Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасын бекiту туралы



Дата18.04.2016
өлшемі102.78 Kb.
Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 мамырдағы № 555 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 39, 485-құжат


      «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


          Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң   
2011 жылғы 21 мамырдағы
№ 555 қаулысымен
бекiтiлген    

Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес қабылданған.


      2. Қағида кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеудi жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      3. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеудi жүргiзудiң мақсаты мән-жайларды, себептердi, салдарды белгiлеу, қатысты тұлғалардың iс-қимылын бағалау, оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ авариялардың алдын алу жөнiнде тиiстi ұсынымдар дайындау болып табылады.
      4. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кемелердi су басу — корпустың суға толық батуы немесе корпусқа судың кiруi немесе аударылуы нәтижесiнде жүзгiш қорлардың толық жоғалуы;
      2) көлiктiк оқиға - кемемен болған, оны апатқа және теңiзде жүзу қасиетiн жоғалтуға, кеменiң басқа кеменi (кемелердi), навигациялық жабдық құралдарын, және теңiз инфрақұрылымы объектiлерiнiң зақымдауына әкеп соқтырған оқиға;
      3) теңiзде жүзу қасиетi - кеменiң жүзуде пайдалану жағдайларындағы әрекетiн айқындайтын сипаттамаларының жиынтығы: жүзгiштiгi, берiктiгi, суға батпайтындығы, жүргiштiгi, басқарушылығы.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi) көлiктiк оқиғаны тергеу органы болып табылады.
      6. Сауда мақсатында теңiзде жүзу мақсатында пайдаланылатын теңiз кемелерiмен, iшкi су көлiгi кемелерiмен және өзенде-теңiзде жүзу кемелерiмен соқтығысуға байланысты көлiктiк оқиғаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес Порттың теңiз әкiмшiлiгi тергейдi.
      7. Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi көлiктiк оқиға туралы мәлiметтердi осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке және көлiктiк прокуратураға дереу хабарлайды.
      8. Нәтижесiнде адам өлiмi не ауыр дене жарақаттары болған көлiктiк оқиғалар не кемеден адамдар жоғалып кеткен, сондай-ақ кеменiң толық конструктивтiк қирауы, кеменi су басуы, кеменiң навигациялық жабдық құралдарын, теңiз инфрақұрылымы объектiлерiн зақымдап, оларды пайдаланудан шығаруға әкеп соқтыруы авария ретiнде сыныпталады.
      9. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлмеген басқа жағдайларда көлiктiк оқиға пайдалану оқиғасы ретiнде сыныпталады.
      10. Көлiктiк оқиғаны тергеудiң жүргiзiлуiн бақылауды Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы жүзеге асырады.

2. Көлiктiк оқиғаларды тергеу тәртiбi

      11. Көлiктiк оқиғаларды тергеу кемелердiң жүзу ауданындағы көлiктiк оқиғалардың салдарын жоюға және кеме қозғалысын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарға кедергi болмауға тиiс.


      12. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды тергеу көлiктiк оқиға Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнде тiркелген сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүргiзiледi.
      13. Аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi көлiктiк оқиғаны тергеу кезiнде көлiктiк оқиға болған жерге келген соң, зақымдалған кемелер мен объектiлердi тексерiп қарауды жүргiзедi.
      14. Комитеттiң аумақтық белiмшесiнiң қызметкерi көлiктiк оқиғаның қатысушыларынан және куәгерлерiнен жазбаша сұрау жүргiзедi, оның барысында мыналар анықталады:
      1) шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiктiң, шағын көлемдi кемеге кеме билетiнiң болуын, шағын көлемдi кеменi жүргiзушiнiң жүзу өтiлi;
      2) шағын көлемдi кеме жүргiзушiсi оқиғадан кейiн дереу адамдарға және кемелерге көмек көрсету үшiн қабылдаған шаралары.
      15. Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi көлiктiк оқиғаға қатысқан кемелердi қарап, оның барысында мыналарды тексередi:
      1) көлiктiк оқиғаның алдын алуда жай-күйi маңызды болған кеме құрылғылары мен аспаптарының жарамдылығы;
      2) корпусы және оның су өткiзбеушiлiк жағдайы;
      3) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткiштерi;
      4) сигнал оттарының болуы мен олардың көрiнуi.
      16. Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi көлiктiк оқиға орын алғанға дейiнгi, ол орын алған уақыттағы және одан кейiнгi кемелердiң қозғалысы мен орналасуының схемасын құрастырады, бұл ретте көлiктiк оқиға кезiнде орын алған жағдай мен факторлардың әсер ету деңгейiн, атап айтқанда:
      метереологиялық жағдайларды (көрiну қашықтығы, желдiң, жаңбырдың, тұманның, толқынның және басқа метеорологиялық факторлардың болуы);
      оқиға болған ауданда басқа кемелердiң болуы және олардың көлiктiк оқиға салдарына әсер етуiн белгiлейдi.
      17. Кемелердегi көлiктiк оқиғаларды тергеудi жүргiзуге байланысты барлық мәселелер бойынша Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, арнайы сараптамалық комиссиялар зертханаларының құзыретi шегiнде олармен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.
      18. Көлiктiк оқиғаны тергеу мынадай жағдайларда:
      1) көлiктiк оқиғаға қатысы бар адамдарда күтпеген мән-жайлар (ауыру, iссапар және басқа себептер) туындаған;
      2) сараптама, тәжiрибе жұмыстарын жүргiзу немесе кемелердi су басуына, олардың қирауымен байланысты көлiктiк оқиғаның мән-жайларын қосымша анықтау үшiн;
      3) мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының, құзыретi шегiнде олардың құжаттарын, материалдарын және қорытындыларды ұсыну үшiн Комитеттiң шешiмi бойынша күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
      19. Кемелермен болған көлiктiк оқиғалардың себептерiн бiлiктi және дәйектi белгiлеудi қамтамасыз ету үшiн оларды тергеу кезiнде Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының сарапшылары мен мамандарын тартады.
      20. Сараптамалық комиссияны немесе көлiктiк оқиғалар бойынша жекелеген сарапшыларды Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы тағайындайды.
      Сараптама тағайындалған кезде сараптамалық комиссиясының (сарапшының) алдына сараптама жүргiзу барысында шешуге жататын нақты мәселелер қойылады, материалдар ұсынылады.
      21. Сарапшылар болып жоғары немесе техникалық арнайы орта бiлiмi бар және кемiнде 5 жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар адамдар (кеме жүргiзушiлерi, кеме механиктерi, электр механиктерi, электр техниктерi, радио техниктер, гидротехниктер, корабль жасаушылар, пайдаланушылар) және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметкерлерi тағайындалады.
      Сараптамаға қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының келiсiмi бойынша көрсетiлген ұйымдардың мамандарын шақыруға болады.
      22. Сарапшылар өз мiндеттерiн орындау кезiнде:
      көлiктiк оқиғаларды тергеудiң сараптамалық қорытындысы үшiн қажеттi материалдармен танысады;
      кемелердi және олардың құрылғыларын қарап тексерудi жүргiзедi, кеме механизмдерiнiң, жүйелерiнiң, құрылғыларының, аспаптарының және басқа жабдықтарының жұмыс iстеуiн тексередi.
      23. Сарапшылар қорытындыда сараптамалық комиссиясының алдына қойылған барлық мәселелерге жауаптарды көрсетедi. Қойылған мәселеге егжей-тегжейлi әрi толық жауап беру мүмкiн болмаған жағдайда сарапшылар бұған дәлелдi түсiнiк бередi.

3. Көлiктiк оқиғаларды есепке алу

      24. Көлiктiк оқиғаны Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi осы Қағидаға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiлетiн Көлiктiк оқиғаларды тiркеу журналына (бұдан әрi — Тiркеу журналы) тiркейдi.


      25. Тiркеу журналы нөмiрленедi, тiгiледi және ол Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен расталады.

4. Көлiктiк оқиғаларды тергеу материалдарын қарау тәртiбi

      26. Тергеу материалдары бойынша Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң тергеу жүргiзген қызметкерi көлiктiк оқиғаны сыныптайды және дәлелдi қорытынды жасайды.


      27. Тергеу қорытындылары бойынша Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi көлiктiк оқиға туралы қорытынды жасайды, бiр-бiр данадан Комитетке және көлiктiк оқиғаға тiкелей жол берген қатысушыларға жiбередi.
      28. Қорытындыда мынадай мәлiметтер қамтылады:
      1) көлiктiк оқиғаға қатысушылар туралы қысқаша мәлiметтер (кемелердiң атауы, қуаты, қозғалыс бағыты, кеме жүргiзушiлер және көлiк оқиғасына басқа қатысушылар туралы мәлiметтер, оларда тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, лауазымы және жұмыс орны, шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiгi туралы мәлiметтер, шағын көлемдi кемеге кеме билетi, жұмыс өтiлi тiркелдi);
      2) көлiктiк оқиғаның уақыты және орны, навигациялық жабдықтың немесе теңiз инфрақұрылымы объектiлерiнiң орналасуы және оларға кемелердiң қатысы бойынша жағдайы;
      3) көлiктiк оқиға мән-жайларының және ауа райы жағдайларының қысқаша сипаты, көлiктiк оқиғаға қатысы бар кеме жүргiзушiлерi мен басқа адамдардың iс-қимылы, олардың алкогольдiк, нашақорлық немесе уыттық мастануының болу жағдайы;
      4) көлiктiк оқиғаның себептерi;
      5) кемелердiң, жүзбелi объектiлердiң зақымдану орнын, мөлшерi мен сипатын, жағалау объектiлерiнiң немесе құрылыстарының зақымдануын, адамдардың ауыр дене жарақаттарын алуын, қаза болуын, кемеден жоғалып кетуiн сипаттай отырып, көлiктiк оқиғаның салдары;
      6) көлiктiк оқиғаның салдарын жою үшiн пайдаланылған техникалық құралдар;
      7) көлiктiк оқиғаға тiкелей жол берген немесе оның туындауына ықпал еткен адамдардың тiзбесi;
      8) кемелердегi көлiктiк оқиғалардың болуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi ұсынымдар.
      29. Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң қорытындысы мен көлiктiк оқиға бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Комитет оларды қарайды, содан кейiн шешiм шығарады.
      30. Кеме иесi, кеме жүргiзушiсi қорытындыны алғаннан кейiн техникалық жай-күйiн, одан әрi пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiне кеменi кезектен тыс техникалық куәландыруға ұсынады.

Кеме кiтабында


мемлекеттiк тiркелуге жататын
кемелермен болған көлiктiк
оқиғаларды тергеу қағидасына
1-қосымша

Нысан


Көлiктiк оқиға жөнiндегi мәлiметтер



Атауы

Мәлiметтер

1

Көлiктiк оқиға жөнiнде хабарлаған адам (ұйым) туралы мәлiметтер (күнi, уақыты, Т.А.Ә, байланыс тел.)




2

Көлiктiк оқиғаның болған күнi және уақыты




3

Кеменiң тiркеу нөмiрi және түрi, кеме иесi, кеме жүргiзушiсi




4

Көлiктiк оқиға орнының координаталары




5

Кеме қозғалысының бағыты




6

Кеме жүргiзушiсi мен кемеде болған өзге адамдар туралы мәлiметтер




7

Ауа райының метеорологиялық жағдайы




8

Навигациялық жабдықтардың, теңiз инфрақұрылымы объектiлерiнiң болуы




9

Болған жағдай туралы мәлiметтер (көлiктiк оқиғаның себептерi, кеменiң, навигациялық жабдықтың, теңiз инфрақұрылымы объектiлерiнiң зақымдануының болуы және сипаты, қаза тапқандардың, дене жарақатын алғандардың және кемеден жоғалып кеткендердiң саны, қоршаған ортаны ластау)




10

Көлiктiк оқиғаны бағалауға және көмек көрсету мен зардаптарды жою үшiн техникалық құралдарды тарту қажеттiгi туралы шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн өзге мәлiметтер




Кеме кiтабында
мемлекеттiк тiркелуге жататын
кемелермен болған көлiктiк оқиғаларды
тергеу қағидасына
2-қосымша

Нысан


Көлiктiк оқиғаларды тiркеу журналы



Көлiктiк оқиғаға тартылған кеменiң (кемелердiң) тiркеу нөмiрi және түрi / Типи регистрацион ыи номер судна (судов), вовлеченных в транспортное происшествие

Кеменiң меншiк иесi немесе кеме иесi (жеке тұлғалар үшiн) Т.А.Ә, тiркелген орнының мекенжайы (заңды тұлғалар үшiн) деректемелер Собственник судна или судовладелец (для физ. лиц.) Ф.И.О., адрес места прописки, (для юр. лиц.) реквизиты

Кеме жүргiзушi (Т.А.Ә, тiркелген орнының мекенжайы) / Судоводит ль (Ф.И.О. адрес места прописки)

Көлiктiк оқиға болған күнi, айы, жылы және уақыты / Число, месяц, год и время транспортн го происшествя

Көлiктiк оқиға болған жер / Место транспортн го происшеств я

Көлiктiк оқиғаны сыныптау / Классифика ия транспортн го происшеств я

Көлiктiк оқиғаның себебi/ Причина транспортн го происшеств

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенiң жалғасы

Көлiктiк оқиғаның салдары / Последствия транспортного происшествия

Шығындар / Убытки

Көлiктiк оқиғаға қатысы бар тұлғалар / Причастные к транспортному происшествию лица

Тергеудi бастау/ Начало расследования

Тергеудi аяқтау / Окончание расследования

Мерзiмдi ұзарту туралы мәлiметтер / Сведения о продлении срока

Профилактикалық шаралар / Профилактические меры

Басқа мәлiметтер / Другие сведения

9

10

11

12

13

14

15

16

Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет