Кессон ауруы және оның зардабы ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн Кессон ауруы дегеніміз не?



Дата30.11.2019
өлшемі5.59 Kb.

Кессон ауруы және оның зардабы


ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн

Кессон ауруы дегеніміз не?

Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру – су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай.

Кессон ауруымен ауыратын адамдар,аурудың пайда болу жолдары

Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік – кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады.

Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот (оның 40 мл-ге жуығы қанда) болады. Судың әрбір 10,3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты

Аурудың пайда болу белгілері

Кессон ауруы кезінде бұлшық еттер мен буындар ауырады, тері қышиды, адамның көкірегі қысылып, тұншығады. Қан тамырларындағы көпіршіктердің жиналуына байланысты қан айналу жүйесінің қызметі бұзылып, сүйек сырқырап, бұлшық еттер жансызданады, терінің кейбір аймақтары қанталап ісінеді, буындар қабынып, артрит дамиды. 90 – 100 м, кейде одан да төмен тереңдікте сүңгушінің организмі азотпен уланады. Уланудың белгісі: адам көп сөйлеп, өзінен-өзі күліп сандырақтай бастайды. Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды.

Аурудың алдын алу

1)ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн;

2)таза оттекпен тыныс алдырып, арнайы камераларда рекомпрессия процесін жүргізу қажет;

3) Аурудың алдын алу үшін сүңгушілер мен кессоншыларды, ұшқыштарды мезгіл-мезгіл мед. бақылаудан өткізіп тұру;

4)егер организмде азоттың мөлшері артық болса, одан арылту (десатурация) қажет; сондай-ақ, сүңгушілер мен кессоншыларды тереңнен су бетіне баяу, бір қалыпты көтерілуін қадағалау керек.

Ұшқыштарда Кессон ауруы 8000 м биіктіктен жоғары көтерілген кезде байқалады да, сүңгушілер мен кессоншыларға қарағанда жеңіл өтеді.Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды.

Ұшқыштарда Кессон ауруы 8000 м биіктіктен жоғары көтерілген кезде байқалады да, сүңгушілер мен кессоншыларға қарағанда жеңіл өтеді.Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет