Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы



жүктеу 188.66 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі188.66 Kb.
: 1%20kurs -> Osnovi%20ekonom%20teorii -> kaz -> Lekcii
1%20kurs -> НҰСҚаулар тақырыбы: «ms excel кестелік редакторы. Медико-биологиялық ақпаратты өңдеу үшін ms excel программасын қолдану» Пән: ir1211 «Ақпараттық ресурстар»
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
1%20kurs -> Студенттердің ОҚытушымен бірге атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырып: «Тура және жанамалап өлшеудегі жіберілетін кездейсоқ қателерді бағалау»
1%20kurs -> Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
1%20kurs -> Тақырыбы: Аралық бақылау Мамандығы
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
1%20kurs -> Казақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
1%20kurs -> Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар тақырыбы: Медициналық ақпараттарды Internet ке енгізу принциптері. Ооdоo5 Inf «Информатика»
Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет

Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы


ДӘРІС




Тақырыбы: «Экономикалық теорияның пәні мен әдістері. Қоғамдық өндіріс және оның

құрылымы».



Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «051102-Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды – 2013 ж


Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №____ «____»_______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі: К.А. Темиргалиев




  • Тақырыбы: «Экономикалық теорияның пәні мен әдістері. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы».

  • Мақсаты: студенттерге экономиканың мәнін ашу, негізгі категориялары және қоғамды ұйымдастыру мәселелерімен, экономиканың ертедегі пайда болуы тарихымен таныс тыру, экономиканың даму кезеңдерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаларын талқылау, қоғамдық өндірістің негізгі факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік, ақпарат туралы түсініктер беру және олардың өзара байланысының мәнін түсіндіру.




  • Дәріс жоспары:

  1. әр түрлі мектеп өкілдерінің экономикалық теория пәнін анықтауы.

  2. негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық игілік, ресурстардың шектеулілігі. Экономиканың негізгі үш сұрағы: не, қалай, кім үшін өндіру?

  3. экономикалық процестердің тану әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар.

  4. қоғам өміріндегі өндірістің мәні, өндірістік функция

  5. өндірістің негізгі факторлары: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қызмет.


Дәріс тезистері:

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос– үй шаруашылығы; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шарушашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған. Саяси экономия ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығында пайда болды.

Қазіргі уақытта шетелде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтірген:



  1. Экономикалық теория – бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс - әрекетке байланысты.

  2. Экономикалық теория – адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

  3. Экономикалық теория- адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.

  4. Экономикалық теория- адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып осы жолды қолдану туралы ғылым.

  5. Экономикалық теория- байлық туралы ғылым ретінде.

  6. Экономикалық теория- сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым.

Енді экономикалық теорияның даму кезеңдеріне тоқталып өтейік. «Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте»- саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеген.Олардың ойынша, қоғамның әл- ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері- Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641жж.) болып табылады.

Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің «физис»- табиғат, «кратос»- өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы- Франсуа Кенэ (1694-1774жж.). Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі- ауыл шаруашылығын дағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Cмит (1723-1790жж.) және Давид Рикардо (1772-1823жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі - тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (өнеркәсіп, құрылыс өндірісі) деп айтқан. Осы идеялар «классикалық» деген атқа иеленді, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.



Классикалык саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдін прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның басты табысы- олар еңбек - құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және карыз капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағидаға негізделді.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеіле экономикалық мектеп қалыптасты. Олардын бірі - маржинализм (французша mагgіпаІ- шекті) мектебі. Оның ортаға салған мәселесі- шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды, оның пайдалылығына карай бағасын орнықтырады. Осы мектептің өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты- «неоклассикалық» бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі- А. Маршалл (1842- 1924). Оның басты енбегі «Эко­номика ғылымының қағидалары» 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. Ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған. XX ғ. басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм аркылы эконо­миканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы «Ұлы күйзеліс» кезенінен бастап экономиканы қалпына келтіру максатындағы көптеген бағыттар өзгерттулерін ұсынды. Солардын бірі- кейнстік теория. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі- Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, «тиімді сұраныс» қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.



Экономикалық қажеттіліктер – қоғам өндірісінің ішкі себептерінің бір қалыпты қызмет етуі және дамуы. Олар адамдарды нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін бар ресурстарды тиімді қолдануға жігерлендіреді. Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен- қоғамдық немесе экономикалық, шынайы және жеке қажеттіліктер бөлінеді. Адамның жеке қажеттілігіне жатады: өзінің икемділігіне сай жұмыс табу, өнертапқыштық, спортпен айналысу, білім алу, емделу және т.б.

Абрахам Маслоу арнайы қажеттілік «пирамидасын» ұсынған, онда барлық адамдардың әртүрлі қажеттіліктері мен ой- мақсаттары бейнеленген:



  1. Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, киім, тұрғын жай, ұрпақты өмірге әкелу және т.б.);

  2. Қауіпсіздікке қажеттілік (қылмыскер, сыртқы жаулардан қорғану және ауырғандағы көмек);

  3. Әлеуметтік қажеттіліктер (махаббат, достық, адамдармен араласу);

  4. Қадірлеудегі қажеттілік (өзін-өзі қадірлеу және басқа адамдардың қадірлеуі);

  5. Өзінің мүмкіндіктерін дамытудағы қажеттіліктер.

Экономикалық ресурстар – бұл өндіріс факторлары, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, темір рудасы, болат, машина, станок және т.б. жатады. Ал еңбек ресурстарына- адамның дене еңбегі, кәсіпкерлік қабілеті жатады. Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады.

Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өндірушулер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.



Не өндіру? Тұтынушы кез-келген тауарда таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизмнің іс-әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.

Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндіруші бір ғана арзан әрі сапалы өнімді шығару қажет. Оларға өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеу, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер жатады. Нарық ҒТП-ті енгізіп, тұтынушыға бағасы мен сапасы көңілінен шығатын өнімдерді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.

Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның ара қатынасымен байланыс тырылады. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, олардың табыс деңгейі және т.б. параметрлеріне байланысты сұранымға ие болатын, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларды тұтынушыларға, халыққа өндіру.

Экономикалық теория келесідей қызметтер атқарады: 1)Танымдық – қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеу және түсіндіру.

2)Практикалық – іс жүзінде зерттелген теорияларды қолдану, нақты принциптер мен шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін жасау, мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіру. 3) Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау. 4) Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру. 5) Методологиялық – экономиканың ғылым жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады. Оларға салалық экономика (ауыл шаруашылық экономикасы, өнеркәсіп экономикасы, құрылыс, көлік экономикасы), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, статистика), әртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, тұрғындар экономикасы, табиғатты пайдалану экономикасы), қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жоспарлау, болжау) жатады.

Экономикалық теория ғылыми танып- білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген зерттеудің методологиялық негізі- диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады.осы процестерді қарастыру кезінде танып- білудің көптеген тәсілдерін қолданылады. 1) Ғылыми абстракция – зерттеліп отырған құбылыстардың тұрақты қасиеттерін тауып көрсету. 2) Тарихи және логикалық әдіс- құбылыс пен процестің пайда болуы мен олардың даму жолдарын көрсету. 3) Экстраполяция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізіндегі экономикалық даму болжамы. 4) Индукция (синтез)– көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау. 4) Дедукция (анализ)– жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару. 5) Гипотеза (болжам) – алдын ала тексерілмеген қағида.

Қоғамдағы экономикалық процестерді басқару экономикалық заңдарға тән. Экономикалық заңдар өздігінен іс-әрекет жасамайды. Адамдар өндіре, айырбастап және тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда бола бастайды. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс және т.б.) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Экономикалық заңдар келесідей жіктеледі: 1)Ерекше экономикалық заңдар - бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары. 2) Айрықша экономикалық заңдар- бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы, сұраным мен ұсыным заңы және т.б. 3) Жалпы экономикалық заңдар- бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы, уақытты үнемдеу, халық өсуінің заңы, қажеттіліктің жоғарлау заңы, шекті пайдалылық заңы және т.б. Адамдар экономикалық заңдарды жасауға, ауыстыруға немесе алып тастауға дәрменсіз, бірақ олар бұл заңдарды ашып, қоғам мүддесіне пайдалана алады.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс - тауарлар өндіру және қызметтер көрсету мекемесі болып табылады. Өндіріс- тұтыну процесі, себебі тұтынусыз өндіріс процесі жоқ. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Өндіріс - қарапайым түрде бір затты өндіру, яғни қоғамдық тұтынудың, қандай түрі болмасын, қанағаттандыруға қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді жасау процесі. Осы кезеңде экономикалық ресурстар- жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік кабілет сынды өндіріс факторларының өзара ұштасуы қажет. Ал экономикалык ресурстардың өзі: материалдық және табиғи ресурс - капитал мен жерден, адам ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік қабілеттен тұрады.

Өндіріс факторларының нарығы: енбек нарығы, капитал нарығы, жер нарығы және акпарат нарығы. Адамның көп кырлы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді. Ол үшін табиғат өнімдері қайта өнделеді. Өндіріс процесіне қатысатын және соңғы өнімді (кызметті) жасауға ықпал ететін нәрсе өндіріс факторы немесе экономикалық ресурс деп аталады.



Еңбек заты - адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы өнім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен еңбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді. Еңбек заты мен құрал- саймандар бірігіп өндіріс құрал- жабдығын құрайды. Еңбек заты - бұл табиғи ресурстар. Еңбек құрал - саймандары- бұл әртүрлі механизмдер мен машиналар, қажетті тетіктер және т.б. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал – жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары және материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал- жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.

Еңбек – адамның ақыл- ойы және дене қызметтері. Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Адамның жұмыс күші шығындарынан тәуелсіз еңбек абстрактылы еңбек деп аталады. Оған мысалы, адамның еңбек ету кезіндегі жұмсаған энергиясы, ойлауы жатады. Маржинализм теориясыны бойынша нақты төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Кәсіпкерлік қабілеттілік- арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталықты, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді. Кәсіпкер болу - басқа біреудің істемегенін істеу деген мағынаны білдіреді. Шум Петер кәсіпкерлікті «жаңашылдық» деп түсіндірген. Мемлекетте кәсіпкерлік неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым отандық тауарлар өз тұтынушысын тауып, иесіне мол табыс әкеледі. Еңбек рыногы осы еңбек заттары мен еңбек кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады. Адам еңбегі мақсатты, қоғамды жасаушы болып табылады.



Капитал бұрын өндірілген игіліктер болып келеді. Физиократтар капиталды шикізат пен кұралдар, А.Смит жинақталған еңбек және т.с.с. анықтаган. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес кұрылымдар, машиналар және құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалык емес капитал- адам капиталы, яғни адамның білімі, тәрбиесі, мамандығы, еңбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т.б. Капитал-бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн экелетін авансталган кұн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш. Капитал рыногын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды. Капитал ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген: капитал- бұл өндіріс құрал – жабдығы, капиталды -бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген, капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт, ал уақыт-фактор ретінде табысты жасаушы.

Жер – табиғи фактор. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер жатады. Жерді жалға беру арқылы үстінен түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа және нашар болып бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты. Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады. Қоғамдық өндірістегі табыстардың кұралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін рыноктық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалык және технологиялык жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануга болмайды. Адам қоғамының даму негізін материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын - үй және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатса, онда адам қоғамы жойылып кетеді. Материалдық өндірістер саласына - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жатады, ал материалдық қызмет көрсету саласына көлік байланысы, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету - фабрикалар, киім жуу, тазалау орындары жатады. Қоғамдық өндірістің материалдық саласына- театрлар, мұражайлар және т.б, жатады. Ал материалдық емес қызмет көрсетулерге – денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет, ғылым және т.б. жатады.

Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр:


  • өндірістің тиімділігін арттыру;

  • өндірістің экологиясын сауықтыру;

  • гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау.

Бұл мәселелер XXI ғасырдың негізгі проблемалары болып табылады.

К. Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауының себебі, тауар тым ертеде пайда болды. “Тауар” категориясына дейін тарихта “игілік” ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде “игілік” категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.) “Саяси экономия принциптері” (1890ж.) кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игілік экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді. Экономикалық игіліктер әрқашан шектеулі болады. Алғашқы рет “экономикалық игіліктер” ұғымын ғылымға енгізген итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 жж.) енгізген. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш- қайратын жұмсамай-ақ, қолдануға болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атаймыз.

Маркстік теория бойынша: “тауар” ең алдымен адам іс- әрекетінің өнімі, ол өзінің қасиетімен адамдардың қандайда бір тұтынысын қанағаттандырады. “Өнім тауар болу үшін басқа адамның қолына берілуі қажет және ол айырбастаудың арқасында кейбіреулерге тұтыну құны ретінде қызмет етеді”. Осыдан байқайтынымыз, кез келген еңбектің өнімі тауар бола алмайды, тек айырбастау үшін, сату, сатып алу үшін арналады.

Маркстің ойынша, тауар екі қасиетті иеленеді: біріншіден, қандайда бір адамның сұранымын қанағаттандыруы, екіншіден, зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі. Заттың пайдалылығы, оның адамның сұранымын қанағаттандыру қасиеті- яғни тұтыну құны деп аталады. Кейбір тұтыну құны адам сұранымын тікелей қанағаттандырса (тамақ, киім, тұрғын-үй және т.б.), басқалары – жанама (машина, құрал-сайман, өндірістік ғимараттар және т.б.) қанағаттандырады.

Қызмет көрсету тауар ретінде күшіне енеді, сөйтіп тұтыну құнының ерекше түрі болып табылады. Ол пайдалы қызмет түрінде өмір сүріп, қоғамдық тұтыныстарды қанағаттандырады. Барлық жиынтық қызмет көрсету олардың жұмсалуына байланысты-өндірістік және тұтынушылық қызметтер болып екіге бөлінеді. Өндірістік қызмет көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ол кәсіпорын, ұйым мекемелеріне ұсынылады. Бұған жүк тасу көлігіде, байланысыда, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен жабдықтауға және т.б. қызмет көрсету жатады.

Тұтынушылық қызмет көрсету халықтың тұтыну тауарлары сияқты тұрғындардың қажеттіліктерінің қанағаттандыруға қызмет жасайды. Еңбек шығындарына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету материалдық және материалдық емес деп бөлінеді. Өндірістегі еңбектің тұтынушыларға материалдық игіліктерді немесе тұрғындар қолындағы тауардың құнын және тұтыну құнын қалпына келтірумен байланыстыратын материалдық қызмет көрсетуге жатқызамыз. Осы қызметті көрсетуге жұмсалған еңбек бір жағынан тікелей жаңа құн мен тұтыну құнын (мысалы, үй-жиһаздары, киім және т.б. дайындауға көмек көрсету) жасауға қатысады, немесе тауардың тұтыну (жөндеу жүргізу) құны қасиетін қалпына келтіреді.

Материалдық емес қызметке - заттық, материалдық түрге ие болмаған қызмет көрсету жатады. Бұл мәдени мекемелер, денсаулық сақтау, оқу, демалыс, туризм мекемелерінің қызмет көрсетуі, сондай- ақ балалар мен науқастарға және т.б. қызмет көрсету жатқызылады. Материалдық емес қызмет көрсету қоғамда, материалдықпен салыстырғанда тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруда аса маңызды мәнге ие болады.

Ақылы- тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен байланыс қызметін көрсету, жинақ кассалары, туристік - экскурсиялық қызмет көрсетулер жатады. Әдетте бұларға тұрғындар өздерінің отбасы бюджетінен толық төлеп отырады. Ақы төлемейтін қызмет көрсетулер - жергілікті немесе республикалық бюджет есебінен жүзеге асады. Бұған – денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету жатады. Нарық жағдайында осы қызмет көрсету түрлері ақылы негізде де жүзеге асады.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады.Экологиялық фактор экономикалық өсудің импульсі ретінде жүзеге асады. Алайда оның, мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі. Өндіріс процесінде адамдар бір- бірімен қатынаста болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір – біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өндірістің қызметіне өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жатады. Өндіру - бұл адамның өмір суруі жәие жетілуі үшін қажет материалық және рухни игіліктерді жасау процесі. Бөлу - бұл өнім өндірісіне қатысушы шаруашылық субъектілерінің тиісті үлсстерін анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі.

Айырбас - бұл материалық игіліктердін және кызметтердің бір субъектіден екіншісіне өтудегі қозгалу процесі жәнеде заттардың қоғамдық айырбасын білдіретін өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдық байланысынын нысаны. Тұтыну-бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағатандыру үшін өндіріс нәтижелерін пайдалану процесі. Осы төрт кезең өзара байланыста болады және өзара әрекеттеседі. Өнімдердің айналымы процесіндегі қоғамдық өндірістің осы төрт кезеңде атқаратын рөлі маңызды әрі әрқилы болып келеді.


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

  2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

  5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

  1. Крымова В.Ж. Экономикалық теория . Алматы,2002. – 118 бет.

  2. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

  3. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

  4. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

  5. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.- М-2004.-С.832.

  6. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований: Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.


Қосымша:

  1. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории (в Ж. «Эконом. Науки»).

  2. Войтов А.Г. Экономика. Жалпы курс. М.,1995

  3. Казаков А.П., Минаева Н.В. Экономика, курс лекций. М., 1998

  4. Мамедов О.Ю. Основы экономической теории.

  5. Моканелл К., Брю С. Экономикс М., ТТ 1.2. 2000.

  6. Куликов Л.М. Экономикалық білім негіздері. М. «Қаржы және статистика».

  7. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. М.,1999.

  8. Казаков А.П., Минаева Н.В. «Экономика». Дәрістер курсы. Жаттығулар. Тесттер. М., ЦИПКК баспасы. 1998.

  9. Экономикалық теория курсы. Проф.Чепурина М.Н.,проф. Киселева Е.А. редакциясымен М., «АСА» Баспасы, «Экономика» бөлімі.2000,2001



    • Бақылау сұрақтары ( кері байланысы):

«Экономикалық теория» ұғымына анықтамалар беріңіз.

«Саяси экономия» ұғымын алғаш ғылымға кім енгізді?

Экономика қандай даму кезеңдерден өтті?

Экономикалық категория дегеніміз не?

Экономиканың қандай тану әдістері бар?

Экономикалық заңдар дегеніміз не, оның түрлері?

Экономика қандай қызмет атқарады?

Экономиканың негізгі үш мәселесі қандай?

Негізгі экономикалық түсініктерге не жатады?

Өндіріс дегеніміз не, оның атқаратын қызметі қандай?

Игілік дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

Тауар дегеніміз не және оның қандай қасиеттері болу қажет?

Қызмет дегеніміз не оның түрлері?

Өндірістің негізгі факторларына не жатады?

Капитал дегеніміз не, оның қандай анықтамалары бар?



Жер, еңбек, кәсіпкерлік дегеніміз не?

К. Маркс бойынша өндірістің қандай факторлары бар?



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет