КӘсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші қр мж 05-2008 Ресми басылым



жүктеу 3.57 Mb.
бет1/26
Дата17.04.2016
өлшемі3.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК,

ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМНІҢ

КӘСІПТЕРІ МЕН МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ

ЖІКТЕУІШІ

ҚР МЖ 05-2008

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)

АСТАНА

ҚР МЖ 05-2008


ІІ Алғы сөз


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті әзірлеген және ұсынған.




  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 03 маусымдағы № 273-од бұйрығымен бекітілді және қолданысқа енгізілді.




  1. Қолданыстағы жіктеуіштің орнына енгізілді.




  1. Бірінші тексеріс мерзімі 20___ ж.




  1. Тексерістің кезеңділігі 5 жыл

Осы Жіктеуіш Қазақстан Республикасы аумағында ресми басылым ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің рұқсатынсыз толық немесе жартылай көшірілмейді, көбейтіліп басылмайды және таратылмайды.


ҚР МЖ 05-2008



МАЗМҰНЫ
Кіріспе


  1. Қолдану саласы 1

  2. Нормативтік сілтемелер 8

  3. Анықтамалар 3

  4. Белгілеулер мен қысқартулар 5

  5. Кодтау құрылымы 4

  6. Білім 6

  7. Құқық 7

  8. Медицина, фармацевтика 8

  9. Өнер және мәдениет 9

  10. Қызмет көрсету, экономика және басқару 14

  11. Метрология, стандарттау және сертификаттау 15

  12. Геология, тау-кен өндірісін өндіру өнеркәсібі

және пайдалы қазбаларды өндіру 16

  1. Мұнай-газ және химиялық өндірістер 19

  2. Энергетика 25

  3. Металлургия және машина жасау 26

  4. Көлік (сала бойынша) 36

  5. Өндіріс, монтаж, эксплуатация және жөндеу

(сала бойынша) 37

  1. Байланыс, телекоммуникация және

ақпараттық технология 57

  1. Құрылыс және коммуналдық шаруашылық 58

  2. Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология 60

ҚР МЖ 05-2008



ЖІКТЕУІШІ__ТЕХНИКАЛЫҚ_ЖӘНЕ_КӘСІПТІК,__ОРТА_БІЛІМНЕН_КЕЙІНГІ_БІЛІМНІҢ__КӘСІПТЕРІ_МЕН_МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ'>ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК,

ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМНІҢ

КӘСІПТЕРІ МЕН МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ

ЖІКТЕУІШІ
Енгізу күні: 01.09.2009 ж.



  1. Қолдану саласы




    1. Осы жіктеуіш жұмыс кәсіптері бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы және өзге де білім беру құрылымдарындағы кәсіби даярлықты анықтайтын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен нормативтік құжаттарды әзірлеуде пайдалануға, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету, кәсіптік білімді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мекемесінің ғылыми қызметкерлері мен әдіскерлері мәселелерімен айналысатын республикалық және жергілікті басқару органдары, кәсіпорындар мен өзге де шаруашылық субъектілері мамандарына арналған.

    2. Осы жіктеуіштің талаптары ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан мемлекеттік құпиялы жұмыстарды талап ететін техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтарынан басқа білім беру ұйымдарына міндетті.

    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші негіз болатын нормативтік құжат болып табылады және өзгерістер мен толықтырулар үшін ашық.

Осы Жіктеуіш бірнеше біліктілік беруді қарастыратын техникалық және кәсіптік білімнің кеңбейінді білім беру бағдарламаларын енгізу мақсатында әзірленген.

Жіктеуіш Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіледі.


ҚР МЖ 05-2008

2. Нормативтік сілтемелер
Осы Жіктеуіште мынадай нормативтік құжаттарға арналған сілтемелер пайдаланылады:

ҚР СТ 5.0-95 «Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»;

ҚР СТ 5.0-2005 «Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесі. Негізгі ережелер»;

ҚР СТ 5.1-95 «Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеудің тәртібі»;

ҚР СТ 5.2-99 «Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже»;

ҚР СТ 5.2-2005 «Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже»;

ҚР СТ 5.3-2005 «Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін жүргізу ережесі».


3. Терминдер мен анықтамалар
3.1 Кәсібі: білім туралы тиісті құжаттармен расталған кәсіби қызметтің белгілі бір саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, зияткерлік қабілеті мен заңды құқығын қамтамасыз ететін анықталған білімінің, дағдысының және арнайы дайындығының барлығын талап ететін сабақтардың, адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.

3.2 Мамандығы: білім туралы тиісті құжаттармен расталған қызметтің белгілі түріне қажетті мақсатқа бағытталған білім дайындығы, іскерлік пен дағды және практикалық жұмыс тәжірибесі арқылы алынған кешен.

3.3 Біліктілігі: алынған кәсіптер, мамандықтар бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білімнің, даярлықтың деңгейі.

3.4 Біліктілік деңгейі: тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, санат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі кәсіби шеберлік.


  1. Кәсіптік білім: тұлғаны біліктілік сипаттамаларына және талаптарына сәйкес кәсіптік білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруге



ҚР МЖ 05-2008


бағытталған маман ретінде қалыптастырудың және дамытудың ұйымдасқан процесі.
4. Белгілеулер мен қысқартулар
СМЖ – Сабақтардың мемлекеттік жіктеуіші;

БХСЖ – Білімнің халықаралық стандарттық жіктеуі;

БММ – Балалар музыка мектебі.
5. Кодтау құрылымы
Осы жіктеуіш кәсіби қызмет салаларының, мамандықтар мен кәсіптер, біліктілік атауларының кодтарын, сондай-ақ мамандықтар мен кәсіптер бойынша реттелген білім беру ұйымдарының барлық жалпы бейіні бойынша ретке келтірілген кәсіби даярлықтың бағыттары бойынша кәсіптік білім деңгейлерінің кодтарын белгілейді.

Жіктеуіш техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің құжаттарын индекстеу үшін пайдаланылады және Білімнің халықаралық стандарттық жіктеуінің (БХСЖ) кодына;

Қазақстан Республикасының Сабақтардың мемлекеттік жіктеуішінің (СМЖ) кодына;

мамандықтарды кодтаудың отандық және әлемдік практикасының тарихи-педагогикалық тәжірибесіне;

қазақстандық еңбек рыногын дамытудың перспективасына арналған бағыттарға;

жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының пікірлеріне сәйкес жасалды.

Жіктеуіш иерархиялық бөліну деңгейлері топтамасының жеті таңбалы сандық кодты төрт сатылы жіктеуден тұрады.

Бірінші сатыда екі таңбалы сандық кодпен /1 және 2 сандары/ білім бейінінің жалпы атаулары реттеледі.

Екінші сатыда екі таңбалы сандық кодпен /3 және 4 сандары/ техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтары немесе кәсіптері реттеледі.

Үшінші сатыда екі таңбалы сандық кодпен /5 және 6 сандары/ біліктілік атаулары сәйкестендіріледі.

Төртінші сатыда бір таңбалы сандық кодпен /соңғы 7 саны/ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының деңгейлері реттеледі.

ҚР МЖ 05-2008


Кодтау құрылымын мынадай сызба безендіреді:

ХХ

Кәсіптік білім бейінінің коды

ХХ


Мамандықтар мен кәсіптер коды



ХХ
Реттік коды біліктілік нөмірі

Х

Біліктілік деңгейінің коды

Мысалы, техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтары мен кәсіптерін анықтау кезінде:

5.1. Жіктеуіштен білім бейінін табу қажет.

Ол Білім бейіндері арасындағы бағаннан тыс 0500000 нөмірі көрсетіледі – Қызмет көрсету, экономика және басқару.

5.2. 5-бағаннан Сіз қызығушылық танытқан мамандықты табу қажет.

0507000 – Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

5.3. 5-бағанда мамандықтар мен кәсіптер біліктілігінің техникалық және кәсіптік білімнің деңгейімен сәйкестігін анықтау:

Портье техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік деңгейіне сәйкес келетін 050701 1 коды арқылы танылады.

Метрдотель техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жұмыстарын орындаудың анағұрлым күрделі (аралас) кәсіптері мен практикалық дағдыларын меңгеруді қарастыратын техникалық және кәсіптік деңгейіне сәйкес келетін 050704 2 коды арқылы танылады.

Қызмет көрсетуші менеджері техникалық еңбектің жоғары білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік деңгейге сәйкес келетін 050706 3 коды арқылы танылады.

ҚР МЖ 05-2008



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет