Келісілді: А. Сматлаев



Дата18.05.2020
өлшемі225.39 Kb.



Келісілді:

__________________ А. Сматлаев

«___» __________________ 20__ ж.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға өткізілетін азаматтар арасында жалпы конкурс туралы хабарландыру


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 070019,

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17-үй, 208 кабинет,

анықтама телефоны/факс: 8 (7232) –26-90-79, электрондық пошта мекен-жайы nu.umarova@akimvko.gov.kz келесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға

жалпы конкурс жариялайды:
1. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 98998 теңгеден 132622 теңгеге дейін - 1 бірлік (08-2).

Жұмысының функционалдық бағыттары: - Жылу энергиясын, телекоммуникацияны, электрмен жабдықтауды жеткізетін кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас жасау; нормативтерге сәйкес мөлшерде және тиісті сапада жылу тасымалдағыштың, электр энергиясының берілуін бақылау; қала тұрғындарын және бюджеттік ұйымдарды жылу энергиясымен, электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелерді қарау; электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, телекоммуникация бъектілерін қайта жаңарту, салу, одан әрі дамыту бойынша инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; коммуналдық меншікке қабылданған иесіз электрмен жабдықтау желілерін, жылумен жабдықтау желілерін пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне тапсыру және пайдаланылуын қамтамасыз ету; тұрғындардан және бюджеттк ұйымдардан жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау қызметтері үшін қаражаттардың келіп түсуін бақылау; жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдарды, қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын дайындау; жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және телефон орнату мәселелері бойынша күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді дайындау; қызметтік хаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау; жылу беру маусымындағы жұмысқа қалалық объектілердің дайындығын бақылау; орындалған жұмыстардың құжаттарда толық әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету (орындалған жұмыстар актілерін қабылдау); жетекшілік ететін мәселелер бойынша Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг, бағалау және мониторинг бойынша есепті ұсыну; іс жүзінде орындалғандарды есепке ала отырып, көрсеткіштерді түзету бойынша ұсыныстар енгізу, Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтердің жоғары тұрған органдармен келісілуін қамтамасыз ету; нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімді ресімдеу және келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; келісімдердің қосымшаларына сәйкес ақпаратты, аралық және қорытынды есептерді ұсыну; қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімдерді дайындау; конкурстық үрдістерді өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау; электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау объектілерін салу, қайта жаңарту барысына бақылауды жүзеге асыру; салынған және қайта жаңартылған электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау объектілерін пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне тапсыру үшін құжаттарды дайындау және келісу; жетекшілік ететін объектілер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша комиссияларға қатысу; салынған және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу; энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі келесі бөлімдер мамандықтары бойынша «Құқық» (құқықтану); немесе «Өнер» (сәулет өнері); немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика; менеджмент; есеп және аудит; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару); немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (жылу энергетикасы; электр энергетикасы; металлургия; құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру; гидротехникалық құрылыс және имарат; мұнай газ ісі; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; инженерлік жүйелер және желілер; өнеркәсіптік жылу энергетикасы); немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (су ресурстары және суды пайдалану; сумен жабдықтау, суды бұру және су ресурстарын қорғау), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, келесі мамандықтар тобынан «Құқықтану» (заңгер): немесе «Экономика(салалар бойынша)» (экономист); немесе «Энергетиканы және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы» (энергия жүйесі технологы және энергияны жобалау); немесе «Электрлік инжиниринг технологиясы» (электрлік және электрондық жобалау технологы); немесе «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдығы (түрлері бойынша)» (техник-электрик); немесе «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» (тарату құрылғылары бойынша электр монтаждаушы); немесе «Электр энергетикасы (салалар бойынша)» (техник-энергетик); немесе «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткішті және инженерлік жүйелерді пайдалану және монтаждау (түрлері бойынша)» (техник-сантехник); немесе «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту имараты» (технологиялық жабдықты және онымен байланысты құрылымды монтаждаушы; су құбыры-канализациялық шаруашылықтың желілері мен имаратын пайдалану бойынша техник); немесе «Жабдықты және газбен жабдықтау жүйесін монтаждау және пайдалану» (газ объектілерінің жабдықтарын пайдалану бойынша техник); немесе «Магистралдық локальдық және желілік құбыр желілерін монтаждау» (техник-механик); немесе «Гидротехникалық құрылыс» (техник-гидротехник); немесе «Сәулет» (сызбашы, техник-жобалаушы); немесе «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (салалар бойынша)» (эколог); немесе «Қаржы (салалар бойынша).



Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


2. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көріктендіру және автомобиль жолдары секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 98998 теңгеден 132622 теңгеге дейін - 1 бірлік (05-2).

Жұмысының функционалдық бағыттары: Өскемен қаласының сыртқы абаттандыру объектілері мен автомобиль жолдарын сақтау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру; жаңа және күрделі құрылыс объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау үшін шығыс деректерін жинау; орындалатын жұмыстардың мерзімдеріне, көлемдеріне және сапасына бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың құжаттарда толық және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, егер объект бойынша техникалық қадағалау жеке шартпен қарастырылмаса, мердігер ұйымдар тартылатын, жетекшілік ететін объектілер бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау және олардың нақтылығына дербес жауап беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг, бағалау және мониторинг бойынша есептілікті ұсыну; іс жүзінде орындалғандарды есепке ала отырып, көрсеткіштерді түзету бойынша ұсыныстар, Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтердің жоғары тұрған органдармен келісілуін қамтамасыз ету; нақты көрсеткіштер бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті дайындауға қатысу; нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерді ресімдеу және келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; келісімнің қосымшаларына сәйкес ақпаратты, аралық және қорытынды есептерді ұсыну; облыс және қала әкімдері шешімдерінің (өкімдерінің, қаулыларының) орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оларды бақылаудан алу бойынша ақпаратты уақытында ұсыну, Өскемен қаласының әкімі бекіткен жұмыс регламентіне сәйкес азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауаптарды дайындау; қаражаттар бөлу үшін бюджеттік өтінімдерді, конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау; жетекшілік ететін объектілер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша комиссияларға қатысу; салынған және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу; қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық күтіп ұстау мәселелері бойынша мәслихат сессиясы мен әкімдіктер алқасының қарауына материалдарды дайындау; қызметтік хаттарға жауаптар дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Көліктік инфрақұрылымдар объектілерін және абаттандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен байланысты жұмыстарды, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық іздестірулерді жүргізу, топырақ құрылысын зерттеу, топографиялық түсірілімді, жерге орналастыру жобаларын жүргізу, қорытындылар мен келісімдердің басқа түрлерін алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Жылғалар, өзендер және басқалар бойынша көктемгі кезеңде сулардың ағып өтуі, көшелер мен жолдарға су шашу, көгалдар мен көгалдандыруды суару бойынша жұмыстарды үйлестіру. Газгольдер қондырғыларының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Көшелерді жарықтандыру желілерін автоматты түрде басқару жүйесіне бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары келесі бөлімдер мамандықтары бойынша «Құқық» (құқықтану); немесе «Өнер» (сәулет өнері); немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика; менеджмент; есеп және аудит; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару); немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (машина жасау; көлік, көлік техникасы және технология; металлургия; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; технологиялық машиналар және жабдық (салалар бойынша); ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан бұйымдар (қолдану салалары бойынша); құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру; гидротехникалық құрылыс және имарат; көлік құрылысы; автоматтандыру және басқару; кен ісі; мұнай газ ісі; геодезия; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру (қолдану салалары бойынша); қайта өңдейтін өндіріс технологиясы (салалар бойынша); стандарттау және сертификациялау (салалар бойынша); картография; инженерлік жүйелер және желілер; өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс); немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (су ресурстары және суды пайдалану); немесе «Қызметтер» (жерге орналастыру; кадастр; тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, келесі мамандықтар тобынан «Құқықтану» (заңгер): немесе «Экономика (салалар бойынша)» (экономист); немесе немесе «Энергетиканы және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы» (энергия жүйесі технологы және энергияны жобалау); немесе «Электрлік инжиниринг технологиясы» (электрлік және электрондық жобалау технологы); немесе «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдығы (түрлері бойынша)» (техник-электрик); немесе «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» (тарату құрылғылары бойынша электр монтаждаушы); немесе «Электр энергетикасы (салалар бойынша)» (техник-энергетик); немесе «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» (техник-механик); немесе «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткішті және инженерлік жүйелерді пайдалану және монтаждау (түрлері бойынша)» (техник-сантехник); немесе «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту имараты» (технологиялық жабдықты және онымен байланысты құрылымды монтаждаушы; су құбыры-канализациялық шаруашылықтың желілері мен имаратын пайдалану бойынша техник); немесе «Жабдықты және газбен жабдықтау жүйесін монтаждау және пайдалану» (газ объектілерінің жабдықтарын пайдалану бойынша техник); немесе «Магистралдық локальдық және желілік құбыр желілерін монтаждау» (техник-механик); немесе «Гидротехникалық құрылыс» (техник-гидротехник); немесе «Қалалық қатынас жолдары құрылысы және пайдалану» (техник-құрылысшы); немесе «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» (техник-жолшы-құрылысшы); немесе «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» (техник-құрылысшы); немесе «Көпірлер мен көлік тоннелдері» (техник-құрылысшы); немесе «Құрылыс бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» (техник-технолог); немесе «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (есептеуіш техниканың программалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған жүйе); немесе «Темір-бетоннан және металдан бұйымдарды өндіру (түрлері бойынша)» (болат және темір-бетонды құрылымдарды монтаждау бойынша монтаждаушы; техник-технолог); немесе «Сәулет» (сызбашы, техник-жобалаушы); немесе «Қаржы (салалар бойынша)».

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы тармақ 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.Құжаттар мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 208-кабинет, e-mail: nu.umarova@akimvko.gov.kz Умарова Нургуль Союзбековна.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте,Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар,біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алад

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                         ____________________________________


  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігін жыл сайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттік әкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения
























































































































_____________________


Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет