«казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»



жүктеу 30.42 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі30.42 Kb.



«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ



ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ


«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»


АТҚАРУ КОМИТЕТІ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ КОМИТЕТ

ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
21.12.2015 ж. № 5 т. 6
Семей аумақтық кәсіподақ ұйымында

кәсіподақ оқуын ұйымдастыру туралы


Сала Кәсіподағының Атқару комитеті Семей аумақтық кәсіподақ ұйымы төрағасының кәсіподақ оқуын ұйымдастыру туралы ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, аймақтардағы кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту жөнінде нақты жұмыстардың жүргізілетінін атап өтеді.

Кәсіподақ активін оқыту мәселесі аумақтық ұйым Кеңесінің Атқару комитетінің мәжілісінде талқыланып, аталған мәселе бойынша Семей қалалық кәсіподақ комитетінің жұмыс тәжірибесі талдап қорытылды. Кәсіподақ қозғалысының негізгі мәселелері – «Еңбек қатынастары және еңбек даулары, оларды шешу жолдары», «ҚР Еңбек кодексінің ережелерін қолданудың тәжірибелік мәселелері» бойынша көшпелі тренинг-семинарлар өткізілді. Жаңа Еңбек кодексінің жобасын түсіндіру мен басқа мәселелер жөнінде семинарлар жасалды.

Кәсіподақтық білім саласындағы аумақтық комитет жергілікті атқарушы органдармен, Шығыс-Қазақстан кәсіподақ орталығымен және басқа да оқытудың білім орталықтарымен бірге қызмет жасайды. 2014-2015 жылдары түрлі семинарларда 1,0 мың адам шамасында оқытылды.

Дегенмен, кәсіподақтың аумақтық ұйымындағы кәсіподақтық оқыту мәселесінде жұмыс жүйесі әлі де жолға қойылмаған. Көпшілік аймақтарда оқулар лайықты ұйымдастырушылық-әдістемелік басқарусыз, тақырыптық және ұжымдық жоспарсыз бір жолғы семинарлар өткізумен шектеледі. Кәсіподақтың аумақтық, аудандық комитеттері әдістемелік кабинеттерді ұйымдастыру, кәсіподақтық оқу үшін тиісті ақпараттық базаны жасау, республиканың басқа аймақтарындағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарды шығару жөніндегі жұмыстарын жеткіліксіз түрде жүргізуде.


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Семей аумақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.М.Ибраевтың кәсіподақ оқуын ұйымдастыру туралы ақпараты мәліметке алынсын (тіркеледі).

2. Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Семей аумақтық комитетіне:

- кәсіподақ кадрлары мен активін оқытудың тиімділігін арттыру, кәсіподақтық оқу мәселесін үйлестіру мақсатында облыстық кәсіподақ комитетінің жанынан қоғамдық бастамада кәсіподақтық оқу жөніндегі әдістемелік Кеңес құру;

- тәжірибелі кәсіподақ қызметкерлерінің қатарынан кәсіподақтық оқу бойынша оқытушылар құрамын жасақтау, бір жолғы семинарлар өткізуден жүйелі жоспарлы оқу ұйымдастыруға ауысуды қамтамасыз ету;

- аудандық кәсіподақ комитеттеріне кәсіподақтың қатардағы мүшелерін, төменгі топтың кәсіподақ белсенділерін оқыту үшін жергілікті кәсіподақ активі мектебінің жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

- кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру мәселесінде салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің 2015 жылғы 19-қаңтардағы №2 «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағындағы кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар» Қаулысын басшылыққа алып, жүзеге асыруға қол жеткізу ұсынылсын.



  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары А.М.Мұқашеваға жүктелсін.

Төрайым М.Т.Амантаева



 
: uploads -> %D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> 21.12.15
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің жарғылықміндеттерді орындау жөніндегі жұмыстары туралыаны қ т а м а
21.12.15 -> Солтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы анықтама
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
21.12.15 -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
21.12.15 -> Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы және еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы
21.12.15 -> Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет