«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер»



жүктеу 0.95 Mb.
бет10/11
Дата30.04.2016
өлшемі0.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Begin


If OpenPictureDialog1.Execute then begin

Table2.Edit;

DBImage1.Picture.LoadFromFile(OpenPictureDialog1.FileName);

Table1.Post;

End;
Кестелер арасында байланыс орнату
Мысалмен қарастырамыз. «Тауарлар» (3-кесте), «Тапсырыстар» (1-кесте) кестелері торкөз түрінде шығарылған болсын.

  1. Қалыпқа Table3 компонентін орналастырамыз. Table3-ң қасиеттерін көрсетеміз:

  1. Name - “LinkedTable” деп атайық.

  2. DataBaseName - Firma1 болады.

  3. TableName - Order.db болады.

  1. “Тапсырысдар” және “Тауарлар” кестелері арасында байланыс орнатамыз:

  1. Active – False ltqv3p

  2. Жоғарғы мәзірдің Tools - DeskTop командасымен Оrder.db тәуелді кестені ашамыз.

  3. Осы кесте үшін басшы өрісті индекстейміз. Индекстеу кезінде жазулар алфавит бойынша орналасады: Table – Restructure командасын орындаймыз.

  4. Пайда болған терезедегі Table Properties қасиетіндегі ашылатын тізімнен индекстелетін басшы өрісті көрсетеміз, ол WaresNum болсын. Оған SecondaryIndexes деп қоямыз.

  5. Define батырмасын басамыз, сонда мәліметтер қорында бар өрістер тізімі шығады, бзге қажеті WaresNum деп көрсетіп Indexed Fields – инддекстелетін өрістер тізіміне енгіземіз де OK батырмасын басамыз.

  6. Пайда болған терезеде индекстелген файл атауын WaresNumIndex деп жазып OK , сосын Save батырмаларын басамыз.

  7. Desktop кестесін, Desktop терезесін жабамыз.

  1. Тәуелді кестенің қасиеттерін көрсетеміз: Ол үшін қалыптағы Table3 компонентін белгілейміз де:

  1. MasterSource - DataSource1 деп, негізгі кестемен байланыстырылатын звеноны көрсетеді.

  2. IndexName – WaresNumIndex деп қолданылатын индексті көрсетеміз.

  3. MasterFields қасиетінде байланыстырылатын өрістер тізімі көрсетілуі керек, ол үшін “…” батырмасын басамыз. Пайда болған терезедегі DetailFields тізімінде WaresNum жолын, MasterFields тізімінде WaresID жолын көрсетіп ADD, сосын OK батырмаларын басамыз.

  4. Барлық кестелердің Active қасиетін True деп қоямыз.

  1. Қалыпқа TDBGrid3, DataSource3 компоненттерін орналастырамыз.

  1. DataSource3 компонентінің DataSet қасиетін LinkedSouce деп береміз.

  2. TDBGrid3 компонентінің DataSource қасиетін DataSourse3 деп береміз.

  1. Құрылған қосымшаны орындау үшін F9 пернесін басамыз. Нәтиженің орындалуын бақылаймыз.

Тапсырмалар:

  1. Вариантыңыз бойынша құрған деректер базасына қатысты қалып пен база арасында байланыс орнатыңыз.

  2. Әр компоненттің қасиетін анықтаңыз.

  3. Құрылған кестелерді экранға шығаруды ұйымдастырыңыз.

  4. Деректерді торкөз түрінде шығаруды орындаңы.

  5. Деректерді басқа да түрмен экранға шығаруды ұйымдастырыңыз.

  6. Қосымшада келтірілген деректер базаларын құрыңыздар.

  7. Өз беттеріңізбен қосымшада келтірілген “Клиенттер” және “Тапсырыстар” кестелерін байланыстырыңыздар.

3 – зертханалық жұмыс.



«Есептелінетін өрістер» (2 сағ.).
Мәліметтер қорында өріс ретінде табылмаған, бірақ қолданылуы өрістер сияқты қосымша өрістер бар оларды есептелінетін өрістер дейді. Атауы айтып тұрғандай бұл өрістер мәліметтер қорындағы қандай да бір деректерді қолданып белгілі бір есептеуді орындап, нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Есептелінетін өрістер мәліметтер қорынан тыс құрылады және оны кестеде қолдануға болады. Кестеге жаңа есептелінетін өріс қосу немесе тіркеу керек болсын. Кестенің өрістер тізіміне атауы CalcField типі String (FieldType жолында типті көрсетеміз), варианты Calculated болатын жаңа өріс қосамыз. Осыдан кейін кесте үшін OnCalcFields оқиғасына программалық код жазылады.

Мысал: «Client.db» кестесінде «Клиент жасы», «Сумма» есептелінетін өрістер құру керек болсын.

Деректерді кестеге код көмегімен енгізу.


  1. Жаңа Form2 қалыбын құрамыз да Unit1 және Unit2 модульдерді байланыстырамыз:

  1. Негізгі Unit1модулінде қолданылатын Unit 2 модулін сипаттаймыз. Ол үшін Uses… сөзінен кейін Unit2 деп толықтырып жазамыз.

  2. Қолданылатын модульде негізгі модульді сипаттаймыз. Ол үшін implementation сөзінен кейін {$R*.DFM}сөзіне дейін Uses Unit1 деп жазамыз.

  1. Form2 калыпқа Win32 компоненттер панелінен MonthCalendar1- календарь, Additional панелінен екі BitBth компоненттерін орналастырып, олардың Kind қасиеттерінде сәйкесінше OK және Cancel деп көрсетеміз. Терезені безендіру үшін Shape компонентін қолдануға болады. Оның сырт бейнесі немесе пішіні Shape қасиетінде көрсетіледі.

  2. Form1 қалыбындағы кестеде есептелінетін өріс ұяшығында Button1 компонентін орналастырып, тақырыбын “…” деп береміз. OnClick оқиғасы үшін мына программалық кодты жазамыз:

Form2.Left:=Form1.Left+Button1/Left;

Form2.Top:=Form1.Top+Button1.Top;

Form2.ShowModal; // терезе модальды болуы үшін,

4. Form2 қалыбында OK батырмасы үшін программалық код жазамыз:



Form1.Table1.Edit;

Form1.Table1.Fields[9].AsDateTime:=MonthCalendar.Date;

Квадрат жақшадағы индекс келесідей анықталады: Table1 компонентін 2 рет басып, шыққан терезеде контекстік мәзір шақырып одан AddAllFields командасын орындау керек. Объектілер инспекторы терезесінде DateOfBirth қасиеті үшін Index жолында 9 деп көрсетеміз.



  1. Есептелетін өрістер үшін программалық код жазамыз:

  1. Table1 компонентін белгілеп AutoCalcFields қасиетінде True дейміз.

  2. Table1 компонентін 2 рет басып контекстік мәзірден AddAllFields командасын орындаймыз да есептелінетін өрістерді белгілейміз, Мысалы: Age өрісі, қасиеті FieldKind - FkCalculatedболады. Сосын Form1.Table1 терезесін жабамыз.

  3. Table1 компонентін белгілеп OnClickField оқиғасы үшін программалық код жазамыз:

Year, YearNew:integer;

Begin

Year:=StrToInt(FormatedDateTime(‘YYYY’, TableDateOfBirth.Value));

YearNew:=StrToInt(FormatedDateTime(‘YYYY’, Date));

Table1Age.Value:=YearNew-Year;

End;

Мұндағы Value – ағымдағы мән дегенді білдіреді. FormatedDateTime функциясы датаны шығару әдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Ағымдағы датаны Date функциясы шығарады.


Тапсырмалар:

  1. Құрылған деректер базасын ашып, кестелерін экранға шығарыңыз.

  2. Деректер базасына есептелетін өрістерді қолданыңыз.

  1. Деректер базасындағы жазуларды реттеуді көрсетіңіз.

  2. Деректер базасы бойынша ќарапайым сұраныс ќұру.

4-зертханалық жұмыс.

Фильтр – сүзу”(2 сағ.).

Деректер кестесі жазуларынан белгілі бір шартты қанағаттандыратын жазуларды сүзіп алу сұраным немесе фильтр деп аталады. Шарт Filter қасиетінде өрнек түрінде жазылады. Сұранымдар көбіне SQL арнаулы тілінде жазылады. Бұл тіл барлық ДББЖ-де құпталған. Filter қасиетінде жазылған мәнді Delphi ортасы автоматты түрде SQL сұранымына айналдырады да қай ДББЖ-н қолданып отырсаңыз, сол типке сәйкес орындалады. Программаны орындауға жібергенде DBGrid тізімінде шартты қанағаттандыратын жазулар ғана шығады.

Мысалы; “Wares.db” және “Order.db“ кестелерінде сүзу операциясын жүргізу керек болсын.


  1. Қалыпқа тақырыптары “тауар атауы бойынша”, “тауар бағасы бойынша”, “Тапсырысдар саны бойынша” деп аталатын үш TradioButton компоненттерін, “Мән” деп аталатын Tlabel компонентін, деректерді енгізу үшін Tedit компонентін, “Сүзу” және “Сүзуді алып тастау” деп аталатын екі Tbutton компоненттерін орналастырамыз.

  2. Код көмегімен Filter қасиетіне шарт береміз. Filter қасиеті – деректерді сүзіп шығару шарты. Filtered – сүзуді орындау.

  3. Tbutton OnClick

Begin

Table1.Active:=False;

Table1.Filtered:=False;

Table2.Active:=False;

Table2.Filtered:=False;

If RadioButton1.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Name’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

If RadioButton2.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Price’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

If RadioButton3.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Amount=’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

Table1.Active:=True;

Table1.Filtered:= True;

Table2.Active:= True;

Table2.Filtered:= True;

End;

Тапсырма:



  1. Өз құрған деректер базаңыз бойынша жазуларға, өрсітерге фильтр операциясын қолдануды көрсетіңіз.

5-зертханалық жұмыс.

Сұраныс құру” (2 сағ.).


  1. Сұраныс құру компоненті Tquery:

DataAccess панелінде орналасқан Tquery компоненті бірнеше кестелерден қажетті жазуларды шығарып алуға көмектеседі. Ал нәтижесінде алынған деректермен жұмыс Ttable компонентімен орындалады. Сұраныс құруда Structured Query Language (SQL) тілінің маңызы зор. SQL операторлары программалық кодтан оырндалады. Tquery компонентінің SQL қасиетінде операторды жазып көрсетуге болады., оны орындау үшін ExecSQL әдісі қолданылады.

SELECT операторы SQL тілінің негізгі операторы болып табылады. Ол бірнеше кестеден берілген шартты қанағаттандыратын жазуларды алып шығарады.

Оператордың жазылуы келесідей: SELECT өрістер тізімі FROM кесте атауы;

Мысалы: SELECT Name, Salary FROM Client.db .

Паскаль тіліндегідей Select, From сөздері SQL тілінің резервтегі кілттік қызметші сөздері ретінде қабылданған. SQL операторларын бас әріптермен жазу керек. EnterSQL (SQL тілінің операторларын енгізу) бөлігінде жоғарыдағы жолды жазып, Execute Query (сұранымды орындау) батырмасын бассақ екі өрістен тұратын уақытша деректер жиыны деп аталатын деректер кестесін аламыз.

Егер сұранысқа барлық өрістерді енгізу керек болса, * символын көрсетеді. Мысалы:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет