Канонерка ауылдық округі әкімінің тезисі



Дата03.05.2016
өлшемі39.56 Kb.
Канонерка ауылдық округі әкімінің тезисі
2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынды. Алдағы жылдар жаһандық сынақ уақыты болмақ. Әлемнің барлық архитектурасы өзгеретін болады. Бұл қатарға бірлігі жарасқан мықты мемлекеттер өтеді. Президенттің тапсыруымен Үкімет дамудың жаңа көлемді бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгін Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялайды.

Ауылдық округте Президент Жолдауын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

2014 жылы ауылдық округті дамыту бойынша ауылды абаттандыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту, Канонерка орта мектебіне 32166 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу сынды негізгі тапсырмалар қойылған. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша саябақ аумағын қоршау үшін қажетті заттар алынды.

Ауылдық округ тұрғындарымен өткен соңғы есептік кездесуде айтылған ұсыныстар:



  1. Канонерка орта мектебінің аумағын қоршау – қоршау орнатылды;

  2. Қара-Мырза негізгі мектебін су құбыры жүйесіне қосу – сұрақ ауылдық округті дамытудың бағдарламасына енгізілді.

Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын алу мен жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы округ бойынша 18 қылмыс тіркелген, оның ішінде 15 қылмыс ашылды. Өткен жылдың осы мерзімінде тіркелген қылмыс саны 19.

Ауылдық округтің аумағы 78700 га құрайды. Тұрғындар саны – 1826 адам, 2013 жылмен салыстырғанда 3,4% азайған.

2014 жылы ауылдық округ бойынша келесі жетістіктерге қол жеткізілді:

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша:

ІМҚ көбейту, ЖК Т.Ж.Мусаканов, ІМҚ-ны бордақылайтын базасы бар, қаржыландыру көзі – 3 млн. теңге өз қаражаты, 3 жұмыс орны құрылды.

«Амад» шаруа қожалығымен жылқы өсіретін база құрылды, қаржыландыру көзі – 5 млн. теңге өз қаражаты, 2 жұмыс орны құрылды.

ЖК «Тулубаевпен» қоян өсіру бойынша жоба әзірленді, қаржыландыру көзі – 3 млн. теңге, 2 жұмыс орны құрылды.

Жаз айларында «Штарик» шаруа қожалығымен жеке малды суару ұйымдастырылды, 2 жұмыс орны құрылды.

Ауылдық округте барлығы 35 шаруа қожалығы бар. Округтегі егістік алқаптың жалпы көлемі 4535 га құрайды, 2014 жылы дәнді дақылдардан түскен өнімнің орташа түсімі гектардан 10 центнер құрады.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өнімі 1326 ц. азайған, сүт өнімі 9,1 %-ға, жұмыртқа 6,7 %-ға көбейген. Санақтың соңғы мәліметіне сәйкес округ бойынша ІМҚ 1757 бастан 1844 басқа дейін, ҰМҚ 733 бастан 899 басқа дейін көбейгені байқалады. Шошқа 224 бастан 86 басқа дейін азайған, ал құстар саны 2760 бастан 2800 басқа дейін көбейген.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша:

ЖК «Тулубаевтың» Канонерка ауылындағы наубайхананың құрылысы- қаржыландыру көзі – 7 млн. теңге өз қаражаты. Наубайхананың жобалық қуаты күніне 500 бөлке нан.



Инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру бойынша:

Көшелерді жарықтандыру, қаржыландыру көзі – 750 мың теңге жергілікті бюджет. 2014 жылы Канонерка және Қара-Мырза ауылдарындағы көше шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 100 мың теңгеге көшеттер отырғызылды.

Қара-Мырза ауылында «Республика аумағында ормандарды ұлғайту мен орманды қорғау» Дүниежүзілік Банкі дамуының жобасы аясында «Орман тәлімбағы кешені және орман тұқымы станциясы» нысанының құрылысы жүргізілуде.

Округте 13 аз қамтылған отбасы тіркелген, оның ішінде 4 отбасы балаларға арналған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмекті 4 отбасы алады.

Канонерка ауылдық округінде 44 тыл еңбеккері, 17 көп балалы ана тұрады. Олардың ішінде Алтын алқа иегері -6, Күміс алқа иегері -7.

Округ бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 4 адам оқытылды. Жұмыспен қамту орталығында 5 адам тіркелген, олардың барлығы қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылған. Маусымдық жұмыстарға 257 адам тартылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,9% көбейген.

Канонерка ауылында дәрігерлік амбулатория және Қара-Мырза ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. 2014 жылы 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тексеруден өткізілді. 2014 жылдың шілдесінде онкологиялық ауруларды анықтау мақсатында тұрғындарға скрининг жүргізілді. Скринингті барлығы 1300 адам өтті. Туберкулезді анықтау, алдын алу мақсатында Семей қаласынан жылжымалы флюорография әкелініп, 300 адам тексерілді.

Округ бойынша ана өлімі болған жоқ. 2013 жылы 20 бала, 2014 жылы 22 бала өмірге келді.

Бюджетке түскен жергілікті салық көлемі:


  • Жеке тұлғалардың мүлік салығы – 158583 теңге

  • Жер салығы – 277267 теңге

  • Көлік салығы – 2380650 теңге, барлығы – 2816500 теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімінде барлығы – 2534446 құраған.

Округте жыл сайын аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстары, қоқыстарды шығару, үй қоршауларын сырлау, мемлекеттік мекемелердің аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Округте 203 оқушыны және 3 сынып мектепалды даярлық тобын қамтитын 2 мектеп бар. Канонерка орта мектебінде 25 балаға арналған толық күнді шағын орталық жұмыс істейді. 2014 жылғы БҰТ бойынша алған орта ұпай – 84. 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Кәсіпкерлердің демеушілігімен 5-9 сынып оқушылары тегін бал және сүтпен қамтамасыз етілді.



2015 жылға арналған тапсырмалар:

  • ҰОС жылдарында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткішке жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • саябақ аумағын абаттандыру;

  • әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша ауылдық округтің аумағын абаттандыру;

  • ауылішілік көшелерді жөндеу

  • шағын орталық аумағындағы балалар алаңын абаттандыру.

Канонерка ауылдық округінің әкімі Н.Беленкова
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет