Кеуекті титан және титан ұнтақтарын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/4
Дата03.05.2016
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «16» шілдедегі

№ 167 бұйрығымен

бекітілген



Кеуекті титан және титан ұнтақтарын өндіру

кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Жалпы талаптар

1. Кеуекті титан және титан ұнтақтарын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талап) кеуекті титан және титан ұнтақтары өндірісін жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта құруға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға, кеуекті титан және титан ұнтақтарын жоюға, дайындауға монтаждауға, реттеуге, техникалық құрылғыларға қызмет етуге және жөндеуге таратылады, осы Талапты ескере отырып іске асырылады.

2. Осы Талапты ескере отырып, ұйымдарда дайындалады:

1) технологиялық регламент;

2) өндірістік бақылау туралы қағида;

3) аварияларды жою жоспары.

3. Өндіріске өзгеріс енгізілгенге дейін технологиялық үдерістерге, коммуникация сызбаларына өзгеріс енгізілсе, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен көрсетілген құжаттарға тиісті түзетулер енгізіледі.

4. Қауіпті заттардың берілген концентрациясы-қосымшаларда.




2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға,

имараттарға қойылатын талаптар

5. Кеуекті титан және титан ұнтақтары өндірісін жобалау кезінде сұйық металл және тұздар қорытпаларын тасымалдау үшін магний электролизі корпусымен цехтарды, қалпына келтіру бөлімшесін және вакуумды сепарацияны байланыстыратын жолдар, көлік дәліздері, галереялар қарастырылады.

6. Ұйымның қарамағындағы жолдар, қозғалмалы құрам, байланыс, сигнализация және темір жол көліктерін блокировкалау ғимараттары Көлік және коммуникация министрінің 2000 жылғы 17 ақпанда № 109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

7. Тротуарлар мен автокөлік жолдарының темір жолдармен қиылысу орындарында адамдар және көліктер жүретін орындар орнатылады.

Темір жол арқылы өтетін өткелдер мен торабтардың рельстер бастарымен бір деңгейдегі төсеулері болады және қажетті ескерту белгілерімен, сигналды құрылғылармен, қоршаулармен жабдықталған.

8. Материалдарды темір жол вагондарынан түсіру және оларға өнімдерді тиеу механикаландырылған.

9. Автокөліктердің, автокрандардың, электркарлардың және басқа да рельссіз көліктердің ұйым аумағында қозғалу жылдамдығын әкімшілік бекітеді, бірақ өндірістік ғимараттарға кіру және шығу кезіндегі жылдамдық 5 км/сағ аспайды. Өндіріс аумағындағы және өндірістік ғимараттардағы көрсетілген көліктердің қозғалысы жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар қолданыла отырып, жол белгілерімен реттеледі.

10. Цехтар аумағындағы барлық люктер мен құдықтар техникалық жағынан-түзу немесе биіктігі 1,0 м кем емес тасымалданатын құралдармен қоршалған.

Технологиялық мақсаттар үшін немесе жөндеу, құрылыс жұмыстарына байланысты орнатылған шұңқырлар, арықтардың биіктігі 1,0 м кем емес. Шұңқырлар мен арықтарды тұтастай жабу кезінде қоршау құрылғылары талап етілмейді.

11. Өнеркәсіп аумақтары, цехтар, темір жолдар арқылы өтетін жолдар мен өткелдер жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылған.

12. Корпус аралық аулалар жабуларды механикаландырылған түрде жинастыруды көздейді және атмосфералық қалдықтар ағынын қамтамасыз етеді.

13. Төрт хлорлы титан қалдықтарын үйінділерге тасымалдау саңылаусыз ыдыстарда жүргізіледі.

14. Кеуекті титан және титан ұнтақтары өндірісінің аумағы мен ғимараттары таза ұсталынады. Титан шаңының жиналуына жол берілмейді.

15. Аумақ көркейтілген, жазғы уақыттарда жолдар мен өтетін жерлер сумен суарылып, қысқы уақытта мұз бен қардан тазартылады.

16. Қолданыстағы ұйымдар ғимараттарындағы едендер мыналардан жасалған:

1) кентермикалық пештер бөлімшесінің өңештері мен суу алаңдары маңында-ыстыққа төзімді;

2) улау және аппаратураны жуу бөлімшесінде-хлорлау цехында сұйық ағынын қамтамасыз ететін, қышқылға төзімді және қышқыл кәріздеріне еңкіш жасалған;

3) қалпына келтіру цехында төменгі жағынан ағатын орны бар пештерді қалпына келтіру пештері учаскелерінде-ыстыққа және қышқылға төзімді;

4) қалдықтарды қоспалардан тазарту және қайта өңдеу цехтарында-қышқылға төзімді, төгілген хлорлау өнімдерінен жеңіл жуылатын;

5) кеуекті титан сақтау қоймаларында-жанбайтын;

6) титан ұнтақтарын құрғату, классификациялау және ыдыстарға салу, шикізаттарды оларды өндіру үшін сақтау учаскелерінде-жалын шығармайтын;

7) гидрометаллургия учаскесінде-жалын шығармайтын және қышқылға төзімді;

8) титан ұнтақтарынан жасалған өнімдердің электролиз, гидрирлеу, тығыздау және пісіру учаскелерінде-ыстыққа төзімді.

17. Титан ұнтақтарын өндіру ғимараттарының қабырғалары, төбелері және құрылыс құрылымдары оларға титан шаңдарының жиналуына жол бермейтін және оны жинау ыңғайлылығын қамтамасыз ететін түрден жасалады. Кеуекті титан блоктарын ұсату және қайта өңдеу бөлімшелеріндегі едені, қабырғасы еден деңгейінен 1 м биіктікте болады және ұшқын шығармайтын (тот баспайтын болат) материалдан жасалады.

18. Агрессивті орта әсері бар аумақтағы барлық құрылыс құрылымдары мен ғимараттары Қазақстан Республикасы ҚНжЕ 2.01-19-2004 Құрылыс құрылымдарын тоттанудан қорғау талаптарына сәйкес тоттанудан қорғалады.

19. Ғимараттар мен имараттар дұрыс қалыпта ұсталынады. Өндірістік ғимараттар мен имараттарды жоспарлы алдын алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, металл және темір бетон құрылымдарды мамандандырылған тексеру қолданыстағы ҚР РДС 1.04-15-2004 Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережесі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

20. Корпустарды жобалау және салу кезінде электролиз корпусының ішкі қабырғаларын 3,0 м бикітікте, ал бағандарды жұмыс алаңы едені деңгейінен 3,5 м биіктікте электро оқшаулау көзделеді және қамтамасыз етіледі. Оқшаулау кедергісі 50 кОм кем емес.

21. Өндірістік ғимараттардың жұмыс алаңдарындағы өтетін жерлер мен сатыларды шаңдануды болдырмайтын әдістермен жинау ауысымына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Кеуекті титанды ұсату және сұрыптау ғимараттарында, титан ұнтақтарын өндіру ғимараттарында шаңдарды жинау ылғалдау әдісімен жүргізіледі.

Айына бір реттен жиі емес жұмыс орындары мен негізгі қондырғыны ылғалдап жинастыру және жылына бір реттен жиі емес барлық қондырғылар мен құрылымдардың шаңдарын жинастыру жүргізіледі. Жинау тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

22. Хлорлау және қоспалардан тазарту цехтарының ғимараттарында шатыр фермаларының крандар астындағы жолдар балкаларының және басқа да құрылыс құрылымдарының орналасуы мен элементтерінің профилі оларға агрессивті сұйықтардың жиналу мүмкіндігін болдырмайды.

23. Төрт хлорлы титан өндіру жөніндегі цехтарда жеке ғимараттарда орналасатын аппаратураларды жуу бөлімшелері көзделеді.

24. Цехтарда, бөлімшелерде, учаскелерде бас кіре беріс жолдарда қақпаларды ашу механикаландырылған.

25. Кеуекті титан және титан ұнтақтарын өндіру жөніндегі цехтарда, бөлімшелерде, учаскелердегі барлық негізгі құрылымдары (фермалар, колонналар, қызмет көрсетуші аумақтар алаңдар және тағы басқалар), түтін құбырлары Қазақстан Республикасында күші бар Өндірістік ғимараттар мен имараттарға жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізу туралы қағидасына сәйкес тексерістен өтеді.

26. Ұйымның ғимараттары мен имараттарын найзағайдан қорғау реттелген қалыпта болады және ҚР ҚН 2.04-29-2005 «Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысы жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес келеді.

27. Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысын тексеру жыл сайын найзағай ойнау мерзімі алдында немесе дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда жүргізіледі. Тексеріс нәтижесі актімен ресімделеді.

28. Өндірістік ғимараттардағы темекі шегу орындары қиылысқан тартпа желдеткішпен, суық және жылы су ағатын қол жуғыштармен жабдықталған және бір мәрте пайдаланылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен жабдықталады.

29. Денсаулық пункттері адамдар барынша көп жүретін немесе жарақаттану жиі болатын, ерекше қауіпті цехтарға жақын орналастырылады. Жұмыс орны мен денсаулық пункттерінің арақашықтығы 1000 м артық емес.

30. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлейтін және телефон байланысымен жабдықталған.

31. Кеуекті титан және титан ұнтақтарын өндіру ұйымдарында өндірістік орындарда, қоймаларда, сыртқы жабдықтарда өндіріс сипатына қарай өрт сөндіру құралдары және тәсілдері көрсетілген технологиялық регламенттер дайындалады.



: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет