Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген



жүктеу 58.56 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі58.56 Kb.
: Stomatologiya -> 1%20kurs
1%20kurs -> Тақырыбы: Аралық бақылау Мамандығы
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> Дәріс Тақырып: Сана және өзіндік сана. Пән: ор 1213 психология негіздері мамандық: 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Курс: 1 Семестр: 1 Қарағанды 2014ж. Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді 2014
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-05/03 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Ф КГМУ 4/3-04/03

ИП №6 от 14 июня 2007г.
Қарағанды мемлекеттік медицицна университеті
Қазақстан тарихы және саяси -әлеуметтік пәндер кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Саяси жүйенін институттары.



  • Пән: «Саясаттану»

  • Мамандық: 5В130200-«Стоматология»

  • Курс: 1




































  • Қарағанды-2014
  • Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

  • Хаттама №____ «____»_______ 2014ж.

  • Кафедра меңгерушісі: Қ.А.Темиргалиев

































Тақырыбы: Саяси жүйенін институттары. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде
Дәрістың мақсаты: Студенттерге қоғамдағы саясатың орның және қоғамның саяси көзқарасына тоқталып, саясаттанудың қоғамдағы бағыттарын түсіндіру

  • Дәрістың жоспары:

  1. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері.

  2. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру.

  3. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік.

  4. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу.

Дәріс тезистері:

Ж о с п а р ы:

Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

Мемлекет түрлері мен қызметі


Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

Мемлекеттің белгілері:

Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік

Мемлекеттік билік

Халық


Салық салу құқығы

Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);

Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.

Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған

Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);

Маркстік концепция (К. Маркс);

Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);

Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

Мемлекет түрлері мен қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:


  • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

  • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

  • Конституция монарх билігін шектейді;

  • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

  • үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

  • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

  • монарх үкіметті тағайындайды;

  • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:


  • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

  • Президент үкіметті құрады;

  • Үкімет президент алдында жауапты;

  • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

  • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

  • Президентті парламент сайлайды;

  • Үкімет парламент алдында жауапты;

  • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

  • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:



  • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

  • Президент кең құзыреттерге ие;

  • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:



Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

  • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

  • аймақтардың мәселелерін ескермеу;

  • этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

  • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

  • федеративті және аймақтық бағынған.

Конфедерация белгілері:

  • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

  • азаматтық ортақ емес;

  • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:



  • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

  • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

  • заңдылықты қамтамасыз етеді;

  • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

  • Сыртқы қызметіне жататындар:

  • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

  • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

  • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

  • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.






  • Әдебиет:

  • Негізгі әдебиет:

  • 1. Саясаттану : оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова. - Алматы : Өлке, 2009. - 176 б.

  • 2. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері : екі томдық оқу құралы / Р.Б. Әбсаттаров. - Алматы : Қарасай. 1 том. - 2011. - 424 б.

  • 3. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері : екі томдық оқу құралы / Р.Б. Әбсаттаров. - Алматы : Қарасай. 2 том. - 2011. - 424 б.



  • Қосымша әдебиет:

  • 1. Назарбаев Нұрсұлтан. Елмен сырласу : өздер сұхбаттар / Нұрсұлтан Назарбаев. - Астана : Кїлтегін. Т.2. - 2009. - 256 б

  • 2. Назарбаев Нұрсұлтан. Елмен сырласу : өздер сұхбаттар / Нұрсұлтан Назарбаев. - Астана : Күлтегін. Т.3. - 2009. - 336 б

  • 3. Назарбаев Нұрсұлтан. Елмен сырласу : өздер сұхбаттар / Нұрсұлтан Назарбаев. - Астана : Күлтегін. Т.4. - 2009. - 328 б

  • 4. Назарбаев Нұрсұлтан. Елмен сырласу : өздер сұхбаттар / Нұрсұлтан Назарбаев. - Астана : Күлтегін. Т.5. - 2009. - 288 б

  • 5. Назарбаев Нұрсұлтан. Елмен сырласу : өздер сұхбаттар / Нұрсұлтан Назарбаев. - Астана : Күлтегін. Т.6. - 2009. - 216 б2001-2005 жж. - 2009. - 240 б

  • 7. Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент тұрал

  • 6. Тәуелсіздік шежіресі. . - Астана : Кїлтегін Т.2 : ы. - Астана : Күлтегін. Т.1 : 1991 жыл: хроника, оқиғалар, айғақтар. - 2009. - 304 б



    • Иллюстративті құрал: -

  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

      • Саяси жүйе – қоғамдық құбылыс.

      • Саясат пен экономика. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясат.

      • Саяси жүйелерді типтендіру




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет