Кеден одағы жағдайында қазақстанның туризмін дамыту бағыттары



Дата03.05.2016
өлшемі98.17 Kb.
КЕДЕН ОДАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ

Жолманова Н.Ж.

магистр экономики и бизнеса

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Астана, Қазақстан

nazik.zholmanova@mail.ru
Батыс Еуропадан бастау алған экономикалық интеграция дамушы мемлекеттерде де кеңінен таралуда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Одақ және т.б. сияқты аймақтық және интеграциялық блоктарды мысалға алуға болады. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық аясында Кеден одағы мен Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің қалыптасуы экономиканың жеке секторлары үшін де, жалпы экономика үшін де біздің мемлекетіміздің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы интеграциясы халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ұлттық экономика секторларының дамуын қажет етеді. Осындай басым бағыттардың бірі ретінде республикамыздағы қалыптасу жолына түскен туризм индустриясы алуға болады.

Қазақстан бір-бірімен өзара байланысты екі үдерісті: туризм саласын дамыту мен аймақтық интеграциялық үдерістерді жақсартуға мүдделі. Туристік және интеграциялық қызметтің барынша тиімділігіне қол жеткізу үшін олар толығымен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет.

Қазіргі таңда кедендік келісімдегі қатысушы мемлекеттер еліміздегі туристік саланың дамуына қызығушылық танытып отыр, дегенмен одақ деңгейінде бұл мәселе әлі қарастырылмады. Табыстың қайта бағдарлануынан мемлекеттердің шығындарын ескере отырып, үшжақты одақ аясында табысты арттырудың басқа да нұсқаларын ойластырған жөн. Интеграцияланған топтарда туризмнің қаншалықты пайдалы және табысты болатынын әлемдік тәжірибе, оның ішінде ЕО және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясының (АСЕАН) тәжірибесі дәлелдеуде. Одақ деңгейінде туристік қызметтің дамуы үш мемлекет арасындағы байланыстың логикалық жалғасы ретінде көрінеді.



Кеден Одағының қалыптасуына орай, оған енетін көптеген мемлекеттерінің туристік импорттың үлесі оң нәтижеге ие болып, жоғары икемділік коэффицентімен сипатталады және Кедендік одақ барлық посткеңестік мемлекет тұрғындарының 60% біріктіре отырып, өткізу нарығының дамуна үлкен мүмкіндіктер ашады.

Сарапшылар Кеден одағын құрудың жалпы нәтижесінде 400 млрд. АҚШ доллары көлемінде тиімділікке қол жеткізеді деп бағалауда. Үш мемлекеттің жиынтық өнеркәсіп әлеуеті 600 млрд. доллар болса, соның ішінде мұнай қоры 90 млрд. баррель, ауылшаруашылық өндірісінің көлемі – 112 млрд. долларды құрайды. Кеден одағы аумағында барлық посткеңестік кеңістіктің жалпы ішкі өнімінің 85% астамы өндіріледі. Бүгінгі таңда үш мемлекеттің ЖІӨ-нің көлемі 2 трлн. доллардан астам, ал оның өсімі 2015 жылы 15-18%-ға жетеді деп болжануда.

Қазақстандық сарапшылардың мәліметі бойынша Қазақстанның Кеден одағы мемлекеттерімен жасаған сауда айналымы 2013 жылы 28,1%-ға өсіп, жалпы сауда айналымының 18,4% пайызын құрады [1] .

Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы елімізде қызмет көрсетілген келушілер саны 188,569 мыңға жетіп, (2009 жылы- 132 243 мың адам) Кеден одағы құрылған жылдармен салыстырғанда 31 %-ға өсті, негізгі өсім Белоруссия мен Ресей туристері шекарадан еркін өтуі мен валюта және жүк тасымалын шектеусіз өткізе алуынан деп айтуға болады. Мысалы, Белоруссиядан келген турист Қазақстанға келіп, өзінің достары мен туыстарына қалағанынша кәдесыйлар алып кете алады. Мұның Қазақстан экономикасы үшін жағымды жағы, турист кәдесыйларды сатып ала отырып, мемлекетіміздің бюджетіне табыс әкеледі.

Бірыңғай Кеден одағын құрудың оң жақтары әсіресе Ресеймен шекараласатын, сауда қарым-қатынасының өте ыңғайлы аймағы Батыс Қазақстан облысының мысалында қарастыруға болады, аймақ тұрғындары, әсіресе, кәсіпкерлер Кеден одағының әсерін бірден байқалады. Шекарашылар «Сырым» кеден бекетін күніне орташа есеппен 500-ге жуық машина мен үш мыңға жуық адам кесіп өтетіп, ағымның жоғарылағанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің мәліметтері бойынша 2010-2012 жж. туристік сфераның табысының ұлғайғанын көрсетіп отыр (кесте 1) [2].


Кесте 1 – Туристік фирмалармен орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі, мың.теңге


Жылдар 

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Қазақстан Республикасы

17 512 325,4

14 832 562,6

15 347 599,6

17 999 760,9

Ақмола

43 840,8

44 868,6

128 431,5

140 634,3

Ақтөбе

24 710,4

64 640,5

92 196,0

50 439,3

Алматы

451 115,8

148 363,5

204 429,6

184 877,8

Атырау

75 257,1

35 128,5

43 118,8

32 292,5

Батыс Қазақстан

53 730,5

15 198,8

26 853,8

29 153,9

Жамбыл

7 795,6

5 869,0

12 868,2

21 114,0

Қарағанды

148 867,4

269 564,1

604 781,9

1 324 783,2

Қостанай

215 653,6

172 034,4

59 602,0

119 195,3

Кызылорда

21 932,6

73 704,8

103 930,8

86 263,9

Маңғыстау

201 335,7

309 294,0

104 032,0

262 042,0

Оңтүстік Қазақстан

18 079,8

38 061,1

98 182,6

122 873,2

Павлодар

102 624,1

117 401,2

187 175,9

222 016,0

Солтүстік Қазақстан

41 836,5

49 059,4

59 548,1

82 264,5

Шығыс Қазақстан

158 815,4

114 245,0

213 714,1

219 416,6

Астана қаласы

861 816,6

927 578,7

591 358,1

619 911,7

Алматы қаласы

15 084 913,5

12 447 551,0

12 817 376,2

14 482 482,7

Аймақтық бағдар индексінің өзгеруі маңызды, яғни Кеден Одағы мемлекеттерінің экспорттық бағдарының өсуі салдарынан салыстырмалы басымдықтар жақсарды, бірақ экспорт көлемі аз, жиынтық тауар мен қызметтің бар болғаны 1,9% құрады. Бұл үдерісті толығырақ түсіну үшін Кеден одағы аясында Қазақстан туризмінің дамуының SWOT-талдауы жүргізілді (Кесте 2) [3].

Кесте 2. Кеден одағы аясында Қазақстан туризмінің дамуының SWOT-талдауы


Күшті жақтар

Әлсіз жақтар

1. Тығыз экономикалық қарым-қатынастар

(жалпы туристік импорт пен экспорттың жылдам өсу қарқыны).


2. Кеден одағы аясында қол жетімді өткізу нарығын кеңейту (16 миллионнан 180 миллион адамға дейін).
3. Біріккен туризм нарығында бағалық және сапалық бәсекелестіктің күшеюі.
4. Туризмнің дамуына табиғи және әлеуметтк-экономикалық алғышарттың болуы.
5. Туристік ағымды кеңейту әсерінің болуы.

1. Туристік қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы.
2. Туристік экспорт көлемінің аздығы.
3. Туристік импорттың ауытқу әсерінің болуы.

4. Бағаларды үйлестіру нәтижесінде инфрақұрылымға ілеспе тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі.


5. Қатысушы мемлекеттердің туристік қарым-қатынасын реттейтін арнайы шаралардың болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Туристік экспорт көлемінің ұлғаюы мен өсу қарқынының жоғарылауы.

2. Нарықтың молаюы жағдайында туристік тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту мен бағасын төмендету.

3. Туристік ағым кеңеюін әсерінің жоғарылауы.

4. Одақты кеңейту жағдайында инфрақұрылым мен экспортты дамыту.

5. Туризмнің дамуы үшін интеграцияланған жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру.


1. Ауытқу әсерінің жоғарылауы.

2. Туризмнің дайындалмаған инфрақұрылым жағдайында мемлекеттің жағымсыз имиджінің қалыптасуы ( инфрақұрылымның дамымауы, кадрлардың жетіспеуі және т.б.).

3. Экспорттың қайтабағдарлануынан әлемдік туристік нарықтағы бұрынғы орнын жоғалту.

4. Туризмді дамыту мен мемлекеттік қолдауды ресми бағытын сақтау.



     

Қазақстан жыл сайын туризм саласын дамытуға қызығушылық танытып, ірі көлемде қаржы бөлінуде, бірақ күтілген нәтиже ақталмай отыр. Елімізде валюта ағымын басқа мемлекеттерге жіберетін кіру туризміне қарағанда шығу туризмінің көлемі жыл сайын артып жатқаны байқалуда. Бұл бір жағынан халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылағанын көрсетсе, екінші жағынан қазақстандықттардың жергілікті туристік өнімді пайдалануға құлықсыздығын көрсетеді. Мұның бірден-бір себебі, туристік қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ете алмайтын инфрақұрылымның төмендігі болып табылады, негізінен, бұл туризмді басқарудың ұлттық органы мен мемлекеттік реттеудің болмауы мәселелері деп айтуға болады. Егер кедендік блок мемлекеттері бірігіп туризмді ұйымдастыру мен дамыту қадамдарын жасай бастаса, туризм бойынша ұлттық органның қажеттілігі одан сайын артады, яғни біріккен туристік қызметке дайындық іс-шараларын жүргізу қажеттігін айтуға болады. Ұлттық органның болмауынан басқа маңызды мәселелерге көліктік, орналастыру мен тамақтандыру инфрақұрылымдарының мәселелеріне, кадрларды даярлау және туризмді ғылыми қамтамасыз ету мәселелеріне қажетті мөлшерде көңіл бөлінбей отыр.

Аймақтан тыс, экономикалық одақтардан тыс туристік қызметті жүзеге асыруда әр түрлі мемлекеттердің басқару органдары арасында көптеген сәйкессіздіктер байқалуда. Кеден одағы біррікен туристік қызметтің интеграцияланған үдерісі үшін қолайлы уақыт екендігін атап өту қажет. Интеграцияның нақты осы кезеңінде қатысушы-мемлекеттер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін ұлттықтан жоғары орган пайда болады, ол өз кезегінде одақ деңгейінде туристік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қазіргі кезде Кеден одағында мұндай орган жоқ және бұл ең маңызды мәселе болып отыр.

Тиімділігі төмен мемлекеттік саясат нәтижесінде туристік дестинацияның тартымдылығын жоюға, сонымен қатар, жағымсыз имидждің қалыптасуына әсер ететін біршама факторлар пайда болуы мүмкін, туризмді басқарудың тиімсіздігі, басқару құрылымы мен заңның тұрақсыздығы, бюрократизациялау сияқты себептер туындауы мүмкін. Кеден одағы деңгейінде туристік қызметті реттеудің ұлттықтан жоғары тетіктерін құру туризмді ұйымдастырумен байланысты қауіпртерді төмендетуге көмектеседі. Осылайша, талдау нәтижесі туризмнің дамуына кедергі келтіретін әлсіз жақтарды ескермеу Казақстанның дамуына, жалпы Кеден одағының дамуындағы қауіптерді одан әрі жүзеге асыруға кедергі келтіреді, яғни ол туризмді дамытудың күшті жақтарын қолдану оның аса жоғары туристік аймаққа айналуымна мүмкіндік беретінін сөзсіз.

Одақ деңгейінде туризмді бірігіп ұйымдастыру әлемдік туристік нарыққа жол ашады, ол, бастапқы кезеңдегі ауытқу әсері интеграцияның кейінгі кезеңдеріндегі кеңейту әсерін алмастырады.

Сонымен, Қазақстан ТМД және Кеден одағы мемлекеттерімен бірге туризмнің дамыту үшін жақсы алғышарттарға ие. Туризм индустриясының дамуына, олардың экспортының көлемінің өсуіне ең алдымен, әлемдік нарықтағы бірыңғай туристік кеңістік ретінде қатысушы мемлекеттерді алға бастау бойынша біріккен компанияны жүргізу есебінен туризм үшін жағымды аймақ имиджін біртіндеп қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Кеден одағы туристік инфрақұрылымды дамыту мен моденизациялау жағдайларын қамтамасыз етуде, мемлекеттегі келу туризмінің артуына, яғни, шетелдік туристердің келуімен байланысты визалық және басқа да рәсімдеулерді жеңілдетуде шешуші рөл атқарады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы. Егемен Қазақстан. – 2014. – 18 қаңтар.

  2. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты. Электронды ресурс]. - Кіру тәртібі: http://stat.gov.kz

  3. Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайты.[Электронды ресурс]. - Кіру тәртібі: www.eurasiancommission.org



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет