Кім мұсылман бауырына жәрдем берсе, Аллаһ та оған жәрдем етер



жүктеу 141.99 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі141.99 Kb.
: images
images -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
Бауырыңа жәрдем беру...
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Кім мұсылман бауырына жәрдем берсе, Аллаһ та оған жәрдем етер."

(Тирмизи, Худуд; Әбу Дәуіт, Әдеп)
Ғұламалар пайғамбарлардың мирасқорлары...
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Ғұламалар пайғамбарлардың мирасқорлары. Көктегілер оларды жақсы көреді. (Жердегілер де кешірім тілейді.)"

(Ибн Нәжжар)
Сөз тасушы...
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Сөз тасушы (жазасын тартпағанша не кешірілмейінше) Жәннатқа кірмейді."

(Муслим, Иман; Тирмизи, Бирр)
Өтіріктен тартын...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Өтіріктен тартын. Себебі өтірік пен иман бір жерде болмайды."

(Муснәд)

Туралық көңілді жадыратады...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Күмән туғызар нәрсені тастап (күмәнсіз аймақта ғұмыр кеш). Туралық көңілді жадыратып, жанды рахатқа бөлейді.  Өтірік көңілге кірбің салып, күмән туғызады."


(Тирмизи, Қиамә)

Аллаһ тағаланың құлдары арасында кейбіреулері бар...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

– Аллаһ тағаланың құлдары арасында кейбіреулері бар, Аллаһ ақырет күні олармен сөйлеспейді, оларды ақтамайды, тіпті оларға жылы шырай да танытпайды, – деді.

Сонда Пайғамбарымызды (с.а.с) тыңдап отырған сахабалар:

– Ей, Аллаһтың Елшісі, бұлар кімдер? – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с):

– Ата-анасына қарамай, тастап кеткен баласы, сәбиін бағып-қақпай, жетімсіреткен ана, біреу өзіне қанша жақсылық жасағанмен, жақсылықты түсінбей, жақсылыққа жамандық жасаған адам, – деп жауап қайтарды.

(Ахмед ибн Ханбәл)



Тәубе жақсы. Бірақ...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Тәубе жақсы. Бірақ жастардың тәубешіл болуы одан да жақсы."

(Дәйләми, Муснәд)

Араларыңда сәлем таратыңдар...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Жаным қолында Болғанның атымен ант


етемін, сендер иман келтірмейінше Жәннәтқа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірмейсіңдер, сондықтан сендерге бір-біріңе деген сүйіспеншілікке қандай амал алып келетінін айтайын ба?
Араларыңда сәлем таратыңдар!*"

(Имам Муслим)

* Сәлем таратыңдар дегені, ол бір-біріңмен сәлемдесіп
жүріңдер және бір-біріңмен жақсы қарым-қатынаста
болып бейбіт жүріңдер деген мағынаны білдіреді.

Жақсылықты азсынба....

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Аллаһтан қорық және ешбір жақсылықты азсынба."

(Әбу Дәуіт, Либас; Мунауи, Фәйзул Қадир)

Садақа....

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

- Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, - дегенде, сахабалар:

- Садақаға беретін нәрсесі болмаса не істейді?, - деп сұрады.

- Бейнеттеніп өзін қамтамасыз етеді, кейін мұқтаждарға садақа береді.

- Оған шамасы жетпесе не істейді?

- Мұқтаж және зұлымдыққа ұшыраған адамға қол ұшын берсін.

- Оған да шамасы жетпесе не істейді?

- Жақсылыққа үндейді.

- Ал оған да шамасы жетпесе не істейді?

- Басқаларға зиян етуден сақтанады. Осының өзі садақа, - деді.


 
(Имам Бухари)

Жұмсақ мінезділік....

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Кімде-кім жұмсақ мінезділіктен мақрұм қалса, барлық жақсылықтан да мақрұм қалғаны."

(Муслим, Әбу Дәуд)

Есінегенде ауызды жабу....

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Есінеген кезде аузыңызды қолыңызбен жабыңыз. Себебі, шайтан осы сәтте адамның ішіне кіреді."

(Муслим/Зухд)

Науқас адамды зиярат ету....

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Кімде-кім ауру адамның жағдайын кешкісін сұрап барса, жетпіс мың періште таң атқанша ол адамға  кешірім тілейді, оған жұмақта орын дайындалады. Ал кімде-кім таңертең барып көңілін сұраса,  жетпіс мың періште күн батқанша оған кешірім тілейді, ол үшін жұмақта орын дайындалады."


(Әбу Дәуіт/Жәнаиз; Тирмизи/Жәнаиз)

Сізге тозақтықтарды айтайын ба?...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Сізге тозақтықтарды айтайын ба? Олар – дөрекі, сараң және өркөкіректер."

(Бухари/Әдеп; Муслим/Жәннат; Тирмизи/Жәһаннам)

Қызғаныш пен өшпенділік...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Қызғаныш пен өшпенділік оттың отынды өртеп күл ететіні тәрізді сауапты жоқ қылады."


(Жәми'ус сағир)

Бір-бірлеріңмен тартыспаңдар...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Бір-бірлеріңмен талас-тартысқа түспеңдер, жүректерiң қарама-қайшылықта болып қалмасын."


(Имам Бухари)

Шын досым және дұшпаным...

Әнәс (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Аллаһ тағала айтты:


- Кім мына үш нәрсені жасаса менің шын досым, ал жасамаса шын дұшпаным:
намаз, ораза және жүніп болғанда ғұсыл."

(Ибн Нәжжар)



Әдемі сөйлеу...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Әдемі сөйлеу - көп сөз айту емес. Ол - ақиқатты ашық түрде ортаға салу."

(Дәйләми/Муснәд)

Өздеріңнен төмен болғандарға қараңдар...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Дүниелік мүмкіндіктер* тұрғысынан алғанда өздеріңнен жоғары (үстем) болғандарға емес, төмен болғандарға қараңдар. Өйткені бұл (ұстаным) сендерді Аллаһтың берген нығметтерін азсынудан сақтайтын ең жақсы ұстаным."


(Имам Муслим)

* денсаулық, байлық, атақ-даңқ, мақам-мәнсап және т.б.


Басшыға бойұсыну...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Кімде-кім маған бойұсынса, Аллаһқа бойұсынған болады. Ал, кімде-кім маған қарсы келсе, Аллаһқа бағынбаған болады. (Ал, кімде-кім маған бойұсынудан бас тартса, Аллаһқа бойұсынбаған болады). Сондай-ақ, кімде-кім басшысына бағынса, маған бағынған болады. Ал, кімде-кім басшысына бағынбаса, маған бағынбаған болады."


(Бухари, Муслим, Ибн Мажә)

Туралықтан айырылмаңдар...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Туралықтан айырылмаңдар. Туралық сендерді жақсылыққа, жақсылық жәннатқа жетелейді. Кісі әрдайым турашыл болып, оны іздесе, Аллаһ әмірімен шыншылдардың  қатарына жазылады.

Өтіріктен сақ  болыңдар. Өтірік  адамды күнәға, күнә жәһаннамға тастайды. Кісі үнемі жалған сөйлеп, жалғанды іздесе, Аллаһ тағаланың жарлығымен өтірікші кәззаптардың қатарына қосылады."
(Бухари, Муслим, Әбу Дәуд)

Жолдың ақысын беріңдер...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

– Жолдың бойында (көшеде) отырушы болмаңдар, - деп ескертті. Сонда сахабалар:

– Уа Аллаһтың елшісі! Біз жол бойында отыруға мәжбүрміз, өйткені маңызды мәселелерімізді сол жерде талқылап, сөйлесеміз, - деді. Аллаһтың елшісі (с.а.c) оларға:

– Міндетті түрде отыруларың керек болса, онда жолдың ақысын беріңдер, - деді. Сол кезде сахабалар:

– Уа Аллаһтың елшісі! Жолдың ақысы деген не?, - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.c) оларға:

– Көзді харамға қараудан сақтау, жолдан өткендерге кедергі болмау, (сәлем бергенге) сәлем қайтару және жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю, - деді.


(Бухари, Муслим)

Аллаһтың құлының тәубесіне қуанышы...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Құлының тәубесінің себебінен Аллаһтың қуанышы шөл далада түйесін жоғалтып, қайта тауып алған адамның қуанышынан да артық."

(Бухари)

Тәубе етуші күнәсізбен тең...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Күнәсі үшін тәубе етуші адам – күнәсізбен тең."

(Бухари, Муслим)

Жәннатқа апарар жол...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Аллаһтан қорқыңдар, еш уақытта тақуалық шеңберінен шықпаңдар! Бес уақыт намаздарыңды оқып, Рамазан айының оразасын ұстаңдар! Дүние-мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Басшыларыңа бойұсыныңдар! Осы айтылғандарды бұлжытпай орындайтын болсаңдар сөзсіз Раббыларыңның жәннатына кіресіңдер."


(Тирмизи)

Тәкаппарлық...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

– Жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппар болған адам жәннатқа кіре алмайды, - дегенде бір кісі Оған:

– Бірақта адам үстіндегі киімі мен аяқ киімінің жарасымды да әдемі болғанын қалайды ғой?, - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с):

– Шынында Аллаһ тағала - Жәмил (Аса көркем, және барлық әсемдіктің жалғыз жаратушысы), көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық болса, ақиқатты мойындамау мен адамдарға менсінбеушілікпен қарау, - деді.


(Муслим)

Ислам діні - жеңіл...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Ақиқатында, дін - жеңіл, бірақ кім дінді қиындатса, дін оны жеңеді1. Ендеше дұрыстықты ұстаңдар2, жақын барыңдар3; және қуаныңдар4, сондай-ақ таңсәріде, кешке және түннің соңғы бөлігінде Аллаһтан жәрдем сұраңдар."


(Бухари)

1Яғни, өзінің шамасы келмейтінге ұмтылып, әбден қалжырағанша күндіз-түні нәпіл намаз оқу немесе күнде ораза тұту нәтижесінде адам күш-қуатынан айрылып, міндетті амалдарын да орындауға да шамасы жетпейтін жағдайға тап болуы мүмкін.
2Яғни, шамаң келмейтін іске ұрынба, орташа қалыпты ұстан.
3Орындауға шамаң жететін өзіңе ыңғайлы межені табуға ұмтыл.
4Аллаһтың уәде еткен сауабын аламыз деп қуаныңдар.

Әрбір игі іс - садақа...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Әрбір игі іс - садақа."


(Бухари)

Мүмін екі рет шағылмайды...

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:

"Шынайы мүмін - бір іннен (жылан немесе улы жәндіктің інінен) екі рет қатарынан шағылмайды*."

(Бухари, Муслим)

* яғни, бір қатені екі рет қайталамайды.



Сөздердің ең жақсысы...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы – Аллаһтың кітабы (Құран) және жолдардың ең жақсысы – Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолы."

(Бухари, Муслим, Ибн Мажә, Дарими, Ахмед бин Ханбәл)



Бауырының ар-намысын қорғау...

"Кімде-кім, діндегі бауырының ар-намысын оны ғайбаттаушыға қарсы қорғап, бауыры жайлы айтылған ғайбат сөзге келіспей, кері қайтарса, Аллаһ тағала да қиямет күні (оның жүзіне төнген Тозақ отын кері қайтарып,) оның жүзін Тозақ отынан қорғайды."

(Ахмед бин Ханбәл, Тирмизи)



Нәпсісінен есеп алган - акылды...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Нәпсісінен есеп алып (оған ие болып), өлімінен кейінгісі үшін амал еткен – ақылды адам. Ал нәпсінің (шегі көрінбес) арман-тілектерін орындап, әрі Аллаһқа босқа үміт артып, қалауын сұраған – бейшара, әлсіз адам."

(Тирмизи, Қиямет, 26)

Жоғарыдағы хадис бізге нәпсіге қалай әрекет ету керектігін айқын көрсетеді. Яғни адам нәпсінің қалауын орындамай, ізгі амалдарды атқарып, ақыреті үшін еңбек етуге тиіс. Содан кейін Құдай тағаладан осы дүние мен ақыреті үшін нәтижесін күтуі керек. Керісінше жағдайға тап болар болса, құр армандағаннан басқа түк шықпайды. Басқаша айтқанда, ол адам өз-өзін «Аллаһпен алдаған» болып шығады. Яғни, әрі нәпсісіне еріп, күнә жасап, әрі осы тірлігімді Аллаһ кешірер деп армандау – адамның амалын зая етеді. Құран Кәрімде осы тақілеттес адамдарға Аллаһ тағала былай деп бұйырады:

«Ей, адамдар! Раббыңызға қарсы шығудан сақтаныңдар. Әкенің баласы үшін, баланың әкесі үшін ештеңе бөліп берері жоқ күннен корқыңдар. Аллаһтың берген сөзі күмәнсіз шындық. Сақ болыңдар, дүниелік өмір сендерді алдап соқпасын. Шайтан сендерді Аллаһтың кешірімі бар дегенге сендіріп, алдамасын.» (Лұқман сүресі, 33-аят)



Амалдары өзімен бірге қалады...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Мәйіттің соңынан қабірге дейін үш нәрсе еріп барады: отбасы (жақын туыстары), дүние-мүлкі және амалы (жақсы-жаман істеген істері). Бұлардың екеуі кері қайтып, біреуі қалады; Жақындары мен дүние-мүлкі оны тастап қайтады да, амалы онымен бірге қалады."
(Бухари)

Менің білгендерімді білсеңдер...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Маған жәннат пен тозақ көрсетілді. Дәл бүгінгі күндегідей жақсылық пен жамандық атаулыны еш көрген емеспін. Егер менің білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер."

(Муслим)


Басқа келетін қауіп-қатерге дұға...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Басқа келетін қауіп-қатерге дұға ғана кедергі бола алады. Ал адамның ғұмырын ата-анаға жасалған қамқорлық қана ұзарта алады» 

(Тирмизи. Қадәр. 6)




Жалғасатын үш амал...

«Адам қайтыс болғанда үш арна тысында басқа жақсылық амалдарының бәрі
тоқтап қалады. Жалғасатын үш амал: садақа-и жария (Сауабы тоқтамай
жалғаса беретін садақа), адамдарға пайдалы ілім, ата-анасы үшін дұға
жасайтын салиқалы перзент.»

(Муслим.Уасиәт. 14)



Аллаһ олардың өмірін берекетті етеді

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Ата-анасын сыйлап, оларға қамқор болған перзенттерге сүйінші айтамын. Аллаһ олардың өмірін берекетті етеді»

(әл-Бухари. әл-Әдәбул-Муфрәд. I, 22)




Аллаһ тағала сол адамның күнәларына...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Кісіге келген қиыншылықтардың бәрін Аллаһ тағала сол адамның күнәларына кәффарат (өтем) етеді, тіпті табанына бір тікен батса да».

(Бухари, Марда, 1)




Кінәны өзінен ғана көрсін...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Қолындағы тамақ иісімен ұйықтаған адам
қандай да бір ауруға шалдықса, кінәны өзінен ғана көрсін» дейді.

(Тирмизи, Әтимә, 48)



Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер, дорбаларыңның аузын байлаңдар. Себебі, жыл ішінде бір түн бар, сол түні оба түседі. Беті ашық қалған ыдыстар мен аузы байланбаған дорбалардың бәрінің ішіне кіреді»

(Муслим, Әшрибә, 99)


Емі жоқ дерт – кәрілік

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Уа, Алланың құлдары, ауырсаңыздар, шипа іздеңіздер! Себебі, Алла әрбір дерт үшін шипа жаратқан. Емі жоқ дерт – кәрілік».

(Тирмизи, Тыбб, 2.)




Ал жауызға қалай жәрдем етемін?...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Бауырыңа ол жауыз болса да, жәбірленуші болса да жәрдем ет», – деген. Осы хадисті естіген сахаба таңқалып: «Жәбірленушіге жәрдем етермін, ал жауызға қалай жәрдем етемін?» – деп сұрағанда,  Пайғамбарымыз: «Оған жауыздық іс-әрекетін тыюға көмектесуің – оған сенің жәрдемің болады», – дейді.

(Бухари, Мәзалим, 4; Тирмизи, Фитән, 68)




Адам баласының екі сай...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Адам баласының екі сай тола дүние-мүлкі болса, үшіншісі тағы болса дейді. Адам баласының көзін топырақтан басқа еш нәрсе толтыра алмайды».

(Бухари, Риқақ, 10)



Екі көз тозақты көрмейді...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Екі көз тозақты көрмейді: бірі – Аллаһтан қорқып жылаған көз, екіншісі – елге келетін қауіп-қатерлерге жүрегі сыздап, «дұшпан қайдан, қай сыңалаудан ішке кіреді. Қандай жоспармен бізді жойып тас-талқан етеді» деп тұрған күзеттегі көз»

(Тирмизи, Фәдайлул жиһад, 12)



Аллаһ үміт еткен нәрсесін міндетті түрде беріп...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) өлім аузында жатқан жас жігіттің қасына барып одан: «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?»,– деп сұрады. Ол: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһтың мейірімінен үмітім бар, алайда күнәларымнан қорқамын» деп жауап береді. Пайғамбарымыз: «Осындай жағдайда бір құлдың жүрегінде үрей мен үміт бар болса, Аллаһ үміт еткен нәрсесін міндетті түрде беріп, қорыққанынан сақтайды» деген еді.

(Тирмизи, Жанаиз, 11, (983); Ибн Мәжә, Зухд, 31 (4261))



Жәннатқа кірген адам жер жүзіне қайтып оралғысы келмейді...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Жәннатқа кірген адам жер жүзіне қайтып оралғысы келмейді, жер жүзіндегі барлық нәрсе онда бар. Тек шәһидтер олай емес. Ол шәһидтіктің дәмін татқандықтан жер жүзіне қайта оралып, он мәрте қайта шәһид болуды қалайды».

(Бухари, Жиһад, 5, 21; Муслим, Имара, 108, 109)



Алла Тағала мұсылманның душар болған ауру...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Алла Тағала мұсылманның душар болған ауру, шаршау, дерт, қайғы тіпті уайымдаған уайымы арқылы кейбір күнәларын кешіреді».

(Бухари, Марда/1,  Муслим, Бирр/52)



Ал қателессе, бір сауап беріледі...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Кімде кім ижтиһад етудің нәтижесінде ақиқатты дөп басса, онда оған екі сауап беріледі. Ал қателессе, бір сауап беріледі».

(Сахихул-Бұхари, 6/2676)



Адамдардың көбі мына екі нығметтің...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: Денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмей, өткізіп алады»

(Бухари, Риқақ, 1; Тирмизи, Зухд, 1; Ибн Мажә, Зухд, 15)



Кімде-кім өмірінің ұзақ...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Кімде-кім өмірінің ұзақ, рызығының мол және берекетті болуын қаласа ата-анасына жақсылық жасасын, туған-туыстарының да қамын ойласын»

(Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 156; 266-беттер; әт-Табәрани, әл-Мужәмул-Әусат. IV, 32-бет.)



Кімде-кім ауру адамның жағдайын сұрап барса...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Кімде-кім ауру адамның жағдайын сұрап барса, жетпіс мың періште таң атқанша ол адам үшін салауат айтады. Ал таңертең барып көңілін сұраса, періштелер күн батқанша салауат айтып тұрады. Ол үшін жұмақта орын дайындалады».
(Әбу Дәуіт, Жәнаиз, 7; Тирмизи, Жәнаиз, 2)

...шейіттердің мәртебесіне жеткізеді

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
«Нағыз жүрек, шын ықылас-пейілмен шейіт болуды сұраған адамды Аллаһ тағала төсегінде өлсе де шейіттердің мәртебесіне жеткізеді».

(Муслим, әл-Жамиус-сахих, 2, 1517)



Ата-анасының құқығын аяқ асты етіп...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Ата-анасының құқығын аяқ асты етіп, оларға зұлымдық көрсеткендер, ішкілікке салынған маскүнемдер және жасаған әрбір жақсылығын міндетсінгендер»

(Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 44-бет; әл-Бәйхаки.


әс-Сунәнул-Кубра. VIII, 288-бет.)

Аллаһ тағала салиқалы құлының жаннаттағы...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Аллаһ тағала салиқалы құлының жаннаттағы мақамын жоғарылатады. Салиқалы құл мұны көргенде таң қалып: «Ей, Мейірімді Раббым! Дәрежем неге жоғарылап жатыр», – деп сұрайды. Сонда Аллаһ тағала: «Ұлыңның сен үшін жасаған дұғаларының есебінен дәрежең көтеріліп жатыр», – деп жауап береді»

(Ибн Мажә. Әдеп. 1; Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. II, 509-бет)



...оның жасаған күнәлары кешіріледі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Имам ‘самиаллаһу лиман һамидаһ’ (Аллаһ тағала Өзіне мақтау айтқан пендесін естиді) деген уақытта ‘Аллаһумма Раббәна ләка-л һамд’ (Я, Раббым! Барлық мақтау Өзіңе тән) деңіз. Кімнің сөзі періштелердің сөзіне дәл келсе, оның жасаған күнәлары кешіріледі»

(Бухари, Азан, 125; Бәдул-халқ, 7)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет