Кавешников Дмитрий Степанович



жүктеу 18.66 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі18.66 Kb.
Кавешников Дмитрий Степанович

Ол 1918 жылы фельдшердің жанұясында дүниеге келді. Жастық шағы мен мектептегі кезеңі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Евгеньевка селосында өтті. Осы жерде Дмитрий Степановичтің еңбек жолы да басталды.

Кер бұғазын соғыспен алу және Қырымдағы плацдармды алу кезіндегі соғыста көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 17 қарашасында 1339 атқыштар полкының штаб бастығы, гвардий-майор Дмитрий Степанович Кавешниковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

"Ардақты Дмитрий! - деп жазды 1941 жылдың наурызында Домна Федоровна Кавешникова батыр-ұлына. -Менің жасымдағы әйелдің өз ұлының батырлығы туралы білгендегі жай-күйін сөзбен айту қиын. Менің барлық аналық мақтанышым - сенімен бірге. Олай болса, мен бекерге ұзақ өмір сүріп, бекерге сені тәрбиелеп, өсірмеген екенмін, менің қыранымды..."

Дмитрий Кавешников 25 жасында-ақ өжет, қайсар қыран болды. Новороссийскіні жаудан азат етуде өзін қабілетті және тәжірибелі командир ретінде көрсетті. 1943 жылдың 10 қыркүйегінде ол қызмет атқаратын полк Цемесск шығанағының оң жағалауына, электростанцияның жанын ойдағыдай түсіп, ж.аулап алған плацдармда нық орнықты. Қырымдағы фашист әскерлерінің күшін тырп еткізбеу үшін оларды Мелитополь маңында ауыр шайқас жүргізіп жатқан Украин майданына қарсы жібермеу туралы КСРО Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшының ставкасы 12 қазан құм Солтүстік-Кавказ майданына Керч түбегіндегі плацдармды жаулап алу үшін ірі десанттық операция дайындау туралы директива берді. Нозороссийскіні жаудан азат еткеннен кейін майор Кавешников Керч десанттық операциясына қатысты 1943 жылдың 1 қарашасына қараған түнде 318 атқыштар дивизиясының құрамына кіретін 1339 полк Керч бұғазынан өтіп, Эльтиген (Керчтен оңтүстікке қарай) маңына түсіп жауды қарқынды шабуылдап жатты. Зеңбіректер мен минометтерден бораған оққа қарамай, жағалау шебін бұзып бөлімше керекті биіктікті жаулап алып, жаулап алған плацдармда нық бекінді.

1-қарашада таң ата жау жағы десантшыларға қарсы танкілер мен күшейтілген екі жаяу әскер дивизиясын жіберді.

Полк командирі десанттың екінші дүрмегінің бөлімшесімен қалған еді. Майор Кавешников басқаруды өз қолына алып, бөлімшенің күшін дұрыс бөліп, бірінші күннің өзінде-ақ қарсыластың 20-ға жуық шабуылына тойтарыс берді.

Осы шайқаста майор Кавешников Қырымды азат ету| Батыры болды. Соғыстың біту кезінде подполковигі Кавешников Мәскеудің Әскери Академияларының бірі бітірді.


Мақала кітаптан алынған.
Достанбаев Т.Ш. Жамбылдық жарық жұлдыздар (Жамбылдық Кеңес Одағының батырлары) [Мәтін]: әдістемелік құрал / Т.Ш. Достанбаев. – Тараз: «Тараз университеті» баспасы, 2007.-76б.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет