, аталарының не себепті, қай жолмен және қандай қиындықтармен Түркияға келіп қоныстанғанын, тіпті өздерінің қазақ деген халықтың перзенттері екенін білмей қалулары әбден мүмкін еді./18/ Мұндай жағдайға ұшарамас үшін, Түркияға жасалған көштің қаһармандары тірі тұрғанда, олардың берген мәліметтері бойынша тарих пен салт дәстүрді қағазға түсіріп, рухани мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдыру аса қажет саналды.

Осы орайда Түркия қазақтарының өз ішінен шыққан Хасен Оралтайды айта кеткен жөн. Хасен Оралтайдың «Бостандық жолында Шығыс Түрістан қазақ - түріктері» атты еңбегі 1961 жылы Стамбулда жарық көрді. Ол жалпы қазақ тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет беріп, әкесі Қалибектің төңірегенде өткен оқиғаларға кеңінен тоқталады. Сонымен қатар Оспан батырдың қарулы күресі мен уақытша құрылған Шығыс Түркістан үкіметінде Қаржы министрі қызметін атқарған Жанымхан қажы Тілеубайұлының саяси іс - қимылдары жөнінде құнды мәліметтер береді. /19/ Кітап 1976 жылы Стамбұлда екінші рет жарық көреді.

Түркиядағы қазақ жазушыларының бірі Хызырбек Ғайретолланың «Алтайдағы қанды күндер» атты еңбегі 1977 жылы Шығыс Түркістан босқындар қоғамының басылымдары арасында жарық көрген.

1960 жылы Шығыс Түркістандық қазақтар мен ұйғырлар бірлесіп Стамбұлда іргесін қалаған аталмыш ұйым, Түркиядағы қазақтардың тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін, 70-ші жылдардың орта шенінде арнайы комитет ұйымдастырады. Бұл комитет қазақтың тарихи оқиғаларының бас-қасында болған ірі тұлғалары және көне көз қарияларымен сұхбаттар өткізді. Сондай-ақ үй-үйді аралап тарихи мәні бар құжаттар мен суреттерді жинады. Жазушы және журналист Хызырбек Ғайретолла жиналған осы материалдардың негізінде аталған еңбекті түрік тілінде баспаға дайындады. Кітапта қазақтардың көш тарихы турасында, оқиғалардың бел ортасында жүрген куәгерлердің мәліметтеріне сүйенген өте құнды деректер баршылық. Кітаптың соңғы беттерінде құнды суретер басылған. /20/

1980-1990 жылдар қазақтардың осы елде тамырын кең жая бастаған, әрі жаңа елдегі әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірін зерттеуге қызыққан кезең болды. Қазақтардың Түркияға қоныстанғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтіп, және мұншама уақыттың өтуіне қарамастан олар өздерінің ана тілін, салт-дәстүрін сақтап отырса да, жаңа ортада тіршілік етулеріне байланысты олардың рухани өмірлерінде кейбір өзгерістер де болмай қойған жоқ. Көптеген тәжірибелер мен оқиғаларды бастан кешірді. Сонымен қатар бұл кезеңде Түркиядағы қазақтар мен Атамекен қазақтарының арасында алғашқы байланыстар жасала бастаған еді.

Қазақтардың осындай қам-қарекеті Швециялық ғалым Ингвар Сванбергтің назарын аударды. Ол Түр­кия қазақтарының тарихын зерт­теп, алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым. Ингвар Сварберг 1979 -1986 жылдар аралығында Түркия қазақтары арасында зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулердің нәтижесінде 1989 жылы «Түркиядағы қазақ босқындар» деген кітабын жариялады. Уппсала қаласында ағылшын тілінде жарық көрген кітабында Сванберг, Түркия қазақтары туралы жан-жақты мәлімет береді. Кітабын дайындау барысында ол, Түркияның Стамбұл, Нигде, Измир, Маниса сияқты қазақтар тұратын бүкіл қалаларын аралауға тырысты. Сонымен қатар ол, Түркия қазақтарының бір бөлігі 1960 жылдардан бастап қоныс аударған Германия мен Швеция елдерінде де зерттеулерін жалғастырды. Сванберг қонақты жатырқамайтын аса меймандос қазақтар арасында зерттеу жүргізудің онша қиын еместігін баса көрсетуде. Оның айтуынша Түркия қазақтарымен жақсы қарым-қатынас орнатудың бірден бір тиімді құралы сүт қосып қазақша дайындалған ақ шай ішу. Қазақтар әдетте үйіне келген қазақ емес қонақтарға түрікше дайындалған шай ұсынады. Егер, - дейді Сванберг – сіз қара шайдан гөрі ақ шайды ұнатам десеңіз онда үй иесінің қуанышында шек болмайды және де ет жемейтіндер қазақтар арасында зерттеу жүргізе алмайды/22/.

Сванбергтің «Түркиядағы қазақ босқындар» деген кітабының бір бөлігі орыс тіліне аударылып, Алматыда 1997 жылы жарық көрген. Онда «Казахская диаспора: Проблемы этнического выживания» деген кітаптың «Казахские беженцы в Турции» деген тарауы орын алған.

Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан кейін шеттегі қазақтарға, оның ішінде Түркия қазақтарына назар аудара бастады. Одан алдын шеттегі қазақтар туралы Қазақстан баспасөзі мен радио хабарларында мәлімет бермейтіні, олар жөнінде әңгіме қозғалмайтыны әркімге белгілі жайт. Тек Қазақстан Мәскеудің бұғауынан құтылып, өз алдына ел бола бастағаннан кейін ғана өзінің шетелдегі отандастарына көңіл бөле бастады. Қазақстан ғалымдары мен журналистері Түркияға барған сапарларында сонда тұратын қазақтардың жағдайларымен таныс болып, көрген білгендерін Қазақстан жұртшылығына жеткізіп мақалалар жариялады.

Түркия қазақтары жайында қазақстандықтар арасында алғаш рет арнаулы зерттеу жүргізіп кітап жазған Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Гүлнар Меңдіқұлова болды. Оның еңбегі «Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры,тууы жіне дамуы» деген атпен 1997 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрді. Кітап диаспоараға арналғанымен автор Түркия қазақтарына кеңінен тоқталған. Бұл еңбек Қазақстан жұртшылығының Түркия қазақтары туралы мәлімет сұранысын толығымен қанағаттандырады./22/

Ал енді Түркияда қазақтануға қатысты зерттеулерге келер болсақ, ХХ ғасырдың басында қазақтың біртуар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай мен башқұрт та­рих­шысы Зәки Уәлиди Тоғанның Еуро­паға келуімен қарайлас басталды. Олар алдымен «Түркістан» және «Яш Түркістан» журналын шығарып тұр­ды. Зәки Уәлидидің 1929 жылы қазақтан мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты «Бүгінгі түркелі Түркістан және оның жаңа тарихы»атты кітабы жарық көрді. Содан бері 80 жылдай уақыт өтсе де, әлі құнын жоймаған бұл кітапта қазақ тарихы жайлы толық мәлімет алуға болады./23/

Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын Қазақстанға таныстыру барысында Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» деген кітабы 1999 жылы Стамбұлда жарық көреді. Автор Шығыс Түркістандағы қазақтардың Қытайға қарсы көтерілістерін, көш жолында әкесі Қалибектің төңірегінде болған оқиғаларды және Түркияға қоныстанғаннан кейін жаңа елге тамыр жаю барысында болған өмірін баяндайды./24/

Қорыта айтқанда Қазақстанға қатысты жазылған зерттеулер мен еңбектерді мазмұн-маңызына қарай ғылыми зерттеулер,танымдық зерттеулер, жалпы мәлімет беретін дерек көздері және саяси әдебиет деп төртке бөліп қарастыруға болады. Өзге елдермен салыстырғанда, Түркиядағы қазақ диаспорасы тақырыбы толық болмаса да, біршама игерілгені байқалады. Осының бәрі қазақ халқының мәдениетін зерттеп, кешегі тарихын екшеп, бүгінгі беталысын байыптауға септігін тигізе алады. Ал көптеген елдерде ел мәдениетін таныту – сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің сыртқы саясатта осы бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда.

Ғалымдардың айтуынша Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихының жоғарыда аталып көрсетілген 4 – ші кезеңі әлі зерттелуде.
2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері.

Қазақ халқы Жұбан ақын жырлағандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Сонау Азияның кіндігінде өмір сүріп отырған қазақтар не үшін, қалай және қашан Түркия еліне қоныс аударды деген заңды сұрақтар туындайды. Түркияның Кония және Анкара уәлаяттарының шеткері аудандарында тек түр-түсі ғана емес, мінез-құлқы, әдет-ғұрыптары да қазаққа ұқсас үйірлі ел бар.Олардың кейбір қарияларының айтуы бойынша, аталары ХІХ ғасырда Жем өзенінің бойынан келіпті. Олар өздерін татар деп атайды. Бірақ Түркиядағы өзге татарлардан басқаша және қазаққа үйлес жақтары көбірек. Қазақстанның Жем өзенінен кезінде Түркияға алғаш барған қазақтар болуы мүмкін деген деректер кездеседі./25/

Түркияға алғаш барған қазақтардың бірі ретінде, осы жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде Стамбұлда «Жаңа Түркістан» журналын шығаруға қатысқан Мұстафа Шоқайұлын атауға болады. Қазақтың Мұстафасы да сол заманның саяси құрбаны болып, Түркия мемлекетіне қоныс аударып, 1939 жылы «Ататүріктің реформалары» атты мақаласында ұлтты құтқару және сыртқы жауды жеңу керек деген ұрандар тастаған болатын.

Түркияға қазақ босқындарының көшіп баруына 2 себеп бар:



  1. Сол кездегі саяси жағдай шырғалаңы.

  2. Түркия елін Шығыс Түркістандық қазақтар екінші Отан етіп таңдауы.

Түркиядағы қазақтардың қалыптасу тарихы 2 кезеңнен тұрады. Олардың алғашқысы бұл елге сонау 50 ші жылдардың басында Қытайдан Үндістан арқылы келген. Ал, екінші толқын – 30 жылдары Батыс және Оңтүстік Қазақстан өлкелерінен Ауғанстанға өтіп, одан 70 жылдардың ортасынан бастап Түркияға қоныс аударған ағайындар.

Өткен ғасырдың 1930-жылдарында Шығыс түркістандық қандастарымызға қайғының қара бұлты үйірілді. Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістен кейін қазақтың бетке ұстар атқа мінерлері жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Шыңшысайдың қанды шөңгелінен қашып құтылуды ойлаған қандастарымыз топ-тобымен Гансу, Баркөл өлкелері арқылы Тибетке қоныс аударады. Алайда, Шыңшысай қызыл табан боп босқан қазақ ауылдарының соңынан қуып, ұшақпен бомбалап, сая таптырмайды. Шыңшысайдың хабар беруімен қазақ босқындарының алдынан Тибеттің қарулы әскері күтіп алады. Олардың осылайша екі өкпеден қысқан ажал оғынан аман қалған бір бөлігі Үндістан шекарасына келіп жығылады. Талай айдан бері сарпалаңға түсіп, өліммен үрейден зәтте болған қазақтар үнді мұсылмандарының қолдауына ие болады. Өлкедегі мұсылмандар оларға қолдарынан келгенше көмегін жасады. Жандары енді сая тапқан босқындар жергілікті ыс ауруына шалдығып, қырыла бастайды. Міне осылайша қиналған қазақтар Үндістан ағылшын билігінен азат етіліп, өзара екіге бөлінгеннен кейін мұсылман мемлекеті Пәкістанда 11-12 жылдай тірлік кешеді. Жергілікті елдің салт-дәстүрі, тілі, тұрмыс- тіршілігіне қанығады. /26/

Алайда ұзын-саны 1400-ге жеткен бұл қазақтардың ендігі арманы ділі бір, діңгегі бір түркі тектес мемлекетке жетіп жығылу еді. Қайта қайтса Қытайдың қитұрқы саясатының құрбаны болып кетерлік қауіп бар. Қазақстанда босқындарды туғаным деп бауырына баса қоятын хал жоқ. Ал Пәкістанда тұр беретін болса, енді бірнеше жылда қазақтығын ұмытып кететін түрлері бар.

Осындай шарасыз күйде жүргендерінде Түркияның сол кездегі Президенті Джелал Баяр мен Примьер –министрі Аднан Мендерестің үні жетеді. Ол кезде Түркиядағы түріктердің үлес салмағы басқа ұлт өкілдерінен әлдеқайда төмен еді. Ал түрік басшыларының мақсаты қандас ағайындарын жинап, оларға қамқорлық таныту, түріктердің үлес салмағын арттыру болатын. Осы оңтайлы сәтті пайдаланған біздің қандастарымыз Пәкістандағы Түркия елшілігімен жолығып, өз тілектерін білдіреді. /27/

1952 жылдың 13 наурызында Түркияның Министрлер кабинеті өзінің №3/14595 шешімімен қазақ босқындарын түрік мемлекетіне қабылдайтынын мәлімдейді. Елдің президенті Джелал Баяр, үкімет басшысы Аднан Мендерес және 16 үкімет мүшелері қол қойған арнайы құжат қабылданады./28/

Осы жылдың 6-шы тамызында Түркия елшілігінен хат келеді. Онда Түркияға көшіп барғысы келетіндердің тізімін беру туралы айтылады. Сол жылдың қыркүйек айында Кашмирден шыққан қазақ босқындарның алғашқы тобы Стамбулға келіп жетті. Алтайдан басталып, Үндістан мен Пәкістан арқылы жүрген бұл көш 1956 жылы көктемде аяқталған еді. Тарихи отанынан күшпен ығыстырылған Алтай қазақтарының Түркия елін таңдап, үкіметіне өтініш жасауы, әрине, тектен- тек еместін. Мәселен, көшіп келіп, орналасуға келісім АҚШ тарапынанда түседі. Дегенмен Үндістанмен Пәкістандағы қазақ босқындарының басшылары түбі бір туыс, діні мен ділі жақын Түркияға тоқтаған болатын./29/

Ғалым Халифа Алтай «Қазақстандықтар мұндайды тағдыр тауқыметі деп жүр, ал меніңше сол кездегі саяси жағдай шырғалаңы басты себепкер болған. Соңың салдарынан Алтайдың күн бетіндегі он екі керейдің бір талайы 30-шы жылдарда үдере көшті. Бірнеше көш үздік соқдық кетті. Біздің көш Гансу, Цинхай өлкесіне барып 1941 жылы Үндістанға жетті. Одан қырыла-қырыла үш мың адамнан бір мыңдайымыз қалып көше-көше жүріп, 1954 жылы Түркияға барып орналастық. Қандай жағдай болмасын қазақ даген ат жойылып кетпесе екен деп соны хан көтердік».-дейді. /30/

Үндістаннан Бопалға барғанда аз уақыт қоныстанған лагердің атын «Қазақабад» деп қойыпты. Азып-тозып жүрсе де, қазақ атын қастерлеген.

Одан Пәкістанға барғанда қазақ босқындар қоғамын құрды. Осы күнде Түркияның бір шетінде «Қазақкент» қаласын мекен етіп отыр. Кентте Алтай, Баркөл, Ертіс, Бәйтік атты төрт көше бар.

1952 жылы Елісхан Тәйжі Әліпұлы, Құсман Тәйжі Зайыпұлы , Сұлтан Шәріп Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі Төлеубайұлы, Қалибек Райымбекұлы, бастаған көш Түркияның Урфа провинциясының Жайранпина елді мекеніне қоныстанады. Түркия бұл көшті «искалла» ретінде, яғни квота түрінде қабылдап, ақшалай жәрдем етеді. Үндістан мен Пәкістаннан келген қазақтарға «еркін мигрант» статусын береді.

Түркия өкіметі қазақ босқындарына жаңа ортаға бейімделуге қажет көмегін аяған жоқ.Олар арнайы бөлінген қонақ үйлерге орналастырылып, ең қажет деген мұқтаждықтары қанағаттандырылды. Жер-сумен, үй-жаймен қамтамасыз етіп, тірлік қылып кетуіне мүмкіндік тудырады. Түрік тілін үйренуге және жаңа кәсіп игеруге мүмкіндік туғызатын оқу курстары ұйымдастырылды. Бір – екі жыл мерзім өткен соң әр – бір отбасына өздері қалаған жерге барып орналасуына рұқсат берілді./31/

Әрине, жаңа ортаға келіп қоныстанушылардың басым бөлігіне ата кәсібі - мал өсірумен шұғылдану тиімді еді. Сондықтан да оларды Батыс Анадолыға орналастырды. Түркияға көшіп келуші еркін мигранттарға төл құжат беріп, Түркия мемлекетінің №2510 Көші-қон заңы бойынша еркін көшіп келген мигрант үй салуға жерді жалға алуға құқығы болды./32/ Олар әскери қызмет етуге 5 жылға босатылды. Босқындар Стамбул қаласындағы Түзле, Серкеджи, Зәйтүн – бұрын деген лагерлерге жайғасты.

Қазақ халқы ежелден кең далада емін-еркін өмір сүріп үйреніп қалған. Сонымен қатар мал шаруашылығы ата-баба кәсібі болып табылады. Қазақтардың осындай жағдайларын ескере отырып, Түркия үкіметі Маниса, Кония, Ақсарай, Қайсері және Нигде сияқты мал шаруашылығына қолайлы аймақтардан оларға арнайы жер бөліп, үй, қора – қопсы салып алуға көмек берді.

Түркияның мемлекеттік істер жөніндегі бақан-министрі Фатын Рүшті Зорлұ лагерді аралап көріп, бірқатар жағдаймен танысқаннан кейін лагердегі барлық қазақты үлкен бір залға жинады. Ол:-Түркия асқан бай ел емес. Түркияның сіздерге берері туысқандық мейірім. Сіздер Түркияға келген күніңізден бастап бес жыл салық төлемейтін боласыздар. Ел ішінде жүріп-тұру ісінде де, мемлекет иелігіндегі көліктер де сіздерге арнаулы арзан бағамен билет беріледі. Ауыл шаруашылығымен шұғылданамын деушілерге ауылдық жерлерден егістік жер беріледі. Ал сауда және қол өнер ісімен шұғылданамын деушілерге қалалық жерден тегін үй беріледі. Жұмыс істеймін дегендеріңізге мемлекет меншігіндегі фабрика- зауыттардан жұмыс беріледі.

Туысқандар! Бұл Отан, мына Түркия- бәріміздікі. Бұны барлық жаудан қорғау, өркендету- дамыту бүкіл түрік тектестердің борышы. Сіздер ата жұрттан қашқанда, Түркияға барамыз дедіңіздер. Құдай сақтасын! Түрік тектестердің енді Түркиядан басқа қашып барып, баспана сұрайтын елі жоқ. Түркия- әлемдегі барлық түрік тұқымды халықтардың қазіргі таңда, бірден-бір тәуелсіз мемлекеті.

Қазақстанның тәуелсiздiгiн бiрiншi болып Түркия Республикасы таныды. Мұның өзi, Түркия қазақтарының қуанышын еселеп өсiрiп жiбердi. Тәуелсiздiктен бұрын Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстары шектеу­лi болды. Өйткенi, ол кезеңде, әлем батыс және шығыс блок болып екiге бөлiнiп, өзара салқын соғыс бүкiл ызғарымен жүрiп жат­қан-ды. Ал Қазақстан мен Түркия болса бiр-бiрiне жау блоктар iшiнде орын алып, бiр-бiрiмен туыстық байланыс орната алмады. Қазақстан, Кеңестiк социалистiк республика ретiнде Варшава, Түркия болса НАТО тобына тәуелдi едi. Осы екi топқа кiрген әрбiр ел, қарсы топқа жатқан елдiң азаматтарына күдiкпен қарауды әдетке айналдырды. Сол себептi, атамекендегi азаматтардың Түркиядағы қазақтармен байланысқа енуiне ыңғайлы жағдай болған жоқ. Әрқандай бiр мүмкiн­шiлiктi пайдаланып, екi ел арасында байланыс жасағандар тыңшылық әрекетте бол­ғандар деп айыпталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан Түркияға туристiк сапармен аттанғандарға, ондағы қазақтарды капита­лизмнiң қол жаулықтары ретiнде қарап, өздерiне олардан әрқашан түрлi қастандық әрекеттер жасалады деп күдiктендi. Оларға, шетел қазақтарының алтындарын дорбалап алып қашқан байлардың ұрпақтары екенi айтылды.

Бүгiнде кейде осы пропаган­да­ның әсерiмен шетел қазақтарына қаш­қын байлар көзiмен қарағандар кездесуi, мiне, осы жағдайдың салдары. Бұған ұқсас жағдай Түркияда да қалыптасты. Осылайша, түркиялық бiр қазақтың атамекенмен байланысқа енгендерiне кү­дiк­пен қаралды. Оларға коммунист, кең­естiк жансыз немесе сатқын деген айдар тағылды. Тiптi бұлар үшiн заңдық тексерулер жүргiзiлгенi де байқалды. Екi бауырлас ел болған Қазақстан мен Түркия арасындағы осынау орынсыз да не­гiзсiз қиын-қыстау кезең, Кеңес Одағының күйреуi және Қазақстанның тәуелсiз­дiгiне қол жеткiзуiмен аяқталды./33/

Түркия қазақтарының өмiрiндегi ең маңызды оқиға 1991 жылғы 16 желтоқсанда орын алды. Сол күнi Қазақстан өзiнiң бағымсыздығын, яғни тәуелсiздiгiн бүкiл әлемге жария еткенi мәлiм. Түркиялық қазақтар, жалпы қазақ тарихында зор маңызға ие осы оқиғаны жүрекжарды қуанышпен қарсы алды./34/

Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялағаннан соң, шетелдердегi отандастармен 70 жылдай үзiлiп қалған байланыстарын қайта қалпына келтiруге жол ашылды. Қа­зақстан мен Түркия қазақтары арасында 14 жылдық осы байланыстарға көз жү­гiрткенiмiзде, Қазақстанның Түркиядағы отандастарына ыстық iлтипат көрсетiп отыр­ғандығын айта аламыз. Әсiресе, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Түркия қазақтарына ерекше назар аударып, көз қырын салып отырғандығын әрi сондағы қазақтарға, әрi түрiк халқына орайы келген сайын көрсетiп бердi.

Түркиядағы қазақтар қауымдастығының берген мәлiметi бойынша, бүгiнде Стамбұлдың Зейтiнбұрны ауданында 13400-дей қазақ тұрса, Гүлеш ауданын 6000 қазақ мекендейдi екен. Сапагөй, Шекпенжер аудандарында — 1500-2000, Измирде 1000 қазақ тұрады екен. Жалпы, қауымдастықтың Түркияда 31500-32000 қазақ бар деп межелеп отырған жайы бар. Осы қазақтар өзге ұлттардың жетегiнде кете ме, кетпей ме? Әрине бұл ойландырарлық жайт. Ендеше Қазақстан мұндағы диаспора өкiлдерiн ұлтқа бөлмей, қазаққа тартып, қазақыландыра бастауы тиiс.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты халық санын көбейту мақсатында шетелдегі қандастарымызды елге қайтаруымыз қажет.

Оралмандар Ата -жұртты аңсап, өз тарихи отанына ерінбей еңбек етуді мақсат тұтып, ұрпағының болашағын ойлап, сағынышпен оралғаннан кейін ортаға көптеген проблемелар туындайды. Проблемалардың бірқатары: үкімет көмек ретінде берген қаражаттың жетіспеуі, комуналдық қызметтің қымбаттығы, жұмысқа орналасудың қиындығы, қазақша сөйлей алса да жаза алмауы, орыс тілін білмеуі, елімізде бұрыннан қалыптасқан белгілі бір өмір сүру құлқына үйрене алмауы тағы басқалар.

Осы тұста, оралмандарға жергілікті әкімшілік, Қаржы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон агенттігі және Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы бірлесіп, ең оңтайлы нұсқа ұсынып, қолайлы жағдай жасап, қолдарынан келгенше көмек көрсетсе деймін. Онсыз дамыған 50 ел түгiлi, "мемлекет" атаулы санатқа кiруiмiз неғайбыл.

Қазақстан мен Түркия қазақтары арасындағы байланыстардың ауқымы жеткi­лiктi ме? - деген сұраққа келсек, әрине оған ауыз толтырып жауап беру үшiн уақыт әлi ерте. Меніңше, осы байланыстар­дың көңiл қанағаттандырарлық деңгейге көтерiлуi үшiн, көбiнесе мәдени жә­не әлеу­меттiк салаларда жасалған байланыстар­ға үшiншi саланың да қосылуы шарт. Ол, атап айтқанда, экономикалық байланыстар. Әр нәр­сенiң басының экономикаға келiп тiрел­генiн ескерсек, осы үшiншi сала­да да байланыстарды дамытқан жағдайда, Түркия қазақтары мен Қа­зақстан арасындағы байланыстардың ойдағыдай толыға түсерi рас.




: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет