«kegoc» АҚ-ның Корпоратитік басқару кодексі мазмұны



жүктеу 164.59 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі164.59 Kb.
: up files
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Календарь знаменательных
up files -> Краткий бизнес-план: пассажирские перевозки
up files -> Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2
up files -> Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б
up files -> Модемдеріне арналған Интернет желісіне қосылуды ретке келтіру


«Самұрық» Холдинг» АҚ-ның

«___»________________200_ж. №_____ бұйрығымен

бекітілді

«KEGOC» АҚ-ның Корпоратитік басқару

КОДЕКСІ



Мазмұны

Бет
Кіріспе.. ………………………………………………………………………...3
1-тарау. Корпоративного басқару қағидалары ……………………….......4
2-тарау. Акционермен өзара қарым-қатынастар………………………………...........................................................9
3-тарау. Директорлар кеңесі……………………………………………………………………………9
4-тарау. Атқарушы орган ……………………………………….................10
5-тарау. Елеулі корпоративтік оқиғалар…………………………………11
6-тарау. Ақпараттың ашылуы……………………………… …………….12
7-тарау. Қаржылық-шаруашылық қызметке бақылау жасау …………. 12
8-тарау. Кадр саясаты …………………………………..………… 13
9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау …………………………………... 14


КІРІСПе

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (одан әрі – «KEGOC» АҚ, Компания) "Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі №1188 қаулысына сәйкес Ұлттық энергетикалық жүйенің мүліктік кешені негізінде құрылды. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "KEGOC" АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады.

««Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіндегі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі №142 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» Қазақстан холдингі» АҚ Компанияның бірден-бір акционері болып табылады.

Бірден-бір акционердің мүдделерін қорғау, энергетикалық тораптарды басқару тиімділігін арттыру қажеттігін сезіне отырып, «KEGOC» АҚ өз қызметінде осы құжатта мазмұндалғандай, халықаралық қабылданған стандарттарға жауап беретін, заңнама талаптарын сақтауға және іскерлік тәртіптің этикалық нормаларын қолдануға негізделген корпоративтік басқару қағидаларын ұстануды өзінің міндеттемесі ретінде қабылдайды.

Осы Корпоративтік басқару Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) – Компанияны басқару үдерісінде туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін құжат.

Кодекс Корпоративтік басқару саласындағы орын тепкен халықаралық тәжірибені және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы бағалы қағаздар нарығы мәселері жөніндегі Сараптама кеңесінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен (№16 хаттама) бекітілген қазақстандық акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаларын қолдану жөніндегі Ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы әзірлеген және Эмитенттердің 2005 жылғы 21 ақпандағы кеңесімен мақұлданған үлгілі Кодекс негізінде жасалды.

Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама ережелеріне, Компанияның Жарғысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан корпоративтік тәртіптің іс-тәжірибесін, этикалық нормаларды, компаниялардың ағымдық даму кезеңінде капиталдар нарығындағы қызмет шарттарын ескере отырып әзірленді.

Осы Кодексте қабылданған ережелер мен ұсынымдарға ден қоя отырып, Компания бұл Кодексте мазмұндалған Корпоративтік басқару қағидаларын бейімдеуге және қолдануға бағытталған қосымша ішкі нормативтік құжаттар мен ережелерді әзірлей және қабылдай алады.



1-тарау. КорпоративТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Корпоративтік басқару әділдік, адалдық, жауапкершілік, мөлдірлік және құзыреттілік негіздеріне құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Компания қызметіне барлық мүдделілердің құқықтары мен мүдделерін сыйлауды жорамалдайды және Компанияның табысты қызметіне, соның ішінде оның нарықтық құны мен қаржылық тұрақтылығын және пайдалылығын өсіруге ықпал етеді.

Осы тарауда мазмұндалған корпоративтік басқару қағидалары Компанияны басқарумен байланысты туындаған қарым-қатынастарда сенімділік құруға бағытталған және Кодекстің бұдан әргі тарауларында мазмұндалған барлық ережелер мен ұсынымдарға негіз болып табылады.

Мүдделі тұлғалардың, сондай-ақ қызметкерлердің Директорлар кеңесіне заңсыз және әдепсіз іс-қимылдар туралы еркін хабарлау құқығы болуы тиіс және олардың құқықтары шектелмеуі тиіс.

Осы Кодекстің негізін құрайтын қағидалар:

- бірден-бір акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Компанияны Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімді басқаруы;

- Компания қызметі туралы ақпараттың мөлдірлігі мен ашылу шынайылығы;

- заңдылық және этика;

- тиімді дивидендтік саясат;

- тиімді кадр саясаты;

- қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау;

- корпоративтік жанжалдарды реттеу саясаты.

Корпоративтік басқару құрылымы заңнамаға сәйкес болуы және Компаниядағы әралуан органдардың арасындағы міндеттер бөлісуді айқын белгілеуі тиіс.

Корпоративтік басқару қағидаларына зейін қою Компания қызметіне шынайы талдау жүргізу және талдаушылардан, қаржылық кеңесшілерден, рейтингтік агенттіктерден тиісті ұсынымдарды алу үшін тиімді келісім құруға ықпал етуі тиіс.


1. БІРДЕН-БІР АКЦИОНЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҚАҒИДАСЫ

Компания бірден-бір акционердің мынадай негізгі құқытарын іске асыруды қамтамасыз етеді:

1) Компанияның Жарғысы белгілеген мерзімдерде оның қызметі және уәжді жауаптар алу туралы жазбаша сұрау салулармен Компанияға өтініш беру құқығы;

2) бірден-бір акционердің құзыретіне жатқызылатын шешімдер қабылдау құқығы;

3) директорлар кеңесінің сандық құрамын, уәкілеттіктер мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесіне сыйақылардың мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау құқығы;

4) дивиденділер (үлеспайдалар) алу құқығы.

Компания өзінің бірден-бір акционерінің назарына Компанияның жарғысында қарастырылған тәртіпте Компаниядағы бірден-бір акционердің мүдделерін қозғайтын Компания қызметі туралы ақпарат жеткізеді.

Компания бірден-бір акционерді оның қаржылық-шаруашылық қызметі және нәтижелері туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Атқарушы орган Компания қызметіндегі жоспарлы өзгерісті негіздеуге және бірден-бір акционердің құқықтарын сақтау мен қорғаудың нақты келешектерін көрсетуге міндетті.

Компания бірден-бір акционерге әділетті қатынасты қамтамасыз етеді.
2. КОМПАНИЯНЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ ТИІМДІ БАСҚАРУ ҚАҒИДАСЫ
Директорлар кеңесінің қызметі бірден-бір акционердің мүдделерін барынша сақтау қағидасының негізіне құрылады және Компанияның нарықтық құнын арттыруға бағытталған.

Директорлар кеңесі бірден-бір акционерге ағымдағы бизнес жай-күйіне шынайы мониторинг арқылы Компанияның қол жеткізген нәтижелері мен келешектеріне байыпты да айқын бағалау береді және бірден-бір акционердің инвестицияларын және Компанияның активтерін сақтау мақсатында сенімді ішкі бақылау мен тәуелсіз аудит жүйесін қолдауды әрі атқарымдауды қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, корпоративтік жанжалдарды бақылайды және реттейді.

Директорлар кеңесі өз қызметінде бірден-бір акционер алдындағы толық мөлдірлікті қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің құрамына міндетті түрде тәуелсіз директорлар қатысады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау және әділ сыйақылау жүйесі олардың Компания мен бірден-бір акционер мүдделеріндегі жұмысын ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Директорлар кеңесі атқарушы органның қызметіне бағалау тетігін әзірлейді, сондай-ақ атқарушы органның қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Лауазымға кіріскен кезде Директорлар кеңесінің мүшесі Компанияның алдында өз қызметі қатысында өзіне міндеттемелерді қабылдайды.

Атқарушы орган – Басқарма қоғамның күнделікті жұмысын және бизнес-жоспарға сәйкестігін жүзеге асырады.

Атқарушы орган Компанияның қызметіне ақпараттық жариялау жөніндегі жауапкершілікке ие болады әрі ақпаратты сыныптауды негіздеуге және қызметтік, коммерциялық пен өзге де заңмен сақталатын құпиясын құрайтын ақпаратты қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Атқарушы органның қызметі бірден-бір акционердің мүдделерін барынша сақтау қағидасының негізіне құрылады және Компанияның бірден-бір акционері мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне толығымен есеп береді.
3. КОМПАНИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ МӨЛДІРЛІГІ МЕН АШЫЛУ ШЫНАЙЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАСЫ
Компанияның қызметі туралы ақпараттың ашылуы инвесторлардың Компанияның қаржылық қызметіне қатысуы туралы оң шешіміне ықпал етуі тиіс.

Бірден-бір акционердің талабы бойынша Компания оған акционерлік қоғамдар туралы Заңмен қарастырылған құжаттардың көшірмелерін тапсыруы тиіс, осы ретте қызметтік, коммерциялық пен өзге де заңмен сақталатын құпиясын құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге рұхсат етіледі.

Компания бірден-бір акционер мен инвесторлардың мүлікті және өзге де құқықтарына әсер ете алатын өз қызметінің негізгі нәтижелері, жоспарлары мен келешектері туралы ақпаратты дер кезінде ашады, сондай-ақ уақытысында және толық көлемде бірден-бір акционердің сұрау салуларына жауап береді.

Қаржылық есептемені жасау мен аудитті жүргізу рәсімдері және ережелері Компания қызметіне бірден-бір акционер мен инвесторлар тарапынан сенімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудитті есепке алу және жүргізу мынадай қағиадаларға құрылады:

-толымдылық және анықтық;

- оң пікірлік және тәуелсіздік;

-кәсібилік және құзыреттілік;

-ұдайылық және тиімділік.

Компанияның атқарушы органы ұсынылатын қаржылық ақпараттың толымдылығы мен шынайылығы үшін жауапкершілікке ие болады.

Директорлар кеңесі Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүйесін іске асыратын органдар мен тұлғалардың жауапкершілік және құзыреттілік деңгейін айқындайды.


  1. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКА ҚАҒИДАСЫ

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік этиканың ортақ қабылданған қағидаларына (әдеттеріне) және ішкі құжаттарға қатаң сәйкес қимыл жасайды. Компанияның ішкі құжаттары заңнама талаптарының, бизнес-тәжірибе мен корпоративтік және іскерлік этика нормаларының негізінде әзірленеді.

Бірден-бір акционердің, Директорлар кеңесі мүшелері мен Компания атқарушы органының арасындағы қарым-қатынастар өзара сенім, сыйластық, есеп беру және бақылау негізінде құрылады.


  1. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ ҚАҒИДАСЫ

Компанияның дивидендтік саясаты қолданыстаға заңнамаға, Жарғыға және бірден-бір акционердің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.




  1. ТИІМДІ КАДР САЯСАТЫ ҚАҒИДАСЫ

Компанияның кадр саясаты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында қарастырылғандай, Компания еңбеккерлерінің құқықтарын сақтауға негізделеді және Компания мен оның еңбеккерлері арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.




  1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАСЫ

Компания өз қызметінің үдерісінде қоршаған ортаға ұқыпты да ұтымды қатынасты қамтамасыз етеді, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы қатаң сақтайды.




  1. КОРПОРАТИВТІК ЖАНЖАЛДАРДЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ

Компания корпоративтік жанжалдарды реттеу тетіктерін әзірлейді және ден қояды, бұл ретте олардың шешімі заңды да негізді болып табылып, Компания мен бірден-бір акционердің мүдделеріне барынша жауап береді.

Директорлар кеңесі мен Компания атқарушы органының мүшелері Компанияның еңбеккерлері секілді өз кәсіби міндеттерін жанжалдың туындауын болдырмай Компания және бірден-бір акционердің мүдделерінде лайықты қамқорлық пен назар аудара адал да саналы атқарады. Олар өз қызметінің тек заңнама талаптарына және осы Кодекстің қағидаларына ғана емес, этикалық стандарттар мен жалпы қабылданған іскерлік этика нормаларына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Корпоративтік жанжалдар туындаған жағдайда қатысушылар оларды шешу жолдарын бірден-бір акционердің құқыларын да, Компанияның іскерлік беделін де тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер арқылы іздестіреді.

Атқарушы органның басшысы қызметкерлер мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Компанияның кәсіподақ комитетімен бірлесе солар хақында шешімдер қабылдау Компаниядағы өзге органдардың құзыретіне жатқызылмаған барлық мәселелер жөнінде корпоративтік жанжалдарды реттеуді жүзеге асыруы тиіс.

Корпоративтік жанжалдарды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде олар заңнамаға қатаң сәйкес шешілуі тиіс.

Компанияның Директорлар кеңесі оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша корпоративтік жанжалдарды реттеуді жүзеге асырады. Осы мақсатта Директорлар кеңесі өз мүшелерінің арасынан корпоративтік жанжалдарды реттеу жөніндегі арнаулы комитет құра алады.

Директорлар кеңесінің не корпоративтік жанжалдарды реттеу жөніндегі құрылған комитеттің қарауына компаниядағы атқарушы органның құзыретіне жатқызылатын жекелеген корпоративтік жанжалдарды тапсырылуы тиіс (мысалы, егер де осы органның харекеті (харекетсіздігі) не солар қабылдаған актілер жанжалдар тақырыбы болып табылған жағдайда).

Корпоративтік жанжалдарды реттеу жөніндегі комитеттің жұмыс тәртібін Директорлар кеңесі айқындайды.

2-тарау. АКЦИОНЕРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
Компанияның корпоративтік басқару іс-тәжірибесі бірден-бір акционердің қоғамда қатысуға байланысты өз құқықтарын жүзеге асыру үшін шынайы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бірден-бір акционердің құқықтарын іске асыру былайша қамтамасыз етіледі:

- бірден-бір акционердің ең маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдау арқылы Компанияны басқаруға қатысуымен;

- «KEGOC» АҚ-ның қолданыстағы заңнаманы, Жарғы ережелерін, бірден-бір акционердің шешімдерін қатаң сақтауымен;

- бірден-бір акционердің қарауына шығарылатын мәселелер бойынша толық ақпарат беруімен.
3-тарау. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Директорлар кеңесінің негізгі міндеттері:

- бірден-бір акционердің мүдделерін іске асыруды және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

- Компания дамуының басыңқы бағыттарын анықтау және ұзақ мерзімдік перспективаға Компания қызметінің негізгі бағдарын белгілеу;

- нарық жағдайларын, Компанияның қаржылық жай-күйін және Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер ететін басқа да факторларды есепке ала отырып, бекітілген басым бағыттармен жүрудің объективті бағалауын жүргізу.

Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, белсенділік, риясыздық, адалдық, жауапкершілік пен ұқыптылық қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесінің мәжілісі ұтымдылық, тиімділік пен жүйелілік қағидасына қарап өткізіледі.

Директорлар кеңесінің мәжілісін жүздестіру және сырттай нысандарында өткізу қарастырылады.

Ерекше жағдайларда Директорлар кеңесі мәжілісінің екі нысаны да ұштастырылуы мүмкін. Бұл Директорлар кеңесінің бір мүшесі немесе бірнеше мүшелері Директорлар кеңесінің мәжілісіне жекелей қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайларға (30 % астам емес) қатысты. Бұл жағдайда Директорлар кеңесінің қатыспаған мүшесі техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып, қарастырылатын мәселелерді талқылауға қатыса алады және өз пікірін жазбаша нысанда беруі тиіс.

Директорлар кеңесінің мүшелері Компанияның жай-күйіне мониторинг жүргізуге әрі басқа органдармен және Компанияның лауазымдық тұлғаларымен тұрақты байланыста болуына құқықтары бар.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесіндегі бұрынғы мүшелердің Директорлар кеңесінің құрамындағы олардың қызметі тоқтатылғаннан кейін Компания туралы ішкі (қызметтік) ақпаратты жарияламау жөніндегі мерзімінің ескіруін анықтайды.


4-тарау. АТҚАРУШЫ ОРГАН
Атқарушы орган Директорлар кеңесі бекіткен тағайындау, ұйымның тәртібі және Компанияның атқарушы органы мүшелерінің қызметі туралы ішкі ережелеріне айқын ден қояды.

Адалдық, риясыздық, парасаттылық, байқағыштық, жүйелілік Атқарушы орган қызметінің негізгі қағидалары болып табылады.

Атқарушы орган қызметінің негізгі бағыттары:

- Компанияның қызмет ету жүйелері мен ережелерін анықтау және бекіту;

- Компанияның Стратегиялық даму бағытын, Компанияның Даму жоспарын, Компанияның бюджетін дайындау және іске асыру;

- ішкі еңбек тәртібін анықтау;

- тәртіпті қамтамасыз ету;

- лауазымдық нұсқаулықтарды және бөлімшелер туралы ережелерді жасау және бекіту;

- өндіріп алу салу мен көтермелеулер беру және т.б.

Атқарушы орган Компанияның ішкі (жарияланбайтын) ақпаратын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қабылдайды.

Заңнама талаптарын, соның ішінде еңбек және еңбекті қорғау заңнамасын, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды қамтамасыз ету Атқарушы орган қызметінің маңызды бағыты болып табылады.
5-тарау. ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР
Елеулі корпоративтік оқиғалар – Компания қызметіндегі іргелі өзгерістерге әкелетін оқиғалар қатары. Елеулі корпоративтік оқиғаларға жататындар: Компанияны қайта құру, дауыс беретін акциялардың он және одан көп пайыздарын сатып алу немесе сату, ірі мәміле жасау, Жарғыға өзгерістер енгізу және т.б.

Атқарушы орган Компанияның Елеулі корпоративтік оқиғалар туралы ережелерін әзірлейді және Директорлар кеңесі бекіткеннен кейін оған зейін қояды, онда мына мәселелерге ерекше назар аударылады.

- стратегиялық мәні бар оқиғалардың тетіктерін және іске асыру рәсімдерін анықтау;

- іске асырылатын елеулі оқиғаларды алдын ала мақұлдау және бағалау;

- елеулі оқиғаларды терең талдау және талқылау.

Елеулі корпоративтік оқиғалар маңызы оларды іске асыру кезінде жайдарылық және сенімділік жағдайын туғызу, оларды жүзеге асыру тәртібінің қарапайымдылығы мен ашықтығын орнату қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

Компанияны қайта құру процесі заңнамамен анықталуына байланысты, Директорлар кеңесі мен Компанияның атқарушы органы деңгейінде қосымша оқиғаны ауқымды және сенімді талқылау тетігі әзірленеді. Директорлар кеңесі акционерге Компанияны қайта құрудың егжей-тегжейлі негіздемесін беруге міндетті.

Компания таратылған жағдайда Директорлар кеңесі атқарушы органмен бірлесіп жалғыз акционерге және мүдделі тұлғаларға Колмпанияны тарату қажеттігінің негіздемесін ұсынады.



6-тарау. АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ
Ақпаратты ашып көрсету Компанияның жағымды бейнесін жасауды қамтамасыз етеді, бұл капитал тартуға, сенімділікті қуаттауға және өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етуі тиіс.

Ақпаратты ашып көрсету жүйесі Компания туралы сыртқы (жарияланатын) ақпаратқа барынша қол жеткізу және Компанияның корпоративтік (ішкі) ақпараттарын толықтай қорғау қағидалаын қанағаттандыруы тиіс.


АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ
Компанияның ақпараттық ашықтығы Компания туралы жарияланатын ақпаратқа еркін және ауыртпалықсыз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жарияланатын ақпаратты ашып көрсетуді ұдайы БАҚ-ты пайдалану негізінде және дер кезінде Компанияның ресми сайтында (www kegoc.kz) жүргізу қажет.



ІШКІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
Ақпаратқа қол жеткізумен қатар Компания корпоративтік қызметтік, коммерциялық не өзге заңмен сақталатын құпияны құрайтын ақпараттың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етеді.

Компанияда қызметтік және ішкі ақпараттың пайдалануын бақылаудың тиімді жүйесі әзірленіп қолданылады.

Компанияда еңбеккерлердің қызметтік, коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қоюлары қарастырылған.
7-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ
Қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау жүйесінің жұмысы айқын реттелімді негізде Директорлар кеңесімен түзіледі.

Директорлар кеңесі Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы ақпаратты бірден-бір акционерге және Компанияның қызметіне мүдделі тұлғаларға береді.

Компанияның Жарғысына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі Компанияның оқшауландырылған бөлімшесі болып табылады.

Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесімен белгіленген тәртіпте:

1) Директорлар кеңесіне Қоғамның қызметі туралы тәуелсіз объективті ақпаратты береді;

2) бағалау жүргізеді және жүйелендірілген және дәйекті көзқарасты пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару үдерістерін жетілдіруге ықпал етеді;

3) басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және өзінің жұмысы туралы оған есеп береді. Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібі мен еңбеккерлерінің өкілеттігі Директорлар кеңесі бекітетін Компанияның Ішкі аудит қызметі туралы ережемен анықталады.

Ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігіне өз міндеттерін орындау кезінде ішкі аудиторлардың тиісті ұйымдық мәртебе мен объективтік айқындаманы қамтамасыз ету әдісімен қол жеткізіледі.

«Самрұқ» Холдингі» АҚ құру тұжырымдамасының негізінде Атқарушы органның шешімдерді қабылдау бойынша жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ Директорлар кеңесінің тарапынан тікелей бақылауды жүйелеу мақсатында Компанияның ағымдағы қызметінің аудиті функцияларын жүзеге асыратын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелері жөніндегі ұсыныстарды өңдейтін және Компанияның Ішкі аудит қызметінің жұмысын үйлестіретін тәуелсіз директорлардан тұратын Компанияның Директорлар кеңесі жанынан Аудит бойынша комитет құрылды.

Компанияның қаржылық есептемесін тексеру және Компанияның қаржылық есептеме жасаудағы растығы мен объективтілігі туралы тәуелсіз пікір алу тәуелсіз аудитордың аудиторлық тексеру жүргізуінің басты мақсаты болып табылады.
8-тарау. КАДР САЯСАТЫ
Кадр саясаты Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарланған.

Компанияның адам ресурстарын басқару жүйесі мыналарға міндеттейді:

1) еңбекті қорғау және еңбеккерлердің денсаулықтары, еңбек талаптары, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының қатаң түрде атқарылуына ықпал ету;

2) адам ресурстарының әлеуетін дамыту, өндірістік қажеттілікке сәйкес еңбеккерлерді оқыту және біліктілігін арттыру барысын ұйымдастыру, қызметкерлерді мансаптарының өсуіне ынталандыру;

3) қызметкердің уәждеме жүйесін және бағалауын жетілдіру;

4) қызметкерлерге қажеттілікті жоспарлауды және Компанияның құндылығы мен мәдениетін бөлісетін жоғары білікті қызметкерлерді тартуды жүзеге асыру;

5) жұмыс орындарын сақтау мен еңбек талаптарын жақсарту қағидасына ден қою;

6) өзінің қызметкерлерінің корпоротивтік рухын нығайту, еңбек ұжымында қолайлы және шығармашылық атмосфера тудыру бойынша іс-шаралар жүргізу.


9-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Әлемде қазіргі заманғы іскерлік белсенділкті дамыту қоршаған ортаны қорғау мәселелері маңыздылығының артуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы істердің жай-күйі Компанияның қызметін бағалаудағы өзекті өлшем атануда.

  1. Компания өз қызметінде қоршаған ортаға барынша құнттылық пен оңтайлы қатынастар қағидаттарын ұстанады.

  2. Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Кодекстен басқа қоршаған ортаны қорғауға қатысты Компанияның саясаты осы саладағы ішкі ережелермен айқындалады.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет