Үйсіндер тарихы (б з. д. ІІІ – б з. Y ғғ.) МазмұНЫ: кіріспе ежелгі үйсіндердің шығу тегі, орналасуы, КӨрші елдермен қарым-қатынастары



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/4
Дата26.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Үйсіндер тарихы (б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғғ.)
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ, ОРНАЛАСУЫ, КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1 Мәселенің тарихнамасы және деректері
1.2 Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуы мен көрші елдермен қарым-қатынастары

2. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
2.1 Үйсін қоғамының материалдық және рухани мәдениеті: жергілікті ерекшеліктері мен ұқсастықтары

2.2. Үйсіндердің шаруашылығы, оған табиғи орта әсері

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының ғасырлар бойы мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің тарихи тәжірибесін объективті шындық тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу Отандық тарихнамаға жүктеліп отырған күрделі де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта қол жеткізген ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік идеологияны, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруына, егеменді еліміздің іргетасын нығайтуға, жалпы алғанда халқымыздың болашаққа деген сенімінің артуына қосар үлесі зор.

Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп-өнуін алғашқы қауымдық құрлыстағы ру-тайпалардан басталғандығын ешбір жоққа шығаруына болмайды. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне замандағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет болып отыр. Яғни, адамдардың тіршілік әрекетінен қалған заттарды зерделей келе, археология ғылымы өткен тарихымыз турасында мәліметтер тобын беріп отыр. Осы мәліметтер туралы ежелгі еліміздің территориясында орналасып, кейіннен қазақ елінің тайпаларының құрамында кездесетін тайпалар тобы да кездесірп отыр. Міне сондай тайпалардың бірі ретінде үйсін тайпаларын алуымызға болады.

Үйсін атуаы қытай деректері арқылы ортамызға сіңісіп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамында үйсін атауы кездесіп отыр. Сол себепті де Қазақстан территориясын ежелгі заманда мекен етіп, кейін бұл атауы ортамызда қайта кездесуі әрине заңдылық болып отыр. Сол себепті де ежелгі заманда елімізде мекен етіп, артында өзіндік тарихын қалдыра білген үйсін тайпасы туралы зерттеп, оның мәнін ашу жұмыстың өзектілігін байқатып отыр.

Қазақстан тұрғындарында тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттік консепциясында бұл мәселе кезек күттірмес маңызды мәселе ретінде қойылады. «Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы» атты ғылыми сессияда да: «Үшінші мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайта сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені, тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-мағанасын ұғындыра түседі» делінген /1/.

Соған орай тарих ғылымында өткеніміз бен бүгінімізге көз жүгірткен болатынбыз. Өзінің 2500 жылға созылған ұзақ тарихын көптеген оқымыстылар зерттеулеріне көз жүгірте отырып, ежелгі үйсін тайпаларының қазақ халқының құрамына енген жергілікті Жетісулық тайпалар болғандығы қазіргі таңда айтылып жүргендігі белгілі. Олай болса, б.з.д ІІІ-І ғасырларында өмір сүрген үйсін тайпаларының тарихын зерттеу күні бүгінге дейін қазақ тарихында ерекше орны бар өзекті тақырып екендігін танытып отыр.
Бітіру жұмысының зерттелуі Жазба деректер бойынша үйсін тайпалары туралы алғаш тарихи жазбалар немесе ғылымға таныс етушілер Н.В. Кюнер мен Н.Я. Бичурин болды /1,2/. Олар қытай тілін өте жақсы меңгергендіктен, олардың аудармаларын және басқа деректерді пайдалана отырып В.В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихы очеркі» атты еңбегінде үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жазды /3/. Сол сияқты қытай маманы Ю.А. Зуев та үйсін тайпасы туралы жаңа деректер тобын пайдалана отырып, қазақстан тарихын жазуда үйсіндер жайлы өз үлесін қосты /4/.

Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек сіңірген ғалымдар академик Ә. Марғұлан мен М. Бернштам болды /5/. Іле өзенінің орталық ағысының оң жақ жағалауында үйсін ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізіп, алынған материалдар бойынша олардың өмір сүрген мезгілін дәуірлерге бөліп, даму кезеңдерін бір жүйеге келтірген А.Г. Кушаев болды 6/.

Сол сияқты сақ, үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ уақыт айналысқан К.А. Акишев болды. Ол үйсін тайпаларының қоғамдық құрлысы мен әлеуметтік-экономикалық жақтарын бір жүйеге келтіріп, үйсін тайпаларының мемлекеттік дәрежеде – таптық құрлыста өмір сүргендігі туралы жазды /7/.

Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов болса қазақ арасынан жинаған шежірелік жинақтарына қарай отырып, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы екендігін мәлімдеген болатын /8/

Сол сияқты әйгілі ғалым Е.С. Малов үйсін атауының 8 ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларында кездесіп, олардың сақ тайпаларымен туыс болғагдығын атап өтеді /9/.

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады десе, ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /10/.

Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /11/.

Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты, В.В. Восторовты атауға болады.

Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдесе, ал зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зерттеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарастырып өзіндік пікір ұстанады /12/. Сол сияқты В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді /13/.

Сонымен тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. Кушаев, Ю.А. Зуев, А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. авторлар үйсін тарихы мәселесін зерттеуде үлкен үлес қосары сөзсіз.



Біртіру жұмысының деректік негізін ежелгі үйсін тайпалыары туралы негізгі дерек көздерін қытай деректері береді. Яғни, Н. Мыңжан кітабына сүйене отырып, үйсін тайпалары турасында бірнеше деректер тобын атап өтуімізге болады. Мәселен, үйсін тайпалары туралы «Хан патшалығы тарихы, дуан шежірелерінде», «Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресінде» «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің ьтарихы баяндалған. Сол сияқты «Тарихи жазбалар, Дуан шежіресінде» де үйсін тайпалары аталады.

Сондай-ақ жоғарыда аталынып өтілгендей жұмыстың негізгі дерек көздерін археологиялық материалдар тобы құрайды. Академик Ә.Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйелері туралы мәліметтер берсе, археолог-тарихшы А.Н. Бернштамның Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады. Ал К.А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығы туралы мәліметтер береді. Археолог ғалым Г.А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б.д.д. Y -ІY ғасыры мен б.д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар болғандығы туралы мәлімет береді. Бұл аталғандардың барлығы да бізе ежелгі үйсін тайпалары туралы негзгі дерек көздерін береді.

Сол сияқы үйсін тайпалары туралы тағы бір құнды мәліметтер тобын Шадыман Ахметұлының құрасытыруымен ҚХР Үрімжі қаласында басылып шыққан «Ежелгі үйсін елі» атты үйсін тарихына қатысты қытай деректері мен зерттеулерінің топтамасы беріп отыр /14/. Аталған зерттеуде 1960-1990 жылдар аралығында зерттеушілер назарында болған үйсін тайпаларының тарихы, деректері, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер топтастырылған.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты ІІІ-І ғасырлардағы ежелгі үйсін тайпаларның тарихын саралап, аталаған мәселе бойынша жарық көрген зерттеулерге тарихнамалық тұрғыдан шолу жасай отырып, мәселенің мәнін ашу болып отыр. Айқындалған мақсатымызға байланысты мынандай міндеттер тобын шешуді белгіледік:

- Үйсін тайпаларына қатысты мәселенің тарихнамасы және дерекік мәліметтеріне тоқталу;

- Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуын айқындау;

- Үйсін тайпаларының көрші елдермен өзара болған қарым-қатынастарының мәнін ашу,

- Үйсін тайпаларының қалыптастырған материалдық және рухани мәдениетне тоқталу арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсету;

- Үйсіндердің тайпаларының шаруашылығы және оған табиғи ортаның әсерін баяндай болып отыр.

Жұмыстың методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен үйсін тайпаларын қарастыруда өркениеттік тұрғы басты назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында этноцентристік, ұлтшылдық және этнониглистік көзқарастардан бас тартып, оларды айқындауға мүмкіндік береді және әртүрлі тайпалар мен мәдениеттердің, өркениеттердің, теңдігі мен әлем дамуының полимәдени және көпұлттық құндылықтарын оның дамуының негізгі шарты ретінде қабылдау туралы сананы қалыптастырады. Сондай-ақ бітіру жұмысында тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра талдау, жүйелілік т.б. басшылыққа алынды.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғасырлары аралығында тарих төсіне шығып, кейін түркі тайпаларының құрамына еніп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамына енген үйсін тайпаларының осы уақыт аралығындағы территориясы, саяси тарихы және көрші мемлекеттерімен мәдени байланыстары туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді талдауға арналған.

Бітіру жұмысының құрылымы бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.


1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ, ОРНАЛАСУЫ, КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1 Мәселенің тарихнамасы және деректері

Б..б. ІІ ғасырда қытай жазба деректерінің хабарларына қарағанда Жетісу аймағында атақты үйсін тайпаларының өмір сүргендігі туралы мәліммметтер кездеседі. Үйсін тайпалары кейіннен сол атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына сіңген ру. Үйсін этносы қазақ халқының тарихында ерекше орны бар тарихи тақырып болғандықтан зерттеуді көп қажет етеді.

Мәселенің тарихнамалық қарына келер болсақ, зерттеуші Н.Я. Бичурин аударған қатай деректерінде үйсіндердің зерттелу тарихының негізгі деректік қорлары кездеседі. Үйсіндер тарихын зерттеген ғалымдар Н.Я. Бичурин, Н.В. Кюнер, В.С. Таскин, Ю.А. Зуев, Н. Мыңжан үйсіндер тарихына мол үлес қосқан. Бұл ғалымдардың еңбектері үйсіндердің зертттелу тарихнамасын толықтыра түседі.

Деректік мәліметтер бойынша Іле өзенінің оңтүстігіндегі Іле Алатауын қытай елінің б.д.д. жазба дерегінде Үйсін тауы беп атаған. Халқымыздың тарихына ерекше мән беріп, оны алғаш тарихшы ретінде жазған атақты ғалым А.И. Левшин өзінің еңбегінде бұл Қытай жеріне кіріп жатқан Алатау ма немесе Үйсін Алатауы ма деген сауалға нақты ешнәрсе айта алмайтындығын жазған /14/. Ал археологиялық зерттеулер бойынша Іле өзенінінің оң жағы болсын сол жағы болсын б.д.д. ІІІ ғасырларда ежелгі үйсін тайпаларының өмір сүргендігі толығымен дәлелденген. Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик В.В. Бартольд үйсін атауына үлкен мән берген. Ғалым халқымыздың тарихына байланысты алғаш рет «Жетісу очеркі» атты көлемді еңбегін жазды. В.В. Бартольдтің пікірі бойынша Ыстық көлдің оңтүстік жағындағы Ферғана, Күшпен Шершинге дейінгі Қытай Түркістаны аралықтағы Манглай Сүбе облысының жері де Жетісудың бір бөлігіне жатқан. Ғалым бұл жерлер түріктенген моғол тайпаларының бірі дулаттардың жері деп көрсетеді /15/. В.В. Бартольд дулаттардың жері Жетісу аймағы деп көрсетеді.

Ал зерттеуші Н.А. Аристов өзінің пікірі бойынша дулу тайпасы шығыстан хундармен бірге Батысқа қарай жылжыр қоныстанғанын атап өтеді /16/.

С. Аманжолов болса «Менің ойымша бүгінгі дулаттар ертедегі орхон-енисей түріктерінің тура ұрпақтары (Y-YІІІ ғғ.) деп көрсетеді /17/. Ертедегі үйсін, қаңлы, дулат және т.б. тайпалар қазіргі қазақ халқының құрамына сол атауман енген Ұлы жұздің рулары екендігі айқын.

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады дейді. Бұл тайпалар шығыста көршілес өмір сүріп ақыр аяғында олардан теперіш көріп, Жетісу жеріне келіп, мұнда сақ тайпасын ығыстырып, үйсін тайпасымен араласса керек //. Ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /18/.

Жетісу жерінде судың молдығына байланысты бұл өлкенің құрғақ табиғатына қарамастан отырықшылық күй кешкен. Бұл процесс турасында академик Ә.Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйесінің бүгінге дейінгі өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетеді /19/. Бұл кезеңде Жетісу аймағында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген археолог-тарихшы А.Н. Бернштамның қазақ халқының тарихына сіңірген еңбегі өте зор. А.Н. Бернштам Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады /20/. Ғалым ескерткіштердің материалдық жағына сүйене отырып, ежелгі үйсіндердің шығыстан яғни Қытайдың Гонсу провинсиясынан келмегендігін олардың таза Жетісуды мекен еткен үйсіндер болғандығын дәлелдей отырып, қытай дерегінің негізсіз екендігін жазады.

1946 жылы қазақстанда ғылыми академия ашылады. Соған орай үйсіндер тарихын зерттеу мәселесі кеңейе түседі. Жетісу аймағына жүргізілген зерттеулердің барысында болған К.А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығын атап өтеді. Сондай-ақ үйсін тайпалары сақ тайпаларының заңды жалғасыт ұрпағы болғандығын да атап өтеді. Зерттеуші Алматы облысының Кеген ауданының Ақтас қыстағынан алынған материалдарға сүйене отырып, үйсін тайпаларының негізінен үш мезгілді баснан өткізгендерін дәлелдейді. Яғни, бірінші кезеңінде б.з. І-ІІІғасырында, екінші – ІY-YІ ғасырларында және үшінші кезеңі – ХYІІІ ғасырында қазақ халқының өмір кешкен кезеңі. Бұл кезеңдер қазба жұмыстарының кезінде табылған үйсіндердің тұтынған бұйымдарынан белгілі болған. Археолог ғалым Г.А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б.д.д. Y -ІY ғасыры мен б.д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар ғұмыр кешсе, ал одан кейін таптық жіктелулер болғандығын атап өтеді. Сол сияқты ғалымдар Г.А. Кушаев пен К.А. Акишев өз еңбектерінде үйсіндердің әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты зираттардан алынған материалдарға талдау жасай отырып, үйсін тайпаларындағы салт-сана, әдет-ғұрыптардың қазақ халықнда да кездесетіндігін де дәлелдейді. Мәселен үйсін тайпаларының көкке (көк тәңірге), жерге (жер анаға), суға (су анаға), отқа (от анаға), күнге, айға және т.б. аспан дененлеріне сиыну салтының сақталғандығын жазады /21/.

Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /22/. Бұл қазақ халқына тән діни наным-сенімдер болып табылады. Яғни, қазақ халық ерте кезде қайтыс болған ата-баба аруақтарына сыйынған, ол аруақтар өзінің ұрпақтарын руластарын қолдайды деп сенген. Сондықтан соғы шайқасына кірген кезде немесе атй бәйгеге шапқанда қазақтың ру-тайпалары өзінің ата-бабаларын яки сол рудан шыққан батырлардың атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен. Жетісу аймағ ынан табылған обалар ежелгі сақ-үйсін тарихының туындысы. Ғалым К.А. Ақышевтың Қазақстанның басқа жеріне қарағанда, әсіресе Жетісудағы қысаулар тұрақты болған деп дәлелдеген. Жетісу жерін мекен еткен тайпалардың әдет-ғұрпы, салт-санасы және мал шаруашылығымен қатар сондай-ақ этникалық құрамында ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарынан тыс қалмағаын.

Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты, В.В. Восторовты атауға болады.

Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдейді. Ал зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зертеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарачстырып өзіндік пікір ұстанады /23/. Ал академик В.В. Бартольд дәне Н.А. Аристовтың еңбектерінде қаңлы, қыпшақ тайпаларынан басқа тайпалардың барлығы түркі тілдес емес деген қате пікірді дәлелдеген. Ғалым өз кезегінде түркі, қытай дерегі және қазақ шежіресіне сүйене отырып дәлелдер келтірген. Ғылыми жағынан күнбилердің есімдеріне, жер-су аттарына сұрыптама жасап, көз жеткізген. Сол сияқты В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді.

Жетісу аймағын мекен еткен тайпалардың антропологиялық жағынан зерттелу жұмыстары да ғалымдар назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ұлттық Ғылым академиясының короспондент мүшесі профессор О. Исмағұлов өзінің монографиясында көне дәуір мен жаңа дәуірдегі қазақтардың яғни 500-600 жылдарға жуық аралықта олардың антропологиялық жағыанан онша өзгеріске түсе қоймағандығын дәлелдеп, ежелгі этникалық топтармен соңғы кездегі қазақ халқының арасында генетикалық байланыстың үш мың жылға созылған ұзақтығына қарамастан арада өте тығыз ұқсастық бар екендігін айтады /24/. Қытай деректерінде үйсін тайпаларының көздері көк делінсе, ал археологиялық деректер үйсіндердің европойдтық рассаға жататындығын дәлелдеп отыр /25/. Іле өзенінің бойында орналасқан обадан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44 –і европейдтық болса, қалғаны монголойдтық аралас типте болғанын зерттеуші О. Исмағұлов дәлелдеп көрсетеді. Бұдан біз бүгінгі осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болғандығын көреміз. Жетісу қазақтарының көптеген рулары үйсін антропологиялық типтің нәсілері екендігі айқын. Қытай жазба деректерінде Жетісу жерінде мемлекеттік дәрежеде Қытай өкіметімен терезесі тең дәрежеде саяси қарым-қатынаста болған үйсіндер туралы деректер біршама жақсы жазылған Осы деректерге сүйене отырып, үйсіндердің қай тілдік семьяға жататындығы туралы мәселе XІХ ғасырдан бері қарай көтеріліп келеді. Осы уақыт аралығында үйсіндердің тілін иран, түркі тілдеріне жатқызды. Сондай-ақ үйсін тілі орыс қазан тілдес деп айтатындар да болды. Жапондық ғалым Сиратори «Ханзуша» ми деген әріп хан әулеті тұсында «би» деп атап келген. Ертедегі үйсіндер қазақ тілінде сөйлеген деп дәлелдеді. Зерттеушінің бұл пікірімен келісуге болады. Себебі қазақ халқының тарихында Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Бисенбі би және тағы да басқа билер болған. Бұл мәселеден ежелгі үйсіндердің қазіргі қазақ халқының арғы атасы болғандығын айқындайды /26/.

XІХ ғасырдың аяғында Жетісу аймағында өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық құрамы және олардың көшіп-қону бағыттары туралы жарық көрген Н.А. Аристовтың еңбектері болды. Ғалым өз еңбегінде ежелгі үйсіндердің қазақ халқындағы Ұлы жүз құрамына кіргендігін атап көрсетеді. Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қарақ жүз, мың жүз, бақтиярдан: үйсін мен ойсыл, үйсіннен ақсақал (абақ), абақтан қараша, қарашадан бәйдібек, бәйдібектен: албан, дулат, суан, сары үйсін тарайды //.

Н.А. Аристовтың еңбегін өзінің ғылыми жұмыстарына пайдаланған этнолог ғалымымыз В.В. Востров Жетісу өлкесінің ру-тайпаларының этникалық құрамы туралы жазған /27/. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан уәлиханов қазақ халықының арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде үйсін, ұлы жүз қазақтарының түп-тамыры немесе түп атасы болған деп көрсетеді. Онда Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр, мекірелі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпаларынының өрбігенін көрсетеді.

Алайда В.В. Востров Жетісу аймағында қазақтар ХYІІІ ғасырдың екінші жартысында қоныстана бастады деген қате пікір айтады. Сол сияқты қазіргі қазақ шежірелерінде үйсін тайпаларының таңбалары ту және ағын су формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысынның арғы тегімен өсіп-өрбуін баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер қазақтың Ұлы жүзін құрайтын ұлыс. Еліміздегі қазақтар арасында албан, суан, жалайыр, шанышқылы және тағы да басқа тайпалар осы ұлы жүз «Үйсіннен» тарайды. Мәселен, ежелгі үйсіндердің ата-мекенінінң орталығы болған Млнғолкүре ауданынынң аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі қытай дерегінде үйсіндерді «усун» деп жазған.

Әйгілі ғалым Е. Малов «үйсін» деген ел атының YІІІ ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде бар екендігін дәлелдейді /28/. Осыған сүұйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екендігін айтады. Ал зерттеуші Ә. Хасенов «Юбан және Чубан кім?» деген мақаласында: «Үйсін, дулат, қыпшақ, найман және т.б. қазақ халқының елдігін құрағанкөне түркі тілдес тайпалар « деп өз пікірін білдіреді /29/.

Соңғы кезеңде Қытай тарихшысы Су Бейхэйдің еңбегінде «усундердің іс қимылары Іле алқабында өтті. Бірақ бұл олардың ата-мекені емес» деп жазды /30/. Қытай ғалымдары ертедегі қытай деректеріне сүйене отырып, үйсіндерді шығыстан келген деп өздеріне жақын тартуға тырысқан пікір білдіреді.

Сонымен қорыта келгенде, тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. кушаев, Ю.А. Зуев, А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. үйсін тайпалары ешқайдан келмеген, Жетісу жерінде ежелден өмір сүріп, сан атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына енген түркі тілдес тайпалары деп дәлелдейді. Сол себепті де ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ертедегі үйсін тайпаларын соңғы кездегі үйсіндердің аарасында белгілі бір байланыстары болған түркі тілдес тайпалар деп көрсетуімізге болады.


1.2 Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуы мен көрші елдермен қарым-қатынастары

Үйсіндер–Қазақстан территориясындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктерідң бірі болып табылады. Б.з. YІІІ ғасырындыағы жазушылардың Бесбалықты усын княздерінің шекарасы деп атағыанына қарай отырып, үйсін тайпаларының территориясының шығыстағы шектері біраз уақыт бойына Бесбалық маңында болды деп көрсетеді. Батысында үйсіндердің шекарасы шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктерне дейін созылып жатыр. Үйсін иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, бірақ үйсін тайпавларының ордасы – қызыл аңғар қаласы болған. Ол Ыстықкөлдің маңында болған. Чжань Цянның хабарлауына қарағанда (б,з.б. ІІ ғасыры) үйсіндердің бұрын тұрған жері шығыстағы бір қиыр шет болған. Мұның өзі сірә шындыққа жатпайды. Археологиялық және полеоантропологиялық деректемелер бойынша сақтар мен үйсін тайпаларының арасында мәдени сабақтастықтар болғандығы көрсетіледі.

Үйсін тайпалары турасындағы алғашқы хабарлар б.з.б. ІІ ғасырдың соңғы тұсынан бастап мәлім бола бастаған. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, «Батыс өлкесіне» Чжань Цянь бастаған елшілік жібереді. Ол Жетісу жерінде болып, үйсін тайпалары турасындағы алғашқы хабарларды жеткізеді. Ол кезеңде үйсін тайпаларының арасында сэ (сақ) және юечжи тйпаларының тармақтаврынан тұрған.

Чжань Цяньнің хабарлауы бойынша үйсін тайпаларының саны 630 мың адамға жетіп, олар 188 800 жауынгер жасақтап шығара алатын болған. Алайда бұл көрсетілген санның шынайы шындыққа жанаспайтындығы белгілі. Алайда үйсін тайпалары қажет болған жағдайда атты әскерлерден және шабуыл жасау қимылдарына үйретілген жаяу садақ тартқыш жауынгерлерден құрылған үлкен әскер жасақтай алатыны күмәнсіз еді. Жазба деректемелер үйсін билеушілерінің жасағы – 30 мың атты әскер мен ондаған мың садақ тартқыш жауынгерлерінің болғандығын хабарлайды /31/.

Үйсін еліндегі жоғарғы билік – гуньмо деген билеуші басқарушының қолында болған. Үйсін гуньмосының ордасы – Чигу-чэн (Қызыл Аңғар) қаласы болған. Ол үлкен бекінісі бар үлкен қала болған. Жаңа заман басталар тұста және оның алғашқы ғасырларында Чигу-чэн елеулі саяси орталықпен бірге Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы да болған. Осыған орай саяхатшы-шежірешінің мынадай хабарламалыары бізге жеткен: «Солтүстік жолмен жүріп отырып (Іледен) Қызыл Аңғарға (Чигуге) кіріп, үйсіннен өттік, Қанцзюй (княздық) шекарасынан өтіп, батыста Толған көлден (Ыстық көлден) шықтық».

Б.з.б. 73 жылға дейін-ақ үйсіндердің территориясы мұрагерлер арасында үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөліәнген еді. Бірақ олардың барлығы да «гуньмоның жоғарғы тәуелділігінде» болды /29/.

Б.з.б. 64-51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұхарасы гуньмоның ғұн тегінен тараған мұрагерлігіне ашық түрде қызғаныш танытып, сол себептен гуньмоның халқы мен территориясы екі бөлікке: ұлы гуньмо мен кіші гуньмо иеліктеріне бөлініп кетеді. Олардың арасындағы шекараларына межелер қойылады.

Үйсін тайпаларының тарихы кіші гуньмолар мен ұлы гуньмолардың үстемдік үшін өзара қырқысына, ғұндарды қолдайтын саясатты жақтаушылар мен Хань империясын саясатты жақтаушылардың арасындағы күрестерге толды. Цылимдік билік жүргізген уақыты – б.з.б. 45-14 жылдар аралығы болды. Бұл кезең үйсін елінің дәуірлеген кезеңі болып саналды. Себебі бұл тұста билік берік болып, ел арасында тыныштық пен бейбітшілік орнайды /32/.

Үйсін елі екіге бөлінген соң да екі топ арасында билікке талас күшейе түсті. Бұл тартыстың аяғы олардың бірін-бірі өлтіруіне алып келді. Оңтүстік иеліктің билеушілері күнмудың хан патшалығынан алға. әйелінен тараған ұрпақтар болды. Ал оңтүстік иедіктің немесе кіші иеліктің билеушілері ғұн тәңірқұтынан алған әйелден тараған ұрпақтар болды. Сол себепті де өзара тартыс туғанда оңтүстік топ Хань патшалығына арқа сүйесе, ғұн тәңірқұтына сол жақ тобынының өкілдері арқа сүйеумен борлды. Үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыстар бір замандарда кемеліне келіп, халық арасындағы күйзелістерге алып келеді.

Үйсіндердің батыс өңірге ауып, Іле аумағына көшуден бұрын тіршілік еткен өңірі туралы айтқанда , алдымен үйсін ханы Нәнду би мен оның ұлы күнби дәуірінде қоныстанған өңірді айтамыз. Мәселен, «Тарихи жазбалар» дерегінде мынадай мәліметтер бар. Яғни, күнбидің әкесіғұндардың батысындағы ел , ғұндар үйіндерге шабуыл жасап, Нәнду биді өлтіреді. Бұл оқиға туған кез Нәнду би жасаған уақыт болды. Нәнду өлген соң, үйсіндер топ-тобымен барып, ғұндарды паналаған. Ал күнбидің дәуірінде ғұндар оған Батыс қамалды баянды қорғау жөнінде әмір берді. Слондықтан екеуінің қоныстанған жері қашық емес болды. Тарихта бір ұлыс соғыста жеңлгеннен кейін өз жерінен айырылып, түгел кетіп қалған жайт кездеседі. Ал кейінгі кезеңдерде ғұндар ұлыс бойынша бастысқа ауған кезде де 100 мыңнан артық халқы бұрынғы мекенінде қалған. Осы тұрғыдан алғанда үйсіндердің көп бөлігі бұрынғы мекенінде қалып қойған.


Көпшілік ғалымдар үйсін тайпалары мен оған көршілес нүкіс тайпалары Кентау мен Дахатаның аралығында қоныс тапкенмен, бірақ үйсіндер мен батыс ғұндарды нүкістер қысым жасап, қуып шығып, сондықтан ертедегі батыс ғұндар , сақтар, үйсіндер бұл ұлыстың екі басқа аталуы болып отыр.

Жалпы қытайлық «Тарихи жазбалар» мен «Хәннамада» жазылған Келентаудың орны үйсіндердің батысқа ауудан бұрын қоныстанған өңірін табудағы маңызды деректердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде ғылыми-көпшілікке негізінен мынадай екі пікір бар: бірінші бірнеше кітаптарға негізделіп Келентауды Жючюан өңірі деп есептейді, ал екінші «Тарихи жазбаларының» 109-тарауында «Келен Тәңіртауы» деп қосып айтылған. Сол сияқты «Хәннамада» Гансуды оңтүсік тау Келентау деп алынбай, ғұндардың тәңірі Келентау аймағы болды деген пікір бар.

Жалпы күнбидің әкесі Нәнду би тегінде Келентау мен Дахта аралығындағы ұлы нүкіс тайпаларымен қатынас орнатқан шағын ұлыс билеушісі болады. Ұлы нүкістер шапқыншылық жасап, Нәнду биді өлтіріп, олардың жерін тартып алады. Халқы босып, ғұн тайпаларын паналайды. Ал жаңа туған нәресте күнбиді аталық Бозақ яғбу қалың шөптің арасына алып барып жасырып қояды. Бозақ оған азық алып қайта келсе, оны көк құртқа емізіп жатыр екен, ет тістеген қарғалар оны төңеректей ұшыпоны өз қолында бағып ер жеткізеді. Азамат бала оған қол бастатыпты. Бірнеше жылғы соғыста көзге түскен соң, тәңірқұт күнбиге әкесінің бұрінғы ел жұртын қаратып, Батыс өңірді баянды қорғау жөнінде әмір берген екен. Күнби халқына қорғау болып, қоңсылас отырғавн көрші елдерді шауып күн көреді. Күнби өз елін қорғану мен шабуылдауға машықтандырады. Тәңірқұт қайтыс болғаннан кейін, күнби өз елін алысқа көшіреді. Тәуелсіз ел боламыз деп ғұндарға қол тапсырудан бас тартады /14, 47 б/.

Ғұн тайпалары атты әскерін қаптатса да, оларды жеңе алмайды. Мұны қасиетті киенің құдіретіне жорыған ғұн тайпалары олардан қашық кетуге тырысады. Осы себепті ғұндар күнбиге мол тарту тартып, оларды біртіндеп шығысқа көшіру арқылы бұрынғы ғұния ханның жеріне қоныстандырырмақ болады. Сонан нәрестені көтеріп барып, ғұнға бағынады. Тәңірқұт оны жақсы қабылдап, өз қамқорлығымен ер жеткізеді. Азамат болып, тәңірқұт күнбиге бұрынғы әкесінің ел-жұртын қаратыпты. Оған қол бастатыпты. Ол бірнеше жылғы соғыста көзге түседі. Бұл тұста ғұндардан жеңілген нүкіс тайпалары батысқа ауып, тақ тайпаларына шабуыл жасапты. Сақ ханы оңтүстікке қашып кетіп, ал ұлы нүкістер олардың жерін жаулап алыпты. Күнби кәмелеткее келген соң тәңірқұтқа әкесінің кегін алатынын айтып, батысқа шеру тартады. Сонымен нүкістерді жеңіп, оларды батысқа ығыстырады. Күнби олардың қалған халқын бағындырып, әскери жағынан күшейеді. Осы тұста тәңірқұт өліп, күнби ғұндарға қол тапсырудан бас тартады. Ғұндар қанша күш көрсетсе де оны жеңе алмайды. Мұны киенің құдіретіне бағалап, ғұндар олардан алыс кетуге бел шешеді. Тығырыққа тірелген тәңірқұт ескі мекендерін қимай, үйсіндерге мол тарту тартып, олардың шығысына мекен етуді ойлайды. Сол себепті күнбиге ханша ұзатуға шешім қабылдайды. Олар үйсіндермен біріккен жағдайда оның батысындағы Бактрия және т.б. елдердің бажамызға айналуы даусыз деп шешеді. Үйсіндерге елшілікпен барған Жаң Чян оларға патшаның дегенін жеткізеді. Бұл туралы қытайлық «Батыс өңірі баянында» жазылдады.

Алайда қытай деректерінде бұл пролцес әр түрлі айтылады. Мәселен, «Тарихи жазбаларда» күнбидің әкесі ғұндардың батыс жағында бір шағын елді билеген екен делінсе, «Хәннамада» күнбидің әкесі Нәнду би негізінен Келентау мен Дахата аралығындағы ұлы нүкістермен қанаттас отырған шағын ұлыстың билеушісі екен /31, 43 б/.

«Тарихи жазбаларда» ал қазір хұндар хан әулеті тарапынан мықтап тығырыққа тірелді. Күнбидің бұрынғы мекені иен жер, олар Хан әулетінің байлығын көргенде мән-рейлердің көзі тұнып кетеді. Осы орайда Үйсінге мол тарту тартып, оларды біртіндеп шығысқа көшіру арқылы мекендеріне қоныс тептірген.

Жоғарыда көрсетілген «Тарихи жазбалар» мен «Хәннамадағы» осы айырмашылықтар үйсін тайпаларының ата қонысы мен территориясы турасында сөз қозғайды. Сол себепті де көптеген зерттеушілер үйсін тайпалары сөз болған тұста «Хәннама» мен «Тарихи жазбалар» бойынша мәліметтер бере отырып, олардың ата қонысын ажыратқан болатын.

Б.з.б. бірінші ғасырдың орта тұсында оңтүстік ғұндар хань патшалығына бағынып, солтүстік ғұндар батысқа қарай ығысып, Алтай, Саян тауларын мекен еткен қырғыз, диңлин тайпаларын өздеріне бағындырып, үйсчіндер мен қаңлыларды өздеріне қосып алуды көздейді.

Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің билігінде немесе ықпалында болды деп топшылауға негіз бар. Мәселен, Ханның үлкен үйінің тарихында үйсін басқа да көптеген иеліктерді өзіне баығндырады. Сол стияқты «Давани туралы әңгімеде» үйсін тайпалары көршілес шағын иеліктерге шабуылдар жасайды. Сол сияқты үйсін тайпалары өздеріне жақын қоныс тепкен тайпаларды өз вассалдарына айналдырып отырған. Бұл сол тұстағы әдет-ғұрыптары мен киімдері жөнінен үйсін тайпаларына жақын тұрған хюсюнь, гюаньду, юйту тайпалары немесе үш иелік жерплері болған. Б.з.б. бірінші ғ,асырджа согюй немесе ярхян иелігінде жергілікті старейшиналар мен билеушінің өзінің сұрауы бойынша үйсін тайпалары оң қабақтарын таныту үшін Ван-Гуйми гуньмоның баласы Ваньнянь әмірші болған/33/.

Деректерге қарағанды, үйсін күнбиін Елжау бидің он ұлы болған. Олардың ішінде Дулы өте қабілетті де қайраты болған. Соғыс өнерінде мықты қолбасшы болып, он мың атты әскерімен көзге түседі. Б.з. д. 141 жылы Хан патшалығында Уди патша болды. Бұдан бұрын Хан патшалығының солтүстігіндегі ғұндар күшейіп, Хан патшалығына қарсы үздіксіз шабуылдар жасап, үлкен қауіп-қатер алып келеді. Уди таққа келген соң хан патшасының мемлекеттік қуаты күшейіп, ғұнжарға қарсы соғыстар жасайды. Олар ұлы иозилермен достық қарым-қатынастар орнатып, ғұндарға қарсы шығуды ойлайды /14, 56-58 бб/.

Бұл мақсатқа жету үшін б.з.б. 138 жылы жаң Шиаң юастаған жүз адамды иозилерге елшілік сапарға аттандырады, Бірақ жол-жөнекей Жан Шианды ғұндар ұстап алады. Ол ондаған жыл ғұндар қолында тұтқында болады. Кейіннен өзі құтылып, Ферғана аймағы арқылы иозилерге барады.

Үйсін тайпалары неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қарым-қатынастар орнатты. Мәселен б.з.д. 69 жылы жоғарыда аталған Ван-Гуйми өзінің Даши деген қызын Кучи әміршісі болып отырған Гян-биньге береді. Хань империясы мен ғұн тайпалары үйсіндермен одақ жасауға мүдделі болады. Сол себепті хань мен ғұн әміршілерінің қызарын үйсін күнбилеріне әйелдікке ұзатып отырған.

Сол сияқты елжау би де хан әулетінің ханшасы Шижұнды айттырып, некелесуі жайдан-жай емес, тек саяси мақсат үшін жасалған еді. Ол тұста Елжау би жасы жетпістен асқан, немерелі-шөберелі адам болған. Оның үстіне олардың іргелес отырған ірі һұндерден алыс кетуі мүмкін емес болды. Нәтижесінде ханшаны сол тізесін басқан ханша етті. Бұл сол тізесін басу оның бәйбіше болуы еді. Шижұн ханша өзінің саяси міндетін орындау үшін жылына бір рет күнмуға кездесіп, шарап ұсыныпғ орданың төрелігіне сыйлық ұсынып отырған. Өз кезінде Елжау би бұл ханшаны өзі алмай, немересі Жөншіге қосуды ұйғарған еді. Алайда негізгі күнмуға әйел болуды көздеген Шижұн әкесі Удиға хат жолдайды. Бірақ, Уди ооған үйсіндердің әдеет-ғұрпына көндігіуі керектігі туралы айтады. Соңында Елжау бидің немересі Жөнші би мен Шижұнның некесі қиылады.

Б.з.д. 104 жылы үйсін күнмуы Елжау бидің тағына оның немересі Жөнші отырады. Шижұн ханша қайтыс болған соң қайта екі ел арасында құдандалық жалғасып, Уди патша өзінің немере қызы Жиейұй ханшаны Жөншіге ханымдыққа береді.

Б.з.д. 96 жылы Жөнші би қайтыс болып, оның һұн әйелінен туылған мұрагері Най би әлі жас болған соң, жөнші бидің немерелес туысы Оңқа би таққа отырады. Ол әмеңгерлік салт бойынша ағасының әйелі Жиейұй ханшаны алады. Осы тұста үйсін елінің шығыстағы көршісі чесілер маңызды жол торабына иелік етіп, оған һұн билеушілері көз тігеді. Бұл қауіпті байқаған үйсін күнмуы Оңқай би Елжау биге хат жолдап, һұндерге қарсы шығуды көздейді. Нәтижесінде күш біріктірген үйсін елі һұндерге қарсы шабуылға шығады. Олардың арасында соғыс екі мәрте орын алады. Соғыс барысында үйсіндер жеңіске жетіп, көп тұтқын түсіріп, үлкен олжаға тап болады. Нәтижесінде мемлекеттің беделі арта түседі. Территориясы да кеңейеді. Хан патшалығы үйсін елінің бұрынғыдан да күшеюін ескере келіп, үйсін елімен дипломатиялық қарым-қатынасты жоғалтпау мақсатымен әлсін-ілсін құдандалық байланыстарын жоғалтпай отырады /66, 83б/.

Сол сияқты күшейген үйсін елінен басқа елдер де көмектер сұрап отырған. Мәселен, үйсіндердің шығыстағы көршілері чес елініңханы һұндерден қысым көргендігін айтып, көмек сұраған болатын. Нәтижесінде екі ел арасында одақтық байланыс орнап, үйсін күнмуы Янғұйге бір қыздарын ұзатады.

Б.З.Д. 53 жылы Оңқай бидің баласы Ожет үйсін күнмуы болуға әрекет жасайды. Сол үшін Най биді өлтіріп, өзін күнби деп жариялайды. Хан патшалығы бұл әрекетті тқтату үшін үйсіндерге қарсы әскер жібереді. Бірақ Фың Лиау ханыммен Ожет күнбидің тіл табысуы бұл процесті тоқтатады. Ожет кіші күнму болуға келісім беріп, янғұй би ұлы күнму болады. Осы тұстан бастап үйсін елі қайтадан хан патшалығына тәуелділікке түседі.

Үйсін елі ендігі тұста кіші күнмулық және үлкен күнмулық деп екіге бөлінеді. Хан патшасының ұлығы Чаңның қатысуымен екі ел шекарасы бөлінеді. Деректер бойынша ұлы күнмуга оңтүстік иелік, ал кіші күнмуға солтүстік иеліктиеді. Оңтүстік иеліктің орталығы Ыстықкөл алқабы мен Іле өзені алабы болса, солтүстік иеліктің орталығы Жетісу жазығы болады.

Үйсін елінің екіге бөлінген кезінен кейін олардың арасында өзара қырқыстар, таққа талас тоқтамады. Бұл үйсін еліні қатты күйзелтті. Оңтүстік иеліктің билеушілері күнмудың Хан патшасының қыздарынан тараған ұрпақтар болса, ал оңтүстік иеліктің басшылары күнмудың һұн тәңірқұтының қыздарынан тараған ұрпақтар боды. Сондықтан өзара тартыстар кезінде екі жақ екі көрші елдің көмегіне сүйенумен болды. Әр иеліктің өз ішінде таққа таласқан ішкі қырқысы жүріп жатты. Мұндай қырқыс солтүстік иеліктіе тым күшейе түсті /33, 58 б/.

Заманымыздан бұрынғы бірінші ғасырда оңтүстік тәңірқұты Хан патшалығына бағынады да, солтүстік тәңірқұты батысқа қарай ығысып келіп, Алтай, Саян тауларын мекен еткен қырғыз. Қыпшақ тайпаларын өздеріне бағындарады. Олар өздеріне үйсіндер мен қаңлыларды да қосып алады. Осы мезгілде Хан патшалығы үйсін еліне тағы да бір елші жібереді. Бұрын үйсін елінде тұрып, Фың Лиау қайтадан Хан елінің елшісі болып үйсін тайпаларының арасына келеді.

Осы тұста б.з.д. 49 жылдары солтүстік тәңірқұты Шоже әскер бастап үйсін жеріне келіп, кіші күнму Ожетке елші жіберіп, үйсін елін өзіне қосып алуға әрекеттенеді. Кіші күнму бұдан бас тартады. Екі арада үлкен шайқас болып, кіші күнму жеңіске жете алмағанымен өзінің батылдығын көрсетеді.

Ендігі тұса шоже тәңірқұт қаңлы тайпаларымен бірлесе отырып, үйсін еліне жорық жасамақ болады. Б.з.д. 44 жылы олар бірлесе отырып үйсін елінің астанасы Чигу қаласына шабуыл жасайды. Халқын тонап, үйсіндердің көптеген малдарын олжалайды. Үйсіндердің батысындағы қоныстары қаңырап бос қалады.Ұлан байтақ жермен елді өзіне бапғындырып күшейген Тәңірқұт батыс өңірдегі басқа елдерге де қауіп төндіреді. Үйсін әскерлері де шабуылға шығады.

Б.з. д. 33 жылы үйсін тағына Сылы би келеді. Алайда осы тұста тағы да биилікке талас ісі өрши түседі. Әсіресе кіші күнмулікте үлкен қырқыс болады. Олар бірін-бірі өлтіреді. Алайда көп уақыт өтпей Сылы би елді қайта біріктіреді. Ел іргесі тынышталып, ел өркен жаяды. Оның бір ерекшелігі сол, өріс-қонысқа таласып, озбырлық жасауға тиымдар салады. Елде өндірістік қатынастар жанданып, ел іргесі уақытша болсын тынышталады. Ол мемлекетті мықты меңгеріп, оңқалар мен бектерді толық бағындырып, халық тұрмысын жандандырып, елде тыныштық орнатады. Алайда, солтүстік иелікте отырған Уижың бүлік шығарып, б.з.д 16 жылы Сылы биді өлтіреді. Сылы биден айырылған үйсін елі қайта күйзеліске түседі. Заманымыздың төртінші ғасырында үйсін еліне шығыстан сәнби тайпалары басып кіреді. Сол сияқты жужан тайпалары да шабуылдар ұйымдастырады. Заманымыздың 435 жылы үйсін елшілері батыс алқаптың сегіз елшісімен бірігіп Уи патшалығына тарту апарады.

Үйсін елі өз заманында Орта жазықтағы Хан патшалығы, һұндермен және басқа халықтармен: динлиң, Енисей қырғыздары, Алтайдың және Орта Азияның тайпаларымен қарым-қатынастар жасап отырды. Әсіресе Орта жазықтағы Хан патшалығымен саяси, шаруашылық және мәдени қарым-қатынастар жасап, өзінің дамуына жол ашты.

Ал территориялық орналасу мәселесі тағы да қытай деректерінде кездесіп отырды. Мәселен, Хань дәуіріндегі әулеттік хроникаларда үйсін тайпаларының саяси деректерін баяндап жазу шамамен алып қарғанда б.з. д. үшінші ғасырларға сәйкес келген. Орталық империяның кейінгі тұстарында жазба деректер мәліметтерінде үйсін тайпалары туралы үзік мәліметтер кездеседі.

Әсіресе соңғы тұстардағы Шығыс Жетісу территориясын зерттеу барысында табылған археологиялық материалдар түрік тайпалары пайда болғанға дейінгі заманда ұлан-байтақ территорияда үйсін тайпалары үйсін тайпалары түрік қағандарының тікелей бақылуында болып, кейін үйсін мәдениеті түріктер арасында болғандығын мәлімдейді.

Үйсін тайпаларының басқару жүйесінде де өзіндік ерекшеліктер болды. Ел басшысы күнби елдегі барлық қарулы күштерді басқарды. Оған ру-тайпаны басқаратын бектер бағынып отырды. Бүкіл үйсін елі өз ішінде оң қанат және сол қанат және орта деп үш әкімшілік-әскери аймаққа бөлінді. Оң қанат пен сол қанат енкі қолбасшы меңгеруіне өтті. Ал ортадағыв қанатта күнбидің өзі отырып елде борлып жатқан процесті өз көзімен бақылауында ұстады. Үйсін елінде басқарудың ондық жүйесі орнады. Күнму өзіне қарағанда ел-жұртты балавларына бөліп беріп, мыңнан әскер мен көшіп-қонатын жердлер беріп отырды.

Үйсін елі құрылған кезеңнен бастап оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Ол негізгі тоғыз лауазымнан: күнби, дулы, қолбасы, оңқа, дарту, абыз, ұлыс бегі, орда бегі, атқосшы болып бөлінді. Тоғыз дәрежеге бөлінген билік жүйесін жалпы он бес адам атқарып отырған. Б.з.д. үшінші ғасырға дейін 1200 жылдық үйсін елінің тарихында үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы турасында ғана нақты деректер тобы сақталған. Үйсін елі екі иелікке бөлінгеннен кейін де билеуші топтар арасында тақ таласы аяқталған жоқ. Бұл тартыстың аяғы бірін-бірі өлтіруге дейін апарып соқты. Оңтүстік иеліктің билеушілері кунмудің Хан патшалығынан алған әйелінін туған ұрпақтары еді. Әр иеліктің өз ішінде таққа таласқан ішкі қырқыстары болып жатты. Үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыстар бір заманда кемеліне келіп, дәуірлеген үйсін мемлекетін жегідей жеп, халық бұқарасын қатты күйзеліске ұшыратты /34/.

Үйсін елі өз заманында Орта жазықта орналасқан хан патшалығымен, ғұндармен, және басқа халықтармен Енисей қырғыздарымен, Алтайдың және Орта Азияның тайпаларымен қарым-қатынастар жасаған. Әсіресе Орта жазықта орналасқан хан патшалығымен саяси, шаруашылық және мәдени қарым-қатынастар жасап отырды. Мәдениетінің гүлденуіне олардың ықпалы болды.

Үйсін шаруашылығының дамуына көбінесе Жетісу жерінің географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол классикалық егіншілік немесе көшпелі мал шаруашлығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасытырыла жүргізілді. Ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты.

Ежелгі заман авторларының жазбалары бойынша олардың шаруашылығ мен тұрмысына қатысты сипаттамада малға азық іздеп бір жерден екінші жерге көшумен болған.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет