Кәсіпорындағы ақша ағымдарын басқару жүйесі



Дата03.05.2016
өлшемі33.61 Kb.
Кәсіпорындағы ақша ағымдарын басқару жүйесі
Кәсіпорынның қызметі ақша қозғалысымен тығыз байланысты. Кәсіпорында болатын шаруашылық операциялар ақшаның шығындалуын немесе ақшаның түсімін жүзеге асырады. Уақыт бойынша ақша қозғалысының үздіксіз үрдісі ақша ағымы болып табылады.Кәсіпорынның ақша ағымдарының көлемін кәсіпорынның табысымен салыстырады. Табыс кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің абсолютті көрсеткіші және кәсіпорынның өмір сүруінің қайнар көзі болып табылады.

Табыстың өсу қарқындарының артуы қызметтің өзін өзі қаржыландыруы үшін, кенейтілген қайта өндіріс үшін және әлеуметтік пен материалдық қажеттіліктерді қамту үшін қаржылық жағдай жасайды. Табыс арқылы бюджет, банктер, басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелер орындалады.

Ақша ағымдарының шамасы мен алынған табыс сомасының арасындағы айырмашылықтар бар:

1) анықталған кезең ағымындағы есептік ақшалай және ақшалай емес табыстарды табыс білдіреді, бұл нақты ақшаның түсуімен сәйкес келмейді;

2) табысты есептеген кезде өнім өндірісінің шығындары оларды төлем кезінде емес, ал оны өткізуден кейін мойындалады;

3) жалпы табысты есептеген кезде ескерілмейтін ақша қозғалысын ақша ағымы бейнелейді: амортизация, күрделі шығындар, салықтар, айыппұлдар, қарыздық төлемдер, қарыздың таза сомасы, қарызға алынған және авансталған қаржылар;

4) ақша қаражатының бар болуы ешқандай табыс әкелмейді, баға деңгейі өскен кезде ақша сатып алу қабілеттілігін біртіндеп жоғалтады. Бірақ осы жағдайларға қарамастан осы аса өтімді активтер тәуекелдің максималды төмен болуын қамтиды.

Шаруашылық қызмет нәтижесінде алынатын қаржылардың нақты қайнар көзі болып өткізу үрдісі табылады, бұнда алынған таза табыс аса өтімді активтердің түсімін, яғни ақшалай қаржылар мен дебиторлық қарызды көбейтеді.

Инфляция мен дағдарыс кезінде кәсіпорынның ақша ағымдарымен басқару басқару жүйесінің өзектілігі өсуде, сондықтан ақша ағымдарымен басқару жасау қажет. Осындай жүйені жасаудың негізгі мақсаты – ағымдағы кезеңде және келешекте кәсіпорын қызметінің максималды тиімділігін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қызмет ету үрдісінде келесі сұрақтарға объективті жуап алу керек:

1) қандай көлемде және қандай қайнар көзден ақша қаражаты алынды және оны шығындаудың негізгі бағыттары қандай;

2) ағымдағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын ақша қаражаты түсімінің шығындау көлемінен арту сомасын қамтамасыз ете алады ма және осындай арту тұрақты болады ма;

3) өзінің ағымдағы міндеттемелері бойынша кәсіпорын есеп айырыса алады ма;

4) алынған табыс сомасы кәсіпорынның ақша қаражатындағы ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ете алады ма;

5) инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін жеке меншік қаржылары жеткілікті ме;

6) алынған табыс сомасы мен ақшалай қаржылар көлемінің арасындағы айырмашылықтың себебі қандай.

Ақша ағымдарын басқару жүйесінің негізгі мақсаттары:

1) қаржылық-шаруашылық қызметтің қажеттіліктеріне сәйкес ақша ресурстарының жеткілікті көлемін қалыптастыру;

2) қызметтің барлық түрлері және пайдалану бағыттары бойынша қалыптасқан ақша ресурстары көлемін таратуды талдау және оңтайландыру;

3) қызмет ету үрдісінде кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

4) ағымдағы төлем қабілеттілігінің қажетті деңгейін сақтау және ұзақ мерзімді перспективадағы төлем қабілеттіліктің деңгейін арттыру;

5) қаржыландырудың ішкі қайнар көздері есебінен экономикалық дамудың қарқындарын жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын таза ақшалай ағымның көлемін максимизациялау.

Басқару жүйесінің негізгі элементтері: ақша қозғалысының есебі мен талдауы; қызметтің барлық түрлері бойынша ақша ағымдарын талдау; ақша қаражатының бюджетін жасау. Ақша қаражаты қозғалысын талдаудың ақпараттық негізі: бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп. Ақша қозғалысы туралы есеп қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Осы есептілікте есептік кезеңнің басына және аяғына ақша қаражатының қалдықтары туралы, кәсіпорынның ағымдағы, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражатының бағыттары туралы ақпарат орналасқан. Есептіліктің әрбір жеке бөлігі келесі қағида бойынша жасалған: алдымен ақшалай қаражаттың түсімін сипаттайтын барлық көрсеткіштер, ал сонан кейін ақшалай қаражаттың барлық шығындалуын сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі. Әрбір бөлімнің соңында қызметтің түрі бойынша таза ақшалай ағым көрсетіледі. Таза ақшалай ағым – бұл түскен және шығындалған ақшалай ағымдардың арасындағы айырмашылық.



Кәсіпорынның қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша тік, көлденең, трендтік, факторлық талдау жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша ақша ағымдарының динамикасын, ақша ағымдарының құрылымын, ақша ағымдарының өзгеру тенденцияларын анықтауға болады. Сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы төлемдік қабілеттілігін бақылауға болады, ақша ағымдарын басқару бойынша оперативті шешімдер қабылдауға болады, қаржылық нәтижелер мен ақша қаражатының арасындағы өзгерулердің себептерін анықтауға болады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет