Кемел уақЫТҚА – кең ҚҰлаш жетпісінші жылдар қазақ совет әдебиетіне қандай сапалық жаңалықтар, өзгерстер әкелді? Т. Жұртбаев



жүктеу 305.8 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі305.8 Kb.
: repository -> history -> 16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Аға, биыл қазақ халқын әлемге танытқан «Абай жолы» роман эпопеясының жарыққа шыққанына 70 жыл толады екен. Мұхтар Әуезов бұл романды жазуға қалай келген еді?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақты бөлетін емес, біріктіретін идеяда жұмыс істеу керек Қолымдағы материалдардың жалпы көлемі 2 300 беттен асады
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Ф. Жазушылар. П. айгүл. С. Абдрахманов
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Сыр сұхбат «Отырар кітапханасын» қайта тірілту ойда бар
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Дербес ұлт, тәуелсіз ел болып қалғымыз келсе, ұлттық идеяны ұйытуымыз қажет. – Осыдан 25 жыл бұрын: «Рухани тәуелсіздікке жетпеген ұлт мәңгілік басыбайлы болып қала бермек»
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Тұрсын Жұртбаевқа «Айқын» газетінің сұрақтары. Кезінде сіз жазған «Құнанбай қажы»
КЕМЕЛ УАҚЫТҚА – КЕҢ ҚҰЛАШ

Жетпісінші жылдар қазақ совет әдебиетіне қандай сапалық жаңалықтар, өзгерстер әкелді?
Т. Жұртбаев: – Қалеке, сіздің творчестволық өмір соқпағыңыздың күретамыры – өрелі ой мен шыңырау тереңдікті, халықтың жандүниесінің қайнар көзін, поэзиялық шабыт пен поэтикалық қуатты қажет ететін эпикалық жанр. Сондықтан да қазіргі қазақ поэмасының жай-күйі, даму бағдары, толғақты мәселелер хақындағы пікіріңізді білгіміз келеді. Әлқисса, осы орайда жалпы поэма жанрының қалыптасуы мен оның бүгінгі таңдағы өзіндік теориялық проблемаларына да тоқталсақ. Бұл сөздің түп төркіні грек тілінде орындалған іс, болған оқиға деген мағынаны білдіреді. Оның астары – белгілі бір жайдың, көріністің сан халықтың мәдени даму баспалдақтары арқылы екінші ұрпаққа ауысатын, соны жеткізіп, баяндайтын тілдік құрал. Оған жеке адамның, әлеуметтік жағдайдың, рухани күштің әсерін баралайды. Сөзбе-сөз мағынасы ауысқанмен де, поэманың жалпы қасиеттерін анық айшықтайтын осы ұғымның бүгінгі таңдағы ой-өрісі, қанат қағысы қандай бағытта, қандай дәрежеде төл өнерімізден көрініс тауып отыр. Эпикалық жанрдың поэтикалық ерекшелігі, ішкі құрылымы, тұжырым-толғамы сан қилы. Сіз қазіргі замандағы интеллектуальды-философиялық поэмалардың лүпілін, бағытын, оның тереңдік сипатын қалай бағалайсыз. Жалпы, қазақ поэмасының тынысы қақында тілге тиек еткенде, әлемдік әдебиеттің ағымынан тыс қарау әбестік сияқты. Халықтық туындылардағы көзқарастардың өрімі әрі қақтығыстары, тыныш поэма, интеллекті дастан, философиялық этюд тағы да басқа атаулардың қайсысы көркем бейнелаудің кредосы бола алады?

Қ. Бекхожин: – Қашан да көркем шығарма, өнер туындысы – танымның, өмірлік танымның, дүниедегі құбылыстарды қабылдаудың соны толғана отырып, тұжырымдаудың барысында ғана асқақ сезіммен астасып, романтикалык рухта түрленіп, құлпырып, бар бояуын ашады. Өмірдегі қилы-қилы құбылыстарға бір рет қана назар салып, соны санаңда екшеп, оның жалаң қалпында емес, тарихи белестермен, ой ағымымен, тіршілікпен сабақтастырып көріңізші. Сонда, қаншама шындықтың, әлеуметтік оқиғаның, жеке танымдардың қарама-қайшылығын аңғарасыз. Ешқашан да өнер адамының талпынысы туған халқының тынысынан тысқары қалған емес. ІІоэма – ақынның дүниедегі құбылыстарды қабылдап, жүрек сүзгісінен өткізіп, сезімнің сырын сыртқа шығаруға барлық күрделі мүмкіндіктерді пайдалануға еркіндік беретін поэзиялық жанр. Ол – суреткердің дүниелік танымы. Жалпы, сонау қадым заманнан бергі поэманың «болған оқиғаны» баяндайтын «міндеті» негізінен сақталды. Бірақ, жалпы дастандық дәстүр салалана дамып, әр ұлттық әдебиеттің өзінде түрліше көрініс берді. Бұл арада барлық ағымдарды саралап жату мүмкін емес. Алпысыншы жылдары тек қана поэма жанрының өзін жіліктеп, философиялық, интеллекті, интимді деген айдар тағып, жіктей бастады. Әрине, бұл әдеби ағымның әсерінен туған сол қасиеттерді жеке-жеке таңбалаудан туған шартты атау сияқты. Өлеңде адамның қилы-қилы сезімі, мінезі, толқуы ашылады. Ақын соны өзінше жаңа формамен, тың түсінікпен жырлағысы келеді. Менің ойымша, бұлар таза кәсіби терминдер. Оны жанрдың саны түрі деп қабылдауға болмайды. Осы аталған қасиеттер мысалы Евгений Евтушенконың «Братскі ГЭС-і» мен «Бостандық мүсінінің көбесі сөгілгендегісі» мен Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек», «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмаларында қатар өріледі. Әдейі екі ақынның творчествосын қатар алып отырмын. Жазған бір адам. Ал, соның ішінде, жаңағы өзің айтқан, философиялық, жеке бастың мүддесінен сыр шертетін белгілердің барлығы да табылады. Мәселе, соны кім қалай, қай жағынан, қандай дәрежеде жырлауында.

Т. Жұртбаев: – Есіңізде шығар, Қалеке, осыдан біраз жыл бұрын, алпысыншы жылдардың аяғында жетпісінші жылдардың басында барлық жанрлардың құрылымы, түрі, көлемі қақында пікір-таластары әдеби пікір алысулардың арқауы болып, көп уақыт бойы баспасөздерде талқылаулар өтті. «Эпикалык поэмалардың күні бітті» дегендер де болды. Сіз, бұл көзқарасқа келісесіз бе? Екінші бір жақ: дүниені поэтикалык көзқараспен зерттеу – поэманың ғана үлесі деді. Лирикалық та, аналитикалық та тәсілдер өзара өзектес қой, соның беру формасына Сіз қалай қарайсыз. Бұл мәселе қазіргі қазақ поэмаларына да тікелей қатысты және осы екі бағытта кеңінен қолданылып жүр.

Қ. Бекхожин: – Бұл пікір таласының екпіні әлі де басылған жоқ. Бұрынғыдай ашық айтылмаса да, әдеби ағымның барысында көрініп қалады. Сол пікірдің салқыны эпикалық, сюжетті дастандарға деген көзқарасты мүлдем өзгертпесе де, соның ішкі құрылымына, беру, баяндау тәсіліне ықпалын тигізді. Алайда, поэманың әдебиетке ешқашанда жаттығы жоқ екендігін соңғы жылдардағы тәжірибелер айқындап көрсетті. Сергей Наровчатовтың «Василий Буслаев», Егор Исаевтың «Ар үкімі», Жұбан Молдағалиевтің «Сел», «Қыран-дала», Юстинас Марцинкявичюстің «Қабырға», «Қан мен күл», «Миндаугас» атты кесек те келелі дүниелері соған дәлел. Мен бұл арада үлкен беделге ие болған туындыларды әдейі айтып отырмын. Оның басты себебі: аса күрделі саяси-әлеуметтік, философиялық, психологиялық зор пафосты, халықтың рухани тағдырын эпикалық шығармалар жан-жақты, толыққанды күйде аша аяды. Бір халықтың түлеген тағдырын, дала қазағының патриархальды психологиясының өзгеруін, сондай-ақ аса психологиялық жанталасқа толы тасқын оқиғасының саяси мәнін Жұбан Молдағалиев «Сел» атты көлемді туындысы арқылы ойындағы түйген тұжырымын түгелдей қамтыды. Ал, оны бір өлеңмен, не шағын толғаумен ешқашанда жеткізе алмас еді. Сондықтан да, поэманың тағдырын көлемі шешпейді, көркемдігі шешеді.

Т. Жұртбаев: – Енді, тікелей қазақ поэмасының даму бағдары мен ерекшелігіне қаран ойыссақ. Поэма – өлеңдегі ауқымды жанр. Мұнда прозаның оқиғалық желісі, кейіпкер психологиясы қатарласа, қабаттаса өрбиді. Қисса, дастандармен сусындаған қазақ халқы өлеңдегі сюжеттік желіні ерекше қадірлейді, «Құлагер» «Сұлушаш», «Құралай сұлу», «Ақсақ құлан», «Құрманғазы», «Естай-Қорлан» тағы да осы іспетті үздік дастандар сол дәстүрдің жалғасқан соны көрінісі. Соңғы жылдары публицистикалық ой өресіне құрылған поэмалар көбейді. Бұл заңдылық па, әлде еліктеушіліктен туған жалпы ұмтылыс па. Олай дейтініміз, қазақ халқының эпикалық мұрасы мол. Батырлар жырының өзі інжу-маржан емес пе. Алайда, халық ауыз әдебиетін кейбір ұлт поэзиясы қазір лиро-эпосқа, драмалық дастанға құлаш ұрып, тамаша дүниелерді өмірге әкелді. Литваның атақты эпик ақыны Ю. Марцинкявичюс, осы орайда төл әдебиетіндегі тосын құбылыс туралы: «Ең бастысы – тарихи даму. Әрбір ұлттың халықтық поэзиясында екі қанат бар –лирика және эпос. Алайда, даму барысында Литва халық поэзиясында бірде-бір айшықты да айтулы эпос болмады, тек Донелайтистан басталған жазба поэзиясы ғана поэмаға бет бұрды», – деп жазды. Ал, қазақ поэзиясы ше? Сіздің, жалпы қазақ халқының дастандық дәстүрі қақындағы пікіріңіз қандай?

Қ. Бекжожин: – Шынында да, біздің қазақ халқынын дастандық дәстүрі екі ағымнан нәр алып, асау арнаға айналды. Сол қасиетті қайнардан сусындап өсіп, тағлым алдың. Соның алғашқысы – батырлар жыры, махаббат сырын шерткен дастандар. Бұл қазақ халқының өзінің философиялық тұжырымынан, дала романтикасынан, ел тағдырының эстетикалық табиғи сезімін жырлаған поэтикалық қуаты күшті туындылар. Екінші сала – қисса. Ол Шығыстың атақты шайырлары Фирдоуси, Навои, Низами шығармалары. «Мың бір түн» іспетті классикалық дүниелердің ықпалымен туындаған қиссалар. Дастан үлкен рухани дүниетанымдық туынды. Тек қана «Ләйлі-Мәжнүнді» оннан астам ақын жырлады. Бір-жыр, ал он ақын. Әрбір әдеби үлгі өзінше озық. Олар халық санасындағы ұғымды толықтырып, үлкен поэзиялық сом алтынға, өшпес мұра дәрежесіне көтерген.

Батырлар жыры – тұнып тұрған поэзия. Өнегелі өріс сол. Тайбурылдың шабысы, Қыз-Жібектің көші қандай, төгілген маржан ғой. Соның өзінде де, кереғар оқиға, жаксылық пен зұлымдық қатар жырланса да көлемі үш-төрт мың жолдан аспаған. Көбі шымыр. Міне, сол поэзия дала иісі аңқыған, асыл мұралардан желі тартқан «Сұлушаш», «Құлагер», «Көкшетау» және «Құралай сұлу». Бұлар екі тармақтың тоғысуынан туындаған. Біріншісі – халықтық негіз, екіншісі орыс поэзиясының лебі. Ілияс Жансүгіров – қазақ совет паэмасының жұлдызды тарланы. Поэмаға тақырып табуы қандай. Тегінде есіңізде болсын, күрделі шығарманың әлеуметтік, поэтикалық қуатын ашатын тақырып. Кез-келген құбылыстан поэзия, оның ішінде поэма тумайды. Ілияс қазақ халқының сезім психологиясын сөздің құбылту мүмкіндігін тамаша пайдалана білген. «Құлагер» өзінің тағдырын өзі шешті. Онда ақындық концепция, ақындық көзқарас, байсалды, парасат, шабытты қызу бар. Ақан сері – үлкен полотноға киноға да лайық. Соның барлығы да поэма желісінен алшақтай алмайды. Сөз құдіреті деген сол. Мен, реті келгенде айта кетейін, «Ақсақ құланды» арда ақынның әсерімен жазғанымды мақтаныш етемін. Әбділданың «Абыл», Хамиттың «Құрманғазы», Тайырдың «Тасқын» поэмаларында тақырыптық романтика, ерекше поэтикалық рух, тебіреніс бар.



Тарихи тақырыпты әсірелеу романтикаға жетелейді. Кез-келген нәрсенің яғни, тақырыптың жүнін жұлу – қырсыздық. Әбестік. «Полтава» мен «Мыс салт аттыда» ұлы Пушкин бүкіл Роосия тарихындағы сұрапыл да күрделі кезеңдегі халық тағдырын, ішкі жан-дүниесін көрсеткен. Лермонтовтың «Демоны» өршіл романтика. Негізінде поэзияға өршіл романтика жарасады. Бұл ретте Жұбан Молдағалиевтін «Селі» – өзінің поэтикалық кілтін тапқан. Онда тақырып пен дүлей күштің романтикасы, ерлігі, халық тағдыры қатар өрілген. Менің ойымша, жоғарыда аталған «Құлагер», «Көкшетаулар» мен «Селдің» арасында рухани байланыс, дәстүр тұтастығы бар. Демек, публицистикалық әр пафостың өзін даралап қарау қателік. Әрине, ірі поэма азайды, ол неліктен деп сауал қоюың орынды. Алайда, жыл сайын соны құбылысты күту де жараспайды. Бізде дастандық дәстүрден нар алған үздік жырлар бар. Ұсақ-түйек тақырыпты жағалап, поэманың қадірін түсіргендерді, оның қатарына қосып қажеті жоқ. Биік мұраттармен терең философиялық тұжырымға толы, ырғақты да, іргелі туындылар алда. Оны уақыттың өзі екшейді. Мүмкін, қазіргі жарық көрген, әдеби сыншылардың назарынан тыс қалып жүрген елеулі дүниелерді ұрпақ, басқаша бағалар. Біз аңғармағанды олар қалт жібермес. Ал, поэма жанры өшпейді, уақыт шаңынан қалмайды.

Т. Жұртбаев: – Соңғы пікіріңіз атақты орыс ақыны, шағын философиялық өлеңдер мен поэмалар жазған, қазақ әдебиетін, оның көне мұрасын қадір тұтатын Леонид Мартынов: «Отызыншы жылдары кейбір достарым менің дастандарымды мінеп, оны іш пыстырады, тым ұзақ деп мұқатып, жиырмасыншы жылдардағы өлеңдерімді алға тартты. Әркім өз жастығын, өзінің ақындық бейнесін ұнатады, ал ақын ғұмыры өмір мен творчествоның әрбір тұсына байланысты қиын да ауыр. Жазушының кім екенін түсіну үшін шыдамдылық пен көрегендік қажет, бәрін, ең аяғы хатына дейін оқып, пікір қорыту керек», – деген ойымен астасып жатыр. Ылайым, көмбенің астында қалған қазына көп болғай. Ал, Қалеке, әңгіме арқауы, қазақ поэмасының қазіргі толғақты мәселесіне ауысып келеді. Бүгінгі таңдағы поэ-зияның даму дәстүрінде, формалық құбылуларында, композициялық құрылы-мында жаңадан қылаң берген не қалыптасқан ағым ретінде нышан танытқан ерекшелік аңғарыла ма. Сіздің ойыңызша одақтық көлемдегі поэманың жазылуы мен әлеуметтік астары, философиялық тұжырымы тұрғысынан алғанда қазақ поэмаларының өзіндік даму тенденциясы жағынан нендей сипатымен ерекшеленеді. Жалпы, жетпісінші жылдардағы қазақ поэмасының жай-күйі қалай және бұрынғы белестермен салыстырғанда басты-басты табыстар мен айтулы туындыларды саралап, олардың қандай қасиетімен туған әдебиетімізге үлес қосқанын тілге тиек етсеңіз. Сонымен қатар, жетпісінші жылдардағы поэма жанрының басты ерекшелігі, яғни, даму бағдары қай бағытта айшықтана көрінеді?..

Қ. Бекхожин: – Мұның барлығына-жауап қайыру және нақты дәлелдермен баяндап, тұжырымдау, әрине, бір пікір алысудың ауқымына симайды. Әдебиеттегі ағымдар жөнінде дара-дара диалог қажет. XX ғасырда поэзияның екпіні өзгерді. Оның саяси-әлеуметтік белсенділігі артты, кейде, ғылыми поэзия деп те жүргені сондықтан. Поэманың негізі – өлеңде. Демек, оның дастандық дүниеге әсер етпеуі, ішкі құрылымын өзгертпеуі мүмкін емес. Қазіргі қазақ өлеңі өзінің техникалық орындалу, формалық құбылту, мазмұндық тереңдігі, көп саздылығы жағынан кез-келген ұлттық әдебиетпен иық тірестіре алады. Демек, поэма да сондай дәрежеде. Орыс поэзиясының үздік үрдісі, соны ырғақты ықпалы қашанда жол нұсқап жандүниемізді, сол арқылы жырымызды байытып отыр. Әртарапқа ат ізін салмай, қысқаша айт-сақ, орыс поэзиясының әсері күшті. Соның жаңалығының сәулесін біз де аңғарамыз. Егор Исаев, Роберт Рождественский, Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Юрий Кузнецовтың биік пафосы әр дауысты, әлеуметтік үндері зор ақындардың поэмадағы ізденістері қазақ ақындарын да соны бір серпіліске жетеледі. Олардың соқпағын ғана қайталап қоймай, соны ұлттық санамызға сай жырлай білді. Әбу Сәрсенбаевтың «Соңғы гранаталар» атты поэмасынан сол нұрлы нышанды аңғарамыз. Бұл Егор Исаевтың «Ар үкімі» атты дастанының үлгісінде өмірге келген. Сонау сұрапыл жылдары қаза тапқан, тағдыры белгісіз әкенің рухы баласымен сырласады. Әсерлі монологтарында буырқаныс, тебіреніс, бүгінгі күнге сағыныш, өсиеті айшықты. Ақын поэманың кілтін, формасын тапқан. Алайда оқып отырғанда үнемі әке рухының менмұндалап көрінуі шынайылықтан ауытқитын сияқты.

Қарымды да алымды ақың Хамит Ерғалиевтің дастан жазудағы тәжірибесі де мол, жетістігі де мол. Оның «Құрманғазысы» хрестоматиялық туынды. Соңғы кезде «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Өлке шежіресінің өрнектері» атты дастаны да философиялық ой, толғауы басым толымды дүние. Ең бір елеулі оқиғаны қамтиды, басты кейіпкері – Қазақстан. Халық құдіретін шалқи, тебірене, кең тыныспен жырлаған. Эпикалық алымы үлкен Хамиттың «Жылдар, жылдары» – соңғы кездегі жаңалық. Бұл Александр Твардовскийдің «Қиырдан-қиырға» атты шығармасының лебі аңқыған, сондай өрелі өреге қол сермеген ойлы туынды. Бүгінгі заман, оның дүниелік ағымы, толғанысы, қуаныш-реніші, жер жүзілік бағалауы Жақсылықтың ойымен беріледі. Кейіпкер атының өзі символикалық об-разды аңғартады. Үлкен ауқымды, өткен заманға бүгіннің атынан, өзі соның көзқарасынан бағалайды. Жалпы Хамиттің шеберлігі шыңдалған, поэзияға, өлеңге жерік, тапқырлығы, соны мол. Ол өлеңге кіді ақын. Жаңа ырғаққа, тың теңеуге құштар, ізденгіш.



Т. Жұртбаев: – Қалеке, кешіріңіз, осы арада арда ақын Хамит Ерғалиевтің творчествосына қатысты бір сауал қойсам деп едім. «Құрманғазы» мен «Кобзарь» әр жүрекке жыр болып тұнып, жатталып қалды. «Кобзарьдағы» өлең ырғағы қазақ поззиясындағы соны құбылыс. Бүкіл поэманың сол екпінінен төмендемеуі ерекше таңдантады. Өкінішке орай, осы поэма үнемі назардан тыс қалады. Тек формалық ізденісінің өзі қазақ өлеңінің құрылымын зерттегендерге үлкен объект. «Жылдар, жыл-дардың» алғашқы дастанының шыққанына он бес жылдай уақыт өтті. Ақын-ның ұзақ зерттеген, тереңдеп үңіліп, кеңілін суытып, қайта қолға алғаны қуанышты. Әзірге, екінші дастанның үзінділері де үлкен поэзиялық тебіреністі танытады, Алайда, бір күдік еріксіз көкірекке орала береді. Алғашқы дастандағы Жақсылық сол кездегі оқиғаларды, халықаралық жағдайды, ел өміріндегі съезд шешімдерін толғайтын. Он жылдан соң тағы да бүгінгі күндегі шет ел өмірі, миллиард пұт астық сөз болады. Араға көп уақыт салып, ойды суыту шұбалаңқылыққа ұрындырмай ма?

Қ. Бекхожин: – Мен Хамиттың ақындық екпініне, өр рухына, алымына сенем. «Жылдар, жылдар» эпикалық тынысты, үлкен лиро-философиялық шешімін күткен шығарма. Ол – Хамиттің міндетті парызы. Ал...

Т. Жұртбаев: – Мен сіздің ойыңызды бөліп жібердім-ау деймін. Жалпы жетпісінші жылдардағы поэмадағы ерекшеліктердің негізгі бағыты туралы пікіріңізді жалғастырсаңыз.

Қ. Бекжожин: – Ендігі бір ерекшелік, сонау бір көне дәуірдегі оқиғаларды жырлай отырып, соны ой елегінен екшеп, өткен ғасырға үңіліп, халықтың арманын жеткізу. Мен бұл орайда біраз шығарма оқыдым, «Әппақнаманы» жазу барысында да көп үңілгем. Бұрын жастардың махаббатын, сенім-мұратын жырлаған «Танакөз» позмасынан кейін Мұхтар Шахановтың «Сейхундария» атты тарихи дастаны өткен күннің оқиғасынан маржан тереді. Мұнда сол ғасырдың рельефіне орай тіл жүйесін, баяндау тәсілін тапқан. Сонау қадым заманның адамдарын бүгінгі күндегі әдеби нормаға сәйкес берсе тіпті, күлкілі шығар еді. Ұят қой. Қаһарлы ханның халыққа әкелген азабы, Сейхундария өзенінің тағдыры өзек етілген. Канал қазудың тарихи, психологиялық желісін нанымды, байсалды бейнелеген. Поэмада ішкі үндестік анық сезіледі. Көне замандағы ғашықтар мен махаббат сезімі, ел тағдыры ақын көзімен қарағанда, соншама әсерлі. Әрине, Мұхтардың орынсыз балладалық оқиғаларға әуестігі, уақытпен қабыспайтын концепциялары да ұшырасады. Мен бұл арада «Сейхундарияны» шоқтықты поэманың қатарына қосып, асыра бағалаудан аулақпын. Тек жетпісінші жылдардағы поэма саласындағы ізденіс ағымдарының бірі – тарихи-философиялық ағым. Сол орайда мысал ретінде ұсынып отырмын.

Т. Жұртбаев: – Сіз, өте дәл аңғарыпсыз. Тарихи-философиялық поэманың жетпісінші жылдары бел алып, кеңінен жан-жақты суреттелгені анық. Бұл ниеттің, ізгі ізденістің астарында көп-көп мән бар. Мен тарихи-философиялық поэмалардың көркемдігі жағынан алғанда «Әппақнаманың» елеулі көрініс екендігін атағым келеді. Сондай-ақ көне тақырыпқа қалам тартқанда формалық ізденістерге де бой ұрған. Сәтті туындысымен қуандырған Жүсіп Қыдыровтың «Фарабидің тригонометриясы» атты әлқисса-дастанын, Несіпбек Айтовтың «Бассүйектер» атты монолог поэмасын назардан тыс қалдыруға болмайтыи сияқты. Жүсіп Қыдыровтың қарасөзбен араластыра баяндауы, батырлар жырының әлқисса деп басталатын түсіндірмесін еске салады. Алайда сол дәйектеме арқылы философиялық ойдың астарын ашады. «Бассүйектердегі» монологтардан бір заманда ғұмыр кешкен хан, құл, қарақшы, диқан, ана, жесір, баланың ішкі жандүниесі, психологиясы, әлеуметтік қайшылығы сәтті өрілген. Осы тарихи-философиялық поэмалардың ішкі мүмкіндіктері, оны игеру барысы қақында арнайы сөз қозғау қажет сияқты. Ол алдағы уақыттың еншісіне тиесілі...

Қ. Бекхожин: – Монологтар бүгінгі таңда модаға айналып, көкейдегі ойды берудің тәсілі ретінде жиі қолданылады, Бұл бүкіл совет поэзиясына тән. Аса көрнекті қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев өзінің «Монолоттар»; «Қыз бен солдат» атты поәмаларында бүкіл совет ақықдарының алдыңғы қатарында осы тәсілмен поэма, лиродрамалық туынды ұсынды... Ондағы азаматтық әуен, қарама-қайшы тағдырлар, ішкі жан тебіренісі, буржуазиялық дүниенің аласапыраны терең де ашулы бейнеленген. «Қыз бен солдаттағы» солдаттың:

Бұл қай шаһар дейсіздер ме?

Айтпаймын.

Қажеті не атын атап қаланың,

Ұясындай құжынаған араның

Мұнда да бар қайнап жатқан тіршілік

Береді біреу берерін,

Алады біреу аларын

Бір көшеден естисің –

Шырылдарын жаңа туған баланың,

Бір көшеден естисің —

Ыңыранған азалы күйін баланың, –



деген монологы бүкіл драмалық поэманың мақсатын ашады. Жаралы солдат, оның жүрегі жаралы. Қыз соғыстың зардабын шеккен. Бұл проблема әлі шешілген жоқ. Осы орайда пікірім шашыраңқы шықпас үшін Әбділда Тәжібаевтың поэмалары туралы қысқаша тоқталсам. Маған соңғы жылдары ерекше қатты ұнағаны «Ақын». Бұл нағыз қазақ қиссасының үлгісінде жырланған от тілді, көп өрнекті шығарма. Жамбылдың ақындық өмірі шабытпен жырланған. Мен бұл туындыны сюжеттік поэманың (біз, әр дастанды шартты түрде микрожанрға бөліп отырмыз ғой) ішіндегі іргелісі, Әбділда Тәжібаевтың бұдан басқа дастандары да монологка құрылран. Ол уақыт туралы сыр шертеді. Бірінші жақтан сөйлегі, ой алысады. Кейде балладалық сыпт та танытады. Кеңістік, заман тіпті, классикалық дәрежедегі монологтар бар. «Кешеден келдім бүгінге» т. б. Алайда осы монологқа тым қызықпау қажет сияқты. Әбекең кейде ұзақ созып жібереді, кейде диалогқа ұқсап кетеді. Ішкі сыр мен пікірдің табысуы монологтың үлкен мүмкіндігін аңғартуға тиісті.

Т. Жұртбаев: – Соңғы жылдары публицистикалық ой өресіне құрылған поэмалар көбейді. Сюжетті және сюжетсіз позма. Осы туралы сіздің пікіріңіз қандай? Жетпісінші жылдары осы екі бағытта жазылған үздік дастанды атасаңыз. Кейде «сюжетті поэманың заманы өткен, қазір еркін ой, философиялық толғау басым болуы тиіс», деген сөз айтылып жүр. Дәл осы төңіректегі пікір алмасу кезіңде Леонид Мартынов: «Менің ойымша, поэма белгілі бір қиялмен жазылған өлеңдердің, құрандысына ұқсамас үшін сюжетті болуы тиіс. Баяндау тәсілінің болуы міндетті емес, бірақ іштегі сюжетпен дамуы, ішкі сюжет болуы міндетті» деген еді...

Қ. Бекхожин: – Әрине, әдеби теориялық пікірталасының шешуші тұжырым, не соншалықты кезек күттірмейтін мәселелерден туындады деп бағалау артық. Дегенмен де, белгілі бір дәрежеде ізденіс, толысу, даму бақытын білдіретіні анық. Мен осы екі әдісті де қостаймын. Басты мәселе –ақынның рухани жақындығына қатысты. Әрбір суреткер өмірдегі құбылысты өзінше қабылдайды. Лирикалық поэмалардың арасынан ертеректе шыққан Жұбан Молдағалиевтың «Жыр туралы жырында» өнегелі өріске қосылады, ақын өз атынан баяндап, лирикалық бағдарға оқиға шешіміне төрелік жасайды. Хамиттың «Жылдар, жылдары» да осы лирикалық дүниеге жатады. Мен сюжетсіз, лирикалық үз-ік поэманың қатарына марқұм Мұқағали Мақатаевтын, «Дариға-жүрек» поэмасын қосамын. Мұндағы есілген еркін ұйқас, майда мұң, еркіндік, тіпті ақынның еркелігі де тұтаса өріліп, әдемі әсер қалдырады. Алғашқы жолынан бастап ілгері жетектей жөнеледі.

Т. Жұртбаев: – Қалеке; Мұқағали Мақатаевтың творчестволық үлкен өрісі өлең ғой. Алайда, оның өмірінің соңында жазған «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Реквием» атты поэмалары арналы философиялық тұжырыммен, өмірдің қат-қабат сырын, ситуациясын, жақсылық-жамандығын, үміт пен күдікті қатарластыра жырлайды. Денің ойымша «Дариға-жүрек». «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Реквием» – бұл үшеуі тек Мұқағалидың ғана творчестволық биік шыңы емес, қазақ поэмасының да шоқтығын көтерген маржан-дүние. Осы үш поэманың поэтикалық еркіндігі, философиялық тереңдігі архитектоникасы осы уақытқа дейін әдеби сыншылар қауымынан толық бағасын ала алмай келеді. Бір алапат дүниені басынан кешірер сәтте аңның өзін аяған ақын, шыдай алмай:

Мерген отыр жағада,

Ей, ақша бұлт,

Жаулығыңмен оларды жасыр барып, –

деп тебіренуі тамаша ғой. Сонымен қатар «Реквиемге» москвалық композиторлар музыка да шығарды. Ал, республика композиторлары назарына алмады. Екінші бір айтарымыз. «Өмір-өзен» жинағында «Реквиемнің» баспасөзде кең таралып кеткен «Жетімдер» атты бөлімі алынып тасталыпты. Әрине осы қалпымен де ұтылып тұрған жоқ. Бірақ, бұл әдеби мұраға жауапсыздықпен қарау емес пе?

Қ. Бекхожин: – Жалпы айтайын деген пікір, ойың дұрыс. Бәрі де орынды. Үш поэма халықтың жүрегінен берік орнықты. Осыдан артық құрмет бар ма? Бізде кейбір дарынды ақындарымыз тебірене, күңірене жазса, соған күдікпан үрке қарайтындар бар. Шындығында өлең тебіреністің көрінісі. Сондай сыңаржақ пікірлер Мұқағалидың өлеңіндегі монологын алуына жол берген. Ол, дұрыс емес. Поэзия, тебірену, сезім қопарылысы. Ақын жылатып та, күлдіріп те айтуға қақылы. Мәселе, поэзияда.

Ал оның теориялық қасиеттерін ашу жастар, мына сендердің парыздарың...



Т. Жұртбаев: – Оқиғамен өрілген дастан. Бұл тәсіл – қазақ поэзиясының дәстүрлі қасиеті. Арнайы әңгіме арқауына тұрарлық тақырып. Әр ақынның өзіндік үніне сай дастандарынан да өзіндік стилі анықталып тұрады. «Поэзия – жандүниенің жарық сәулелі құбылысы» – деп француздың азулы ақыны Пьер Жан Жув тегін айтпаған ғой. Поэмада сезім қопарылысы әлдеқайда кең, әсерлі, терең бейнеленуі тиіс.

Жетпісінші жылдардағы сюжетті поэмалар. Сіздің пікіріңіз қандай?



Қ. Бекхожин: – Бұл бір қазақ поэмаларының қатарын өзекті де өркенді туындалармен молайтқан, ақындардын жиі ат салысқан саласы. Әрине, шартты түрде сюжетті деп атасақ та, ондағы ойлар мен тақырыптар сан қилы, оған төселген, бауырын кең жазатын белгілі ақындардан бастап талапкерлерге дейін өз бағын сынап көрген. Жетпісінші жылдардың басында жарық көрген Ә. Тәжібаевтың «Ақын?, М. Әлімбаевтың «Естай-Қорлан», Т. Бердияровтың «Бар осындай партия», «Біржан сал», Ғафу Қайырбековтың «Жұлдызды тағдырлар» поэмалары әдебиетіміздің өскен белесін танытатын бедерлі туындылар. Орта буын, жас талапкерлерді қоссақ, жетпісінші жылдың жеміссіз емес екендігін аңғарамыз. Мен осы пікір алысу барысында да 50-ге тарта поэмамен таныстым. Олардың көркемдік дәрежелері де, көлемі де, тақырыбы да сан тарау. Бәрін айтып талдап шығамын деп айта алмай-мын. Сондықтан шартты түрде болса да тақырыпқа бөліп, жіктеп алсақ қайтеді?

Т. Жұртбаев: – Иә, сол дұрыс. Әрқайсысына бір назар аударсаңыз, пікіріңіздің шашыранды шығуы да мүмкін ғой.

Қ. Бекхожин: – Бұл орайда жүректі тебіреніске толтырып, шабыттың шалқарын тапытқан, сахараның дүбірлі дүркіреуін, ондағы адамдардың тағдырын, интернационалдық ынтымақты жеріне жете жырлаған елеулі дүние – Жұбан Молдағалиевтің «Қыран дала» атты поэмасы. Мен қазақ даласының өр рухын, ержүрек мейірімді жандарын үлкен тыныс, поэтикалық қуатпен суреттелген бұл дастанды поэзиямызға қосылған сүбелі үлес деп бағалаймын. Мұнда тың өңірі, белорус пен қазақ халқының арасындағы достықтың тамырын сонау тереңнен бастайды. Пимен қарттың толға-ныстары, сезім иірімдері қандай сырлы. Ешқандай да жасандылық жоқ. Оның өсиетінің өзінен гуманистік қасиет, ірілік, құрмет танылады. Тыңбайдың тыңға аттануы, оның бойындағы тәлім-тәрбие, өзінің әке-шешесінің туған-өлкесін сағынуы, ұлы дүбірді халықтық рухани серпіліс ретінде қабылдайды. Тыңбай қазақ даласына сонау Белоруссия жұртының қыраны ретінде ұшып келеді. Жұбанның өзіне тән еркін де ерке, серпілісті, сергек шумақтары желпіндіріп, еліктіріп отырады. «Қыран даланың» қарымы да, алымы да көңілді баурап соны бір әлемге жетелейді.

Еліміздің осы ұлы бір эпопеялық ерлік беті – тың. Осы тақырыпқа қалам тартып, көп еңбектенген ақын Ғафу Қайырбеков. Оның тың толқындары туралы тебіреністері шынайы, жүрек қылын шертеді. Өйткені, ақынның өзі тың түлегі. «Дала қоңырауы», «Большевик ауылы» оның үлкен эпиктік қасиетін танытты. «Жұлдызды тағдырлар» – Ғафудың соны белесі. Ғафудың өз кейіпкерін тауып, соны эпикалық рухпен әдемі өрнектеген. Онда еңбек адамының өмірі процентпен емес, жүрек қайырымымен, адамгершілік сипатымен өлшенеді. Шындығын айтуымыз керек, тың тақырыбын қазақ ақындары әлі де толыққанды игере алмай келеміз. Жұбанның «Қыран даласы» ғана алғы бір үлгі, шырқау тәрізді өлеңді өрнектей білетін Қайрат Жұмағалиевтің бір поэмасын оқып шықтым. Адам боранда үсиді, кейін аман-есен малды құтқарады. Осымен дастан тәмәм. Меніңше, дәл осы арада Қайрат тақырыптың мотивировкасын дөп баспаған. Әрине, төселген ақынға бұл да мін. Осы шопандық тірлікті тынысты жырлаған Мыңбай Рашевтың «Бастау» поэмасы. Еңбек адамдарын жырлау – үлкен құрмет те, міндет те. Соның күйініш-сүйініші ұмыт қалатыны, не жадағай суреттелетіні өкінішті. Бекен Әбдіразақовтың бес поэмасын оқыдым. Соның екеуі, ұнады. Поэ-мадағы ерекшелік – адам тағдырын жырлау, Оның құлақ күйін табу керек. Бұл ретте елес берген Б. Әбдіразақовтың «Қызыл құм», М. Рашевтің «Сәнияз» дастаны көңілден шығады. Сәнияз – дәрігер. Ол адам өмірін сақтау үшін қаншама қиналады. Жүрекке жақын бейне: Ақын дәрігердің бауырмалдығын, мейірімін әсерлі суреттеген. Мұнда тақырыптың шешімін, оның ыңғайын тапқан. Жанталасқан өмір көз алдына келеді. Басқа поэмадан өзгешелігі – детальды нақты қолданып, ойната білуінде.

«Қызыл құм» Бекен Әбдіразақовтың поэмаларының ішіндегі шынайы шыққаны екен. Қызыл құмның қып-қызыл маржан құмдары, қарт шопанның атынан берілген толғаныстар, баласымен арасындағы диалогтар жақсы шық-қан. Тек осыны оқып, қуанып қалдым. Сондай әсерлі дүниелерді дер кезінде көріп, бағалай білсек-ау. Ал, Бекеннің қалған поэмалары сенім жүгін, сезім сырын арқалай алмаған. Оқиға желісі сылбыр. Нүкеш Бәдіғұловтың «Алтын діңгек» поэмасы да осы ауыл өмірінің тынысын арқау еткен. Поэманың көлемі шағын. Жалпы маған жас ақынның досымен сырласа білуі, ашық әңгімесі, сөз арасында кейбір проблемалық пікір көтеруі, сезім жылылығы ұнады. Алайда үлкен қақтығыс кесек оқиға жоқ. Кейіпкер мінезі ұяң қалпынан ашылмайды. Алдағы уақытта, сөзсіз, ескеруі, қажет. Біз еңбек тақырыбын қанымызға толық сіңіріп үлгергеміз жоқ. Жетпісінші жылдардағы қазақ поэмасының бір кемістік тұсы осы. Өңдіріс тақырыбы тіпті ұмыт қалған.

Т. Жұртбаев: – Әрине, бүгінгі қазақ поэмасының ең осал тұсы өндіріс тақырыбы. Дегенмен де, барлау ретінде тақырыпты игеруге талпынған ізденістер де бар ғой. Мысалы, Жаппар Өмірбековтың «Ер туралы жеті жыр» атты көлемді туындысы мен жас ақын Жәркен Бөдешевтің «Жұлдызы жанған жігіт» атты шағын поэмасы. Соңғы ақын өндіріс орындарында токарь болып істеген. Сондықтанда болар, поэмасы нанымды, жатық шыққан. Қара үзіп шықпаса да өзіндік ізденістері, тың теңеулерімен айшықтанады.

Қ. Бекхожин: – Міне, бізге сондай өндірістің ыстық-суығымен араласып өскен ақындар қажет. Қалам ұстағандардың көбі – ауыл түлегі. Әлі де қала қанына толық сіңген жоқ. Белгілі ақын Жаппар Өмірбековтың «Ер туралы жеті жыр» атты дастанын оқыдым. Менің ойымша, ақын өмірлік дерек пен проценттің теңірегінде қалып қойған. Өйткені үнемі процент пен мәліметке жүгінеді. Бұл поэзияның қасиетін түсіреді. Әлі де, ізденіс қажет, ізденіс және поэзия!

Т. Жұртбаев: – Бүгінгі таңда азаматтық жоғары пафосты, публицистикалық, философиялық, поэмалар ақындардың негізгі тақырыптарының біріне айналды. Революциялық оқиғалар да жыр шумағымен өрнектелуде. Қажет те, күрделі әрі жауапты тақырып. Соңғы он жылда қандай жетістіктер мен олқылықтар орын алды. Тақырыбына сай байсалды дүниелер көп пе, әлде, ірі оқиғаның көлеңкесінде қалған дүниелер де кездесе ме?

Қ. Бекхожин: – Мен бұл саладағы поэмалардың арасынан және азаматтық тақырыпты азаматтық, ақындық арымен, шынайы сезіммен жазатын Тоқаш Бердияровтың «Бар осындай партия» атты өр, батыл да байсалды поэмасын әуелі атау парызым деп есептеймін. Мұнда фактілер де, деректік негіз де қатар өрілген. Алғыр ақын Тоқаштың тегеуріні – теңеуінде. Өлең драмасы да – өзіндік өрнегі. Ол ырғақпен, логикамен ұтады. Тақырыптан өлең, поэма жазбайды. Жүрегіндегі ақындық шабытты поэзияға арқау етеді. Сөз қолданысы образ бейнесі, тапқырлығы қуантады. Мысалы:

Бүгін де,

Ертең де әрқашан

Ильич, сен тірі!

Жолдас Ленин

Мен сені жырлаймын –

Ұлы революцияның эпицентрі

Уақыт – ұлы бір дүние

Ғасырың келмейді тобықтан...

Жер шары – балықшы,

Күндерді тарихта толғатқан.
Осындағы буын ырғақтарының өзі бірден баурап алады. Ал ақынның батылдығы қандай. «Оқ пен гүл», «Ескі паровоз» да соны бір леп ескен туынды. Мен Тоқаштың космонавтар туралы толғауын да сүйініп оқыдым. Оның теңеулері тосын. Бір кезде Мұхтар Әуезовтың да назарын аударған. Реті келгенде айтайын, осы Тоқаш «Біржан сал» поэмасын шығара алмаған. Оған әуелі Тоқаштың ақындық баяндау стилі келмейді, екінші қолданған формасы қол байлап тұр. Біржанның сырын шерту үшін қара өлеңмен төгілуі керек шумақтар. Бұл, Ақан, тағы басқа халық өнерінің өкілдері образының сомдалуына кедергі жасайды.

Содан кейін Ленин образын көркем тілмен бейнелеуде шеберлікпен қоса, тапқырлық, ізденгіштік қажет. В. Маяковскийдің «В. И. Ленин» атты поэмасынан соң бұл бағытқа байқап, үлкендікпен келу керек. Нұтфолла Шакеновтың «Сахина» дастанының ұтып тұрғаны – бір ғана сәтті сыршылдықпен жырлай білуінде. Ұлы көсемнің үйлену тойында достары қарапайым жезден неке сақинасын соғады. Бұл – адал махаббатың, достардың сенімінің белгісі. Бекен Әбдіразақовтың «Жұлдызды түндер» поэмасы да сәтті дүние. Бекен үйлесімді ырғақпен Лениннің және оның зайыбының сұлу әлем дүниесіне адамгершілікпен, назбен қарап, сырласуын-да. Ал Көкімбек Салықовтың «Маняша» атты дастаны маған онша ұнамады. Жаттанды оқиға. Бұл ақынның «Че-че-вара» сияқты сәтті туындыны жазғанын ескерсек, тақырыпты толық игермеген. Өмірбаяндық штрихтың деңгейінен алынған. Осы Лениниана тақырыбына көп барып еңбектенген Әубәкір Нілібаев. Оның саяси лирикаға, поэмаға бейімі бар. «Интернационал». «Мәңгілік», «Болашақ осылай басталған» атты триптих-поэмалары ақынның осы бағытта көп тер төккенін аңғартады. «Болашақ осы-лай басталған» – бұл көсемнің әкесінің, ағасының және өзінің жас-шағын қамтыған көлемді туынды. Әубәкір Нілібаевтың ізденісі жемісті. Ақындық қуатының бар мүмкіндігін жұмсаған, елеулі де ерекше бір қолтаңбаны байқатады. Революциялық тақырыпты игеруде Балғабек Қыдырбекұлының «Жетім бала» атты дастаны назарды өзіне аударады. Фурмановтың жетім балаға көмегі, қамқорлығы суреттелген.



Т. Жұртбаев: – Тақырып және талғам. Поэма – көркем шығарма. Кейбір шығармаларда оқиға да, шешім де бәрі де тақырып талабына сай келеді. Ал, поэтикалық қуаты...

Қ. Бекхожин: – Түсініп отырмын. Мүмкін мен қате пікір білдіріп отырған шығармын. Бірақ творчество адамының өсу, даму сатысын естен шығармау лазым. Егер профессионал ақын болса, басқаша пікір білдіруге де болар. Мен Рахметолла Нұрпейісовтың да поэмаларын осы тұрғыдан сәтті шыққан деп бағалаймын. Үнемі поэзияның тірлігін кешпеген соң селкеуліктер кездеседі. Оны кемшілік емес, азаматтық парыз тұрғысынан бағалаған дұрыс.

Т. Жұртбаев: – Қалеке, халықтық эпостық жырлардың негізгі идеясы –патриоттық сезім. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызынан» кейін, ерлік дастандары да молайды. Қазір орыс поэзиясында осындай тіркес қалыптасты. Қазақ поэмалары да бұл ретте кенжелеп қалған жоқ. Ұлы Отан соғысындағы қаһармандардың келбеті, рухы қал-қадерінше көрініс табуда. Тыл өмірі де мол қамтылды. Бұл ретте деректі поэмалар қақында пікір қозғасаңыз?

Қ. Бекхожин: – «Ерлік дастаны» жалпы тауып қойылған ат. Ол күндері, ол бір сұрапыл жылдарды, жүрекке түскен сызат жараны ешкім де ұмытпайды. Қазақ поэмаларының үздік дүниелері де бар. Тек қана Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы Мұзафар Әлімбаевтың «Ту тіккен», Әбіраш Жәмішевтың «Батыр сөйлеп тұр» атты дастандары дүниеге келді. Кейіпкер біреу. Көркемдік шешім, концепция, оқиға – басқаша. Екі ақын да шынайы жырлаған. Әбіраштің «Армансыз балалығы» да соғыс кезіндегі ауыл өмірін тілге тиек еткен. Тәуір дүние. Тек Әбірашқа бір ескертер жәйт. «Уақыт үкімі» деген поэмасының оқиғасы дастанға келмейді. Тым ұсақ. Содан кейін адамдардың арасында қарым-қатынаста бұлдырлық бар. Басшының көрсеқызарлығы, жігіттің шектен тыс бишаралығы, әйелдің мінезі жасанды. Мұндай ұсақшылдықтан автор ұтпайды, қайта ұтылады.

Тыл өмірінің сан қилы көрінісін, ауылдағы жесір әйелдердің, ұлын күткен, аналардың, баласын зарыға тосқан шалдардың, бүлдіршіндердің жүрегіне тұнған сағынышы талантты, ақын Тұманбай Молдағалиевтың «Хаттар, хаттар» атты поэмалар жинағында барынша көркем, сезім қылын шерте баяндалады. Өлеңдері сияқты Тұманбайдың дастандары да сыршыл. «Хаттар, хаттар» поэмасының сюжеті, поэтикалық лебі, бұл махаббат «Жәмиланың» оқиға желісін еске түсіреді. Әсем де әдемі туынды. Шырайлы шумақтар да шымыр, шыншыл. Жеңгесі үйден мәңгілік кеткенде оған кектенуі, жек көруі, ес біле келе сағынуы, өз қателігін түсінуі табиғи:

Баланың балғын жүрегі,

Батырдың теңіз түсіне.

Сағынам сені үнемі,

Ақ қанат алыс дүние

Арада қанша жыл өтті

Жыл деген, емші, құдірет

Өзіңді сүйген жүректі,

Аясаң еді бір рет, –

деп жеңіл сағынышпен еске алуы жарасымды. Ақындық еркелік, наз бар. Менің ойымша Тұманбайдың бауырын кең жазып, сезімді егілте де, тебіренте жырлаған туындысы – «Аманат». Мұнда серілік те, өмірге құштарлық та, тіпті, әкесінің тағдырына назаланған бала көңілдің:
Жатпады нелер көңілде,

Жаныңды жылап жеді ғой,

Менің де мынау өмірге,

Келуім керек еді ғой.


Талады-ау, тағдыр аямай,

Жегідей сені жеді ой,

Менің де басқа баладай,

Жылауым керек еді ғой, –

деп бір жағы мұңайып, бір жағы өзін-өзі жұбатуы лирикалық кейіпкердің жандүниесін кеңінен ашады. Әрине, Тұманбайдың техникалық ақаулығы, сюжет құрудағы селкеулігі жоқ. Бұл – үлкен жетістік. Сол табысты поэмаларындағы кейіпкерлердің ұқсастығы сәл де болса әлсіретіп жібереді. Әже, жесір жеңге, қария, бала. Қайталау. Бұдан бір сарындылық та қылаң береді. Азамат соғысының ардагері Ахметжан Шымболатов жөніндегі «Ескерткіш» дастанында «тұтығып» қалады. Деректен аспау, өмірбаянмен шектелу кез-келген ақынга тұсау. Көркем шығармаға, оның ішінде поэмаға кеңістік, еркін қиял, шамырқанған шабыт қажет.

Осы пікірімді дәлелдеу үшін тағы да бірер мысал келтірейін. Поэзияға кең құлаш сермемей, белгілі деректің деңгейінде қалу сәтсіздікке ұрындырады. Мыңбай Рашевтің «Ерлік дастаны» – Мәлік Ғабдуллин жөнінде. Ашығын айтсақ көркем дүние дәрежесіне жетпеген. Барлық штрихтар жадағай оқиғаға, жалаң баяндауға негізделген. Соғыстың да өз романтикасы, серпілісі бар, құдіретті күштің рухы суреттелуі тиіс. Көркем қиялсыз, поэтикалық қуатсыз көркем дүние шықпайды. Шығыстың қос шынары – Әлия мен Мәншүкке әлі де қарыздармыз. Олар туралы ірілі-ұсақты 4-5 поэма жазылды. Бірақ ешқайсысында да олардың толық бейнесі қанағ-танарлықтай биікке жетпеді. Сағи Жиенбаевтың «Әлиясында» батыр қыздың ерлік жолы сыршыл шертілген. Хаттар мен күнделіктің өлең шумағына түсуі, ырғақтың ирімдері ықылас қоярлық. Бірақ, Сағидың күшті философиялық тебіреністі тілейтін тұста, кілт үзген. Сыршыл ақынның тағы бір қайта оралуы тиіс. Мәншүктің өмірі – драмалық поэтикалық өмір. Мен оны бойжеткен кезінде көргемін. Білемін де. Еркебұлан, тентектеу қыз еді. Оның ерлігінің нәрі, соғысқа баруының себебі, психологиялық буырқанысы әке-шешесінің өмірімен сабақтас. Сондай поэзиялық оқиғалар әлі де жетпейді. Психологиялық тебіреніс – поэзияның кілті. Осы арада Нұркен Әбдіров туралы «Найзағай» атты поэманы атағым келеді. Несіпбектің поэмасы әрі көркем. Поэзиялық қуат, тіл бар. Ой қиялы, тебіреніс сюжет болмысы айшықты. Жас ақын әсемпаздыққа, әсерлікке құмар. Поэзияның басты қасиеті – метафора, теңеу. Қаншама ірі оқиғаны жырлама, аллегориясыз, сыр серпіліссіз болса дарынның қыры ашылмайды. Тапқырлық, батылдық – поэзияның қанаты.



Т. Жұртбаев: – Қалеке, жоғарыда поэмаларды шартты түрде болса да тақырыпқа бөле талдадық. Соңғы жылдары тың туралы 10-15 поэма дүниеге келді. Жеңістің отыз бес жылдығы қарсаңында баспасөз беттерінде он бір поэма жарық көрді. Сіз, поэмадағы ақындық ұшқырлықты қалай бағалайсыз.

Роберт Деснос «Тақырып та, ағым да өзгереді. Сондай-ақ заманға сай айтылуға тиісті құбылыстар да болады. Ол дәл қазіргілік, уақытша ғана сипат алуы мүмкін, соған қарамастан осы сәтте соны жеткізіп үлгеру керек» – дейді. Ұшқырлық, тақырып таңдаушылық ақынға мұрат па? Поэзия үшін көлемді, не шағын жазылуы шарт па?



Қ. Бекхожин: – Өлең – өлең, поэма – поэма. Оның әрқайсысына қойылатын талап басқа. Дастан – кейіпкерлердің психологиялық қақтығыстары арқылы дамиды. Көлем – көркемдік өлшем емес. Қысқа дүниеге де мол мағына сияды. Соңғы уақытта поэзиядағы прозаизм сыпаты етек алып барады. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Қазіргі поэзиядағы бұл дерт деректі тақырыпты бойына сіңірмей, көркемдік шешім, конфликт, поэтикалық тіл кестесін таппай жырлаудың әсерінен туыңдап отыр. Әлеуметтік заказ. Актуальды тақырып. Ақынның азаматтығы. Бұл үшеуі қатар тұруы тиіс. Суреткер өз шығармасының әйтеуір жарық көруін ойламауы тиіс. Әуелі көркемдік деңгейден шыққаны лазым. Қазіргі күн тақырыбын жазу қажет. Бірақ сөз қуу, жол қуу, кәсіпқойшылыққа айналдыру – ұят. Қазір романның өзін қысқа жазып, техникалық прогресс адамының талабына сәйкестендіру керек деген пікір қылаң беріп жүр. Поэма алтын сақадай үйіріліп түссе ғой. Шопан өмірінен суреттейтін Аманжол Шамкеновтың жайлау туралы роман-триптихы, менің ойымша, тым шұбалаңқы, соншама созатын ірі оқиға, күрделі қақтығыс жоқ той-думан. Махаббат. Төлді мол алудың сыры. Романға жол тартатындай негізді байқамадым. Тұрсынзада Есімжанов та бір ауданның тіршілігінен өлеңмен роман жазыпты. Поэзиялық қуаты мені қанағаттандырмады. Колхоз өмірінің көрінісін тізу, баяндау, схематизмге ұрыну, қарабайырлық басым. Тұрсанзадаға ескерттік. Ол соны, машық көріп, бас тартқысы келмейді. Біз де поэма жаздық. Алайда 3 мың жолдан асқан емес. Жалпы, тақырыпты желеу етіп, науқандық дүние жазып, соны өткізіп қалуға ұмтылу тенденциясын қостамаймыз. Ақынға ұшқырлық жарасса да ұшқарылық мін.

Т. Жұртбаев: – Айтпақшы, Тұрсынзаданың шап-шағын «Серіккөл» атты поэмасын оқыдым. Қыран тағдыры суреттеледі. Алымды туынды. Соны серпін, тың тыныс бар. Иесі өлген қыранның күйін бейнелегенде:

Ажал да түбі бірге туысыңдай,

Өлген соң алатұғын тынысыңдай

Зираттар мәңгі бақи ашылмайтын,

Тарс жұмған жер-Ананың уысындай, –

деп, аллегориялық асқақтық танытады. Ақынның поэма жазудағы, игерудегі жетістігін де осы ретте ашып айтқан дұрыс-ау.



Қ. Бекхожин: – Әрине, Тұрсынзада алымды ақын. Поэзиясын жоғары бағалаймын. Бұл арада оның «Туған аудан» атты романын ғана айтып отырмын. Сен еске дұрыс салдың. Әділбек Абайділдановтың қыран туралы дастаны да өте бір өрнекті, әлеуметтік астарлы туынды. Бұл ақын да үнемі сын көзіне, екі мағынасында да қолданып отырмын, ілікпей жүр.

Т. Жұртбаев: – Поэмадағы формалық құбылту қажет пе, жоқ, шарттылыққа ұрындыра ма? Мысалы Жүсіп Қыдыровтың «Гүлхайыр» атты поэмасында монолог, ауыз екі сөз, іле теледидардағы информация араласып отырады. Кейде өлең жолдары қара сөзбен баяндалады.

Қ. Бекхожин: – Форма – ойыңды неғұрлым нақты, әсерлі жеткізудің тиімді құралы. Ол автордың тапқырлығына, соны меңгеруіне байланысты. Көркемдік шешімге қандай әсері бар, ойды ашып тұр ма? Егер діттеген мақсаттан шықса – формалық құбылту өзін-өзі толық ақтайды. Соңғы жылдары осындай талпыныстар жиі байқалады. Сөйлемді, шумақты ойнату келісті. Ал, ол мақсат үдесінен шықпаса ше? Еркеш Ибраһим талантты ақын. Оның ертеректе жазған дастандарын, өлеңдерін сүйсініп оқып едім.

Алайда «Қызыл генералдар» атты поэмасында сәтсіздікке ұрынған, форманы желеу етіп, мазмұннан айрылған. Қызыл генералдар бейнесі шықпаған. Ретсіз қолданса, форма да, әдіс те өзін-өзі ақтамайды. Мысалы:

Бірі – қызыл,

Бірі – аққа,

Бірі – бұғау,

Бірі – баққа,

Бірі – аштар,

Бірі – тоққа

Бірі — датқа

Мінген атқа,

Түскен отқа

Кеуделерін

Тосқан оққа

Шабуылда,

Шабуылда,

Біздің қызыл генералдар!

Қараңызшы, құралған сөз тізбектері. Айтар ойын форма тұсап тұр. Карбышевтің бейнесі де солғын. Ол – ерліктің үлгісі, Лермонтовтың «Демоны» тәрізді қаһарман ғой. Міне, әсіреқызылдылық кейде етектен тартады. Фокус жасаудың қажеті жоқ.

Т. Жұртбаев: – Қалеке, жетпісінші жылдардағы әдебиет табалдырығын
аттаған жастардың арасынан поэманың тынысын меңгерген ақын інілеріңіз туралы не айтар едіңіз? Болашақтағы поэмалардың даму тенденциясы қалай болады?

Қ. Бекхожин: – Кейінгі жас ақындардың теориялық дайындығы мол. Бүгінгі поэзияның тынысын еркін сезінеді. Біз, жасыратыны жоқ, сюжеттік желісті ұнатамыз. Кейбір кейінгі толқынға қарап отырып, формалық ізденісті желеу етіп әсіре қызылдыққа, ұғымсыздыққа ұрынатынын байқаймыз. Жеңіл шапанды айқара жапқанмен оның ішкі салмағын ұмытпаған абзал. Поэмада қатал шарт жоқ. Оқиғадан, ойдан өрбиді. Жаттандылықтан сақтану қажет. Білгішсіну басым тәрізді, әр адамның өз ойы бар. Соны ашқан лазым. Жұрттың барлығы бірдей емес. Ойдың өзінен образдың сыпаты аңғарылады. Орыс поэзиясының ықпалы зор. Содан кең философиялық өрісті, өткір пікірді, батылдықты қысқа тұжырымдап айтуды үйрену керек-ақ. Жастар туралы пікір алдағы уақытта толығынан айтылар. Мен екі-үш ақынның қолтаңбасын ұнаттым. Несіпбек туралы тоқталып жатпаймын, Асқар Егеубаевтың «Қыран ғұмыры» лирикалық, философиялық туынды. Ұлы жазушы – Мұхтар Әуезов өмірінің бір сәтін сәтті штрихпен дәл ашқан. Нақтылығы, ой сабырлығы көңіліме қонды. Шөмішбай Сариевтің «Ұлылық» атты дастанында еркін ой, публицистикалық әуен, астарлы мағына, шабытты шарықтау бар. Қазақстанның тарихы жөніндегі хроникасы, жалпы дұрыс, бірақ тым шарттылыққа ұрынған.

Поэманың болашақ даму тенденциясын нақты көрсету қиын. Тек бір ізбен жүрмей, даралыққа, интеллектуалды ой-жүйемен биік мәдениетке ұмтылған дүниелер күтемін. Фольклорлық дәстүр ескірді. Лирикалық, философиялық пафоспен, публицистикалық ағым басымдық алар деген ойдамын. Бұл, әрине, жеке өз пікірім. Осы орайда, сенің өз ойың қандай?



Т. Жұртбаев: – Әрине, жастардың арасында тек қана эпикалык, жанр-поэмамен творчестволық ізденісі айшықтанған жеке дара талапкер жоқ сияқты. Бірақ, ойлы, салмақты пікір айта алатын жастар бар. Дәуітәлі Стамбековтың «Революцияға рахмет» атты публицистикалық поэмасының беташар жолындағы:

Революцияны жырлаймын

жанымменен,

Арымменен,

Қанымменең,

Барымменен,

Жүрегімді беремін,

Миымды да,

Жырымды да, беремін

Бәрін берем, –



деп ағынан, арындай сөйлеуі, оның ізденісін байқатады. Иранбек Оразбаевтің өлеңдегі жолы да күрделі. Мамандығы – инженер. Ол формалық құбылтуға ден қояды. Алғашқы сюжетті поэмалары сәтсіз шыққанмен де «Шал мен шырын» дастаны ширақ, философиялық астары терең. Ол өзінің баяндау формасын іздеп жүрген, қолтаңбасын анықтаған ақын. Сондай-ақ Исраил Сапарбаевтың «Раушанғұмыр», Кеңшілік Мырзабековтың революциялық балладалары өзіндік ерекшелігімен дараланады. Ал, Қалеке, сөз соңында өзіңізге бір сауал қоюға рұқсат етіңіз. Сіз, қырық жылдан бері поэма жанрына белсене араласын келесіз. Тарихи тақырыпқа да, бүгінгі күн өміріне де үн қостыңыз. Творчестволық лабораторияңыздың сыр сандығын ашсаңыз. Поэма жазуға қандай себептер әсер етті

Қ. Бекхожин: – Мұның да дұрыс сауал екен. «Ақсақ құлан» аңызын бала кезімнен естіп, іштей тебіреніп, ойымды баурай беретін. Маған Ілиястың «Құлагері» қатты әсер етті. 1939 жылы жаздым. Кейін кайта оралып, өңдедім. Бұл – дастандық дәстүрдің ізін қуалайтын туынды. Мені тебірендірген – аңыздың халықтығы. Қылышынан қан тамған Жошы ханның өзі күйге, өнерге сол арқылы халыққа табынады. Бас иеді. «Мариям Жагорқызы да» халық аузындағы әннен, аңыздан туындады. Ондағы ән құдірет мені баурап алып, серпіліске жетеледі. Соңғы бір табысым «Әппақнама». Шығыстың ұлы ақыны Низамидің жары – Әппақ қыпшақ қызы. Өлеңдерінің әр жерінде «Менің Әппағымдай, сүйкімдім», – деп тебіреніп отырады. Ұлы ақын дала қызына ғашық. Ол – өзі қызметші қыз. Соны Низами ханның алдына барып, рұқсатын сұрап, өмірлік жар еткен. Деректерді іздестіру барысында төрт рет Бакуге бардым. Шығыс поэзиясымен қаныға танысып, зерттедім. Ойлана келіп Низамидің өз өлең өрнегімен жаздым. Сол арқылы өткен тарихқа көз салып, ой түюді мақсат тұттым. Қазір, «Қорқытпен тілдесу» атты драмалық-трагедиялық сипаттағы дастанымды аяқтап қалдым. Тағы да тереңдетіп, үлкен философиялық астармен оқушы жүрегіне жеткізгім келеді. Қорқыт – бүкіл адамзаттың арман-мүддесін жоқтаған, тыныш дүние іздеген, жауыздықтан, алдау-арбаудан безінген, зұлымдыққа өлімге қарсы күрескен күрделі тұлға. Мен, осы бір қарама-қайшылықтарды траго-драмалық сыпатта шешкім келеді. Т.Жұртбаев: – Қалеке, әңгімеңізге, байсалды пікіріңізге рахмет.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет