"Kaspi Bank" АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас



бет5/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5
www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсету талаптарына сәйкес анықталады.

  • Шетел валютасындағы ақша тиісті Валюталық жинақ шотқа салынады. Бұл кезде:

    1. Сыйақы есептік кезеңдегі соңғы жұмыс күні Валюталық жинақ шоттағы ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні салымды пайдаланғаны үшін Валюталық жинақ шотына сыйақы сомасын аудару арқылы, салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, ай сайын төленеді;

    2. Салым бойынша сыйақы ақшаның шотта тұрған нақты күні саны үшін банктік салым шартында белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі;

    3. Салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның Валюталық жинақ шотында тұрған нақты күн саны үшін талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша есептеледі;

    4. Салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында көзделген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

  • Клиент:

    1. Валюталық жинақ шотына ақша салуға;

    2. Банктің алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған кезде, кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ Валюталық жинақ шотындағы салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;

    3. Жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Валюталық жинақ шоты шартының талаптары жайлы, Валюталық жинақ шотындағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

  • Валюталық шот жабылған жағдайда – теңгеге айырбастау және қызмет көрсету шотына аудару арқылы, Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Валюталық шотқа қолма-қол жасалмайтын түрде аудару арқылы қайтарады.

  • Салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде Валюталық жинақ шотына ақша есепке жазылған күн мен оны шоттан алған күн бір күнге қабылданады (есептеген кезде Валюталық жинақ шотына ақша есепке жазылған күн ескерілмейді).

  • Уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұрған немесе Шоттарда тұрған ақшаға тыйым салған, акцептті талап етпейтін төлем талап-тапсырманы, инкассалық өкімді Банкте сақтаған, Банк үшін еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әрекет еткен кезеңге Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.

  • Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан күннен бастап Валюталық жинақ шоты шарты күшіне енеді және банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде қолданылады.

  • Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, БЕ-де, Үлгілік ережелерде, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету талаптарында көзделген басқа да жағдайларда Валюталық жинақ шоты шарты қолданысын тоқтатады, ал Валюталық жинақ шоты жабылуы тиіс.




    1. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Клиент банк заемы шартын қоспағанда, БЕ-де көзделген шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банктің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Клиенттің кез келген мүлкінен және мүліктік құқықтарынан мәжбүрлеп өндіріп алуды қосқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген шараларды қолдануға құқығы бар. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде қолданылатын шаралар банк заемы шартының талаптарымен айқындалады.

      2. Жасалған шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайлар үшін, егер бұл электр энергиясын сөндіру, байланыс желісінің зақымдалуы, өрт және Банктің еркінен тыс басқа жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуы салдарынан болса, Банк жауап бермейді. Жоғарыда аталған жағдайлар мен олардың салдары тоқтағаннан кейін, Банк Клиентпен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін тез арада орындайды.

      3. Егер Банкке қатысы жоқ себептер бойынша Клиенттің ЖСН, ДСЖК және/немесе Кіру коды үшінші тұлғаларға қолжетімді болса, Банктің банктік құпияны құрайтын ақпаратты Call Сenter арқылы хабарлауынан болған ықтимал шығындар мен басқа да жағымсыз салдар үшін Банк жауап бермейді.

      4. Клиенттің қолы қойып, берген тиісті жазбаша құжатының негізінде, онда бар ақпараттың шынайылығына қарамастан, өзі жасаған кез келген әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін, сондай-ақ Клиенттің берген құжаттарында қойылған қолдың түпнұсқалығы үшін Банк жауап бермейді.

      5. Үшінші тұлғаның Операцияны жүргізу үшін Картаны қабылдаудан бас тартуын, сондай-ақ қандай да бір апаттар, бағдарламалық және/немесе техникалық құралдардың қызмет көрсетуіндегі жаңылыстар немесе кідірістерді қоса алғанда, Банктің бақылау саласынан тыс болатын себептердің салдарынан туындаған жағдайларда Банк жауап бермейді.

      6. Үшінші тұлғалар Клиенттің шотынан ақшаны есептен шығарған жағдайда Банк жауап бермейді. Егер төлем жасалған уақытта Картаға тосқауыл қойылмаса, оның жарамдылық мерзімі өтіп кетпесе және төлем жасалған төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға сәйкес Картаның ұстаушысы төлем жасау үшін Картаны пайдаланса, Картаны пайдаланып жасалған төлем санкицяланған болады.

      7. Кез келген жағдайларда Клиенттің алдындағы Банктің жауапкершілігі әдейі немесе дөрекі ұқыпсыздықпен жасалған, Клиентке Банктің әрекеті немесе әрекетсіздігімен келтірілген, құжатпен расталған тікелей нақты залал мөлшерімен шектеледі. Жіберілген пайда, жанама, үстеме немесе кездейсоқ шығындар немесе залал, соның ішінде Банк олардың туындау ықтималдығы туралы хабардар болған жағдайларда өтелмейді.

      8. Клиент кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, Клиент БЕ мен Үлгілік ережелер аясында ашылған Шоттарды пайдаланған жағдайда, Клиент міндеттемелерді бұзумен байланысты Банктің шеккен барлық/кез келген шығындарын Банкке толық мөлшерде өтейді.




    1. Құпиялылық

      1. Тараптар басқа Тараптан алынған банктік, коммерциялық және басқа да ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында тура көзделген жағдайларда немесе басқа Тараптың жазбаша келісімімен, немесе Клиенттің жазбаша келісімінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес үшінші тұлғаларға беріледі (баспада жарияланады немесе жария етіледі және т.с.с.).

      2. Клиент Банкке банк құпиясын құрайтын мәліметтер мен ақпаратты, егер, Банктің пікірінше, Клиенттің әрекеттерінде қылмыс белгілері бар болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен, сондай-ақ Клиенттің жазбаша көрсеткен жағдайларында анықтау және алдын ала тергеу органдарына жария етуге және беруге құқық береді.




    1. БЕ-ге сәйкес жасалған шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мерзімінен бұрын бұзу, олардан бас тарту

      1. БЕ-ге сәйкес жасалатын шарттардың талаптарын біржақты өзгертуге БЕ-де және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

      2. Банк БЕ аясында жасалған шарттардың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы, оған БЕ-де көзделген тәртіппен Клиент үшін жақсарту жағына қарай өзгертілуі мүмкін банк заемы шартының талаптарын өзгерту қосылмайды.

      3. Банк Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ комиссиялар мен Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұл жағдайда қосымша келісім жасасу талап етілмейді. Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ өзгертілген Банк Тарифтері БЕ-ге сай Банк мұндай өзгерістер туралы хабарлағаннан кейін бес күн өткенде өзгертілген түрінде күшіне енеді.

      4. Банк өз қалауы бойынша банк заемы шартының талаптарын жақсарту жағына өз бетінше өзгертеді. Бұл жағдайда қосымша келісім жасасу талап етілмейді. Мұндай өзгерістер туралы Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы хабарланады. Банк заемы шартын Клиент үшін жақсарту жағына өзгерту, соның ішінде егер Клиент кез келген себептер бойынша мұндай өзгерістер туралы хабарламаны алмаса, Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қолданылады.

      5. Банктің жаңа Тарифтерін Банктің операциялық залында, сондай-ақ www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсқа орналастырған жағдайда, Банк Клиентке Банктің Тарифтерінің өзгерісі жайында тиісті түрде хабарлаған болып саналады.

      6. БЕ-де және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Банктің БЕ бойынша шарттық міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқығы бар.

      7. Банктің шарттардың талаптарын біржақты өзгертуімен Клиент келіспеген жағдайда, Клиентпен шарт БЕ-де көзделген талаптарда бұзылады.




    1. Ерекше талаптар және басқа да ережелер

      1. БЕ аясында Банк БЕ-нің осы тармағында анықталған тәртіппен Жалақы жобасының қатысушысы болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетеді. Берешекті өтеу Картаға қызмет көрсету шотынан ақшаны есептен шығару арқылы жүзеге асырылады, бірақ Жалақы жобасы бойынша төлемдерді есепке жазумен байланысты Банк банктік қызмет көрсету шартын жасасқан заңды тұлғадан (жұмыс берушіден) түсетін соманың 50%-нан көп емес. Егер ақша басқа төлем көздерінен түскен жағдайда, Банк БЕ-нің 2-тарауына сәйкес Берешектің барлық сомасы мөлшеріндегі ақшаны (шоттарда ақша болған кезде) есептен шығаруға құқылы. Клиент өтінішті жолдаумен Клиенттің Шоттарына түсетін барлық сомаларды Берешекті өтеу есебіне есептен шығаруын талап етуге құқылы.

      2. Жалақы жобасының қатысушысы болып табылатын Клиенттің немесе кредит лимиті берілмеген немесе мақұлданбаған Клиенттің Картасын іске қосу ол кешендік банктік қызмет көрсету шартына қол қойған күні жүргізіледі.

      3. Банк Клиентке оның сұранысы бойынша www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы банк операцияларын жүргізудің жалпы ережелері, сондай-ақ Банк Тарифтері туралы ақпарат беруге міндеттенеді.

      4. БЕ-де көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің кез келген хабарламасы немесе сұранысы жазбаша түрде берілуі тиіс. Мұндай хабарлама немесе сұраныс, егер Банк мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жіберілген жағдайда, Банкке лайықты түрде жіберілген болып саналады.

      5. Мемлекеттік және орыс тілдері БЕ-ге сәйкес жасалған шарттардың тілі болып табылады, бұл кезде Клиент Өтінішті өз қалауы бойынша мемлекеттік тілде, сол сияқты орыс тілінде де жіберуге құқылы. БЕ-нің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тілінде жасалған мәтін басым болады.

      6. Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуге және Клиент пен ССК арасындағы қызметке қатысты даулы қатынастар Банктің қатысуынсыз шешіледі.

      7. Тараптар арасында шарттардан немесе олармен байланысты туындайтын барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады. Егер Тараптар келіссөздер барысында келісімге қол жеткізбесе, даулар Банктің қалауы бойынша, Банктің немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта қаралуы тиіс.

    ***


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5


    ©netref.ru 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет