Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және оны дамыту туралы келісімі



жүктеу 71.94 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі71.94 Kb.
: images
images -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 қыркүйектегi № 871 қаулысымен мақұлданған
жоба
Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған
ақпараттық жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және оны дамыту туралы

КЕЛІСІМІ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiндегi Кеден одағына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,

2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негiзге ала отырып,

Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзу субъектiлерiне қолайлы жағдай жасау, Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағындағы сыртқы және өзара сауданы тиiмдi реттеудi қамтамасыз ету, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендiк, салық, көлiк және мемлекеттiк бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асыру, экономикалық ықпалдасу үдерiстерiн қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесiнiң (Кеден одағы жоғарғы органының) және Кеден одағы комиссиясының тиiмдi жұмысын ұйымдастыру мақсатында,

осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Кеден одағын қалыптастыру және оның жұмыс iстеуi кезiнде ақпараттық технологияларды кеңiнен қолдану маңызды болатынын сезіне отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:


1-бап

Тараптар Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi - Жүйе) құрады және оның жұмыс iстеуiн, сондай-ақ оны дамытуды қамтамасыз етедi.


2-бап

Осы Келiсiм Жүйенi құрудың, жұмыс iстеуiнiң және оны дамытудың негiздерiн, Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия), Комиссия Хатшылығының (бұдан әрi - Хатшылық) өкiлеттiктерiн және Жүйенi құрудағы Тараптарды, қаржыландыру көздерi мен тәртiбiн, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) орындаушыларды (жеткiзушiлердi) таңдау тәртiбiн белгілейді.


3-бап

Осы Келiсiмде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:

«сыртқы және өзара сауда туралы дерекқор» - ақпарат электрондық есептеу машинасының (дерекқор) көмегiмен табылатындай және өңделетiндей етiп белгiлi бiр ережелер бойынша ұйымдастырылған және жүйелендiрiлген, құрылымдалған және өзара байланысты ақпараттың жиынтығы;

«ақпаратты қорғау» - ақпараттың тұтастығын (өзгертiлмеуiн), құпиялылығын, қолжетiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың кешенi;

«ақпарат» - оларды беру нысанына қарамастан, мәлiметтер (хабарламалар, деректер);

«ақпараттық жүйе» - дерекқорда қамтылған ақпараттың және оны өңдеудi қамтамасыз ететiн ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;

«ақпараттық технологиялар» - ақпаратты iздеу, жинақтау, сақтау, өңдеу, беру, тарату процестерi, әдiстерi және осындай процестер мен әдiстердi жүзеге асыру тәсiлдерi;

«ақпараттық ресурс» - ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттандырылған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы;

«ықпалдастырылған сегмент» - сыртқы және өзара сауданы, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарын реттейтiн Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк органдарының ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйе.
4-бап

Жүйе Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара саудасын реттейтiн мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiнген мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк ықпалдастырылған сегменттерiмен және Комиссияның ықпалдастырылған сегментiмен бiрiктiрiлетiн Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарының ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.


5-бап

Комиссияның ықпалдастырылған сегментi, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстары ретiнде Жүйенiң осындай құрам бөліктеріне қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын Комиссия жүзеге асырады және мiндеттерге ие болады.


6-бап

Хатшылық Комиссия бекiтетiн құжаттарға сәйкес Жүйенi құруды, жұмыс iстеуi мен оны дамытуды қамтамасыз етудi үйлестiредi.

Хатшылық мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тапсырыстарын (сатып алуды) жүзеге асыру мәселелерiн реттейтiн Хатшылықтың болу мемлекетінiң заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйенiң құрам бөліктерін құру кезiнде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тапсырыс берушiнiң құқықтарын жүзеге асырады және мiндеттерге ие болады.
7-бап

Жүйенiң ықпалдастырылған сегменттерiн құру, дамыту және жұмыс iстеу кезiндегi қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешiмдердi бiрiздендiрудi қамтамасыз ету, ақпараттың тиiсінше қорғалу деңгейiн қолдау үшiн Хатшылық Комиссия бекiтетiн техникалық және ұйымдастырушылық құжаттардың жобаларын әзiрлеудi үйлестiредi.


8-бап

Тараптардың әрқайсысы өзiнiң мемлекеттiк ықпалдастырылған сегментiн құру, жұмыс iстеуі мен оны дамытуды қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және мiндеттерге ие болатын операторын белгілейді.


9-бап

Хатшылық осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген құжаттарға сәйкес осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйенiң жұмыстарын жоспарлауды, әзiрлеудi, енгiзудi, нәтижелерiн қабылдауды және құрам бөліктерін одан әрi сүйемелдеудi, ал көрсетiлген құжаттармен реттелмеген мәселелер бойынша Хатшылық келген мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.

Жүйенi әзiрлеуге арналған техникалық тапсырма Тараптармен келiсiледi.
10-бап

Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйенiң құрам бөліктеріне қатысты тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тапсырыстарын жүзеге асыру және мүлiктiк құқықтарды сатып алу кезiнде берiлген конкурстық ұсыныстарды бағалауды, сондай-ақ осы құрам бөліктерін жобалау және әзiрлеу жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерiн қабылдауды, құрамы Хатшылықтың ұсынысы бойынша Комиссияның шешiмiмен бекiтiлетiн жұмыс органдары жүзеге асырады.


11-бап

Жүйенi құру және дамыту жөнiндегi жұмыстар Хатшылық әзiрлейтiн және Комиссияның шешiмiмен бекiтiлетiн жыл сайынғы жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылады.


12-бап

Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйенiң құрам бөліктерін құру, дамыту және жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Комиссия бекiткен Жүйенi құруға, дамытуға және оның жұмыс iстеуiне арналған шығыстардың сметасына сәйкес Комиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

Тараптардың келiсiмi бойынша осы жұмыстардың бiр бөлiгiн қаржыландыру Тараптар мемлекеттерiнiң бюджеттерi қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара саудасын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк ықпалдастырылған сегменттерiн реттейтiн мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн құру, дамыту және оның жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Тараптар мемлекеттерiнiң бюджеттерi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
13-бап

Тараптар осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйенi құрайтын бөліктерді пайдалануға тең құқықтарға ие.



14-бап

Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделеді.


15-бап

Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.

Егер даудың бiр тарапы даудың екiншi тарапына оларды жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күннен бастап алты ай iшiнде дау тараптары дауды консультациялар және келiссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешуге қатысты басқа уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгенi бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн жiбере алады.

Кеден одағының комиссиясы Тараптарға дауларды реттеуде оны Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн тапсырғанға дейiн жәрдем көрсетедi.


16-бап

Осы Келiсiм ратификациялауға жатады және қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады.

Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап күшiне енедi.

Мәскеу қаласында 2010 жылғы «21» қыркүйекте орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.



Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Келiсiмнiң депозитарийi бола отырып, оның расталған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн Комиссияда сақталады.

Беларусь Қазақстан Ресей

Республикасының Республикасының Федерациясының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет