«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі463.66 Kb.
  1   2   3
Катонқарағай ауданы әкімдігінің

«___» ____________2010 жылғы №____ қаулысымен бекітілген



«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны


  1. Миссиясы мен пайымдауы



  1. Ағымдағы жағдайды талдау



  1. Мемлекттік қызмет органының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері



  1. Мемлекеттік органдардың функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер



  1. Нормативтік құқықтық актілер



  1. Бюджеттік бағдарламалар


1. Миссиясы мен пайымдауы
Аудан әкімі аппаратының қарастыратын жұмыстары тек қана ақпараттық аналитикалық ұйымдастырушылық, құқықтық материалдық техникалық қамтамасыз ету жұмыстарымен шектелмей аудан әкімі және оның орынбасарлары, облыстық мемлекеттік органдардың қызметімен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек.

Аудан әкімі аппаратының пайымдауы - аудан әкімі мен аудан әкімдігінің қызметін құқықтық-ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасын арттыру.


2. Ағымдағы жағдайды талдау


    1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді корпоративті сапалы

басқарудың жүйесін дамыту
Аудан әкімінің аппараты аудан әкімі мен оның орынбасарларының және аудан әкімдігінің барлық үлгідегі ағымдағы қызметтерін ұйымдастырып, ақпараттық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың қызметінде өзара іс-қимыл нәтижесін жоғарылату алдыңғы қатарда тұрған жоспардың бірі.

Аппаратта электрондық құжат айналымының жүйесі енгізілгеннен кейін (Lotus Notez 6.5) қағаз түріндегі құжат айналымы біртіндеп төмендеп келеді. БҚЭАЖ жүйесін жүзеге асыруда аудан әкімінің аппаратына мегалайн жүйесі енгізіліп, 17 компьютер локальды желіге қосылды, бұл мамандар арасындағы құжаттармен электронды түрде алмасудың тиімді жолы болып табылады.

Барлық ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және жергілікті атқарушы органдар факс, компьютерлермен қамтылған. .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы №891 Қаулысының талаптарына сәйкес, аудан әкімінің ВЕБ-сайтын ашуда "Восток Он-Лайн" ЖШС-мен 28.02.2008 жылы № ЛН-060/08-WH келісім шарт жасалып, аудан әкімінің ресми ВЕБ- сайты ашылған және осы сайттың тәулік бойы интернет жүйесінде болуын қамтамасыз етуде «Восток ОН-Лайн» ЖШС-не 2008 жылға 535985 теңге, 28.01.2009 жылы № ЛН-011/09-WH келісім шарт жасалып, интернет жүйесінде болуын қамтамасыз етуде «Восток ОН-Лайн» ЖШС-не 404800 теңге аударылған. Катонқарағай ауданы әкімінің ресми сайтындағы виртуалды қабылдау бөлмесіне 2009 жылдың 12 айында түскен 31 өтініштің барлығына жауап қайтарылған.

Ақпараттық жүйені дамытуда облыстан алынған спутниктік станция жабдықтары аудан әкімдігінің ғимаратында орнатылып, «Kazsatnet Ұлттық компаниясы» АҚ арқылы бейне конференц байланысы құрылған.

Аудан бойынша аудан әкімшілігі ғимаратында, Үлкен Нарын ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығында, Катонқарағай округі әкімшілігінің ғимаратында, Корбиха ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында және Үлкен Нарын ауылындағы аудандық кітапханада қоғамдық қол жеткізілім пунктері орналасқан. Олардың жұмысы аудан бойынша ұйымдастырылған, халыққа қол жеткізілім жерлерде орналасқандықтан, халық «е-үкімет», аудан бойынша ғана емес, Республика көлеміндегі барлық ақпараттармен танысуда.

Аудан әкімі аппаратының бөлімдері МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізуде 22 қаңтар 2007 жылы «Қазақстан сапа ұйымы» ЖШС-мен № 03-24-07 келісім шарт жасалған. 19.04.2007 жылы №863-р өкіммен СБӨ (ПРК), СЖ (ОТК), 10 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылып, СБӨ (ПРК), СЖ (ОТК) және жұмыс тобының Ережесі бекітілген.

Аудан әкімінің 19.07.2007 жылғы № 925-р өкімімен ішкі аудиторлар бекітілген. Аудиторлар «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» бағдарламасы бойынша теориялық дайындық курсынан 2007 жылдың 4 шілдесінде өтіп сертификатталған.

«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес IQNet 30.10.2007 жылғы №RU-07.678.026, «Русский Регистр» сертификациялық бірлестігінің 30.10.2007 жылғы № 07.678.026, «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС-нің 23.10.2007 жылғы №KZ. 500001 КСС №02019 сәйкестік сертификаттарымен сертификатталған.

Аудан әкімінің аппаратында «Заң» электрондық базасы орнатылған. 2009 жылы «Заң» мәліметтер қоры желілік нұсқа бойынша 1 инсталяциямен 5 қолданушыға қосылды.

Аудан әкімі аппаратының жұмысын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсетудің жүйесін дамыту мақсатында 2009 жылдан бастап аудан әкімінің аппараты өз қызметінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тұрақты талдау жасап отыруды кіргізді. Алайда, бұл үшін талдау және баға беру жүйесіне тексеру жүргізіп отыру, сонымен қоса оны қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді тәсілдеріне бейімдеу арқылы жаңарту қажет.

Бүгінгі таңда аудан әкімі аппаратының осы бағыттағы жұмысының ашықтығы мен есептілігінің деңгейі нәтиже қорытындысы арқылы көтеруді талап етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің және басқа да мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істейді, аудандық сайтта тұрақты түрде тұрғындардың сұрақтары қабылданады.

2010-2014 жылдар аралығында стратегиялық маңызды құжаттар мен шешімдерді әзірлеу мүмкіндігін әлеуметтік пікірталас құралдарының санын арттыру арқылы және азаматтық қоғам институттарының қатысуымен жетілдіру жоспарлануда. Аудан әкімі аппараты қызметінің табысты болуы оның кәсіптік дайындалған кадрларына да байланысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау Ережесіне сәйкес 2009 жылы аудан әкімі аппаратының 2 мемлекеттік қызметшісі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында біліктіліктерін арттыру курстарында оқыса, 31 мемлекеттік қызметші Шығыс Қазақстан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында оқыды. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының 15 мемлекеттік қызметшісі компьютерлік сауаттылыққа оқытудың толық курсынан өтті. Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес аппарат оқуы өткізіліп тұрады. 2009 жылғы аттестацияның қорытындысы бойынша барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарына сәйкес деп танылды. Сонымен қоса, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін аудан әкімі аппаратының кадрларымен жұмысты одан әрі жетілдіру қажет. Сондықтан, аудан әкімі аппаратының негізгі қажет ететін жүйесін дамытудағы біркелкі басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет:

Облыстық және аудан әкімінің тапсырмаларды орындауды бақылауға алу мен тіркеу жүйесінің, орындау жұмысының төмендігі;

Әлеуметтік маңызы бар жобалар мен жоспарлардың орындалуын бақылау жүйесі деңгейінің дамуы қолданыстағы ақпараттық - коммуникациялық технологияларға сәйкес келмеуі;

Жергілікті мемлекеттік органдармен кешенді стратегиялық маңызы бар құжаттарды дайындауда ведомствоаралық және салааралық қызметтегі жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың жеткіліксіздігі;

Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен олардың күнделікті жаңартылған электрондық заң жинағымен жұмыс жасауына мүмкіндік жасау арқылы аудан әкімі аппаратының қызметіндегі шығармашылық сапаның деңгейін көтеруге қолдау көрсету;

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын бағалау және талдау жасау жүйесі жұмысының төмендігі;

Ауданның дамуына байланысты стратегиялық маңызды құжаттарды дайындау барысында тұрғылықты халықпен азаматтық қоғам институттарын қатыстыру деңгейін көтеру.


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатының

мемлекеттік стратегиялық мақсатпен сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаты

Мемлекеттік органның қызметін іске асырудағы мемлекеттік стратегияның мақсаты

Нормативтік құқықтық актілер

мен стратегиялық құжаттың атауы

Стратегиялық бағыт 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен біркелкі басқару жүйесінің дамуы

Мақсат 1.1.

Жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігінің жоғарылауын жан-жақты жақсарту



«Біздің басты міндетіміз - Қазақстанда адамзаттың мүддесін қорғайтын нарықтық экономикада қолайлы әрі тиімді жаңа үлгідегі мемлекеттік қызмет пен оның басқару құрылымындағы мақсатты істерді іске асыратын Үкімет жасақтау»
«......Әрбір министрлік, ведомства, әкімдік аймақтық дамуда өзара тең және жалпы мемлекеттік стратегиға нақты іс бойынша белгіленген мақсатты бағынышта болуы керек. Бұл сөзсіз, жаңа тәсілге біртіндеп көшуді қажет етеді.

Стартегиялық жоспарлау, қаржылық болжам жасау және жобалық менеджмент жақын болашақтағы мемлекеттік басқаруды жаңартудың мәні болуы қажет.

Электронды құжат айналымы төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі:

1) электронды құжат айналымының әр-түрлі қызмет жүйесін енгізу;

2) мәліметтерді жіберу мен өңдеуде оны сақтауда қолданылатын ақпараттық технологияларды кез-келген салада қолдану..... «Бұл саланы дамыту үшін негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатты мақсатты бағытта жүргізу қажет. Бұл саланың мақсаты-саланы басқаруда қол жеткен жетістіктерді бағалау және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану»


Қазақстан-2030

«Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 11.10.1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының 07.01.2003 жылғы

«Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы»

№ 370-II Заңы


Мақсат 1.2.

Ауданның дамуы мен басқаруға байланысты қабылданатын шешімдер мен стратегиялық құжаттарды дайындағанда азаматтық қоғам институттары мен жұртшылықтың қатысуын қалыптастыру.



«..... жергілікті өзін-өзі басқару заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленгендей халық арасынан құрылатын жергілікті мәслихат және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынаста жергілікті жерде өздігінен шешім қабылдағанда жауапкершілікте болатын қызмет саласы.....»
«Үкімет алдына қойылған тапсырма-айқындалған әкімшілік реформаны халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып жылдам іс-жүзіне асыру, Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың қоғамға тәуелділігі мен ашықтығына негізделген жүйесін қалыптастыру»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

Мемлекет Басшысының

07.02.2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»


Мақсат 1.3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды процестерінің пайдаланушыға тиімді әрі қол жетімді болуын Үкімет пен облыс әкімдігінің веб-қорлар порталы арқылы жақсарту



«...... жұртшылықты тұрақты түрде ақпараттандырудың жаңа тәсілін қарастыру арқылы мемлекеттік билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы саяси басқаруы Казнеттің ақпараттық қорларының жұмысына байланысты»

Бұл бағдарламаның басты бағытының бірі «Мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық пен бақылауды жоғарылату» Күтілетін нәтиженің бірі «Мемлекеттік қорды басқару тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету және автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді 30 % жеткізу;

Арыз-шағымдарды 90 % дейін төмендету.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«Интернет желісі Қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»

17.04.2008 жылғы

№ 358 қаулысы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.2007 жылғы

№ 1155-I қаулысы

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет