Жшс- дегі КӘсіби тәжірибе туралы



жүктеу 65.73 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі65.73 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


«Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі»

ЖШС- дегі КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Астана қаласының менеджмент және бизнес колледждегі студенттердің кәсіби тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және сәйкесінше өндірістік тәжірибе базасы болып саналатын мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда өтеді.

2. Кәсіби тәжірибенің мазмұны, түрлері және уақыты тәжірибе бойынша мамандықтар мен бағдарламаларға сай жұмыс оқы жоспарларымен анықталады. Мамандыққа байланысты ( дайындаудың бағыты) кәсіби тәжірибелердің сәйкес түрлері өткізіледі.

3. Студенттердің кәсіби тәжірибесі оқу мекемесінде алған білімдерін бекітуге және алдыңғы қатардағы білімді игеруге бағытталған. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстарды игереді.

4. Бастапқы курстарда тәжірибе оқу зертханаларында, колледждің оқу-қосымша бөлімдерінде және кәсіпорындарда өткізіледі.

5. Бірнеше мамандықтар бойынша дипломалды тәжірибесі ұйымдастырылады. Оның мазмұны диплом жұмысының (жобасыны) тақырыбына сай анықталады. Дипломалды тәжірибесін өту барысында студент кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның өндірістік (кәсіби) қызметі туралы нақты мәліметтер жинайды және оны дипломдық жобаны (жұмысты) орындау барысында пайдаланады.

6. Сырттай оқу бөлімінің студенттері бекітілген тәртіпке сай дипломалды тәжірибесіне таңдап алынған мамандықтары бойынша жұмыс орындарына дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға қажетті материалдарды жинауға жіберіледі.



Тәжірибенің мазмұны
1. Тәжірибе бағдарламасы қарастырады:

1) студенттердің жеке тапсырмаларын орындау мерзімі және уақыты;

2) Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның танымдық, рационалициялық жұмыстарына студенттердің қатысуы;

3) экскурсияны ұйымдастырудың мерзімі мен мазмұнын;

4) студенттердің тәжірибе бойынша есептерін қорғаудың мерзімі мен дайындау тәртібін;

5) тәжірибе өтуші студенттерге көмек ретінде әңгімелесу, дәрістер оқу;

2. Тәжірибенің бағдарламалары ЦӘК- мен аммандықтың ерекшелігіне, кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның сипатына, тәжірибе көлеміне байланысты жасалады.

Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
1. Студенттердің кәсіби тәжірибесін өткізу үшін бөлім меңгерушілері келісім-шарттық негізде тәжірибе базасы болатын кәсіпорындарды, мекемелерді анықтайды, олармен бірлесе отырып тәбірибе бағдарламасын және тәжірибе өтудің күнтізбелік кестесін құрастарады. Келісім-шартта оқу мекемесінің және тәжірибе базасының міндеттері анықталады.

2. Тәжірибені ұйымдастыруға және өткізуге тәжірибе базасындағы жетекшілер мен бөлім меңгерушілері келісім-шарттқа сай жауап береді.

Тәжірибені оқу-әдістемелік басқару, оқу жоспарларын, тәжірибе бағдарламасын орындау және сапалығы үшін бөлім меңгерушілері жауап береді. ,

3. Бөлім меңгерушілері:

1) жыл сайын тәжірибе базасы болатын кәсіпорындармен, мекемелермен күнтізбелік жылға арналған келісім-шарттау жасау және оқы жылы басталғанға дейін тәжірибе базаларымен тәжірибе бағдарламасын және студенттердің тәжірибе өтуінің күнтізбелік кестелерін бекіту;

2) тәжірибе жетекшілері ретінде тәжірибесі мол, тәжірибе базасының қызметінің ерекшелігін білетін оқытушыларды тағайындау;

3) студенттер тәжірибе өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және студенттерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз ету;

4) студенттердің кәсіби тәжірибесінің өту уақыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын бақылау;

4. Колледждегі тәжірибе жетекшісі:

1) тәжірибе басталғанға дейін тәжірибе өтуші студенттерді дайындауды ұйымдастырады;

2) студенттерге оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кеңес береді;

3) кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның студенттерге жағымды жұмыс жағдайын қамтамасыз етуді, студенттермен міндетті еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы нұсқаулықпен таныстыруын, тәжірибе өтуші студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалауды абқылау;

4) студенттердің тәжірибе бойынша есептерін қарастыру, олардың жұмысын бағалау, бөлім меңгерушілеріне олардың жасаған жұмыстары туралы ұсыныстары мен сөгістерін жазбаша түрде ұсыну;

5) өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттерді конференцияларға дайындауға және тәжірибе бойынша сынақтарды қабылдау комиссиясына қатысу.

5. Тәжірибе базасы болып саналатын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар:

1) екі жақты жасалған келісім-шарт негізінде (колледж – кәсіпорын) студенттердің тәжірибесін ұйымдастарады және жүзеге асырады;

2) тәжірибе бағдарламасына сәйкес студенттерге жұмыс орнын ұсынады.

3) студенттерге мамандықтарына сәйкес тәжірибе өту барысында білім алуға қажет барлық жағдай жасау;

4) колледжбен келісілген тәжірибе өтудің күнтізбелік кестесін сақтау;

5) тәжірибе өтуші студенттерге бар әдебиеттерді, техникалық және басқа да құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру;

6) курстық және дипломдық жобаларға (жұмыстарға) материалдар жинауға көмек көрсету;

7) міндетті еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жүргізу; қажет жағдайларда жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйрету, жұмыс орнында қажетті құжаттарды рәсімдеп кіріспе нұсқаулық жүргізу;

8) тәжірибе өтуші студенттердің жұмыстың басталуынан бастап аяқталғанға дейін кәсіпорында қабылданған ішкі тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;

9) өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда тәжірибе өтуші при производственной необходимости наиболее подготовленных студентов - практикантов принимают на временную работу на определенные должности с оплатой их труда;

10) студенттермен болған оқыс жағдайларға толық жауап береді;

6. Кәсіпорындағы студенттердің жетекшісі күнделіктердің толтырылуын қадағалайды және олардың тәжірибе бойынша есеп жасауын қадағалап, оларға кәсіби мінездеме дайындайды.

7. Тәжірибе өту барысында студент міндетті:

1) тәжірибе бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға, тәжірибе күнделігін жүргізуге;

2) кәсіпорында, мекемеде, ұйымдағы ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

3) өндірістік санитария, қауіпіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін танып оқып, оларды қатаң сақтауға;

4) колледждегі тәжірибе жетекшісіне кәсіпорын жетекшісімен тексеріліп қолы қойылған тәжірибенің жазбаша есебін және күнделікті тапсыруға;

8. Студент құқылы:

1) тәжірибе бағдарламасымен қарастырылмаған жұмыстарды жасамауға;

2) бос жұмыс орны болған жағдайда мамандығы бойынша ақылы жұмысқа алынуға;

9. Тәжірибе туралы есепте студенттің тәжірибе өту барысындағы нақты жасаған жұмысы, оның қызметінің сипаты, еңбекті қорғау мәселесі, экономикалық жағдайы және студенттің қорытындысы мен ұсынысы туралы ақпаратты ұсынуы қажет. Есепті рәсімдеу үшін тәжірибе соңында 2 - 3 күн беріледі.

11. тәжірибе аяқталғасын студент арнайы құрылған комиссия алдында оқу бөлімінің бекіткен күні есебін қорғайды. Комиссия құрамына кіреді: оқытушы, мүмкін болған жағдайда тәжірибе жетекшісі.

Кәсіби тәжірибе қорытындысы директормен бірге кеңесте талқыланады.

12. Тәжірибе бағдарламасын орындамаған, кәсіпорын жетекшісінен теріс пікір алған және есепті қанағаттанарсыз бағаға қорғаған студент оқудан шығарылады. Ол бекітілген тәртіп бойынша қайтадан студентттер қатарына қабылдана алады.


Кәсіби тәжірибенің есебінің көлемі мен мазмұны
1. Тәжірибе бойынша есеп студенттің тәжірибе барысында алған білімдерін, ұйымдастырушылық және техникалық біліктілігін көрсететін негізгі құжат болып саналады.

2. Тәжірибе бойынша есепті студент өз бетінше дайындайды. Дайын есепті тәжірибе аяқталғанға 3-4 күн қалғанда колледжің тәжірибе жетекшісіне тексеруге ұсынады.

3. Тәжірибе бойынша есеп аяқталған жұмысты көрсетеді және келесі құрылымнан тұрады:

-    Титулдық бет.

-  Тәжірибе күнделігі.

-    Тәжірибе базасының студентке берген мінездемесі.

- Мазмұнда жұмыстың барлық тараулары қарастырылуы қажет. Ол тараулардың аттары мәтіндегідей болуы тиіс.

-   Кіріспе; бұл бөлімде жұмыс тақырыбына сай келетін зерттеулердің мәселелелері, мақсаттары көрсетіледі.

-  Ілімділік бөлім; тәжірибе базасы бойынша кәсіби тәжірибенің негізгі материалдары қарастырылады.  

-   Қорытынды; студенттің тәжірибе өту барысында жасаған жұмыстарының қысқаша талдауы, қорытындысы.

- Пайдаланылған әдәбиеттер тізімі; онда есепті жазуға пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

-    Қосымша – негізгі бөлімдерді сипаттайтын материалдар жатады. Қосымшада қосымша кәсіпорын қызметін сипаттап көрсететін материалдар беріледі (бланктер,анықтамалар, фотографиялар).


Кәсіби тәжірибе бойынша есепті рәсімдеу
1. Есеп мәтіндік құжаттарға жатады, сол себепті ГОСТ 2.105-95 ЕСКД и ГОСТ 2.106-96 ЕСКД талаптарына сай келуі тиіс. Стандарттар талабына сай келмейтін бірқатар құжаттарға өндірісте рәсімделген құжаттар (алуан түрлі ведомостер, бағдарламалар, анықтамалар) жатқызылады.

2. Жұмыс баспа түрінде рәсімделеді. Есеп мәтіні бір жақта А4 (210х297) форматындағы қағазда келесі параметрлермен оырндалады: шрифт: Times New Roman, 14  пт, аралық интервал 1 (бір). Жиектері : сол – 30 мм, оң – 15 мм, жоғары және төменгі – 20 мм. Абзац - 10 мм. Есептің көлемі 25-50 бет.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет