Кафедраның жиналысында бекітілген



Дата17.04.2016
өлшемі37.06 Kb.
Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 от 14 июня 2007 г.

.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӘРІС


Тақырыбы: «Оптикалық анализ әдістері. Бугер-Ламберт-Бер заңы»

Пәні: Аналитикалық химия


Мамандығы: 5В110300-«Фармация»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы): 50 мин

Қарағанды 2014


Кафедраның жиналысында бекітілген

_27__._06__. 2014. № _10___ Хаттама

Курсқа жауапты Власова Л.М.



Тақырып: Оптикалық талдау әдістері. Бугер-Ламберт-Бер заңы. Спектрофотометрия.
Мақсаты: Оптикалық талдау әдістерінің, соның ішінде фотоэлектроколориметрия, спектрофотометрия әдістерінің теориялық негізін меңгеру. Бугер-Ламберт-Бер заңын фармациялық талдауда қолдана білу.
Дәріс жоспары:

  1. Спектрлік тәсілдерге жалпы сипаттама.

  2. Бугер-Ламберт-Бер заңы.

  3. Фотоэлектроколориметрия.

  4. Спектрофотометрия.

  5. Дифференциалды фотометрия.

  6. Экстаркция - фотометриялық әдісі.

  7. Фотометриялық титрлеу.

  8. Люминесциентті талдау әдісі.


Дәріс тезистері:

Спектрлік тәсілдерге жалпы сипаттама. Оптикалық талдау әдісі электромагнитті сәулеленудің затпен әрекеттескенде байқалатын (жығару, жұтылу, шашырау, шағыласу, сыну, поляризация сияқты т.б.) заттардың оптикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген.

Қосылыс сәулелену энергиясымен әрекеттескенде сәуле жұтылады және шығарады (эмиссия деп аталады). Құбылыстардың сипаттамалары ұқсас. Сәулеленудің қосылыспен әрекеттескен жағдайда оның атомдары, молекулалары қоздырылған күйге ауысады. Біраз уақыттан өткен соң (10-8 с) бөлшектер өз қалпына қайтадан келеді, бұл кездегі артық энергиясын электромагнитті сәуле күйінде бөліп шығарады. Бұл құбылыстар атом немесе молекула электрондарының ауысымен тығыз байланысты.



Молекулалық талдаудың оптикалық тәсілдері. Молекулалық абсорбциялық спектроскопия біртекті шашырамайтын жүйелердің электромагнитті сәулеленуді талғамды жұтуына негізделген. Жүйелердің әртүрлі толқын ұзындықтарында жұтылуын өлшеу арқылы, жұтылу спектрлерін алуға болады. Демек жұтылу толқын ұзындағына байланысты. Электромагнитті тербелесті толқын ұзындығымен λ өлшеуге болады, нм.

1нм=10-7см=10-9м. Оптикалық диапозонға 10-нан 10-6 нанометр аралығындағы толқын ұзындықтары жатады. Бұл сәулелену диапозонын шартты жарық деп атайды. Жұтылуды өлшеуге қолайлы оптикалық диапозонға келесі аудандар жатады:

Ультракүлгін ауданы (УК) 200-400 нм

Көрінетін аудан 400-760 нм

Инфрақызыл аудан (ИҚ) 0.76-1000 мкм (1 мкм=10-8м)

Оптикалық әдістерді топтастыру.

Оптикалық әдістерді:

Шешілетін мақсаттарға байланысты

Пайдаланылатын тәсілдер бойынша

Алынатын мәліметтерге қарасты

Жарықты тіркеу тәсіліне байланысты түрліше топтастыруға болады.



Ерітінділердің оптикалық қасиеттері. Кез келген оптикалық (фотометриялық) анықтауда зерттелетін ерітінді спектрдің белгілі бір ауданында сәулені жұтуы тиіс. Демек фотометриялық реакция аяғына дейін жүруі тиіс, оның өнімінің құрамы тұрақты және пайдаланылатын спектр ауданында жұтылуы жоғары болу қажет.

Иллюстрациялы материал: презентация
Әдебиеттер:
1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия Алматы Білім 1994.

2. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М., 2004.

3. Васильев В.П. Аналитическая химия. кн. 1,2. М., Дрофа, 2003.

4. Кельнер Р., Мерме Ж.М., Отто М., Видмер Г.М. Аналитическая химия. т. 1, 2. Перевод с англ. яз. М., Мир, 2004.

5. Отто М. Современные методы аналитической химии т.1,2. М., Техносфера, 2003.

6. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1, 2. М., ВШ, 1982.

7. Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия:практикум.- М:ГЭОТАР-Медиа,2009.-296с.

8. Примеры и задачи по аналитической химии.-М:ГЭОТАР-Медиа,2009.-304с.



Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Бугер-Ламберт-Бер заңының маңызы қандай?

2. Электромагниттік жарық ағымының жұтылуы кезінде заттарда қандай өзгеріс байқалады?



3. Концентрацияны анықтағанда фотоколориметрияда кандай әдістерді қолданады?

4. Спектрофотометрияның фотоколориметриядан айырмашылығы неде?
Каталог: FARM -> 2%20kurs
2%20kurs -> Тақырып: «Фармация тарихы. Дәріні енгізудің пайда болуы. Халық медицинасы». Мақсаты
2%20kurs -> Пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
2%20kurs -> Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя
2%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
2%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
2%20kurs -> Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс «Фазалардың тепе-теңдік термодинамикасы. Бинарлы жүйенің өзара ерігіштік диаграммасы»
2%20kurs -> Тақырыбы: Пурин нуклеозидтері. Дәрілік зат ретінде қолданудың биохимиялық негізі. Мақсаты
2%20kurs -> Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя
2%20kurs -> Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет