«Kaspi Bank» АҚ-ның алдын ала төленген төлем карточкасын шығару, тарату және қызмет көрсету ережесі Осы «Kaspi Bank»



жүктеу 232.89 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі232.89 Kb.
: news -> file
file -> Сн деген не? Сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – сн)
file -> Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік
file -> «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»
«Kaspi Bank» АҚ-ның алдын ала төленген төлем карточкасын

шығару, тарату және қызмет көрсету ережесі
Осы «Kaspi Bank» АҚ-ның алдын ала төленген төлем карточкасын шығару, тарату және қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Интернетті қоса алғанда, жеке компьютерлердің, телефондардың, электрондық терминалдардың көмегімен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен байланыс арналары арқылы қашықтан төлемдер мен аударымдар жасаған кезде алдын ала төленген төлем карточкасын (бұдан әрі – АТТК) шығару, тарату және қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

Осы Ереже Банктің жеке тұлғаларға АТТК шығару және қызмет көрсету туралы шартты жасасуға жария офертасы (ұсынысы) болып табылады.

Ереже Интернет желісіндегі Банктің www. kaspibank.kz мекенжайындағы веб-сайтында орналастырылған.
1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесінде көзделген ұғымдар және Ереженің 2-тармағында анықталған мағынада пайдаланылады.



2. Ережеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

  1. Авторландыру – Банктің Клиентке Операция жүргізу үшін беретін рұқсаты, ол Банктің АТТК лимиті шегінде мұндай Операция бойынша есептесу міндетін тудырады;

  2. Іске қосу – Банктің АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып, Операциялар жүргізуге техникалық шектеулерді алып тастауы;

  3. Банк – «Kaspi Bank» АҚ, АТТК эмитенті;

  4. Виртуалды АТТК – материалдық тасымалдаушысыз банктік алдын ала төленген төлем картасы, ол Интернетті қоса алғанда, жеке компьютерлердің, телефондардың, электрондық терминалдардың көмегімен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің Операциялар жүргізуіне арналған;

  5. Шарт – Банк пен Клиенттің арасында жасалған Клиенттің осы Ережеде көзделген тәртіппен Банктің Офертасын акцепттеуі арқылы АТТК-ні шығару және қызмет көрсету шарты;

  6. Құжат – АТТК-мен немесе АТТК деректемелерімен операциялар/әрекеттер жасалуының растамасы болып табылатын қағаз тасымалдаушыдағы (чек) және/немесе электрондық нысандағы (электрондық түбіртек) құжат;

  7. ақпараттық-банктік қызметтар – банктің клиентке оның банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы, жүргізілген ақша төлемдері мен аударымдары туралы және клиенттің сұратуы бойынша, не банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша көрсетілетін және көрсетілген банк қызметін көрсету туралы өзге де ақпараттарды беруге байланысты электрондық банк қызметін көрсету;

  8. Клиент – Банктің Офертасын қабылдаған (акцепттеген) және Банкпен ағымдағы және/немесе жинақ шоты шартын жасасқан/бұзған жеке тұлға;

  9. АТТК лимиті – теңгедегі ақша сомасы, оның шегінде Банкте Клиенттің алдында міндеттемесі, ал Клиентте Банкке қоятын талап ету құқығы болады. Банк АТТК (оның шегінде Клиент АТТК-ні пайдаланып операциялар жүргізе алады) шығаруы мүмкін Лимиттің ең жоғары мөлшері АТТК шығарылған күні 100 (жүз) АЕК-ке тең сомадан аспауы тиіс;

  10. АЕК – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

  11. Банктің міндеттемесі – Банктің өз атынан АТТК лимиті шегінде Операциялар бойынша есептесу бойынша Клиенттің алдындағы міндеттемесі;

  12. Операция – АТТК-ні (немесе АТТК деректемелерін) пайдаланып, тауар (жұмыс, қызмет) ақысын төлеу бойынша операция, электрондық банктік қызметті (транзакциялық-банктік және ақпараттық-банктік қызметті) жүзеге асыру бойынша операция, оларды жүргізу үшін АТТК лимиті шегінде Авторландыру беріледі;

  13. Қайтару операциясы – АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып сатып алынған тауар/жұмыс/қызмет үшін ССК-ден ақшаны қайтару операциясы, оның аясында Банкке олардың құнын құрайтын ақша қайтарылады және Клиентке қайтарылған сомаға АТТК шығарылады;

  14. Ұйым/Агент – сату орындары арқылы Банктің АТТК-ні сату (АТТК-ні төлеуге ақша қабылдау) үшін тартатын адамы;

  15. Оферта – осы Ереже мен Тарифтерде жазылған талаптарда Банкпен Шарт жасасу туралы Банктің жеке тұлғаларға жария офертасы (ұсынысы). Оферта осы Ереже мен Тарифтерден тұрады және онда Шарттың барлық елеулі талаптары бар;

  16. АТТК-ні қайта шығару – қолданылу мерзімі өтіп кеткен АТТК қалдығы сомасында АТТК лимитімен жаңа АТТК шығару, қайта шығарылған АТТК-ге жаңа сәйкестендіру нөмірі беріледі;

  17. Төлем жүйесі – Банктің бағдарламалық техникалық құралдарының, құжаттамасының және АТТК-мен төлемдер және басқа да Операциялар жүргізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жиынтығы;

  18. АТТК – банктің алдын ала төленген төлем картасы, ол Клиенттің ССК-де/Интернет желісінің көмегімен/Терминалдардың көмегімен Операциялар жасауына арналған;

  19. Клиенттің талап ету құқығы – Банктің АТТК лимиті шегінде Операциялар бойынша есептесу бойынша Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығы;

  20. Процессинг орталығы – Банктің бөлімшесі, ол Авторландыруды, операцияларды өңдеуді, сондай-ақ Банктің/Агенттің қызмет көрсететін АТТК және терминалдық құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын қолдауға қажетті басқа да іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

  21. ССК – сауда және сервис кәсіпорны;

  22. АТТК деректемелері – Клиент Операциялар жүргізген кезде пайдаланатын АТТК нөмірі, соның ішінде АТТК-нің оның ұстаушысына, эмитентке және төлем карталары жүйесіне тиесілілігін анықтауға мүмкін беретін, АТТК-де бар және/немесе онда сақталатын ақпарат;

  23. Тарифтер – Банктің уәкілетті органы бекіткен, Банктің қызмет ақысын төлеген күні қолданылатын, оның қызметімен байланысты Банктің қызметтері үшін төлемдер мен комиссиялардың мөлшерлемелері. Тарифтер Интернет желісіндегі Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы веб-сайтында орналастырылған;

  24. Терминал – Банктің өздігінен қызмет көрсететін терминалы және/немесе АТТК сататын (АТТК төлеуге ақша қабылдайтын) басқа адамдардың өздігінен қызмет көрсететін терминалы;

  25. транзакциялық-банктік қызмет көрсету – клиенттің банктік шот (шоттар) ашуына және жабуына, ақша төлемдері мен аударымдарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге, банк заемын беруге және ақпараттық-банктік қызметке жатпайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыруға байланысты электрондық банк қызметін көрсету;

  26. электрондық банк қызметін көрсету – клиенттің банк шотындағы (шоттарындағы) ақша сомасы, банктік шот (шоттар) бойынша жүргізілген операциялар, банктік шот (шоттар) туралы ақпаратты алу үшін өзінің банктік шотына (өздерінің банктік шоттарына) қол жеткізуге, ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруға, банктік шот (шоттар) ашуға немесе жабуға және/немесе банк телекоммуникациялар желілері бойынша спутниктік байланыс немесе өзге де байланыс түрлері арқылы көрсететін өзге де банктік операциялардың түрлерін жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетулер. Электрондық банктік қызмет Банктің веб-сайтында жарияланған Электрондық банктік қызмет көрсету ережелерінің негізінде көрсетіледі.



2. Банктің офертасы және жеке тұлғаның оны акцепттеу тәртібі

3. Банк Интернетті қоса алғанда, жеке компьютерлердің, телефондардың, электрондық терминалдардың көмегімен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен қашықтан байланысу арналары арқылы, соның ішінде Банктің Терминалдары/Ұйымның Терминалдары/Банктің АТТК-ні сату (АТТК төлеуге ақша қабылдау) үшін тартатын Агенттері арқылы АТТК-ні сатады. Терминалға қолма-қол ақша салу/ Интернет желісі арқылы қолма-қол жасалмайтын тәсілмен АТТК төлеу Офертаның акцепті болып табылады.

4. Банктің Терминалдарын және/немесе АТТК-ні сататын (АТТК төлеуге ақша қабылдайтын) басқа адамдардың Терминалдарын пайдалану арқылы АТТК-ні сатып алу (төлеу) үшін, жеке тұлға мынадай әрекеттер жасайды:


    1. Терминалдың менюінен Терминал арқылы көрсетілетін Банктің қызметін таңдау арқылы Ережемен келіскенін растайды;

    2. Терминалдың менюінде экрандық нысандардың міндетті жолдарын толтырады;

    3. Терминалдарда қолма-қол ақша салу арқылы қажетті АТТК лимитін (теңгеде) анықтайды, оның шегінде Банктің міндеттемесі және Клиенттің талап ету құқығы туындайды. Бұл ретте Клиенттің салған ақша сомасынан Банктің Тарифтеріне және/немесе өздігінен қызмет көрсететін терминалдары арқылы АТТК сататын басқа ұйымдардың/Агенттердің тарифтеріне сай ұсталады (төленеді) және АТТК лимитіне (АТТК-ні шығарғаны үшін, ақшаны қабылдағаны (аударғаны) үшін, басқа да ықтимал қызметтер пен операциялар үшін) комиссиялар, төлемдер қосылмайды. АТТК лимитінің мөлшері мен комиссиялардың, ақылардың (бар болса) мөлшері Терминалдың менюінде көрсетіледі;

    4. Терминалдың менюінде АТТК параметрлерімен келіскенін растайды (Клиентке Шарттың аясында шығарылатын АТТК лимитінің, комиссиялардың (бар болса) сомасы).

5. Интернет желісін пайдалану арқылы АТТК-ні сатып алу (төлеу) үшін жеке тұлға біртіндеп мынадай әрекеттер жасайды:

1) www.kaspi.kz сайтына кіреді;

2) телефон нөмірін көрсетеді және «Ары қарай» кнопкасын басып, www.kaspi.kz сайтында орналастырылған Ережемен өзінің келіскенін растайды;

3) Клиенттің ағымдағы немесе жинақ шотынан ақша аудару арқылы АТТК-ні сатып алады.



  1. Жеке тұлғаның қабылдаған (акцепттеген) Офертасының негізінде жеке тұлға ААТК-ні төлеген сәттен бастап Шарт жасалған болып саналады. Үшінші тұлға немесе Банк АТТК төлеген жағдайда, Клиент АТТК-мен Операциялар жүргізген сәттен бастап Шарт жасалған болып саналады.

  2. Мынадай барлық талаптар болған кезде Клиентке АТТК сатылады:

1) ақша сомасы теңгеде болғанда;

2) салынған ақша сомасы байланыс арнасы (терминал, Интернет желісі арқылы және т.с.с.) анықтайтын сомадан аз болмауы тиіс және 100 АЕК-ке тең сомадан көп болмауы тиіс. Бұл ретте АТТК сатып алған кезде Клиенттің төлейтін жалпы ақша (төлем) сомасы (Банктің, Ұйымның және АТТК-ні сату (АТТК төлеуге ақша қабылдау) үшін тартылатын басқа адамдардың ақша қабылдағанда ұстайтын комиссияларын, ақыларын ескере отырып) бір АТТК үшін 100 АЕК-ден асып кете алмайды;

3) бар болса, Банктің, Ұйымның және АТТК-ні сату (АТТК төлеуге ақша қабылдау) үшін тартылатын басқа адамдардың ақша қабылдағанда ұстайтын комиссиялары, ақылары АТТК лимитіне қосылмаған;

4) Банкте міндеттеме қалыптасуы және Клиентте талап ету құқығы туындауы үшін Клиенттің төлейтін нақты ақша сомасын жоғарыда аталған критерийлерді ескере отырып, Клиенттің өзі анықтайды.



  1. Офертаны қабылдау (акцепттеу) үшін мерзім белгіленбеген. Банк кез келген уақытта Офертаны кері қайтарып ала алады.

  2. Банк мына тәсілдердің кез келгенімен (Банктің таңдауы бойынша):

1) Банктің және оның бөлімшелерінің орналасқан жеріндегі ақпараттық стенділерде Офертаны кері қайтарып алу туралы ақпаратты орналастыру арқылы;

2) Интернет желісіндегі Банктің www. kaspi.kz мекенжайындағы веб-сайтында Офертаны кері қайтарып алу туралы ақпаратты орналастыру арқылы Офертаны кері қайтарып алу туралы жеке тұлғаларға хабарлайды.

  1. Қабылданған (акцепттелген) Офертаның негізінде Банкпен Шарт жасасып, Клиент мыналарды:

1) Шарт міндеттемелерін бұзғаны үшін Банктің жауапкершілігін шектемейтінін және алып тастамайтынын;

2) Шартта Клиент үшін басқа да айқын ауырпалықты талаптары жоқ екенін растайды (оларды Клиент өзінде оларды анықтауға қатысу мүмкіндігі болған кезде өзінің ақылға қонымды түсінікті мүдделерін негізге ала отырып, қабылдамас еді).



  1. Осы Ереже Банктің шығарған АТТК-сін иеленетін және/немесе пайдаланатын барлық адамдар үшін міндетті болып табылады.

  2. Клиент Банктен АТТК сатып алған сәтте Банктің АТТК лимитінің сомасына Клиенттің алдындағы міндеттемесі туындайды, ал Клиентте дәл осы сомаға Банкке қоятын талап ету құқығы туындайды. Банктің Клиенттің алдындағы міндеттемесі және Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығы теңгемен көрсетіледі.

  3. Жасалған Шарттың аясында Клиентке банктік шот ашылмайды. Банк АТТК сатып алған кезде Клиенттің Банкке төлеген ақшасына пайыз есептемейді.

  4. Клиент АТТК-ні сатып алған сәтте ол іске қосылып тұрады, оны кейіннен іске қосудың қажеті жоқ.

  5. АТТК Клиенттің АТТК лимитінің шегінде Банкке қоятын талап ету құқығын растайды және оны Клиент осы Ереженің қағидаларын ескере отырып, Операциялар жүргізу мақсатында пайдалана алады.

  6. АТТК оның ұстаушысы немесе үшінші тұлғалар алдын ала салған және Ережеде көзделген талаптарда Банктің шоғырландырылған шотында ескерілетін ақша сомасы шегінде төлемдер мен аударымдар жасауға Клиентке мүмкіндік береді. АТТК-де оның ұстаушысын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды.

  7. АТТК-ні пайдаланып жасалатын төлемдер Банктің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.

  8. Клиент Операцияларды АТТК-ні немесе АТТК деректелемелерін пайдаланып жүргізеді.


3. АТТК шығару тәртібі

  1. Шарт жасалғаннан кейін Банк Виртуалды АТТК-ні шығарады және Клиенттің алдында АТТК лимиті шегінде АТТК-ні пайдаланып жүргізілген Операциялар бойынша есептесу міндеттемесін өз мойнына алады.

  2. Банк Виртуалды АТТК-ні Банктің өзінің бағдарламалық қамсыздандыруында Виртуалды АТТК туралы есептік жазбаны қалыптастыруы арқылы оған берілген бірегей (Банктің шығарған және Шартты жасасқан күні қолданылатын басқа АТТК-лерден өзгеше) сәйкестендіру нөмірімен шығарады.

  3. Клиентке Виртуалды АТТК сатып алған кезде Терминал арқылы чек беріледі, чек сатып алынғанын растайды, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін ақпарат болады. Интернет желісі арқылы Виртуалды АТТК сатып алынған кезде электрондық түбіртек беріледі.

  4. Виртуалды АТТК-ні сатып алған кезде Банк сондай-ақ Клиентке АТТК-нің сәйкестендіру нөмірі туралы ақпарат береді.

  5. Клиентпен жасалған Шарттың негізінде Банк Клиентке Банктің төлем жүйесінің (бұрын және ары қарай – Төлем жүйесі) АТТК-сін шығарады.

  6. Клиенттің, Банктің және Ұйымның/Агенттің арасында адалдық бағдарламасы немесе басқа да құқықтық қатынастар бойынша шарттар жасалған жағдайда және мұндай шарттарда Операциялар жүргізудің басқа тәртібі белгіленгенде немесе тиісті Ұйымда/Агентте сатылған АТТК-мен Операциялар үшін шектеулер белгіленгенде, осындай шарттың қағидалары қолданылады. Осы Ереженің қағидалары жасалған шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.



4. АТТК-ні пайдалану және Операциялар жүргізу тәртібі

  1. АТТК Клиентке осы Ережеде жазылған талаптарды ескере отырып, электрондық банктік қызмет жасауға мүмкіндік береді.

  2. Клиент АТТК-ні пайдаланып Операциялар жүргізген кезде, Банк Тарифтерге сәйкес ақылар мен комиссиялар (бар болса) ұстайды.

  3. АТТК-нің негізінде Клиенттің талап ету құқығы оны сатып алған және АТТК шығарған күннен бастап 2 (екі) жылдың ішінде Клиентке тиесілі болады.

АТТК-нің қолданылу мерзімі оны сатып алған және шығарған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Егер АТТК лимиті нөлге тең болған жағдайда, АТТК қолданылу мерзімі АТТК лимиті нөлге дейін азайтылған күні тоқтатылады.

  1. АТТК-ні немесе АТТК деректемелерін пайдаланып жүргізілетін Операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасының және осы Ереженің талаптарын ескере отырып, жүргізіледі.

  2. Банктің кассаларынан, банкоматтарынан және басқа да электрондық-механикалық құрылғылардан АТТК-ні немесе АТТК деректемелерін пайдаланып, қолма-қол ақша алынбайды. АТТК-ні пайдаланып жүргізілетін Операциялар тек қолма-қол жасалмайтын тәртіппен жүргізіледі.

  3. Клиент АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып Операциялар жүргізген кезде, Банктің өз атынан Операциялар бойынша есептесуге негіз болып табылатын Құжаттар жасақталады.

  4. Операциялар бойынша Құжаттар Терминалда электрондық түрде ресімделеді, бір уақытта қағаз тасымалдаушыда құжат (чек) басып шығарылады.

  5. Интернет желісі арқылы Операциялар жүргізген кезде, Операциялар бойынша Құжаттар жасақталады және олар тек электрондық нысанда болады (электрондық түбіртек беріледі).

  6. Банк өз атынан АТТК лимиті шегінде Операциялар бойынша есептесуді жүргізеді.

  7. Банк Операция бойынша есептесу жүргізгеннен кейін, АТТК лимиті мұндай Операцияның сомасына азайтылады, сәйкесінше мұндай Операцияның сомасына сондай-ақ Банктің міндеттемесі және Клиенттің талап ету құқығы азайтылады.

  8. АТТК лимиті толықтырылмайды, АТТК-ні толықтыру мақсатында ақша салынған жағдайда – Банк салынған ақша сомасына тең АТТК лимитімен жаңа АТТК шығарады. АТТК лимитін толықтыру үшін ақша салуға немесе аударуға жол берілмейді.

  9. Кез келген мына жағдайда:

1) АТТК-мен Операциялар жүргізген кезде жіберілген қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда;

2) АТТК-мен рұқсатсыз төлем жасалғандығына күмәні болған кезде;

3) Клиент Операцияның жүргізілгенін растайтын қажетті құжаттарды бермеген жағдайда, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе;

4) Операция жасалған күні қолданылатын бакн қарызы шарттары бойынша Клиенттің берешегі болған кезде;

5) Банк АТТК-ні шығару жөнінде қате нұсқауды орындаған кезде;

6) Клиент Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;



7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда Банк кез келген кезеңде Операция жүргізуден бас тартуға құқылы.

  1. Банк қайтару Операциясының негізінде ақша алған жағдайда (Банк өңдеген күні мұндай қайтару Операциясы бар болса) – мұндай қайтару Операциясының сомасына жаңа АТТК шығарылады, бұл ретте мұндай сомаға сондай-ақ сәйкесінше Клиенттің алдындағы Банктің міндеттемесі және Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығы ұлғаяды.

  2. Жаңа АТТК сатып алып, Клиент АТТК-мен Операциялар жүргізілген күні қолданылатын банк қарызы шарты бойынша берешегі болған жағдайда АТТК-мен Операциялар бойынша шектеулермен келісетінін растайды. Клиент шарт жасасу бойынша әрекеттер жасаған уақытта банк қарызы шарты бойынша берешегін өтеуге келісімін береді.

  3. Банк қарызы шарты бойынша берешекті өтейтін күн басталған кезде Банк берешек сомасына АТТК лимитін азайтуға және бір-бірінің міндеттемелері бойынша талаптарды өзара есепке алуға құқылы. АТТК есебінен берешекті өтеу бойынша Операция бойынша шектеумен келіспеген жағдайда, Клиент Банкке берешекті өтеу бойынша Операцияны жүргізбеу туралы жазбаша өтініш білдіруге құқылы. Банк бұл жағдайда берешекті өтеу бойынша Операцияның сомасына тең АТТК лимитімен жаңа АТТК(-лер) шығарады.

  4. АТТК телнұсқаларын шығару көзделмеген.


5. Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері

  1. Банк:

  1. Шарт жасалғаннан кейін және Клиенттен АТТК-ні төлеуге ақша алғаннан кейін АТТК-ні шығаруға;

  2. Ережеге сәйкес өз атынан АТТК лимиті шегінде Операциялар бойынша есептесу жүргізуге (мұндай Операциялар осы Ереженің қағидаларын қоса алғанда, Шарттың басқа қағидаларын бұзбағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзбағанда және оларға қайшы келмегенде, оларға қатысты Банктің Операция бойынша есептесу жүргізу үшін барлық қажетті құжаттары болған жағдайда);

  3. Құжаттың берілуін қамтамасыз етуге;

  4. Клиентке АТТК-нің сәйкестендіру нөмірін хабарлауға міндеттенеді.

  1. Клиент:

  1. АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып, АТТК лимиті шегінде Операциялар жүргізуге;

  2. АТТК-нің қолданылу мерзімі тоқтағаннан кейін АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланбауға және АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып, Операциялар жүргізбеуге/ жүргізуге талпынбауға;

  3. АТТК (АТТК деректемелерін) туралы ақпараттың таратылуын немесе оларды (АТТК мен АТТК деректемелерін) рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін барлық қисынды шараларды қолдануға;

  4. АТТК-ні, АТТК деректемелері туралы мәліметтерді және Шарт пен Ереженің аясында алынатын ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге (Ережеде көзделген жағдайды қоспағанда);

  5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Ережемен мұндай Операцияларға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Операциялар жүргізуге;

  6. Операциялар жүргізілген кезде ресімделген Құжаттарды Құжатты алған, әр Операция жүргізілген күннен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннің ішінде сақтауға және даулы мәселелерді/шағымдарды реттеу мақсатында оларды Банкке алғаш талап еткен кезде беруге;

  7. осы Ережемен танысуға және Ереженің қағидаларын сақтауға, Ережеде көзделген басқа да талаптарды орындауға міндеттенеді.

  1. Банк:

  1. АТТК-ге қызмет көрсеткені үшін комиссияны (бар болса), АТТК-ні сатқаны және таратқаны үшін комиссияны (бар болса), аударым үшін комиссияны (бар болса), сондай-ақ АТТК-ні қайта шығарғаны үшін комиссияны (бар болса) қоса алғанда, Клиенттен АТТК-ні төлеуге ақша алуға;

  2. Банктің Клиенттің алдындағы міндеттемелері және Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқықтары сияқты, АТТК лимитінің есебін өз бетінше жүргізуге және АТТК лимитінің сомаларына/мөлшерлеріне, Банктің Клиенттің алдындағы міндеттемесіне және Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығына қажетті өзгерістерді енгізуге;

  3. мына жағдайларда:

- осы Ережеде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзып, Операциялар жүргізілгенде;

- егер Операцияның сомасы АТТК лимитінен асып кетсе;

- егер Операцияға қатысты Авторландыру берілмесе;

- егер Банкте бар деректерден (соның ішінде Клиенттің және/немесе есептесуге қатысушының берген, Операция жүргізуге негіз болып табылатын Құжаттардан) жүргізілетін Операцияның Қазақстан Республикасының және/немесе осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмейтіні шықса;

- егер Ережеде көрсетілген тәсілдермен АТТК-мен Операциялар жүргізу бойынша шектеулер белгіленсе, Операция бойынша есептесуді жүргізуден бас тартуға және мұндай есептесуді жүргізбеуге;


  1. Клиент жүргізгісі келетін Операцияның сомасы АТТК лимитінен асып кетсе, Клиентке Операцияға қатыстыАвторландыру бермеуге;

  2. қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Клиентпен Банктің Call Center-іне немесе Банктің басқа да бөлімшелеріне хабарласқан кезде, онымен телефон арқылы келіссөздерді жазып отыруға;

  3. Ережеге және/немесе Тарифтерге біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

  1. Клиент:

1) АТТК лимитінің (АТТК лимиті сомасының) шегінде Операцияларды жүргізуге;

2) Банктен ақшаның АТТК-дан дұрыс есептен шығарылуын растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы. АТТК-мен Операциялар жөнінде ақпарат Интернет желісі (www.kaspi.kz ресурсы) арқылы беріледі. Клиент 9999 телефоны арқылы хабарласып, Банктің интернет бөлімшесі немесе Call Center арқылы АТТК жалпы лимиті туралы ақпаратты сұрата алады.


7. АТТК-ні пайдаланануды тоқтату және Шартты бұзу

  1. Банк туындаған даулы жағдайларды (ондайлар бар болса) реттегенге дейін АТТК-мен Операциялар жүргізуден бас тартуға құқылы.

  2. АТТК шығарылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік ай өткеннен кейін ғана Клиент АТТК пайдаланудан бас тартуға және Шартты бұзуға құқылы.

  3. АТТК пайдаланудан бас тартқан/Шартты бұзған жағдайда, Клиент Банкке тиісті жазбаша өтінішпен хабарласады, онда ақша аударғаны үшін Банктің Тарифтерінде көзделген комиссияны төлеп, АТТК-ден Банкте ашылған ағымдағы банктік шотқа ақша аударуды тапсырады. Банкте ашылған банктік шоты болмаған жағдайда, Клиенттің АТТК-де орналастырылған ақшасы кез келген банктерде ашылған кез келген ағымдағы банктік шотына аударылады (ақшаны банктік шотқа есепке жазу/салу туралы жазбаша өтініш/тапсырма болған кезде). АТТК-ден басқа банктерде ашылған банктік шоттарға ақша аударылған кезде, Банк ақша аударғаны үшін Банктің Тарифтерінде көзделген мөлшенде комиссия ұстауға құқылы.

  4. АТТК қолданысы тоқтатылғаннан кейін Клиенттің АТТК-ні немесе АТТК деректемелерін пайдалануға құқығы жоқ. АТТК қолданысы тоқтатылған күннен бастап Банк АТТК қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін жүргізілген Операциялар бойынша есептесу жүргізеді.

  5. Қатарынан 12 (он екі) айдың ішінде АТТК-нің қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін АТТК-мен Операциялар болған кезде, АТТК қолданылу мерзімі өткен күннен бастап Банк АТТК лимиті қалдығының сомасына АТТК-ні қайта шығарып, қайта шығарғаны үшін тиісті комиссияны (бар болса) ұстайды.

  6. Қатарынан 12 (он екі) айдың ішінде АТТК-нің қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін:

а) Банкте ағымдағы және жинақ шоттары бар Клиенттерде АТТК лимиті нөлге дейін азаяды, Банктің Клиенттің алдындағы міндеттемесі мен Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығы осы АТТК бойынша тоқтатылады және Банк аударғаны үшін Банктің Тарифтерінде көзделген мөлшерде комиссияны шегеріп тастап, АТТК-ге орналастырылған ақшаны Клиенттің Банкте ашылған ағымдағы/жинақ шотына аударады;

б) Банкте ағымдағы және жинақ шоттары жоқ Клиенттерде АТТК-мен Операциялар болмаған жағдайда, АТТК қолданылу мерзімі өткен күннен бастап Банк АТТК-ге қызмет көрсеткені үшін Банктің Тарифтерінде белгіленген мөлшерде комиссия ұстауға құқылы.



  1. АТТК-мен Операциялар жүргізу бойынша шектеулерді Клиент мына тәсілдермен белгілейді:

1) Клиент Call Center-ге 9999 нөмірі бойынша телефон соғады және Call Center менеджері Клиентті сәйкестендіргеннен кейін АТТК-нің көмегімен Операциялар жүргізуге техникалық шектеулер белгілейді;

2) Клиент интернет бөлімшеде анықталған нұсқауларға сай Интернет желісі (интернет бөлімше) арқылы АТТК-мен Операциялар жүргізуді өз бетінше шектейді.




8. Дауларды реттеу

  1. Үшінші тұлғалардың АТТК-ні заңсыз пайдалану фактісі анықталған кезде, Клиент 8-727-250-00-01 (Алматы қ. үшін) және 8-800-080-18-00 (бүкіл Қазақстан бойынша) телефон нөмірлері арқылы Банкке дереу хабарлауға міндетті.

  2. Клиент online@kaspibank.kz электрондық мекенжайына электрондық нысанда хабар жолдауға немесе мекенжайын, телефон нөмірін, шағымның мазмұнын және басқа да ақпаратты көрсетіп, Банктің Саll Center-іне 8-727-250-00-01 (Алматы қ. үшін) және 8-800-080-18-00 (бүкіл Қазақстан бойынша) нөмірлеріне телефон соғуға (ауызша өтініш білдіруге) құқылы. Банк Клиенттің өтінімін мұндай өтінішті/электрондық хабарды тіркеген күннен бастап 30 күннің ішінде қарастырады.

  3. Банк Банкке жолданған хабарламада көрсетілген мекенжайға Клиентке жазбаша түрде жауап береді.

  4. Банк сәйкестендіру рәсімін Банктің қалауы бойынша (Банктің растаған) мобильді телефон нөмірі, Клиенттің туған күні және Клиенттің басқа да деректемелері бойынша жүргізеді.

  5. Клиент АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланып жүргізілген барлық Операциялар бойынша жауап береді.

  6. Банк АТТК-мен төленген тауарлардың/қызметтердің сапасы үшін жауап бермейді.

  7. Барлық даулар бойынша (соның ішінде Клиенттің жүргізілген Операциялардың қайсыбіреуімен келіспеуіне байланысты) Клиент Банкке жазбаша өтініш береді. Ережеде даулы Операцияны қарау бойынша мерзім белгіленеді – оны жүргізген күннен бастап 30 (отыз) күн. Шағым дәлелденген жағдайда, АТТК-де сомасы қалпына келтіріледі (қайтарылған сомаға жаңа АТТК шығару). Шағым реттелген дейін АТТК бойынша бұрын дебеттелген сомалар қалпына келтірілмейді.

  8. Банк АТТК-нің заңсыз пайдаланылғаны туралы жазбаша өтінішті алған күнге дейін (қоса алғанда) үшінші тұлғалар АТТК-ні пайдаланып жүргізген барлық операциялары үшін (соның ішінде рұқсат етілмеген төлемдер үшін) Клиент жауап береді.

  9. АТТК-нің заңсыз пайдаланылғаны туралы жазбаша өтінішті алған күннен бастап үшінші тұлғалардың АТТК-ні пайдаланып жүргізген барлық операциялары үшін (соның ішінде рұқсат етілмеген төлемдері үшін) Банк жауап береді.

  10. Осы Ережеде жазылған өз міндеттемелерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Клиент Банкке келтірілген залал мөлшерінде Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнасында көзделген жауапкершілікті атқарады.

  11. Клиент оның Банкке беретін барлық құжаттарында бар мәліметтердің шынайылығы мен толықтығы үшін жауап береді.

  12. Банк Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау:

1) Банкке Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шешімдерінен болса;

2) Банктің бақылауынан тыс салада тұрған себептерден, үшінші тұлғаның Операция жүргізу үшін АТТК-ні қабылдаудан бас тартуынан, сондай-ақ бағдарламалық және/немесе техникалық құралдарға қызмет көрсетуде қандай да бір апаттық жағдайлардың, жаңылысулардың туындауынан болса;

3) еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауынан болса;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда жауап бермейді.



  1. Құжатта ақша алушының деректемелерінің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты ақшаның қате аударылғаны үшін Банк жауап бермейді. Банк ақшаны қателесіп есепке жазумен/аударумен/төлеумен байланысты даулы жағдайларды шешуге жәрдемдеседі.

  2. Кодты/ЖДСК үш рет дұрыс термеген кезде АТТК-мен әрекеттерді Банк алаяқтық деп бағалап, АТТК-мен Операция жүргізуден бас тартады.

  3. Клиентке АТТК-дегі ақшаның жұмсалуын есепке алу үшін және ықтимал дауларды реттеу үшін Құжаттарды сақтау ұсынылады.

  4. Банк пен Клиенттің арасында Шарт бойынша немесе сонымен байланысты туындайтын (соның ішінде АТТК-ні (АТТК деректемелерін) пайдаланумен байланысты барлық даулар (тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда), соттың құзыретіне жатқызылған даулар болған жағдайда, Банктің бас офисі орналасқан жерде қаралуы тиіс.

  5. Терминалдан Құжатты ала алмаған жағдайда, Клиент АТТК-ні сатып алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Банкке немесе Ұйымға/Агентке жазбаша өтініш береді, Банк жазбаша өтінішті алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Құжаттың телнұсқасын Клиентке береді.



9. Өзге қағидалар

  1. Банк Клиентке хабарлайды, ал Клиент Төлем жүйесі мен Банктің құрған АТТК-сін (АТТК деректелемерін) пайдаланып, есептесу механизмі толық жетілдірілмегенін және Клиент рұқсат бермей үшінші тұлғалардың АТТК-ні (АТТК деректелемерін) пайдаланып, Операциялар жүргізуі тәуекелдері бар екенін түсінеді және қабылдайды.

  2. Бұл ретте операцияларды рұқсатсыз жүргізудің барынша кең таралған тәсілдерінің бірі – АТТК деректемелерінің көмегімен оның заңсыз пайдаланған кезде операциялар жүргізу. Бұл ретте заңсыз пайдалану тек АТТК-ні жоғалтқан жағдайда ғана емес, сонымен бірге Клиент АТТК-ні пайдалану бойынша өз міндеттемесін тиісінше орындаған кезде де болады.

  3. Кез келген жағдайда АТТК-ні заңсыз пайдалану тәуекелдерін Клиент өз мойнына қабылдайды.

  4. Операцияларды рұқсатсыз жүргізудің басқа кең таралған тәсілі – Клиенттің АТТК-нің көмегімен (оны жоғалтып алғанда және АТТК (соның ішінде уақытша) туралы ақпарат ашылғанда) операция жүргізу.

  5. АТТК-ні (АТТК деректелемерін) пайдаланып, рұқсатсыз Операциялар жүргізудің басқа да тәсілдері, соның ішінде АТТК-ні, АТТК деректелемерін пайдалануға қатысты алаяқтық механизмдерін жетілдіру себебінен Банкке белгісіз тәсілдері де бар.

  6. Осыған орай Клиенттің АТТК-сін (АТТК деректемелерін) пайдаланып, рұқсатсыз операциялар жүргізу тәсіліне қарамастан, Банк Клиенттің алдында мұндай рұқсатсыз операцияның жүргізілгені үшін жауап бермейді.

  7. Осы Ережеге қосыла отырып (Шарт жасасып), Клиент барлық осы тәуекелдерді, соның ішінде үшінші тұлғалардың АТТК-ні пайдаланып (оны жоғалтып алған жағдайда) немесе АТТК деректемелерін пайдаланып (оны заңсыз пайдаланған жағдайда), рұқсатсыз операциялар жүргізу тәуекелін қабылдайды.

  8. Клиент АТТК-ні пайдаланған кезде сүйенген жағдайлардың елеулі түрде өзгеруімен байланысты барлық тәуекелдерді Клиент өз мойнына қабылдайды, мұндай жағдайлар Банк пен Клиенттің арасында туындаған шарттық қатынастарды өзгерту үшін немесе бұзу үшін негіз болып табылмайды.

  9. Клиенттің (Ережеде баяндалған жағдайдан басқа кезде) Банкпен шарттық қатынастардан шығатын, Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығын қоса алғанда, өзінің құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаларға толығымен немесе ішінара беруге құқығы жоқ.

  10. Осы арқылы Клиент барлық ССК АТТК-ні қабылдай алмайтынынан және Банктің және/немесе басқа Ұйымдардың Төлем жүйесі АТТК-ні пайдаланып жүргізілген Операциялардың сомалары бойынша шектелуі мүмкін екенінен хабардар, оны түсінеді және онымен келіседі.

  11. Банк Ережені және (немесе) Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгерткен (толықтырған) кезде, аталған өзгерістер (толықтырулар) Банктің сайтында оларды орналастырған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткенде қолданылады. Клиент Банктің Ереженің талаптарын біржақты өзгертумен келіспеген жағдайда, Клиентпен жасалған Шарт Ережеде көзделген талаптарда бұзылады.

***



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет