Карточканы пайдалану ережесі



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі399.88 Kb.
  1   2   3

КАРТОЧКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ





  1. Терминдер сөздігі




    1. Авторизация – Банктің Карточканы пайдалана отырып, төлем жасауға беретін рұқсаты.

    2. Кредит лимитін жою – Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Кредит лимитін нөлге айналдыру.

    3. ISIC қауымдастығы – «ISIC» сауда белгісінің барлық құқығын иеленуші Банктің әріптесі (ағылшынша «International Student Identity Card» аббревиатурасы - Студенттердің халықаралық сәйкестендіру карточкасы).

    4. Банкомат – карточка бойынша қолма-қол ақшаны автоматты түрде беруге, карточкалар базасындағы ағымдағы шот/карточка бойынша ақпарат беруге және басқа да банктік қызметтер көрсетуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсететін электронды-механикалық құрылғы.

    5. Банктік күн – банктік операциялар жүргізу үшін Банк жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін ашық болатын, сенбі мен жексенбіден басқа және Қазақстан Республикасының ресми мереке күндерінен басқа күндерге сәйкес келетін күн.

    6. Банктік заем (бұдан әрі - Заем) – карточкалық операциялар жүргізгенде Заемшының мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету талаптарымен кредит лимитінен нақты пайдаланған ақша сомасы.

    7. Банктік терминал (бұдан әрі – Киоск) – банктік шоттар бойынша ақпарат беруге, қолма-қол төлемдерді жүргізуге және Банктің басқа да қызметтерін алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсететін электрондық-механикалық құрылғы.

    8. Қолма-қол ақша қабылдауға арналған Банк құрылғысы (бұдан әрі мәтін бойынша – Cash in) – қолма-қол ақшаны автоматты түрде қабылдауға арналған, өзіне-өзі қызмет көрсететін электронды-механикалық құрылғы.

1.9. Байланыссыз төлем карточкасы – операция жасалатын кезде төлем карточкасына электрондық терминалдардың немесе өзге құрылғылардың тікелей жанасуын талап етпейтін сымсыз байланыс технологиясын пайдалану негізінде оны Ұстаушыға байланыссыз тәсіл арқылы төлем жүргізуіне мүмкіндік беретін төлем карточкасы.

    1. Карточканы оқшаулау – карточкалық базадағы ағымдағы шотты/Карточканы пайдалану арқылы карточкалық операциялар жүргізуге толығымен немесе ішінара, тұрақты немесе уақытша тыйым салу. Шот толығымен немесе ішінара тоқтатылғанда Шот бойынша кіріс және/немесе шығыс карточкалық операциялар, сондай-ақ осы Шотқа барлық карточкаларды пайдаланып жасалатын карточкалық шығыс операциялардың жүргізілуі уақытша тоқтатылады. Карточка толығымен немесе ішінара тоқтатылғанда оқшауланған Карточканы пайдаланып жасалатын барлық кіріс және/немесе шығыс операциялардың барлығы уақытша тоқтатылады.

    2. Бонус – жеңілдік талаптарына сәйкес сатып алынған тауар/қызмет үшін Клиентке ұсынылатын, теңгемен жеңілдік жасау түрінде жинақталатын жеңілдік.

    3. Бонус клубы – Карточкалар ұстаушыларға бонустар беретін кәсіпкер немесе кәсіпкерлер желісі.

    4. Бонустық шот – бонустарды есепке алуға арналған Клиенттің Карточкалар базасындағы ағымдағы шотына қосымша ашылатын қосалқы шот.

    5. Виртуалды карточка – оны Ұстаушыға Интернет желісінде немесе почталық телефон тапсырыстары бойынша тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге мүмкіндік беретін Карточка. Виртуалды карточканы «Интернет-банкинг» желісі арқылы Карточканы берместен ашуға болады, бұл ретте карточка карточкалар базасындағы клиент таңдаған Ағымдағы шотқа ашылады.

    6. Төлем – жалақы, еңбек демалысының ақысы, пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы, біліктілік үшін үстеме ақы, ағымдағы сыйлықақы, аса маңызды міндеттерді орындағаны үшін және мерейтойлық немесе мерекелік күндерде берілетін бір жолғы сыйақы, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылық, мүгедектігі бойынша, тұрғын үйін жақсартуға, кезек күттірмейтін мұқтаждыққа, оқытуға, сақтандыруға, медициналық қызметке, балабақша қызметінің ақысы, денсаулықты сауықтыру бағдарламасына, көлік шығыстары, жәрдемақы, жұмыс өтілі үшін қосымша ақы, уақытша еңбек қабілетін жоғалтудың төлемі, экологиялық (Семей, Арал аймағы) және т.б.) төлемдер, материалдық көмек (ауырғанда, отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болғанда, жазатайым жағдайлар, табиғи апат жағдайлары, т.б.), ынталандыру және өтемақылық сипаттағы төлем (мәселен, мерекелік немесе демалыс күндері жұмыс істегені үшін) және т.б.

    7. Карточка шығару – тиісті біріктіру шартының негізінде Карточканы оны Ұстаушыға шығаруды және беруді көздейтін операция.

    8. Дебеттік карточка – Карточка ұстаушының карточкалар базасындағы Ағымдағы шотындағы жеке қаражатының шегінде Карточкалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін Төлем карточкасы. Дебеттік карточка да сондай-ақ оны Ұстаушыға Банк берген заем сомасының шегінде төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді.

    9. Карточканы ұстаушы – Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету туралы біріктіру шартына сәйкес Карточканы пайдалану құқығы бар жеке тұлға.

    10. Заем шарты – Заем беру талаптарын реттейтін Банк пен Клиент арасында бекітілетін белгіленген нысандағы шарт – «Банктік заем туралы шарт».

    11. Шығару туралы шарт – Карточкалар базасындағы ағымдағы шотты ашу және қызмет көрсету, Карточка шығару талаптарын реттейтін Банк пен Клиент арасында бекітілетін белгіленген нысандағы шарт, Кредиттік карточка бір уақытта белгіленген Кредиттік лимитпен бірге шығарылған жағдайда, Карточкалар базасындағы ағымдағы шотты ашу және қызмет көрсету, Карточка шығару және Заем беру талаптарын реттейтін:

- «төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету туралы біріктіру шарты»;

- «VISA Infinite» кредиттік төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шарт»;

- «Плюс-Кредит» кредиттік төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шарт».


    1. Қосымша үзінді – Клиенттің сұратуы бойынша Банк соңғы екі күнтізбелік айдан асатын белгілі бір кезең үшін құрастыратын Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың үзіндісі. Қосымша үзінді Банк тарифтеріне сәйкес ақылы негізде беріледі.

    2. Қосымша карточка – Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Клиенттің немесе өзге жеке тұлғалардың (Клиенттің отбасы мүшелерінің, т.б.) атына негізгі карточкаға қосымша ресімделген Банктің төлем карточкасы. Клиент Қосымша карточка бойынша Карточкалық операциялар түріне және белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізілетін ақшаның ең жоғары сомасына шектеу қоюға құқылы. Қосымша карточканың қолданылу мерзімі негізгі карточканың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

    3. Заемшы – Банктен Заем алған Клиент.

    4. Клиенттің сұратуы – Карточка ұстаушының Карточка мен ДСН-кодты пайдалана отырып автоматтандырылған операциялар жүргізуге арналған Банкомат, Киоск, Cash-Іn немесе басқа электронды-механикалық құрылғылар арқылы немесе «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылған мобильдік телефон арқылы жасақтаған деректер жиынтығын білдіреді. Клиенттің сұратуы Банкке Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша мынадай:

- карточкалық базадағы Ағымдағы шот бойынша операцияларды жүргізу;

- Карточканы пайдаланып төлемдерді жасау және ақша аудару;

- қызметтерді пайдалану үшін тіркеу жүргізу;

- карточкалар базадағы ағымдағы шоттағы карточкалық депозит туралы біріктіру шартына қосылу;

- барлық операциялар, авторизациялық сұратулар туралы хабарламалар және Карточка бойынша қол жетімді шығыс лимиті туралы ақпарат беру;

- Клиентке Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан (соңғы 10 операция бойынша) үзінді беру;

- Клиенттің карточкаcын оқшаулау;

- Клиенттің Карточка бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтерін оқшаулауы/оқшаулауды алып тастау;

- «Мобилдік банкинг» жүйесінде тіркелген Карточкалар және осындай Карточкалар бойынша ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат беру;

- Банктің ақпараттық хабарламаларын алу;

- өзге операцияларды жүргізу үшін жіберіледі.

1.25. Өтініш – Клиент Банкке Карточка шығару үшін толтыратын және беретін белгілі нысандағы өтініш:

- «қосымша төлем карточкасын шығаруға өтініш»;

- «төлем карточкасын шығаруға өтініш»;

- «Плюс кредит» кредиттік карточкасын шығаруға өтініш»;

- «VISA-Infinite төлем карточкасын шығаруға өтініш».

1.26. Интернет – жаһандық компьютерлік желі.

1.27. Карточка – кез келген Төлем карточкасы (Дебет немесе Кредит, Негізгі немесе Қосымша) немесе Микропроцессорлық карточка (Дебет немесе Кредит, Негізгі немесе Қосымша) немесе ISIC кобрендинг карточкасы, Виртуалды карточка не болмаса әп-сәтте шығарылатын Instant карточкасы.



1.28. Әп-сәтте берілетін карточка – берілген нөмірі мен белгіленген қолданылу мерзімі бар (Клиент Банкке төлем карточкасын шығаруға Өтініш бергенге дейін), Банк жекелендірусіз шығаратын Дебеттік карточка, клиентке төлем карточкасын шығаруға өтініш берген күні беріледі.

1.29. Карточкалық операция – тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, банкомат арқылы төлемдер жасау, банкомат арқылы үзінділер алу, кедендік төлемдерді төлеу, карточкалық базадағы ағымдағы шотқа ақша аудару және Банк анықтайтын және оның талаптарындағы Карточканы пайдалану арқылы жасалатын басқа да операциялар.

    1. Кодтық сөз – Карточка ұстаушы карточкалар шығаруға өтініште, қосымша төлем карточкасын шығаруға өтініште, деректер базасына өзгерістер енгізуге өтініште (кодтық сөз өзгергенде) көрсететін құпия сөз. Кодтық сөз Карточка ұстаушы телефон арқылы Банктің Байланыс орталығына ауызша хабарласқан жағдайда сәйкестендіру үшін қажет.

    2. ISIC кобрендинг карточкасы – оны Ұстаушыға карточкалық операциялар жүргізуге және қосымша қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін, ISIC қауымдастығы ұсынатын Банк пен ISIC қауымдастығының мүддесін білдіретін Дебеттік карточка.

    3. Байланыс орталығы – Банктің қазіргі бар және әлеуетті клиенттерінің телефон арқылы қоңырауларына қызмет көрсететін және ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету функциясын орындайтын қызмет;

    4. Кредиттік карточка – оны Ұстаушыға Кредит лимитінің сомасы шегінде Карточкалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін Төлем карточкасы.

    5. Кредит лимиті – тиісті шарттың негізінде заемшының карточкалық базадағы ағымдағы шотындағы жеке қаражатының қалдығынан тыс қосымша Карточкалық операцияларды жүргізуі үшін Банктің Заемшыға беретін кредит желісінің мөлшері.

    6. Микропроцессорлық карточка – интегралдық шағын схемасы бар, Карточкалық операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ Карточка ұстаушыға арналған қажетті ақпараты бар Төлем карточкасы. Микропроцессорлық карточка Дебеттік немесе Кредиттік карточка, Негізгі немесе Қосымша карточка болып бөлінеді.

1.36. Қозғалыссыз шот – Клиент немесе Шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк соңғы шығыс операциясы жүргізілген күннен бастап 12 ай ішінде шығыс операцияларын жүргізбеген жағдайда, шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Банктің Шотқа беретін мәртебесі.

    1. Овердрафт – Клиенттің Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы ақшасынан және Кредит лимитінің (егер ол белгіленген болса) сомасынан артық жұмсалған және Банк белгілеген мерзім ішінде өтелмеген ақша сомасы.

    2. Ұйым – еңбек шартының негізінде Клиенттің жұмыс берушісі болып табылатын және Банкпен Банктік қызмет көрсету туралы шарт бекіткен заңды тұлға.

    3. Негізгі карточка – Шот иесінің карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша ресімделген Төлем карточкасы. Карточкалар базасындағы бір ағымдағы шотқа бірнеше негізгі карточкалар шығарылуы мүмкін, карточкалар саны Банк тарифтерімен шектеледі.

    4. Карточканы қайта шығару – Карт-шотқа бұрынғы/жоғалған карточаның орнына жаңасын шығару;

    5. ДСН-коды Дербес сәйкестендіру нөмірі – Карточканы ұстаушыға берілетін және Карточка ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код (Виртуалды карточканы ұстаушыдан басқа).

    6. ДСН-конверт - Карточка ұстаушыға (виртуалды карточканы ұстаушыдан басқа) карточканы алған кезде берілетін, ДСН-кодының нөмірі бар (ДСН-кодтың нөмірі екі рет басылуы мүмкін) арнайы жапсырылған конверт.

    7. Төлем карточкасы немесе карточка – карточкаға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін электрондық терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы карточкалық базадағы Ағымдағы шотқа қол жеткізу құралы.

    8. Сатып алушылардың қатысу ережесі – Бонус клубы белгілейтін бонус есептеу ережесі;

    9. Кәсіпкер – жеткізілетін тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу үшін Карточкаларды қабылдайтын заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.

    10. Банктің Процессинг орталығы – Карточканы пайдалану арқылы төлем жасалғанда ақпаратты жинастыруды, өңдеуді және беруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар Төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалатын шарттарда қарастырылған өзге функцияларды атқаратын бағдарламалық-техникалық кешен.

    11. Өзіне өзі қызмет көрсету – Карточка ұстаушының Банкомат, Киоск, Cash-Іn, мобильдік байланыс құралдары немесе басқа да электронды-механикалық құрылғылар арқылы Банк қызметтерін алу рәсімі.

1.44-1. Alert дабыл сигналдары (бұдан әрі – Alert) – Visa International, MasterCard World Wide және China UnionPay халықаралық төлем жүйелерінен келетін, алаяқтардың карточкалар деректемелерін (карточка нөмірі, әрекет мерзімі және басқа деректер, кейбір жағдайларда ДСН-коды) құпиясыздандыруы туралы хабарламалар.

    1. «Жеке тұлғаларға арналған «Интернет-банкинг» жүйесі (бұдан әрі – «Интернет-банкинг» жүйесі) – ақпараттық-банктік қызметтерге Интернет арқылы Банктің https://www.myhalyk.kz/ мекенжайы бойынша арнайы веб-сайтынан қашықтықтан қол жеткізу жүйесі.

    2. «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі (бұдан әрі – «Интернет-банкинг») - ақпараттық-банктік қызметтерге Интернет арқылы Банктің https://www.myhalyk.kz/ мекенжайы бойынша арнайы веб-сайтынан қашықтықтан қол жеткізу жүйесі.

    3. «Мобильдік банкинг» жүйесі – мобильдік байланыс құралдары арқылы көрсетілетін Банктің төлем карточкалары бойынша қызметтер кешені.

    4. «Телебанкинг жүйесі» - телефон арқылы ақпараттық-банктік қызметтерге қашықтықтан қол жеткізу жүйесі. «Телебанкинг» жүйесіне қол жеткізу үшін Клиентте тональдық теру режимі орнатылған телефон болу керек.

    5. Төлем карточкаларының жүйесі – төлем карточкаларының аталған жүйесінің ішкі ережесіне сәйкес карточканы пайдалана отырып, төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, құжаттама және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жиынтығы. Карточканы пайдаланудың осы Ережесі бойынша (бұдан әрі - Ереже) Төлем карточкаларының жүйесі Visa International, MasterCard World Wide және China UnionPay халықаралық төлем жүйелері болып табылады.

    6. Слип – Кәсіпкердің немесе Эквайердің белгіленген нысанға сәйкес үш данада ресімделген төлем құжаты. Карточкалық операция дауыстық авторизация режимінде жүргізілгенде қолданылады. Слипке Карточка ұстаушының және Кәсіпкердің кассирінің қолдары қойылады.

1.54. Скимминг – ақпаратты магнит жолағынан және ДСН-кодты енгізуден оқи алатын скиммер (ағылшынша Skimming – алу) типті түрлі құрылғыларды пайдалану арқылы банктік төлем карточкаларымен жүргізілетін алаяқтықтың бір түрі.

1.55. Жәрдемақыларға арналған арнайы шот – мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді есепке алу үшін Банктің Клиентке ашқан карточкалық базадағы ағымдағы шоты;



    1. Тарифтер – сыйақы төленетін күні қолданыстағы, Карточкалар бойынша Банктің көрсететін қызметтеріне Банктің уәкілетті органы бекітетін тарифтер.

    2. Карточкалар базасындағы ағымдағы шот – Банк Клиентке мыналармен:

- Клиентте ақшаның болуын қамтамасыз етумен;

- Клиенттің пайдасына ақша қабылдаумен (есепке алумен);

- Шығару туралы шартта көзделген тәртіпке сәйкес Клиенттің карточканы пайдалана отырып, үшінші тұлғалар пайдасына төлем жасауына және ақша аударуымен;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және /немесе Карточка шығару туралы шартта қарастырылған негіздемелерге сәйкес Клиенттің ақшасын алып алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауымен;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында және /немесе Карточка шығару туралы шартта қарастырылған тәртіппен Клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды іске асыруымен;

- Карточканы пайдалана отырып, Клиентке қолма-қол ақша беруімен;



- Шығару туралы шартта анықталған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуімен байланысты опреацияларды орындау үшін өтініштің негізінде ашатын банктік шоты.

    1. Өзіне өзі қызмет көрсету бөлімшесі/аймағы – Төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны автоматтандырылған түрде қабылдау/беру, Банк шоттары бойынша ақпарат беру, қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау және басқа да банк қызметтерін пайдалануға арналған өзіне өзі қызмет көрсететін бірнеше құрылғылардың аумақтық оқшауланған кешені.

    2. Эквайер – банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын ұйым немесе Кәсіпкермен карточканы пайдалана отырып жасалатын шарт талаптарына және/немесе төлем құжатының талаптарына сәйкес Кәсіпкердің пайдасына түскен ақшаны қабылдап алуға тиіс және/немесе Кәсіпкермен жасалатын шартта қарастырылған басқа іс-әрекеттерді орындайтын банк. Сонымен қатар карточка бойынша қолма-қол ақша берумен айналысатын банк те Эквайер болып табылады.

    3. Эмитент – Төлем карточкаларын шығаратын банк.

    4. CVV2-коды немесе CVC2-кодыCVV2» - қысқартылған ағылшынша сөз «Card Verification Value 2», «CVС2» - «Card Validation Code 2») – үш таңбалы сәйкестендіру коды, Кредиттік карточканы немесе Виртуалды карточканы ұстаушыға беріледі (Visa карточкасы бойынша - CVV2-коды, MasterCard карточкалары бойынша - CVС2-коды) және Интернет желісінде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлегенде Кредиттік карточканы немесе Виртуалды карточканы ұстаушыны сәйкестендіру үшін арналған. CVС2- коды немесе CVV2-коды Кредиттік немесе Виртуалды карточканың беткі жағына басылады. «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы ашылған виртуалды карточка бойынша CVС2- коды немесе CVV2-коды және карточканың қолданылу мерзімі туралы ақпарат «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша хабарлама түрінде жіберіледі.

    5. POS-терминалPOS» - ағылшынша қысқартылған сөз – «Point of sale» - сауда/сервис пункті) – Авторизацияны автоматтандыру және операция бойынша төлем құжаттарын ресімдеу мақсатында қолданылатын электрондық құрылғы.

    6. Login (бұдан әрі - логин) - Клиентке «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру жасауға арналған Клиент шоты нөмірінің соңғы он үш саны.

    7. SMS-хабар – мобильді байланыс операторы арқылы Клиенттің мобильді телефонынан Банкке немесе Банктен Клиенттің мобильді телефонына жіберілетін мәтіндік хабар.

    8. T-PIN - (бұдан әрі - пароль) - Клиентті «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру үшін арналған және Клиенттің өзі берген сандық код (6 саннан кем болмайды; сандар бірдей болмауға тиіс, арифметикалық прогрессиялық (алға қарай) өсу немесе кему ретімен орналасады, «бір реттен кейін» деген мерзімділікпен қайталанады; сандар комбинациясында Клиенттің туған жылының цифрлары көрсетілмеуге тиіс). Пароль Банктің қызметкеріне белгісіз екендігін ескеру қажет және Клиент оны «Телебанкинг» жүйесі пайдаланылатын кезең ішінде құпияда сақтауға тиіс.

1.66. 3D Secure (Visa International технологиясы)/ Secure Code (MasterCard International технологиясы) – Visa International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерімен әзірленген, рұқсат етілмеген карточкалық операциялардың тәуекелін төмендету және Интернетте карточкалық операциялардың қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет арқылы on-line режимінде карточкалық операция жүргізу барысында карточка ұстаушыны қосымша сәйкестендіру технологиясы. 3D Secure/Secure Code карточка ұстаушыға банкоматтың көмегімен беріледі. 3D Secure/ Secure Code алу бойынша нұсқаулық Банктің сайтында орналасқан. Клиент 3D Secure/Secure Code карточканы пайдаланудың барлық кезеңінде құпияда сақтауға тиіс. 3D Secure/Secure Code дұрыс терілмеген жағдайда 3D Secure/Secure Code оқшаулаудың алынуы клиент Банктің Байланыс орталығына келген кезде жүзеге асырылады.
2. Жалпы ережелер

2.1. Карточка Банктің меншігі болып табылады. Карточка ондағы көрсетілген жыл мен ай аяқталғанға дейін жарамды болады. Мерзімі өтіп кеткен және қолданылу мерзімі әлі басталмаған карточкалар бойынша Карточкалық операциялар жүргізілмейді.

2.2. Карточканы пайдалану тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Карточка шығару туралы шартпен, Банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережемен, VISA International, MasterCard World Wide және UnionPay халықаралық төлем жүйелерінің қызмет ету ережелерімен және Банктің ішкі ережелерімен, соның ішінде осы Ережемен реттеледі.

2.3. Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының, осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ VISA International, MasterCard World Wide және UnionPay халықаралық төлем жүйелерінің қызмет ету ережелеріне қайшы келетін карточкалық операцияларды жүзеге асырудан сөзсіз және даусыз бас тарту құқығын сақтап қалады.

2.4. Ұйым қызметкердің жұмыстан шығарылғаны немесе оның Банк карточкасы бойынша төлемдер алудан бас тартатыны туралы Банкке жазбаша хабарлаған жағдайда Карточка шығару туралы шарт бұзылады немесе Банк Клиентпен келісе отырып, Тарифтерге сәйкес карточканы «Жалақы» өнімінен «Стандарт» өніміне аударады.

2.5. Клиент карточканы сақтауға және оны жоғалудан немесе ұрланудан қорғау үшін тиісті шара қолдануға міндетті. Карточканың жоғалуын немесе ұрлануын (Клиент карточканы жоғалудан немесе ұрланудан қорғау үшін қажетті шаралар қолданбаса) Банк Клиенттің тиісті шарт талаптарын (оның негізінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қызмет көрсетіледі) бұзғаны ретінде қарастырады (мұндай шартқа сәйкес ерекше тәртіп белгіленетін және Клиент оларды басшылыққа алатын жағдайлардан басқа).




3. Карточканы беру және сақтау тәртібі

    1. Әзірленген карточканы Банк тікелей Ұстаушыға немесе карточка ұстаушының нотариалды расталған сенімхаты негізінде әрекет етуші сенім білдірілген тұлғасы Ұйымның жауапты қызметкеріне береді. Карточканы алғанда Карточка ұстаушы карточканың сыртқы бетінде орнатылған арнайы жолаққа қол қояды.

    2. Карточканы басқа адамдарға пайдалануға немесе кепіл ретінде беруге тыйым салынады. Пайдалану өкілеттігі жоқ адам ұсынған карточка алынып қойылуы тиіс.

    3. Карточканың сыртқы бетінде (Виртуалды карточкадан басқасында) кодталған ақпараты бар магнит жолағы орналастырылған. Жағымсыз факторлар ықпалына - электр және магнит өрістерінің әсеріне (дисплейлермен, магниттелген немесе құрамында магниті бар заттармен, мысалы, кілтпен бірге ұстау, магнит құлпы бар сөмкеге салу), механикалық зақым келтіруге (сызат түсіру, кірлету, күн сәулелерінің әсері) т.б. жол беруге болмайды, бұл магнит жолағындағы жазбаны бүлдіріп, автоматтандырылған авторизация режимінде карточкалық операция жүргізуге мүмкіндік бермейді.

    4. Микропроцессорлық карточканың беткі жағында сондай-ақ кодталған ақпараты бар шағын интегралды схема (бұдан әрі – чип) орналастырылуы мүмкін. Чипке электр магнитінің өрісі немесе атмосфералық жағдайлар еш әсер ете алмайды.

    5. Виртуалды карточка басқа карточкалардан нысаны бойынша ерекшеленеді, Төлем карточкалары жүйесінің голограммасы және карточка ұстаушының қол қоюы үшін панель, магнит жолағы мен интегралды шағын схемасы болмайды.




  1. Каталог: content -> admin
    admin -> Өтелген аккредитив шығаруға өтініш нысаны аккредитив шығару туралы шартты бекітуге өтінім-оферта
    admin -> «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Құжаттамалық операциялар жүргізу және
    admin -> «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»
    admin -> Заңды тұлғалар /жеке кәсіпкерлер үшін «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін ұсыну талаптары
    admin -> Жеке тұлға және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және жсн алу бойынша жадынама
    admin -> Алдын ала төленген төлем карточкасының біріктіру шарты осы Шартта (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»
    admin -> Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет