Катонқарағайдың туристік соқпақтарымен-2011



жүктеу 187.92 Kb.
Дата16.04.2016
өлшемі187.92 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Катонқарағайдың туристік

соқпақтарымен-2011




Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөптерге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар (радонды бастаулар мен пантымен емдеу) - мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады. Қазақстанның Алтай аумағында ТМД елдерінің туристері көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда, бұл: альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар. Әсем табиғаттың таңқалдырғаны соншама, алғашқы зертеушілер оны Швейцарияның табиғатына теңеді.

Табиғаты дайын, табиғи жаратылыстан туындаған таулардан, орман-көлдерден, және тағы басқа, қарағанда өзінің биоерекшеліктерімен көздің қызығуын алатын табиғи объектілерден құралған, Катонқарағай ауданына қош келдіңіздер!

Құрылған жылы - 1928 жыл. Көлемі -13162 шаршы шақырым. Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылы. Ауылдық округтердің саны – 13. Елді мекендер саны – 54. Халықтың саны - 29200. Негізгі өзендер: Бұқтырма, Берел, Ақсу, Нарын. Өсімдік әлемі: балқарағай, қарағай, самырсын, шырша, алтын түбір және т.б. Хайуанаттар әлемі: аю, қасқыр, қар барысы, марал, бұлан және т.б.





КАТОНҚАРАҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің территориясы жобаланып отырған Қазақстандық территорияның Алтай-Саян экоаймақ бөлігінің құрамына кіреді. Парктің ауданы 643,477 мың га. бұл парктің негізі болып оның 34 %-ын құрайтын орманды алқаптар. Мұндағы орманда көбінесе қылқан жапырақты ағаштар өседі. Сонымен қатар, табиғи парк фауна мен флораның өкілдеріне де бай. Оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлері де бар. Табиғи парктің негізгі міндеті – басқарылатын туризм мен дем алысқа жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатпен ұлттық паркте сұранысқа бай бірнеше маршруттар алынған. Олар:


- Берел қорымдарына. Оңтүстік-батыс Алтайда, Бұқтырма өзенінің даласында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасып, «Патшалар алқабы» атауына ие болған. Жамбыл, Өрел ауылдарының, «Эльтур-Восток» пантымен емдеу кешенінің маңында орналасқан қорым.
Өрел ауылындағы «Тихой» көліне. Экскурсия Өрел ауылының шетінен басталады. Урылька өзенінің жағасымен таңғажайып табиғат көріністерінің арасынан, үлкен қайың топтарынан өтіп барып, аралас орманға кіреді. Жол бойында көптеген дәрілік шөптер кездеседі. Тихой көлінің тамаша көрінісі бар. Көлдің айналасы табиғаттың сан алуан көріністеріне бай. Жан-жағы жар тастар мен қылқан жапырақты ну орман. Айналасы мүк басқан үлкен тастар. Көлінде хариус, гольян сияқты балықтар жүреді.
«Озерный». Аққайнар ауылынан шығатын 7 күндік маусымдық сапар (маршрут) кезінде ашық аспанның астында түнеп, жол бойында балық аулап, уха пісіріп, табиғаттың тамаша көріністерін тамашалауға болады.
- Буландыкөл» көліне. Кішкентай Шыбарағаш ауылынан басталатын сапар (маршрут) кезінде – марал шаруашылығы маңынан өтеді. Маусым айында туристер бұл жерден бұғының мүйізін кесу, пантокрин жасау әдістерімен таныса алады.

- «Маралдың соқпағымен». 1540 м. биіктікте орналасқан Шұбарағаш ауылынан Язевое көліне дейін жүретін жол. Екі өркешті «Мұзтау» Язевое көлінің бетіне шағылысып, табиғаттың сөз жетпес көріністерін суретке, бейне камераға түсіріп алу мүмкіншілігі бар.



- «Ақ Берел». 10 күнге дейін созылатын бұл сапар (маршрут) кезінде ұлттық парктің ең көріністі сапарларының (маршруттарының) бірі. «Мұзтаудың» баурайынан өтетін маршрут Язевый сарқырамасын, Язевое көлін, Қарақұс көлін, Көккөл сарқырамасын, Көккөл кенішін басып өтіп, көптеген тарихи деректермен таныстырады.

Табиғи, мәдини және тарихи мәні бар ескерткіштер
Мұзтау – жер ананың кіндігі

Мұзтау (Шығыс шыңы) – Алтай тауларының солтүстік-шығысында жатыр, Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі (4506 м.). Ақ Берел өзені бастауында орналасқан. Мұзтау - қос өркешті. Алыстан қарасаң-аттың еріне ұқсайды... Алтайдың жон арқасына аппақ күміс ерді жарқыратып ерттей салған секілді. Мұзтаудың жан-жағы көз көрім көкжиекке дейін ала шұбар шың - жартастар. Қара орманды, қапсал шатқалды таулардың ажарында Мұзтау ғана қақ күмісше жарқырап жатады. Жер шарының энергетикалық өрісі осы Мұзтауда тоғысқан деген сенім бар. Ол энергетикалық өріс ғарышпен байланысты, сол арқылы бұл маңайға келген адамдарға Мұзтау күш – қуат беріп, жан сарайын тазартады, денсаулығын түзейді. Мұзтау туралы алғашқы ғылыми деректер 18 ғасырда пайда бола бастаған. Оны - қар мен мұздың, дүркіреген көшкілердің және жарқыраған сарқырамалардың патшасы дейді. Екі шыңының да беткейлері мәңгі қарлар және мұздықтар шамамен 70 шаршы км. жуық ауданды жауып жатыр. Ресей жағындағы Мұзтау сілемдері Дүниежүзі Табиғи Мұра Тізіміне енгізілген.



Коронная тауы

Катонқарағай ауданы, Берел ауылынан шығысқа қарай 32 км Калмачиха өзені сол жақ өңірінде орналасқан. Калмачиха өзені жарынан 1500 м жоғарлаған Коронная тауы (3021 м) өз атауын ақтайды. Пішіні бойынша бұл беткей бұрыштары 60-80 градусты дұрыс үш қырлы шың. Калмачиха өзені шалғайынан өтетін сапар (маршрут) кезінде Коронная тауы Альпідағы Монблан тауына өте ұқсайды.


Рахман көздері

Рахман көздері. Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су. Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылының солтүстік-шығыс шетіндегі Рахман көлі қазаншұңқырында төрт мемлекеттің Қазақстан, Россия, Монғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде орналасқан. Термальді көздер алаңның солтүстік жағынан граниттермен тақта тастардың түйіскен жарығынан шығыстан батыс бағытқа бір сызық бойымен жалпы ұзақтығы 80 метрге ағып шығады. Термальді көздердің емдік қасиеті бар, олар әлсіз минеральді (0,19 г/л) гидрокарбонатты- кальцийлі және құрамы 0,03 г/л дейін еркін көмірқышқылынан, 45-80 мг/л кремний қышқылынан, 10-35 эман радонынан тұрады.



Көккөл сарқырамасы

Көккөл сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылынан 23 км солтүстік шығыстағы Үлкен Көккөл өзенінің (Ақ Берелдің сол саласы) сағасында орналасқан. Көккөл сарқырамасы – Қазақстан және Алтай тауларындағы ең ірі сарқырама, табиғаттың ғажайып, тылсым сұлулық жаратылысы. 10 метрден астам тентек тау бүктетіле арқырап, биіктігі 80 метр биік жартастан өкіре құлап жатқан сарқырама. Облыстың солтүстік-шығыс шетіндегі танымдық туризм үшін ең бір тартымды нысандардың бірі. Көккөл сарқырамасы-табиғаттың теңдесі жоқ құбылысы, сонымен қатар бүкіл Алтайдың ең үлкен сарқырамаларының бірі.Облысымыздың ең шеткі солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан туризмнің ең танымдық объектілерінің бірі болып табылады.



Арасан сарқырамасы

Арасан сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылынан 6 км төмен Арасан өзені аңғарында орналасқан. Арасан өзеніндегі қуатты және өте әдемі каскад типтес сарқырама. Каскадтың әсіресе жоғарғы бөлігі өзінің биіктігімен және ұзақтығымен көзге түседі. Сарқыраманың осы бөлігінде су ағыны жартастан атылып шығып, 5 м биіктен қатты ағынмен құлап, ақ көбік пен ұсақ шашырандыға айналады.Сарқыраманың құлама биіктігі мен ағынының ені 6 метр. Арасан сарқырамасы - Қазақстанның шығысындағы ең ірі сарқырамалардың бірі. Танымдық туризмнің нысаны болып табылады.




Язовая сарқырамасы

Катонқарағай ауданы, Қараайрық ауылынан 10 км солтүстік батыстағы бір аттас көлден 2 км төмендегі ағып шыққан Язовая өзенінде орналасқан. Су ағысының көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде тілімденген арна өңделмеген пішінді. Онда сарқырама түзетін, табалдырық және құламалық құйылулардан кішігірім кемерлер бірінен кейін бірі жалғасқан. Сарқырамада онға жуық бірін-бірі ауыстыратын каскад орналасқан, олардың аралары 200 м жуық жерде кездеседі. Сарқыраманың құлама биіктігі 10-12 м жетеді.Сарқырама атауына еиленіп отырған бөлігінің жалпы биіктігі 5 м.


Рахман сарқырамасы

Рахман сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман қайнарлары ауылының оңтүстік-шығысынан 1,8 км қашықтықта атауы жоқ жылғадан басталып, Арасан өзені аңғарының оң өңірінде Рахман көліне қосылады. Бұл бұлақ биік таулы мареналық көлден (теңіз деңгейінен 2265 м ) бастау алып, Рахман көліне құяды.Рахман сарқырамасы каскад типтес сарқырамалардың қатарына енгізілген.


Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар тізбегі

Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар тізбегі Қара Берел өзенінің оң саласы Арасан өзенінің қосылуынан 15 км жоғарыда орналасқан. Кей жерлерде жар тастар каньон тәрізді «құбыр» аралықтарды құрап, өзен 5-8 метрге дейін тарылып, гүрілмен төмен ұмтылады. Тізбекте 15 кішігірім сарқырамалар мен құламалар бар. Кішкентай төмпешіктер жыралармен кезектесіп отырады, бұл жерлерді таңдамалы хариус балығы мекендейді.Каскадтан жоғары хариус балығы кездеспейді.


Бұқтырма көлі

Бұқтырма көлі - Катонқарағай ауданы, оңтүстік-батыс Алтайдан 38 км. солтүстікте Шындығатай өзені мен Бұқтырма өзенінің қиылысында орналасқан. Бұқтырма көлі балықшыларға өзінің хаирус балығымен, айналасындағы табиғат көрінісінің әсемдігімен танымал.




Көккөл кеніші

Көккөл кеніші - тау кен өндірісінің тарихи ескерткіші. Катонқарағай ауданы, Көккөл шатқалы,Үлкен Көккөл өзені (Ақ Берелдің сол саласы) аңғарында орналасқан. 1936 жылы аймақтық геологиялық маршрут жүргізгенде геолог А. Николов Көккөл кен орнын ашқан. Негізінен бұл жерде 1938 жылдан бастап вольфрам мен молибден қолмен алынып, жұмысшы және тұрғын ауыл салына бастаған. Тасқорымды асудың үстінде, қысы – жазы боран борап тұратын желдің өтінде, 3000 метр биіктікте біздің бабаларымыз бен әкелеріміз қолмен кен қазған. Кеніш 1954 жылға дейін жұмыс істеп келді. Салқын климаттың арқасында кеніштің құрылысы қазір де жақсы сақталған. Ашық аспан астындағы мұражай десе де болады



Берел қорымдары

Берел қорымдары – Катонқарағай ауданының Берел аулының маңындағы Бұқтырма жазығында орналасқан, әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Бұқтырма аңғары бойында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте, шамамен біздің дәуірімізге дейін төртінші ғасырдағы сақ княздерінің мүрделері мен табыттары, алтындалған әшекейлі заттары табылды. Мәңгі мұз тоңның әсерімен ескерткіштер бұзылмай, сол қалпында жақсы сақталған. Көпшілігі әлі зерттелмеген, отыздан астам обасы бар бұл қорымды ғалымдар «патшалар алқабы» деп атап кетті. 1998 ж. Ә. Х. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Халықаралық Қазақ - Француз - Итальян археологиялық экспидициясы Берел қорғанында Сақ бекзадасының қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қорғанның астындағы "мәңгілік тоңның" әсерімен ағаштан, киізден, теріден жасалған бұйымдар да жақсы сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған құнды ескерткіштің бірі - осыдан 2500 жыл бұрын жерленген сақ көсемі мен оның әйелінің мәйігі. Берел қорымынан табылған заттар әлемдік ғылымдағы ең теңдесі жоқ дүниелер.


Австриялық жол

Австриялық жол – ресми тіркелмеген атау. 1914 - 1916 жылдары Бірінші Дүниежүзілік (Империалистік) соғыста австриялық (чехиялық) әскери тұтқындармен салынған жолды «адамның еңбек батырлығының ескерткіші» деуге болады. 2000 метр биіктіктегі 150 км. жуық қашықтықты алатын трассаны қайла мен күрекпен салуды елестету қиын. Мұнда мыңдаған адамдар опат болды деседі: біреуі биіктен құласа, енді біреуі тас басып қалған, енді біреулері мұндай ауыртпалыққа шыдамаған. Жолдың айналасы табиғаттың сан алуан таңғажайып көріністеріне бай.


Мұражайлар

Жолыңыз түсіп Шыңғыстай ауылына бара қалсаңыз Оралхан Бөкейдің мұражай үйіне міндетті түрде барып шығыңыз. О. Бөкейдің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О. Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін. Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант. Көптеген шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне аударылды. «Кісі киік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы әңгімесі бойынша балет – спектакль қойылды. 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.



Марал шаруашылығы

Марал шаруашылығы Алтайда 18 ғасырда Ресейден келген христиандардан туындаған. Бұл өте сирек кздесетін шаруашылық Алтайдан басқа Жаңа Зеландия мен Канадада танымал. Марал шаруашылығының басты өнімі панты – пантокрин заттарынан құралған дақты бұғының, маралдың, изюбрдің жас мүйіздер. Шығыс медицинасында көптеген жылдар бойы панталарды емдік мақсаттарда кең қолданып келеді. Бүгінгі таңда пантамен емдеу – жүйке жүйесін қалыпқа келтіру, күш-жігерді сезіп, айқын ойлаудың көзі. Пантымен емдеу мезгілінің ашылуы: 5 маусым; аяқталуы: 15 шілде. Катонқарағай ауданында 10 пантамен емдеу, сауықтыру кешендері мен шипажайлар жұмыс істеуде.


Пантамен емдеу кешендері мен шипажайлар




«Рахман қайнарлары» шипажайы

Рахман көлі, Арасан - Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су. «Рахман қайнарлары» шипажайы облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым, төрт мемлекеттің Қазақстан, Россия, Монғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан көлі жағасында теңіз деңгейінен 1760 м. биіктікте орналасқан. Бұл родонға бай термиялық қайнар. Суы буын, тері, жүйке ауруларына шипа болып табылатын санаторийге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келіп, елге де, жерге де алғысын айтып қайтып жатады. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды емдеуде қолданылады. Қосымша массаж, ЕДТ, физиотерапия, фитотерапия кабинеттері қызмет көрсетеді. Шипажай емдеу корпустарынан, асханадан, тұрғын котедждерден тұрады. Демалушыларға арналған қайықтар, катамарандар, салт атты жүріске арналған аттар прокаты жұмыс істейді.


«Нұр Бұлақ» шипажайы

Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылының оңтүстік-шығысында, жол бойынан 0,5 шақырым жерде, Алтай тауының бөктерінде орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия, комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы, инемен емдеу терапиясы, биоэнергокоррекция, тренажерлық зал), Спорттық шаралар, спорттық алаңдар мен бөлмелер, Туристік (оның ішінде: атпен серуендеу, тауға шығатын велосипед, жаяу серуендеу, авто-тур, шаңғымен серуендеу, қарда сырғанайтын көлікпен серуендеу, біріктірілген маршруттар) – тек қана демалушылар ғана емес, сонымен қатар спортпен шұғылдануға ниет еткен спортшыларға және де сауықтырудың бар мүмкіншілігін жасау үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі жас шамасындағы адамдарға комплекстік спорттық, емдік – медициналық және сауықтыру процедуралары біріктіріліп, жасалған бағдарлама енгізілген. Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі. Кешен жыл бойы жұмыс істейді, барлық талаптарға сәйкес, кәсіптік және әуесқой спортшыларға, сауықтыру, барлық әлеуметтік топтағы адамдардың талаптарына сәйкестендірілген. Ауданымыздың экономикалық өсуі мен дамуына қосалқы үлес қосады. Жаңадан жұмыс орындары ашылуына және сауықтыру мен демалуды ұйымдастыруға зор ықпал етеді.


«Баян» пантамен емдеу кешені

Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия, комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу, тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур, біріктірілген маршруттар). Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.


«Ақ қайың» пантамен емдеу кешені

Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу, тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур, біріктірілген маршруттар). Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.



«Абзал» ШҚ-ның пантамен емдеу кешені

Катонқарағай ауданы, Ново-Поляковка ауылынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Күніне 12 адамға дейін қабылдайтын аудан орталығынан 60 км. жерде табиғаттың сан-алуан әсем көріністерінің арасында орналысқан пантамен емдеу базасы. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: пантымен сауықтыру (оның ішінде: комплексті терапия, құрғақ саунотерапиясы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу, тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, біріктірілген маршруттар). Жеке-жеке орналасқан жоғары және орта деңгейлі 3 қонақ үй қызметі көрсетіледі. 8 ванна жұмыс істейді


«Патшалар Алқабы» демалыс базасы

«Патшалар алқабы» демалыс базасы Катонқарағай аймағында – Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтау таулы бөктерінде орналасқан. Патшалар алқабына келгендегі ең бірінші әсер – ұлылықпен елжіреп, жан тыныштығын табу. Демалыс базада екі тұрғын коттедж, VIP коттеджі, асхана, пантокринмен емдеу орны, екі монша, бильярд ойнау орны қызмет көрсетеді. Бір уақытта тек 10-15 адам ғана қабылдайды.



«Жанат» пантымен емдеу кешені

Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында орналасқан.

Пантымен емдеу кешені өз жұмысын 2003 жылдан бастады. Негізгі бағыты емдеу. Бір жолғы сыйымдылығы 35 адам. Демалушыларға VIP коттедждер, кафе, пантымен емдеу қызметтері және атты серуендеу қызметтері көрсетіледі.

«Катонқарағай бұғы паркі» пантымен емдеу кешені

Пантымен емдеу кешені Катонқарағай ауданының Ақмарал ауылында орналасқан.Пантымен емдеу кешені өз жұмысын 2006 жылдан бастады. Сыйымдылығы 25 адам. Пантымен емдеу кешініне пантымен емделу, демалу, тұру, тамақтану және пантымен емдеу кешенінің аумағындағы туризм кіреді. Демалушыларға VIP коттедждер, кафе, пантымен емдеу кешені қызмет көрсетеді. Парк аймағында 410 марал, 160 жылқы және 1370 шұбар бұғы бар.



«Жазаба» пантымен емдеу кешені

Катонқарағай ауданының Жазаба ауызылда орналасқан. 2008 жылдан бастап өз жұмысын бастаған.

Пантымен емдеу кешініне пантымен емделу, демалу, тұру, тамақтану және пантымен емдеу кешенінің аумағындағы туризм кіреді. Сонымен қатар, пантымен емдеу кешенінің демалушылары «Язевое» сарқырамасын тамашалай алады. Пантымен емдеу кешеніне 60 адам орналастыруға болады. Пантымен емдеу кешенінде монша, және 15 орындық асхана бар. Жұмыс маусымы маусым-тамыз айлары аралығында жалғасады.

«Ақсу» пантымен емдеу кешені

Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында орналасқан. Пантымен емдеу кешені өз жұмысын 2003 жылдан бастаған. Демалушыларға емдеу, демалу, 35 адамды тамақтандыра алатын кафе, атпен серуендеу, VIP бөлмелер, ыңғайлы коттедждер қызмет етеді.Пантымен емдеу кешені 50-60 адамды орналастыра алады.


«Беловодье» пантымен емдеу кешені

Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында орналасқан.Өз жұмысын 2006 жылдан бастаған. Пантымен емдеу кешенінің қонақтарына емдеу, демалу, тұру, тамақтандыру, 22 орындық кафе қызмет етеді.Сонымен қатар, атпен серуендеу VIP бөлмелер ыңғайлы коттедждер қызмет көрсетеді. Пантымен емдеу кешені 120 адам қабылдай алады.



Маршруттар

туризмнің белсенді түрі
Альпинизм

Ауданымызда Сібірдің және Алтайдың ең биік (4506 м.) Белуха тауы жарқырап тұр. Мұнда қардың, мұздың, дүркіреген көшкіннің, жарқыраған сарқыраманың патшалығы – Тау патшалығы. Белухаға шығу – альпинистердің қатарына кіруді және өз-өзіңе батылдығыңды және жақсы дене бітіміңді дәлелдеуді білдіреді. Алтай тауларына жылда бүкіл әлемнің түпкір-түпкірлерінен көптеген алпинистер келеді. Тау төбелеріне көптеген маршруттары бар Катун жотасына құлама және ұзағынан орналасқан жартас, мұз және қар беткейлері, және сондай жерлердің түрлі комбинациялары бар, Сіз шет елден келген азаматтардан «жабық» болып саналған оңтүстік жағынан көтерілуіңізге болады.


Су туризмі

Соңғы бірнеше жыдар бойы Берел өзенінде рафтинг кеңінен тараған. Қазіргі қорытпа құралдары және профессионалдық қару-жарақ, компетентті инструкторлар су босағаларынан өту тәуекелдерін азайтады. Таулы жердің өзені қатты ағынымен белгілі. Олар өте қауіпті, сондықтан рафтингпен аса дайындықсыз айналысуға болмайды. Егер де Сіз тау өзенінің тәуекел әсемдігінің дәмін татқыңыз келсе, осы спорт түрімен айналысып жүрген турагентствоға барыңыз, сол жерде Сіз тәжірибелі инструктормен сондай мүмкіндік табасыз.



Жаяу туризм

Жаяу туризм – туризмнің ең жаппай түрлерінің бірі. Жаяу серуендеушілерге қолайлы уақыт – маусым – тамыз айлары. Маршруттың кереметтігі, өсімдіктер дүниесінің және хайуанаттар әлемінің балылығын, неше түрлі су қомаларын тамашалауғыштың сауалын қанағат етеді. Ал биіктіктің өзгеруі, маршруттың ұзақтығы және қиындығы аз спорттық қызығушылық танытпайды.

- Трекинг Белуха етегіне, қашықтығы 95 км., мерзімі 9 күн, қиындық категориясысыз маршрут, Ақ Берел өзенінің жазығынан Көк көл сарқырамасынан (42 м.), Берел мұзтауындағы негізгі лагерінен, Көк көл кенішінен өтеді.

- Трекинг Алтай жолдарымен, қашықтығы 100 км., мерзімі 7 күн, екі асудан, альпі шалғынынан, әйгілі Беловодьеден, уш тау өзендерінен, Көк көл сарқырамасынан өту керек.

- Трекинг Зүбәржат сақинасы, қашықтығы 105 км., мерзімі 8 күн. Маршрутқа Язевое көлі, Көк көл асуы, Көксу көлі, Қара Берел кіреді.
Автомобильді туризм

Туризмнің бұл түрі Катонқарағай ауданымен ғана емес, Шығыс Қазақстан бойынша өтетін 7 күндік автотур. Қозғалуы: Өскемен қаласы – Сібе көлдері – Киін Керіш шатқалы – Марқа көлі – Рахман бастаулары шипажайы – Бұқтырма су қоймасы

- Өскемен қ. (1200 км.)

Ат туризмі

Атпен Сіз көлік жетпейтін, адам жаяу жүре алмайтын жерге бара аласыз. Атты маршрутқа қатысушылар елді мекеннен алыс, қаймағы бұзылмаған таулы жерлердің табиғаты таза, пәк орындарына бара аласыз. Атты серуендеушілердің маршруттары кез келген жолдармен және жолсыз жерден – жазықтан, көгалдан, сайлардан, өзендердің жағаларынан өте алады.



Ауыл туризмі

Демалушылар қызметіне Өрел, Берел, Язевое, Ақмарал ауылдарында гидпен бірге салт атты және жаяу серуендер, халық қолөнері шеберлеріне бару ұсынылады. Олардың шеберханаларында Сіз ұнап қалған затты сатып алып, қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыз. Балық аулап, жидек, саңырауқұлақ, балқарағай иерумен айналысып, қазақ кілемдерін, алашаларын, ірімшігін, қымызын, қалай дайындайтынын көре аласыз.


Өскемен қаласынан Катонқарағай ауданына дейнгі сызба маршруттар




Маршрут атауы

Маршруттың толық аталуы

Ара қашықтығы

Ұзақтығы

шығындар

1

1)Өскемен қ.- Үлкен Нарын ауылы

автобуспен


341 шақ

7-8 сағат

1500 теңге

жеңіл машинамен

341 шақ

5-6 сағат

Жеке есеп бойынша

2)Өскемен қ.-Катонқарағай ауылы

автобуспен


300 шақ

5-6 сағат

1200 теңге

жеңіл машинамен

300 шақ

3-4 сағат

Жеке есеп бойынша



3)с.Катон-Карагай- база отдыха «Рахмановские ключи»

автобуспен


177 шақ

2-3 сағат

600 теңге

жеңіл машинамен

177 шақ

1,5-2 сағат

Жеке есеп бойынша

2

1)г.Усть-Каменогрск-с.Зубовка


поездбен



184 шақ

6-7 сағат

460 теңге

2) с.Зубовка-г.Зыряновск

автобуспен

28 шақ

30 минут

300 теңге



3)г.Зыряновск- с.Катон-Карагай



автобуспен

188 шақ

3-4 сағат

600 теңге

3

г.Усть-Каменогрск- с.Катон-Карагай

ұшақпен



1,5 сағат

3000 теңге

4

1) г.Усть-Каменогрск- с.Улкен Нарын (через Самарскую переправу)

жеңіл машинамен

272 шақ



3-4 сағат


Жеке есеп бойынша

2)г.Усть-Каменогрск- с.Катон-Карагай (через Самарскую переправу)

жеңіл машинамен

358 шақ



5-6 сағат

Жеке есеп бойынша

«Катонқарағай бұғы паркі» пантымен емдеу кешені www.katon.kz


«Баян» пантымен емдеу кешені www.vostoktur.kz
«Нұр Бұлақ» сауықтыру кешені www.katonkaragay.kz

«Рахман қайнарлары» санаториі rahmani@reliz.kz



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет