Кіріспе Аяқтың веналық тамыр жүйелері жақсы жетіліп, дамыған және көп вариантты болып тарамдалған көптеген тамырлар шоғырынан құралған. Олар бір бірімен анық шекаралармен бөлінген



Дата06.05.2020
өлшемі2.39 Mb.

Жоспары:


І. Кіріспе

ІІ. Негізігі бөлім.

Варикозды кеңею ауруы

Варикозды ауруға байланысты жүктілік

ІV. Пайдалаланылған әдебиеттер

Емі мен алдын алу шаралары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Аяқтың веналық тамыр жүйелері жақсы жетіліп, дамыған және көп вариантты болып тарамдалған көптеген тамырлар шоғырынан құралған. Олар бір бірімен анық шекаралармен бөлінген, жеке ерекшеленген және тәжірибелік маңызы бар негізгі екі жүйемен бөлінген.  Беткей (V.Safena superficialis). Терең орналасқан (V.safena profunda). Коммуниканттық оған қысқа тамырлар жатады.

Беткей және терең орналасқан вена тамырларының бір-бірімен байланысуы; S. Kubik бойынша 1 - тері; 2 – тері асты шелмайы; 3 – беткей шандыр; 4 – фиброзды тармақтар (перемычки); 5 - тері астылық магистральды венаның дәнекертіндік футляры; 6 – жеке меншік фасция;  7 – тері астылық вена; 8 - коммуникантты вена; 9 – тікелей перфорантты вена;  10 – тікелей емес перфорантты вена; 11 – терең веналардың дәнекер тіндік футляры;  12 – бұлшықеттік веналар ; 13 – терең веналар; 14 - терең артерия.



Аяқ веналарының ағысы

1. Үлкен тері астылық вена, кіші тері астылық вена (v. saphena magna et parva superficialis )

2. Сирақтың терең веналары (v. poplitea)

3. Санның терең веналары (v. femoralis profunda )

4. Сан венасы (v. femoralis)

5. Сыртқы мықын венасы (v.iliaca externa)

6. Жалпы мықын венасы (v.iliaca comminus)

7. Төменгі қуыс венасы (v. cava inferior)


Тақырып өзектілігі

  • Созылмалы көктамырлық жетіспеушілік (СКЖ) бұл жүктілік кезінде кездесетін кең таралған экстрагенитальді патологиялардың бірі болып табылады. Тамырлық өсу факторлары мен аяқ көктамырларының варикозды ауруы бар жүкті әйелдердегі тромбтық асқынуын дәл уақытында диагностикалау негізінде, жүктілердегі асқынуды болжамдау және ерте диагностикалау мүмкіндігі заманауи акушерияға жолдама беріп, өзекті мәселе ретінде қаралады.

Негізгі бөлім

Варикозды аурудың алғашқы клиникалық белгілері 70- 90% жағдайда әйелдерде жүктілік кезінде көрінеді. Бұл гестация кезеңінде туындайтын бір уақытта бірнеше ықпалдаушы факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Ол: айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы; ағзаның гормоналды бейімделуі; төменгі қақпа және мықын көктамырларының компрессиясы, оның өз алдына , төменгі шеттердегі көктамырлардың қысымының артуына және микроциркуляцияның және жалпы гемодинамиканың бұзылысын шақырады.

Варикозды кеңею ауруы

  • Варикозды кеңею дегеніміз – веналардың тұрақты түрде кеңеюін және қабырғалары мен қақпақшаларының патологиялық өзгерістерін айтады. Мұнымен бірге веналық қан айналуы, яғни ағыс бұзылады және аяқта трофикалық өзгерістер дамиды. Жалпы алғанда көптеген зерттеулер анықталғаны: венаның варикозды кеңеюі кең тараған хирургиялық аурулардың бірі болып табылады.

Классификациясы


Орналасуы бойынша

Тері ішілік және сегментарлы варикозды кеңею

Беткей және перфорантты веналардың рефлюксы бар сегментарлы

Терең веналардың рефлюксі бар веналардың кеңеюі

Беткей және перфорантты веналардың рефлюксы бар жайылмалы

Клиникасы бойынша

0- белгілері жоқ

1- «ауыр аяқтар» синдромы

2- өтпелі ісіну

3- тұрақты ісінулер

4- трофикалық варикозды жаралар

Диагностикасы: Қазіргі таңда варикозды диагностикалаудың ең жақсы әдісі – веналарды дуплексті ультрадыбыстық сканерлеу болып табылады. Ал басқаларына плетизмография және флебография болып саналады. Бірақ ол өте сирек  қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістер ол арнайы пробалар арқылы тексеру.

Арнайы пробалар 

1) Троянов Тренделенбург сынамасы-науқасты кушеткаға жатқызып аяғын жоғары көтеріп көктамырларды босатқан соң санның жоғарғы жағына жгут қояды.

2) Гаккенбрух сынамасы-сан аймағына кең веналарға алақанды салып науқасқа жөтелуін өтінеді. Осы арқылы қақпақшалар қызметінің жетіспеушілігін анықтайды.

3) Дельта пертес сынамасы— сан бөлігіне жгут салып, ары бері қозғалтады сол кезде қантамырларының өткізгіштігі төмендесе науқаста ауырсыну болады.


Жүктілік және көктамырлардың варикозды кеңею ауруы

СКЖ бар жүкті әйелдердің басым көпшілігін қайта босанушы жүктілер алады. Және де алғашқы 2 триместрде байқалады. Созылмалы көктамырлық жетіспеушілігі бар жүкті әйелдердегі жатырлық-плаценталық және  ұрықтық-кіндік баулық  қанайналым бұзылысы  плацента дисфункциясының  біріншілік  формасына ұқсап, әртүрлі патогенездегі ұрықтың  гемодинамикалық  оқшаулануы сынды нәтиже береді . Жүктілердегі көктамырлық қанайналымның нашарлауы салдарынан  ұрықтың құрсақішілік  автономды жүйкелік реттелуінің  бұзылып, вагальді тонның  өсуімен және симпатоадреналдық  әсерлер  көрінеді.


Жүктілік ағымындағы асқынулар:

1) кеш гестоздар

2) жүктіліктің үзілу қаупі

3) плацентралы жетіспеушілік

Босануды жүргізу барысында:

1) қағанақ суының мерзімінен ерте ағып кетуі

2) босанудан кейінгі ерте кезеңде гипотониялық кан кету

3) қалыпты орналасқан бала жодасының мерзімінен ерте сылынуы

Босанудан кейінгі асқынулар:

1) босанудан кейінгі беткей және терең көктамырлардың жедел тромбофлебиті

Емі


 Медикаментозды және медикаментозды емес ем қолданылады. Медикаментозды емге – флеботониктер қолданылады. Бұл препараттар – вена қабырғаларының тонусын жағарлатады. Оларға — детралекс, эскузан, гинкор-форт, гливенол және т.б. жатады.

Ал медикаментозды емес емге:

Комрпессионды терапия,

Склеротерапия

Хирургиялық әдістер жатады.

Хирургиялық емі: 

Традиционды операция – Троянова-Тренделенбург, Линтона, Коккет операциялары.

Бэбкок операциясы;


Флебэктомия

  • Флебэктомия аяқ тамырларының варикозды кеңейгендерін алып тастауға бағытталған хирургиялық операция.Қазіргі таңда флебэктомия бірнеше араласулардың жиынтығынан тұрады:
  • Магистральды теріастылық веналарды алып тастау
  • Варикозды кеңейген ағыстарды алып тастау
  • Қызметі бұзылған перфорантты веналардағы рефлюксты жою.

Троянов—Тренделенбург, Бэбкокк, Нарат, Коккет операцияларының схемасы

  • Троянов—Тренделенбург, Бэбкокк, Нарат, Коккет операцияларының схемасы

Склеротерапия

Вена тамарларының саулығына бағытталған 5 қадам

1 қадам. Өмір-қозғалыс

2 қадам. Сымбатты көмекшілер.

3 қадам. Дұрыс тамақтану тәртібі

4 қадам. Құрбандықсыз сұлулық

5 қадам. Дұрыс күтім жасау


Медициналық компрессионды ем

Компрессия класс

Қысымы мм. Hg

Көрсеткішері

I

18,4-21,2

Ауыр аяқ синдромы, тері астылық варикоз, телеангиоэктазияларда;

II

25,1-32,1

Жүктілік кезіндегі варикозды аурудар, тромбоз профилактикасы, тромбофлебит;

III

36,1-46,5

Трофикалық өзгерістері бар варикозды аурулар, , лимфовеноздық жетіспеушілік, терең веналардың тромбозы;

IV

59 жоғары

Туа пайда болған веналардың аномалиялары.

Қорытынды

Жүктілік барысында әйелдерге тек қана компрессионды ем жургізіп, босанған сон тек 1,5-2 айдан кейін операцияға рұқсат етіледі. Осылайша, созылмалы көктамырлық жетіспеушілік тромбтық асқыну қаупін және жүктіліктің асқынуын жоғарылататын акушериядағы маңызды патологиялардың біріне жатады, соған сәйкес акушерлік және перинаталды патологияны төмендету мақсатында СКЖ бар жүкті әйелдерді ерте диагностикалау және асқынудың алдын алуын қажет ететін патология екенін білдік.Уақытылы бастаған ем шаралар СКЖ-ның асқынуының даму мүмкіндігін біршама төмендетіп, жүктілік ағымын қалыпты өтуіне жағдай жасап, қолайлы босандырып және босанғаннан кейінгі кезеңнің оңтайлы ағымын тудырады.

Пайдаланылған әдебиеттер
  • 1. Ю.М. Лопухин «Топографическая анатомия и оперативная хирургия» 186-247 бб.
  • 2.      Российское общество акушеров-гинекологов Национальное руководство// ГЭОТАР- Медиа, 2009г.-с. 324-331.
  • 3       А.Г. Ящук // Российский вестник акушерства-гинекологии 2009. — Т. 8.-№4.-С. 31-36.
  • 4       Weiss A. Mechanisms of matrix metalloproteinase-9 and metalloproteinase-2 inhibition by N-acetylcysteine in the human term deciduas and fetal membranes, текст./ Weiss A., Goldman S I.B. // 2009.
  • 5      А.В. Соколян, А.В. М., Shlomo урашко, А.И. Гус, В.Ю. Богачев, И.А. Золотухин Ультразвуковое ангиосканирование вен нижних конечностей у беременных и родильниц с хронической венозной недостаточностью //Уральский Медицинский Журнал.- 2007.- №7.- С. 113-116.
  • 6       А.В. Соколян, А.В. Мурашко // Проблемы беременности.- 2007. -№13. –С. 7-12.Профилактическое применение компрессионного трикотажа у беременных с варикозным расширением вен нижних конечностей/ А.В. Мурашко, А.В. Соколян // Проблемы беременности.- 2007. -№13. – С. 42-45.
  • 7       Золотухин, И.А. Особенности лечения и профилактики хронической венозной недостаточности нижних конечностей и ее осложнений при беременности Текст. / И.А. Золотухин // Русский медицинский журнал.-2005.-Т. 13.-Xq 17. С.1131-118.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет