"Kaspi Bank" АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5
: news -> file
file -> Сн деген не? Сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – сн)
file -> Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік
file -> «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»
file -> «Kaspi Bank» АҚ-ның алдын ала төленген төлем карточкасын шығару, тарату және қызмет көрсету ережесі Осы «Kaspi Bank»
“Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (4-нұсқа)
Осы “Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (4-нұсқа) (бұдан әрі – БЕ) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (АК) 388-бабында көзделген тәртіппен шарттар жасасу мақсатында әзірленді.

БЕ-ге сәйкес Клиентке банктік қызмет көрсетумен, Клиенттің Банктен банк заемын алуымен, төлем картасын берумен және оған қызмет көрсетумен, сондай-ақ Клиенттің ағымдағы және жинақ шоттарын ашу, жүргізу және жабу бойынша және Клиентке өзге банктік қызмет көрсетумен байланысты Клиент пен Банктің арасындағы қарым-қатынастары реттеледі.




  1. Жалпы ережелер

    1. БЕ-нің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың БЕ-нің 3-тарауында анықталған мағынасы бар.

    2. БЕ-нің 3-тарауында аталған терминдер, анықтамалар мен қысқартулар БЕ-ні іске асырумен байланысты Клиенттің оферталарын акцепттеген кезде жасалатын шарттарға (соның ішінде өтініштерге, өтінімдерге) және Клиент пен Банктің арасында қарым-қатынастың туындауына байланысты ресімделетін басқа құжаттарға қолданылады. Өтініштерде пайдаланылатын басқа да терминдер мен анықтамалардың Төлем жүйелерінің ережелері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған мағыналары бар.




  1. Банк заемы шарты

    1. Банк заемы шарттарының талаптарына сәйкес Банк Клиентке жаңартылмайтын кредит желісін беруге және төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен, заем Операцияларын жасау арқылы, тұтынушылық мақсатқа, қолма-қол жасалмайтын түрде қарызға ақша беруге міндеттенеді. Сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтің ақысын төлеу үшін ССК-нің пайдасына қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы, жүргізілген кредит лимитінің есебінен Картаға қызмет көрсету шоты бойынша заем Операциясын жүргізген жағдайда және/немесе Банктен бұрын алынған заемды қайта құрылымдағанда, Кредит мақсатына сай пайдаланылған болып саналады. Банктің белгілеген кредит лимитімен кредит желісін ашу Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасының акцепті болып табылады, бұл туралы Клиентке Банктің уәкілетті өкілі қол қойған және Банктің мөрімен бекітілген Банктің хабарламасы Клиент туралы Мәліметтерде көрсетілген мекенжайға жолданады немесе хабарлама Клиенттің өз қолына қол қою арқылы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы немесе банк заемы шартының нысанына қол қоюы арқылы беріледі.

    2. Әрбір нақты уақыт кезеңінде Кредиттің жалпы сомасы Банктің белгілеген кредит лимитінен асып кетпеуі тиіс. Кредит желісінің ең көп сомасы 15 000 000 (он бес) миллион теңгені құрайды. Ағымдағы кредит лимиті Клиенттің назарына қашықтан байланысу арналары арқылы немесе жаднама арқылы немесе банк заемы шартында жеткізіледі.

    3. Кредит валютасы – теңге.

    4. Сыйақы мөлшерлемесі бекітілген, жылдық пайызбен, шартты жасасқан күнгі мөлшерде көрсетіледі, шартта сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның банк заемы шарты жасалған күні белгілеген тәртібіне сәйкес шынайы жылдық тиімді салыстырма есептеуінде Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері болады.

    5. Берешек қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәсілмен, Клиенттің қалауы бойынша Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен бір айдың ішінде бір рет төлеуі арқылы өтеледі.

    6. Кредитті өтеу тәртібі банк заемы шартында, Кредит пен Сыйақыны өтеу мерзімділігі бір айдан тұратын Есептесу кезеңінде анықталады.

    7. Берешек (ол болған кезде), соның ішінде шоттарда ақша жеткізіліксіз болғанда, мына кезекпен өтеледі:

      1. Бірінші кезекте – ұстау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Клиенттен ұсталатын салықтар;

      2. Екінші кезекте – Банктің шығасылары және/немесе шығыстары, атап айтқанда:

- корреспондент банктердің Клиенттің Операцияларды жасағаны үшін ұстайтын комиссиялары;

- Клиенттің Операцияларды даулауымен байланысты Банктің шеккен шығыстары (мұндай шығыстар Банктің қызметтік тексеру жүргізгенінен кейін Клиентке жүктелген жағдайда);

- Клиенттің Берешегін өтеуіне бағытталған және Клиенттің БЕ-де көзделген шарттар бойынша басқа да міндеттемелерін орындауымен байланысты Банктің шығындары;

- Банктің басқа да күтпеген шығыстары, егер мұндай шығыстар БЕ-де көзделген шарттар аясында Клиенттің әрекетімен (әрекетсіздігімен) байланысты болғанда;



      1. Үшінші кезекте – есептелген айыппұл сомасы;

      2. Төртінші кезекте – Банк БЕ-де шарттарға сәйкес қызмет көрсеткен кезде Клиенттен ұсталатын комиссиялар мен өзге де төлемдер;

      3. Бесінші кезекте – Сыйақы;

      4. Алтыншы кезекте – негізгі борыш, бұл кезде негізгі борыштың мерзімі өткізілген бөлігі, сосын Овердрафт сомасы, сосын негізгі борыш сомасы.

    1. Кредитті қайтару және Сыйақы төлеу міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін Банк төлем жасаудың мерзімін өткізген әр күні үшін мерзімі өткізілген төлем сомасының 0,5% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге құқылы.

Банк заемы шарты бойынша Кредитті қайтару және (немесе) Сыйақы төлеу міндеттемесінің бұзылғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткізілген әр күнге мерзімі өткізілген төлем сомасының 0,5% мөлшерінен асып кете алмайды, бірақ банк заемы шартының қолданылған әр жылы үшін берілген заем сомасының 10 пайызынан көп емес.

    1. Банк заемы шартына сәйкес Клиент мына комиссияларды төлейді:

      1. Қаржылық сүйемелдегені үшін комиссия, ол Есептесу кезеңінің соңғы күні ұсталады, оның реттік нөмірі Картаны іске қосқан айдан бастап үшке еселі. Егер комиссия есептеген күні Берешек болмаса, комиссия ұсталмайды;

      2. Банк кассасында қолма-қол ақшаны Картаға қызмет көрсету шотына салғаны үшін комиссия, ол Банк кассасына қолма-қол ақшаны салу операциясының шотта көрсетілген күні ұсталады.

    2. Кейбір Тарифтік жоспарлардың аясында Кредитке қызмет көрсетумен байланысты басқа да комиссиялар көзделген жағдайда, мұндай комиссиялар банк заемы шартында көзделген тәртіппен және мөлшерде ұсталады.

    3. Кредитке қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар тек Тараптардың келісімімен, БЕ-де көзделген тәртіппен және жағдайларда комиссия мөлшерлерін азайту (соның ішінде уақытша) жағдайларын қоспағанда, өзгертілуі тиіс.

    4. Заемды өтеу касса арқылы, қашықтағы терминал арқылы банктік шотқа және қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады, заем мен сыйақыны өтеу мерзімділігі Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен бір күнтізбелік айдың ішінде біржолғы болып белгіленеді.

    5. Кредит, егер банк заемы шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, Қамсыздандырусыз беріледі.

    6. Заем алушы банк заемы шарты бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ БЕ-нің аясында шарттар жасасқанға дейін және жасасқаннан кейін Клиенттің жасаған мәлімдемелерінің, растамаларының, мәліметтерінің және/немесе кепілдіктерінің кез келгені шарттардың қолданылу кезеңінде немесе олар жасалғанға дейін жарамсыз (шынайы емес) болғанда немесе болып қалған жағдайда, сондай-ақ шарттарда көзделген басқа да жағдайларда Банк заңнамада көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ:

      1. Заем алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені Банктің уәкілетті органының қарауына шығаруға;

      2. Сот тәртібімен және соттан тыс тәртіппен берешегін өндіріп алуға; Кредитті беруді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; банк заемы шартын біржақты тәртіппен бұзуға;

      3. Клиенттің Шарт бойынша кез келген ағымдағы, сол сияқты мерзімі өткізілген міндеттемелерін (берешектерін) орындау (өтеу) үшін ақшаны (Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, Клиенттің талап етуімен ашылған банктік шоттардағы, Клиенттің мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшасын қоспағанда);

        1. Қазақстандағы және одан тысқары жердегі кез келген банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған Клиенттің банк шоттарына акцептсіз тәртіппен орындалатын төлемдік талап-тапсырмаларды қою арқылы акцептсіз тәртіппен;

        2. Банктің төлем ордерінің немесе заңнамада және/немесе Банктің құжаттарында көзделген басқа құжаттардың негізінде Клиенттің Банктегі банк шоттарын тікелей дебеттеу арқылы алуға (есептен шығаруға) құқылы.

Ақшаны Шарт бойынша берешек өтелуі тиіс валютадан өзгеше валютада алған жағдайда, алынған ақшаны мұндай берешек өтелуі тиіс валютаға Банктің бағамы бойынша, Банктің тарифтеріне сай кросс-операциялар (бір шетел валютасын басқасына айырбастау) үшін комиссия ұсталып, айырбасталады. Клиенттің Қазақстандағы және одан тысқары жердегі кез келген банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған жағдайда, Клиент мұндай есептен шығаруға байланысты Банктің барлық шығындарын өтейді;

Жалақылық жобаның қатысушысы болып табылатын Клиенттің берешегін өтеу үшін ақша алудың кейбір ерекшеліктері БЕ-нің 15-тарауында анықталады.



      1. Клиенттен Шарт бойынша барлық міндеттемелерін мерзімінен бұрын (Банк талабын жіберген сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде) орындауын (соның ішінде мерзімінен бұрын Кредитті қайтаруын және сыйақы төлеуін) талап етуге. Бұл кезде Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау Клиенттің Кредитті қайтаруға және/немесе сыйақы төлеуге белгіленген мерзімді бұзуында көрінгенде, Банк Кредитті мерзімінен бұрын қайтару және сыйақы төлеу туралы талабын АК-нің 728-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып жолдай алады;

      2. Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты шығыстар мен шығындар сомасын өтеуін Заемшыдан талап етуге құқылы, олар тиісті құжаттармен расталуы тиіс және тұрақсыздық айыбына үстеме толық сомада өтелуі тиіс, бұл кезде Заемшы Банктің талабын алған сәттен бастап жетікүндік мерзімде аталған шығыстарды өтеуге міндеттенеді;

      3. Заем алушыдан төлем жасаудың мерзімін өткізген әр күнге, егер заңнамада тікелей өзгеше көзделмесе, мерзімі өткізілген негізгі борыш пен сыйақы сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге, бірақ заңнамада белгіленген шекті сомадан көп емес;

      4. Берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға;

      5. Заем алушы Клиент туралы мәліметтерде көрсетілген деректемелерінің өзгерісі туралы тиісті оқиғалар болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарламаған жағдайда – Заем алушыдан бес мың теңге көлемінде айыппұл өндіріп алуға;

      6. Кредитті мақсатына сай пайдаланбаған жағдайда, соның ішінде Кредит сомасын қолма-қол ақшамен алғаны үшін Клиентпен жасалған шартта белгіленген мөлшерде Заемшыдан айыппұл/төлемақы өндіріп алуға;

      7. Кредит желісі аясында заем Операцияларын жасау ықтималдылығын уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға;

      8. Осы БЕ-ге сәйкес өз қалауымен Заем алушының Берешегін өтеу кезектілігін өзгертуге;

      9. Кредит лимитінің мөлшерін азайтуға;

      10. Клиентке жазбаша хабарлап, банк заемы шарты мен осы БЕ-де көзделген басқа да шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға. Банктің осыған байланысты шеккен барлық шығыстары мен шығындарын Клиент Банкке өтейді. Клиент Банктен банк заемы шартын бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін келесі күні, егер Банк басқа мерзімді анықтамаса, шарт бұзылған болып саналады;

      11. Картаға (барлық қосымша карталарды қосқанда) тосқауыл қоюға, сондай-ақ Клиенттен оны қайтарып беруін талап етуге;

      12. БЕ-де көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға;

      13. Банктік құпияны құрайтын ақпаратты және Клиенттің кез келген үшінші тұлғаларға, соның ішінде Клиенттің Жұмыс берушісіне хабарлаған басқа да мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, Берешек сомасын қайтару жұмыстарын жүргізу мақсатында ашуға;

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасында және БЕ-де көзделген кез келген басқа шараларды қолдануға;

    1. БЕ-нің 2.14-тармағында аталған шараларды Банк банк заемы шарты бойынша кез келген өзге міндеттемелерін орындамаған кезде немесе олардың орын алуының нақты қаупі төнген кезде, соның ішінде Заем алушыда Кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаты болмаған кезде және олардың түсуінің болашағы болмағанда, Өтініш берген кезде, шартты жасасқанда немесе заем Операцияларын жасағанда Заем алушының шынайы емес мәліметтерді беру фактісі анықталғанда, егер Клиент сот процесіне тартылса және/немесе оның шотына тыйым салынғанда немесе одан өндіріп алынғанда (немесе мұның нақты қаупі болғанда), Клиентті психоневрологиялық диспансерлерге, психиатриялық клиникаларға, есірткіге немесе алкогольге тәуелді болуынан емдеу үшін клиникаларға жатқызылғаны туралы ақпаратты алған кезде, сондай-ақ, Банктің пікірінше, Заем алушының төлем қабілеттігіне және оның шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін басқа жағдайларда қолдануға құқылы. Аталған жағдайларда, соның ішінде Берешекті мерзімінен өтеу талабын қойған жағдайларда, сондай-ақ басқа жағдайларда, Банк берілген Кредит бойынша Сыйақы мен Банкке тиесілі басқа төлемдер, соның ішінде комиссиялар мен айып санкциялары (тұрақсыздық айыбы мен өзгесі) және/немесе олардың ары қарай есептелуі түріндегі кірістерді де мойындауды тоқтата тұруға құқылы.

    2. Банк заемы шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және БЕ-ге сәйкес жауапкершілік атқарады.

    3. Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлға болып табылатын Клиентке кредит лимитін берген жағдайда, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының қағидаларын ескере отырып, берілген кредит лимитін қамсыздандыру үшін жеткілікті сомаға Қамсыздандыруды беру туралы тиісті шарттың талаптарына сай, Қамсыздандыруды берген күннен ерте емес мерзімде кредит лимиті қолжетімді болады.

    4. Заем алушы Кредитті нақты пайдаланған мерзімге Сыйақы төлеп, Кредитті толық көлемде мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

    5. Клиент үш жұмыс күні ішінде БЕ аясында шарттар жасақан кезде берілген өз деректерінің өзгерісі туралы, соның ішінде тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының, жеке басын куәландыратын құжаттардың, ЖСН, үйінің телефон нөмірінің, телефон нөмірінің, жұмыс орнының телефонының, жұмыс орнының (табыс алу көзінің) өзгерісі, жеке кәсіпкер мәртебесін алуы туралы, сондай-ақ Клиенттің Кредитті қайтару және Сыйақы төлеу және/немесе Клиентті сәйкестендіруге әсер етуі мүмкін кез келген жағдайлар туралы Банкке жазбаша немесе қашықтан байланысу арналары арқылы, Банк белгілеген тәртіппен және тәсілмен түрде хабарлауға міндетті.

    6. Банк белгілеген кредит лимиті Клиентке оның қашықтан байланысу арналары арқылы кредит лимитін мақұлдау туралы және оны беру туралы хабарламаны алғанынан кейін немесе тиісті хабарламаны Клиенттің мекенжайына жолдағаннан кейін қолжетімді болады. Кредит лимиті тек Картаны пайдалану арқылы, соның ішінде касса арқылы және Картаны терминалдарда пайдалану арқылы қолжетімді.

    7. Жасалған банк заемы шартына сәйкес берілетін Кредит лимитінің мөлшерін Банк Клиенттің Банкке берген ақпаратының, сондай-ақ Клиенттің кредит скорингінің нәтижесі бойынша, кредит бюросының деректер базасындағы ақпаратты қосқанда, басқа да қолда бар мәліметтердің негізінде өз бетінше анықтайды. Кредит лимитін өтегеннен кейін немесе оның қолданылу мерзімінде Банк Клиентке жаңа кредит лимитін немесе қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Картаны іске қосу немесе Клиенттің кредит лимитін пайдалануы Банктің белгілеген кредит лимитінің мөлшерімен келісімі болып табылады.

    8. Кредит желісінің ең көп сомасы Кредит лимитінің Ең көп мөлшері болып табылады.

    9. Кредит желісінің мерзімі банк заемы шартын жасасқан күннен бастап жиырма жылды құрайды.

    10. Банк Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасын акцепттеген кезде немесе банк заемы шартына қол қойған кезде Банк Клиентке мына жағдайлардың жиынтығына негізделіп есептелген Оңтайлы төлем мөлшерін хабарлайды:

      1. Карта банк заемы шарты жасалған (Банк Клиенттің оны жасау туралы офертасын акцепттеген) күні іске қосылады;

      2. Картаны іске қосқан және Банктің Кредит лимитін белгілеген күні Клиент Кредитті берілген кредит желісінің толық мөлшерінде алады;

      3. Кредит оның нысаналы мақсатына сай пайдаланатылатын болады.

Аталған жағдайлардың қандай да біреуі орындалмаған жағдайда, банк заемы шарты жасалған кезде хабарланған Оңтайлы төлем мөлшері Банк пен Клиент арасындағы қатынастарға қолданылмайды. Бұл жағдайда Клиент Есептесу кезеңі үшін есептелген сыйақы мен комиссияларды ескере отырып, жасалған Операциялар сомасын негізге ала отырып, Берешекті (ол болған кезде) өтеуге міндетті.

    1. Клиенттің Банк алдындағы берешегі мыналардың нәтижесінде:

      1. Клиент заем Операциясын жасағанда;

      2. Банк Сыйақы есептегенде;

      3. Банк Клиенттің төлеуге тиіс төлемдері мен комиссияларын есептегенде;

      4. БЕ-де көзделген шарттарды орындаумен байланысты Берешектің туындауына әкеп соқтырған басқа да жағдайларда туындайды.

    2. Банк заемы шартына сәйкес Клиент Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен Берешекті уақтылы өтеуге міндетті. Банк кез келген үшінші тұлғаның банк заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қабылдауға құқылы.

    3. Клиент БЕ-ге сәйкес Берешекті ішінара немесе толық өтейді.

    4. Картаға қызмет көрсету шотындағы ақшаны Банк БЕ-де көзделген жағдайларды қоспағанда, Кредитті мерзімінен бұрын өтеу есебінен толық көлемде есептен шығарады.

    5. Банктің шотына ақша түскен күн банк заемы шарты бойынша төлем жасалған күн болып саналады. Егер Банктің шотына ақша Астана уақытымен сағат 19.00 дейін түссе, мұндай төлемді Клиент ағымдағы күні жасаған болып саналады.

    6. Банк кредиттік бюроға Клиент туралы мәліметті беруге және кредиттік бюроның Банкке Клиент туралы кредиттік есебін, сондай-ақ Тараптардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты ақпаратты беруге Клиенттің келісімін алды.

    7. Клиент қайтыс болған жағдайда, Клиенттің Берешегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оның мұрагерлеріне өтеді.

    8. Банк кез келген үшінші тұлғаға өзінің Шарт бойынша талап ету құқығын толығымен немесе ішінара беруге құқылы. Бұл кезде Банк мұндай үшінші тұлғаларға, сондай-ақ оның агенттері мен оның уәкілеттік берген өзге де тұлғаларына мұндай құқығын беруді жасауға қажетті банк заемы шартының және БЕ-де көзделген басқа да шарттардың талаптары туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ мұндай тұлғаларға тиісті құжаттарды беруге құқылы.

    9. БЕ-де көзделген тәртіппен Картаның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Картаның қолданылу мерзімінің өтуі банк заемы шартының қолданысын тоқтатпайды.

    10. Банк өз қалауымен, соның ішінде Клиенттің тілегімен тиісінше Қамсыздандыруды берген жағдайларда, Клиент БЕ-нің аясында жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде, кредит лимитінің мөлшерін ұлғайтуға, жаңа кредит лимитін беруге немесе кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Бұл кезде жаңа кредит лимитінің немесе қосымша кредит лимитінің талаптары бұрынғы (бұрын берілген) кредит лимитінің талаптарынан өзгеше болуы мүмкін.

    11. Кредит лимитінің мөлшерін үлғайту немесе қосымша кредит лимитін беру туралы Клиентке не хабарлау жазбаша хабарлама жолдау арқылы, не Клиенттің телефон нөміріне SMS-хабар жолдау арқылы, немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қайта берілген кредит лимиті оны Банк берген күннен бастап Клиентке қолжетімді болады.

    12. Жаңа кредит лимиті Банктің қалауы бойынша беріледі әрі бұрын берілген кредит лимитінің мөлшерінен аз болуы мүмкін және оны берген күні Клиентке қолжетімді болады. Қайта берілген кредит лимитінің мөлшері бұрынғыдан өзгеше болған жағдайда, Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабар беріледі.

    13. Банк банк заемы шарттарының талаптарын біржақты тәртіппен, бір ай мерзімге немесе Банктің анықтаған уақыт аралығына талаптарын Клиент үшін жақсарту жағына қарай өзгертуге. Банк заемы шартына қол қою арқылы Клиент үшін банк заемы талаптарының жақсаруы мыналар екенімен Клиент келіседі, атап айтқанда:

      1. Сыйақы мөлшерлемесінің көлемін азайту;

      2. Берешекті өтеу бойынша төлем жасаудың мерзімін ұзарту;

      3. Банк заемы шарты бойынша көзделген комиссиялар мен басқа да комиссиялардың мөлшерлемесінің көлемін азайту;

      4. Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту;

      5. Операцияларды Артықшылықты блокқа қосу;

      6. Банк заемы шарты бойынша Жеке талаптарды беру;

      7. Грэйс-кезеңді, жеңілдік кезеңін, промо-кезеңді беру;

      8. БЕ-нің 2.7.-тармағында анықталған Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол төмендегі кезектіліктің жоғарыда тұрған кезекке дейін Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

      9. БЕ-нің 2.7.-тармағында анықталған Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол Кредиттің басқа Операциялары бойынша Берешекті өтегенге дейін Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар бойынша Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

      10. Жаңа немесе қосымша кредит лимитін беру;

      11. Банктің Берешекті капиталдандыруы.

    14. Заем алушының:

      1. Банк заемы шартын жасасқан күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Кредитті қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, банктің Кредит берген күннен бастап есептеген сыйақы төлемін және Кредитті қайтаруға;

      2. Егер негізгі борышты немесе Сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түсетін болса, заем алушы тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, Сыйақыны немесе негізгі борышты одан кейінгі жұмыс күні төлейді;

      3. Өтініш бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына бір рет шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезекті қаражаттың таралуы (негізгі борыш, Сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомалар) туралы жазбаша ақпаратты алуға;

      4. Шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы өтініш бойынша – ақысыз, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде алуға;

      5. Кредит алған күннен бастап бір жыл өткен соң, тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын төлемей, Кредитті ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеуге;

      6. Қызмет көрсету бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде Банкке жазбаша өтініш жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында бекітілген мерзімде жауап алуға;

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқығы бар.

    15. Банк:

      1. Қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын түрін ұстап қалмай, Кредит берген күннен бастап есептелген Сыйақыны ұстап қалып, банк заемы шартын жасасқан күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Кредиттің қайтарылуын қабылдауға;

      2. Банк заемы шарты бойынша борышты өтеуге түскен кезекті ақшаның таралуы (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және мерзімі өткізілген төлемдер көрсетілген басқа да төленуі тиіс сомалар) туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиілігі айына бір реттен аспайтындай етіп Заем алушының өтінішімен ақысыз жазбаша түрде ұсынуға;

      3. Банк заемы шарты бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтару туралы заем алушының өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті оған ақысыз жазбаша нысанда хабарлауға;

      4. Заем алушыға міндеттемелердің орындалу мерзімінің өткенін және банк заемы шарты бойынша төлемдер жасаудың қажеттігі туралы шартта көзделген мерзімде және тәсілмен хабарлауға;

      5. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен бекітілген мерзімде Заем алушының жазбаша өтінішін қарауға және оған жазбаша жауап дайындауға;

      6. Банк заемы шарты бойынша (талап ету) құқықтарын үшінші тұлғаға берген кезде үш жұмыс күні ішінде ол туралы Заемшыға берілген талап ету құқықтарының толық көлемін, негізгі борышқа, Сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөле отырып, ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қалдығын көрсетіп, сондай-ақ талап ету құқығы берілген Банкке немесе тұлғаға заемды өтеу бойынша алдағы уақыттағы төлемдерді тағайындау тәртібін жазбаша түрде хабарлауға міндеттенеді.

    16. Банктің:

      1. Банк заемы шартын жасасқан күні бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен заемға қызмет көрсету бойынша басқа да шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін көбею жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге;

      2. Жасалған банк заемы шарты аясында комиссияның жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге;

      3. Заем беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) Қамсыздандыру болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса, заем алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдаған кезде шектеуге, сондай-ақ заем алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;

      4. Заем алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борыш мезгілінен бұрын ішінара өтелген немесе мезгілінен бұрын толық өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алуға;

      5. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және заем алушы сыйақыны немесе негізгі борышты одан кейінгі жұмыс күні төлеген жағдайда тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын өндіріп алуға құқығы жоқ.

    17. Мына жағдайларда:

      1. Заем алушы БЕ-нің аясында жасалған шарттар бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзғанда;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған заем алушының қаржылық жағдайы нашарлағанда;

      3. Банктің Банк заемы шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгергенде;

      4. Егер Кредит беру нәтижесінде Банк уәкілетті органдар белгілеген нормативтерінің кез келгенін, оған қоса, бірақ шектелмей, пруденциалдық нормативтерді бұзғанда;

      5. Егер Заем алушының және/немесе Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның банк шот(тар)ындағы ақшаға тыйым салынғанда немесе өндіріп алынғанда немесе мұның іс жүзінде қаупі бар болса немесе Банктің аталған тұлғалардың басқа ақшасының есебінен орындай алмайтын инкассалық өкім және/немесе төлемдік талап-тапсырма қойғанда;

      6. Егер төменде көрсетілген жағдайлардың кез келгені басталғанда немесе, Банктің пікірінше, Заем алушының, Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның Шарт және/немесе Қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы (тиісінше орындамауы) қаупі болса, оған қоса, бірақ шектелмей, төменде көрсетілген:

  1. Заем алушының/Жұмыс берушінің Банктің жазбаша хабарламасының негізінде алған Заем алушының Жұмыс берушімен еңбек қатынастарының тоқтатылуы (соның ішінде алдағы болатыны) туралы ақпараттың немесе Банкке басқа дереккөздерден түскен ақпараттың болуы немесе анықталуы;

  2. әлдекімнің Шарттың және/немесе Қамсыздандыру туралы шарттың жарамдылығын даулауы;

  3. егер Заем алушының және (немесе) үшінші тұлғаның Банкке берген құжаттары және (немесе) ақпараты шынайы және (немесе) толық болмаса;

  4. Заем алушы/үшінші тұлға қайтыс болғанда немесе хабар-ошарсыз кеткенде;

  5. Заем алушыда үшінші тұлғаның алдында Берешектен артық сомаға міндеттемелері туындағанда немесе болғаны анықталғанда;

  6. Заем алушы өзінің растамалары мен кепілдіктерінің кез келгенін бұзғанда;

  7. Заем алушының Банк алдындағы міндеттемелерін бұзуына әкеліп соқтыратын немесе әкеліп соқтыруы мүмкін заңнама талаптарын Заем алушы бұзғанда;

  8. Заем алушы және/немесе Қамсыздандыруды берген үшінші тұлға үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің кез келгенін бұзғанда;

  9. Қамсыздандырудың құжаттар бойынша және іс жүзінде болуын, мөлшерін, жай-күйі мен сақтау жағдайларын тексеруге Банктің кез келген себептер бойынша мүмкіндігі болмағанда;

  10. Кредитті мақсатына сай пайдаланбағанда және (немесе) Кредиттің мақсатына сай пайдаланылғанын растау үшін қажет құжаттаманы уақтылы бермегенде;

  11. Заем алушы немесе кепілгер, немесе үшінші тұлға туралы жағымсыз ақпарат анықталғанда;

  12. Қамсыздандыруды (кепіл мүлкін) қайта бағалаудың нәтижесі бойынша оның құнының арзандауы және (немесе) Қамсыздандырудың жоғалуы, сондай-ақ, Банктің пікірінше, Қамсыздандырудың (кепіл мүлкінің) құнының елеулі арзандауына әкеліп соқтырған оның жай-күйінің кез келген өзгерісі;

  13. Шарттың қолданысының кез келген уақытында Заем алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;

  14. Банктің талап етуімен Кредитті өтеу көзі болып табылатын табысты көрсететін әрі растайтын (Банктің талаптарын қанағаттандыратын) құжаттарды бермеу;

  15. Заем алушының және (немесе) Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның азаматтығының өзгеруі және (немесе) аталған тұлғалардың уақытша немесе тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан тысқары көшіп кетуі сияқты жағдайлардың кез келгенімен байланысты Банк біржақты тәртіппен Кредит беруді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.

    1. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізу және төлемдар жасау қажеттігі туралы Клиенттің телефон нөміріне SMS-хабар жолдау арқылы немесе

  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет